
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 369 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/trUAqzMMnWw?si=6rAfysodH_3aAY7G"
Астанадағы LRT құрылысына асылып тұрған ер адамның видеосы тарады. Қайғылы оқиға елордадағы 73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болған. Ақ футболка, қала шалбар киген ер адам LRT құрылысының темір бағанына асылып қалған. Полиция оқиғаны растады, аталған жағдайдың мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын,тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bwpBFKpOJho?si=Osmrp3lHynOuhFfV"
Көкшетауда Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін құтқарушылар арасында қоян-қолтық ұрысы бойынша республикалық командалық жарыс өтпек. Оған Қызылорда өңірінен 9 құтқарушы қатысып, бақтарын сынамақ. Айта кетейік, бұл сайыс 25-30 қыркүйек аралығында болады. Қоян-қолтық ұрысы- нағыз жауынгерлік іс-әрекеттерде сыналған, әлемдік жекпе-жек өнерінің бір түрі.Спортшы әр түрлі элементтерді қолдану арқылы қорғаныс, шабуыл әдістерін жасай алады. Қоян-қолтық ұрысы бойынша Қызылорда облысының атынан 9 құтқарушыдан жасақталған әйелдер мен ерлер құрамасы қатысады. Команда аталған сайысқа бір ай бойы дайындықтан өткен.
НҰРЛАН ЕРЕКЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 413 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Hs7-fse7Zpk?si=Lvjhmn-KIbXPJNlp"
Жасөспірімдер арасындағы буллинг, суицид оқиғалары жиіледі. Айдың күннің аманында жастардың мұндай іске баруына не себеп? Бұл жағдайға психолог мамандар не дейді? Тілшіміз дайындаған материалға кезек берсек.
«Тәрбие тал бесіктен» бала тәрбиесі үшін отбасындағы ата-ананың алатын орны ерекше. Алайда қазіргі ата-аналар балаға уақыт бөлуден қалыс қалып жүрген сыңайлы. Статистикаға сүйенсек оқу жылы басталған уақыттан бері бірнеше оқушы өз өмірін қиған. Оған не себеп? Мұндай жайт орын алмау үшін қайтпек керек?
АМАНЖАН АБДУКАРИМОВ ПСИХОЛОГ: «Мәселе негізі тамыры қай жерде? Атана аналар балаларын осы күйінде қабылдамайды, өзгерткісі келеді. Бұл жерде ата-аналарға көп нәрсе байланысты. Білім болса ата-аналармен, балалармен жиналыс өткізіп, жұмыс жасалса осы нәрселер кішкене азайып кетер еді.
«Ата-анасынан жылулық сезінбеген бала осындай жағдайға барады» - дейді психолог. Ал заңгер, мұндай жағдайда баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
БАҒДАТ АМАНДОСҰЛЫ ЗАҢГЕР: «Бізде қолданыстағы заңнама Кәмелетке толмаған балалардың іс әрекеттері үшін оның ата-анасы және олардың заңды өкілдері жауапты.Яғни бұл жерде баланың ешқайдай кінәсі жоқ. Тікелей кінә ата-анасында. 06:20/06:32 «Егер сіз ата-ана ретінде өзіңіздің туған балаңызға күш қолданатын болсаңыз сіз жауапкершілікке тартыласыз.Яғни қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. 10:05/10:20 Баланы ұрып оқыту ол дұрыс емес. Оны қоғам да қолдамайды. Себебі егер бала құқық қорғау органдарына хабарласатын болса, ата-ананы құқығынан шектеуге негіз бар. Бала өзінің пікірін айтуға құқығы бар».
Айта кетейік, оқушылар арасындағы жағдайға байланысты еліміздің барлық білім ошақтарында 23-27 қыркүйек ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл жиналыс балалардың қауіпсіздігіне негізделген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 257 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wRfcAaz13ns?si=t63L43vOChZZdt6G"
Халықты төтенше жағдайдан қорғай алмағандар енді жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Үкіметте су тасқынының себеп-салдарын талқылаған отырыста Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты. Биылғы су тасқыны барлығымызға сабақ болды деген еліміздің бас құтқарушысы, алда 20 өңірге 20 тікұшақ сатып алмақшы. Айтуынша, егер техникамен толық жабдықталса, мұндай табиғи апаттың алдын оңай алуға болады-мыс.Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер Үкімет басшысының орынбасаранын тікелей осы салаға жауапты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов неге орынынан алынбады деп сұрақ қойды.
Халықты әбден әбігерге түсіріп, мазасын қашырған көктемгі су тасқыны шенеуніктерге расымен-ақ сабақ болғандай-ақ. Алдын ала деректер бойынша, табиғи апаттан шамамен 300 млрд теңге шығын келген. 34 мыңнан астам азамат біржолғы төлем алыпты.
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
«Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мақсатында әр өңірдегі құрылыс алаңдарына министрліктің және су тасқынынан зардап шекпеген өңірлердің қызметкерлері іссапарға жіберілді. Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесі залалды өтеу бойынша өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін ұйымдастыруына елеулі үлесін қосты. Цифрлық даму министрлігі мобильдік қосымшалар арқылы залалды өтеу өтінішін беруді қысқа уақытта ұйымдастырып, тиісті құжаттар болмаған жағдайдың өзінде өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды».
Тасқыннан ел өңірлерінде 40 мектеп, 200-ден аса жол учаскесі, 3000-ға жуық үй зардап шекті. Бүгінде олар толық қалпына келтіріліп, халық баспанамен қамтамасыз етілді. Енді осы айдың соңына дейін 38 үй салынып бітеді. Сонда ел азаматтары түгелдей үймен қамтамасыз етіледі деді үкіметтегілер. Төтенше жағдайлар министрі апат кезінде техника жетіспегені аса қатты қиындық туғызғанын жеткізді.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«Тартылған техниканың басым бөлігі сапасыз әрі ұзақ мерзімді жұмыстарды жүргізуге жарамсыз болатын. Осыған байланысты, көптеген күштер мен құралдарды теміржол эшелондарымен және әуе кемелерімен жөнелту жүргізілді. Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендердің арнасынан асып тасуына байланысты Қорғаныс министрлігінің понтон көпірлерін орнату талап етілді. Бұл халықты дер кезінде эвакуациялауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін берді. Зардап шеккен аймақтардың тасқын судың көлемі мен олардың салдарына дайын еместігі аңғарылды, ондағы бірлескен іс-қимылдардыұйымдастыру мен үйлестіру әлсіз жүргізілді».
Енді осы олқылықтың орынын толтыру үшін жауапты ведмвство елдің ір өңіріне бір-бір тікұшақ сатып алып қоймақшы. Оған ұшқыштар арнайы оқытылатын болады. Қаржы министрлігі бюджеттен бұл мақсатқа қаржы да тауып, бөліп қойған.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«Қазір біз лизинг арқылы 3 Ми-8 АМТ тікұшағын және 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет L-410 атты 4 Чехия ұшағын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оларды батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстікке қоямыз. Соның арқасында тапсырмаларды орындаймыз деп ойлаймын. Нәтижесінде деңгейіміз өседі».
Айтпақшы, үкімет отырысынан соң брифингте журналистер үкімет басшысының орынбасарынан тікелей осы салаға жауапты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов неге орынынан алынбады деп сұрақ қойды. Қанат Бозымбаев әріптесін былайша қорғады.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Су басқан уақытқа дайынбыз деген болатын. Бұл кісі министр болған кезде дайынбыз деді. Облыс басшылығы жауапкершілікке тартылған уақытта неге жауапкершілікке тартылмады? Толығымен пікіріңізіге қосылмаймын. Бұл кісінің министрлігі өз шеңберін көрсетті. Күні-түні жаяу бөгеттерді аралап, кісілерді құтқарып, өз құзіретіне жататын жұмысты толық атқарды».
Егер жоғарыда аталған техникалар сатып алынып, құтқарушылардың әлеуметтік жағдайы жақсаратын болса, табиғи апатпен күресуге сақадай-сай дайынбыз деп төтеншеліктер тағы да халыққа өз уәдесін берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wccI-w2dwHk?si=sl0r5zfXKDn9MFLK"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 347 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/v3FOH0Z5XG8?si=RMwtQ5rgExjaaIVV"
Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің атыс алаңында күрең беретке үміткерлердің біліктілік сынағы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысты. Дәстүрлі додаға 300-ге жуық ниет білдірушінің арасынан іріктелген 80-нен астам үміткер қорытынды сынаққа қатысты. Олар алғашқы кезеңде теориялық тестілеуден өтіп, дене шынықтыру дайындығынан өтті. Төмен көрсеткіш көрсеткен қатысушылар екінші кезеңге өте алмады. Шешуші кезеңге небәрі 44 үміткер іріктелді.
Шешуші кезеңнің бірінші күні сынаққа қатысушылар таңғы сағат 05:00-де дабыл арқылы оянды. Сол күйі 5 шақырымға жүгіру бойынша сынақ тапсырды. Одан соң ұзақ та күрделі жорыққа аттанды. Жолда олар қарсыластың шабуылын тойтару, жараланған қаруласының жарасын танып, қауіпсіз аймаққа сүйреп өту, өрт шыққан аймақтан тыныс алуға арналған бас киіммен жүгіру секілді тапсырмаларды орындады. Жолай әбден шаршаған жауынгерлер бауырымен жорғалап, жатқан күйі тасалануға арналған ор қазды және етігімен су кешті. Таң атпастан аяққа тұрған үміткерлер желе жортқан күйі кешке дейін дамыл таппады. Сынақ кезінде жауынгерлерге физикалық және психологиялық соққы жасалды. Олар соған қарамастан кезіккен қиындықтарды жеңіп, мәреге жету үшін ерік-жігерін аяған жоқ.
БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біліктілік сынағын тамашалап, қадағалауға әлемнің 4 елінен әріптестеріміз қатысып отыр. Олар Түркия, Ресей, Қырғыстан, Қытай елдерінен келген әскерилер. Осылай біз бір-біріміздің әскери тәжірбиемізді алмасуды мақсат еттік. Бабы мен бағы қатар шауып, ауыр сыннан сүрінбей өткендер күрең берет иегері атанды. Жігіттеріміз қиындықтардың барлығын еңсерді. Сынға түскен 44 жігітімізге өзінің күш-жігерін көрсете білді».
Осынау бір аптадан бері арнайы жасақ жауынгерлері орындап жатқан тапсырмалар легі аяқталды. Сынақтың қорытынды күні олар 10 шақырым жүгіріп, оқ дәрі салынған қобдишаларды сүйреуден норматив тапсырды. Селкілдек көпір үстінен өтіп, темір бағаннан төменге сырғанады. Қиғаш қойылған ағаштардың бірінен еңкейіп, бірін аттап, шынжыр байланған дөңгелектер қабырғасына өрмелеп шықты. Аспалы темірлерді де артта қалдырды. Суға секіріп, биік тас қабырғаны бірлесе еңсерді. Осы уақыт аралығында сыннан сүрінбей өткендер ақтық сынақ – қоян-қолтық төбелеске шықты. Үш раундтан тұратын жекпе-жектің соңғы бөлімінде рингтегі жігіттер тың тұрған күрең берет иегерлерімен күш сынасты. Бұған дейін сапта болған 15 үміткердің бәрі де 9 минут бойы соққыларға төтеп берді. Әлі кетіп, күші сарқылғандардың өзі темірдей төзімділік танытты. Осылайша, олардың бәрі де күрең берет иегерлері атанды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 303 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/r9UIiW1_M_A?si=DsJ-L7_QoHq9xYgn"
АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Сыр өңіріне қарасты Шиелі ауданы жұртышылығымен кездесті. Диалог барысында 6 қазанда болатын жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі энергия тапшылығының алдын алуда АЭС салу мәселесін көтеріп және оны референдум арқылы халықтың таңдауы еркіне берген болатын. Осыған орай, спикерлер тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдум маңыздылығы жөнінде атап өтті.
МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мұнан соң штаб мүшелері аудан ақсақалдарымен сондай ақ теміржолшылармен жүздесті. Жүздесуде АЭС маңыздылығы көтеріліп,ұсыныс пікірлерде айтылды.
АЛМАТ ДОСЫМОВ ШИЕЛІ АУДАНЫ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
АЭС құрылысы – Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба екені жиын барысында баса айтылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 302 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WblzXt59-hk?si=h2W5ovljpHr5e7u4"
Казак әдебиетінін классигі,бала жанының бағбаны болған жазушы Б. Сокпакбаевтын 100 жылдыгына арналган мерейтой туған өлкесі Райымбек ауданында өтіп жатқанын,арнамызда ғасыр тойына қатысқанын айтқан болатынбыз. Екі күнге жалғасқан мерейтойда туған өлке төрінен төл перзентіне ескерткіші ашылып,ұлттық спорт түрлері салтанат құрды. Толығырақ тарқатсақ.
Мерейтойдың екінші күні Бердібек Соқпақбаев атындағы Жастар саябағында жалғасты. Қарасы қалың көпшіліктің жиналғаны жазушыға деген құрметінің кепілі. Қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қаламгерлер, осы өңірден шыққан танымал азаматтар жазушының жерлестерімен бірге ескерткіштің асылу салтанатының куәсі болды. Ескерткішті ашу құрметіне ие болған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, жазушының қызы Самал Соқпақбаева ескеркіштің лентасын қиды.
Ескеркіштің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қалың қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Биыл туғанына 100 жыл толып отырған аса көрнекті қаламгер Бердібек Соқпақбаев Қазақ балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер. Жазушының «Менің атым Қожа» хикаяты оқырмандарымен қалай етене қауышса, осы аттас түсірілген кинофильм де қазақ киносы тарихында алғаш рет КАН фестиваліне қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Б. Соқпақбаев Қазақ әдебиетіне ешкімге ұқсамайтын қолтаңба қалдырды. Ардақты азаматтың есімін ұлықтап, еңбегін ел жадында жаңғырту - бәрімізге ортақ парыз.Балалар әдебиетінің бәйтерегі атанған классик жазушының сөз өнеріне деген айрықша таланты мен талғамы жас қаламгерлерге әрдайым үлгі-өнеге. Ал, оның мол мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз. Төл әдебиетіміздің тұғырлы тұлғасына қойылған еңселі ескеркіш құтты болсын!»
Жиын барысында жазушының қызы Самал Соқпақбаева атаулы мерейтойға атсалысқан қалың еліне өз алғысын жеткізді.
САМАЛ СОҚПАҚБАЕВА Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ
Сондай ақ мерейтойда жиылған көпшілікке ән мен жырдан шашу шашылып,қазақ күресі,құнан бәйге,топ бәйге,кіші аламан,үлкен аламан бәйгеден ұлттық спорт түрлері өтіп,сайын даланы дүбірге бөледі.Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік, балалар әдебиетінің бәйтерегі болған қаламгердің рухы шат, шығармашылық ғұмыры мәңгілік болсын!

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 316 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wWZdy6aR2Mk?si=lxfSAvd-Q5U_O-8r"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 279 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DpJgUiIPIqs?si=AadIJcUi9VU3xXzE"
Әскердегі әлімжеттік "дедовщина" бойынша 12 әскери қызметші сотталды. Осы жылдың өткен кезеңінде жарғыға сәйкес емес қатынастың 13 фактісі тіркелді. Бірақ, жауапты министрлік өкілдері сөзіне сенсек, жыл өткен сайын әскердегі әлімжеттік азайып, қылмыстар саны төмендеп барады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 28 пайызға дейін азайған. Бұл туралы Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Айтпақшы, жиында әскердегі ақша бопсалайтындар да сөз болды.
ШАЙХ-ХАСАН ЖАЗЫҚБАЕВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Мерзімді әскери қызметшілер ата-анасынан 2-3 мың теңге сұрайтын жағдайлары болады. Бірақ оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп айтқан дұрыс ұғым деп ойламаймын. Иә, бізде бір жағдай болған. Бір офицер әскериден 3 мың теңге алған еді. Қазір сол әрекеті үшін офицер тергеу изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары біткен соң ҚР заңы бойынша жауапқа тартылады. Ал, жалпылама әскерлердің ата-анадан ақша сұрауына келсек, 18-19 жастағы жігіт дүкеннен заттар алғысы келеді. Әскери бөлімнің жанында дүкендер бар, міне осыдан болып ата-анада біреу баламның ақшасын алып жатыр деген ой болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 296 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8Hi7drgWXz0?si=nL6XN0yd3a_WSRnM"
Бүгін Алматы қаласында американдық 'Тонал Соул' джаз тобының келуіне орай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында, студенттерге арналған шеберлік сағаты өтті.Толығырақ тілші материалында.
Өнердің- өрісі кең демекші, шеберлік сағаттың басты мақсаты студенттерді жан-жақты дамыту.Музыкалық тұрғыдан тәжірибие алмасып, мәдениетімізді өркендету.
ВЕНЕРА АЛПЫСБАЕВА, МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ «Бұл шеберлік сағаттың басты мақсаты әрине бұл студенттер арасындағы тәжірбие алмасу, бұл профессияналды түрде Американың стильдік жағынан, айтылу манерасы жағынан, өнері жағынан біздің балаларды баулу және сонымен қатар біздің студенттер өз өнерлерін паш етеді. Жалпы енді өздерінің білімдерін шыңдау мақсатында, әншідік өнерін шыңдау мақсатында, инструмент аспапта ойнау өнерін шыңдау мақсатында жасалынып жатқан шара.Сондықтан мен ойлаймын, біздің балалар бүгінгі шеберлік сағаттан өздеріне біраз нәрсені жиып алады жәнеде мәдени түрғыдан профессияналды түрғыдан бүгін бір әдемі тамаша коллабрация болады».
Тонал Соул джаздың суырып салма рухын, хип-хоптың ырғақты серпінін және соул музыкасының эмоционалды тереңдігін бір арнаға біріктіретін әйелдер тобы.Топ продюссерінің айтуынша олар Қазақстанға әйелдер көшбасшылығын мерекелеу үшін келген, сонымен қатар бірнеше қалаларды аралап, тұрғындарды көңілді әндерімен қуантуда.
ДЖЭЙСИ КАПРИС, ӘНШІ, ПРОДЮСЕР; «Бүгін біз осы университетте студенттермен шеберлік сыныбын өткізіп, музыканы бірге жасап, олардың не істей алатынын, музыкалық тұрғыдан не істей алатынын тыңдап, әңгімелерімізбен бөлісеміз. Сондықтан біз осында көңіл көтеруді, араласуды және байланыс орнатуды асыға күтеміз. Сондай-ақ, бұл Қазақстанға тамаша сапар болды, біз мақтан тұтамыз, осында келіп, музыка, азық-түлік, тарих сияқты тамаша мәдениетпен танысу біз үшін үлкен құрмет болды және біз жақын арада қайтып келе аламыз деп үміттенеміз».
Музыкадан басқа, Tonal Soul сахнаны маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін пайдалануға сонымен қатар, әйелдер мен жастарды әлеуметтік теңдік, зорлық-зомбылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтарды кеңейту және жан-жақты әлеуметтік даму секілді маңызды тақырыптарға үн қосуға шақырды. Айта кетейік, 22 қыркүйек танымал топ Қазақстанға ерекше құрмет ретінде Арбатта қазақ тілінде ән шырқайтын болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 611 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hse87dq1R7U?si=FovDm_-xsLp4WFtl"
Қазақ әдебиеті әлемінің алыбы,балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Ғасырға толған ұлы той жазушының туған өлкесі Нарынқол өңірінде тойлануда. Ұлы даланы дүбірге бөлеген мерейтойға арнамызда қатысып жатыр.
Ұлтымыздың руханияты мен мәдениетіне қалам тербеген заңғар жазушының шығармашылығымен сусындамаған қазақ жоқ. Тіпті, әдеби әлемі “ЮНЕСКО”, “ТҮРКІСОЙ” көлемінде аталып өтуде. Балалық шағындағы бастан өткерген өмірі шығармасына арқау болып,әр кейіпкері бала жанының сүйікті кейіпкерлеріне айналды. “Менің атым Қожа” шығармасы экрандалып,кино өнерінің де құнды қазынасын толықтырды. Шоқтығы биік шығармасынан үзінді қойылып, бүгінгі тойдың шымылдығын түрді.
Алты алашқа ортақ жазушының ғасыр тойы қазақ әдебиетінің,мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың басын қосты. Бала Қожаның кейіпкерін сомдап,сол бейнемен көрерменінің көкейінде қалған Нұрлан Сегізбаев та жазушының рухына тағзым ете келген.
НҰРЛАН СЕГІЗБАЕВ АКТЕР
Рухани кеште жазушының 4 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Асылдың артында қалған ұрпақтарымен де тілдесудің сәті түсті. Жан сарайында әкенің әлеміне деген сағыныштың сайрап жатқанын аңғардық.
САМАЛ СОҚПАҚБАЕВ Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ
Мерейтой екі күнге жалғасады.Нар тұлғаның туған өлкесі Нарынқол өңірінде ескерткіші ашылады.Азулы ақындар айтыс өнерімен сусындатып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді.
Тағы басқа мақалалар...
45 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.