Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында  «Әл-Фараби әлемі- ең басты ұлттық құндылық» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.Екі күндік іс-шараға фарабитанушы ғалымдар, оқытушы- профессорлар мен студенттер қатысуда. Шараның негізгі мақсаты- Әл-фараби мұраларын жаңғырту, фарабитану саласында жаңа ғылыми-зерттеулерге жол ашу.

АЙНҰР ҚҰРМАНӘЛИЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Әл-Фараби шығармашылығы біздің елімізде 60-70 жылдардан бастап зерттеле бастаған, бірақ қазіргі кезде Тәуелсіздік таңымен келген Әл-Фараби мұрасын зерттеудің басқа қырлары бар деп айта аламыз, себебі қазіргі кезде Әл-Фараби мұрасын тікелей араб тілінен қазақ тіліне аударатын біраз аудармашылар, философтар, филологтар Фарабитанушылардың нағыз ғалымдардың тобы жинақталған.Кәдімгідей мектеп  қалыптасты, сондықтан қазіргі кезде Әл-Фараби мұрасына деген жаңаша көзқарас қалыптасып, жаңаша қырынан танитын біраз ғалымдар қалыптасты деп айта аламыз». 

Мамандардың айтуынша әл-Фрабидің әлі де зерттелмеген тұстары жетерлік. Мәселен діни-философиялық көзқарастарына байланысты көптеген ізденіс қажет екен. Келешекте фарабитанушылар, айтулы тақырыпқа зер салуды көздеп отыр.