Петропавлда ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры қалың қардың әсерінен опырылып түскен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Абай көшесінде орналасқан 84-і үй ширек ғасырға жуық уақыт бұрын салынып, күні бүгінге дейін оның шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Оқиғадан соң арнайы мамандар баспананың төбесін тексеруді бастады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Кешеден бастап бізде шатырды зерттеу жұмыстырын арнайы мамандар жүргізді. Бүгінгі таңда тұрғындармен келісіп шатырды қалай жөндеу керек деген сұрақтар қарастырылатын болады. Және тұрғындарға «модернизация» бағдарламасы бойынша шатырды жөндеу ұсынылады. Егер бағдарламаға қатысуға келісім берсе жақын арада жөндеу жұмыстары басталады».

Осы сынды апатты жағдайларды болдырмау үшін басқа да тұрғын үйлердің шатырларын қар мен мұздан тазарту жұмыстары уақытылы жүргізілетін болады.