"

Маңғыстау облысында жергілікті шенеуніктер талапқа сай келмейтін ғимаратқа 145 млн теңге жұмсаған. Мәселе Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы өнер мектебіне қатысты. Аудандық әкімдік мемлекеттік сатып алу порталына балалар шығармашылығы мен қариялар кеңсесіне жаңа әрі заманауи ғимарат қажеттігін жариялаған. Жоба құны 145 млн теңге. Белгісіз серіктестік жобаның жеңімпазы атанып, Ақшұқыр ауылындағы дайын ғимаратты алған. Алайда, нысан техникалық талаптарға сай болмай шықты. Тіпті, қариялар мен балалар отыратын жерде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Енді бірнеше қабаттан тұратын ғимаратты құзырлы органдар тексереді.

АСҚАР ЖАҚСЫБАЕВ - "ADILDIK JOLY" РҚБ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Келісімшарттың талабына сәйкес осы ғимаратта 32 бөлмеден кем болмау керек. Бірақ, қазір біз тексеріп келіп тұрмыз. Бөлме саны 19 бөлме. Мына кішкентай кладовкаларды қоса санағанның өзінде. Сонымен қатар, осы ғимаратта талапқа сай 5 жуыну бөлмесі болу керек. Қазір 5 түгел бірде-бір жуыну бөлмесі жоқ. Одан бөлек, мұнда өрт қауіпсіздігі де қамтамасыз етілу керек».