Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Ұстаздар күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.Ұлағатты жандарды ұлықтауға арналған шара Алматы қаласындағы №179 мектептің қабырғасында да орын алды. Мерекеге білім ошағының гүлденуіне тер төге еңбек еткен ардагер ұстаздар да шақырылған.

ШАРА ИМАНБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №179 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға». Бала ұядан не көрсе,ұшқанда соны іледі. Мектеп қабырғасында білім алып жатқан жастар жанжақты,өресі биік,өнерге жақын. Оқушылар мереке иелерінің құрметіне концерттік бағдарламаларын ұсынып,ұстаздарына деген ерекше құрметтерін көрсетті.

 ЕРБОСЫН ТАҢДАНА ОҚУШЫ