
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 263 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GEErxCvIw_A?si=ta9TnlqbCVHFRmdo"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 287 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CpF1RfJ8mYk?si=rTJEqsDNq7hWMJ0a"
Алматыда 11 жасар бала терең орға құлап кетіп,дер уақытында жеткен құтқарушылардың арқасында ол дін аман қалды. Оқиға Наурызбай ауданында болған. Тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға 2013 жылғы бала құлады деген шақыртуға жедел құтқару жасағының мамандары жетеді. Мына видеода құтқарушылар зембілдің көмегімен баланы алып шығып жатқанын көруге болады. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
СЕРҒАЗЫ ӘБДІҚАДЫР ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Аталған дерек бойынша оқиғаның мән жайы анықталуда.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 268 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IPUPiiSR_ZI?si=llcajlCTHyr3sfq5"
Базарлар мен интернет дүкендерінде контрафактілік өнімдердің саудасы қызып тұр. Заңсыз өнімдерге деген сұраныс халықтың табысының төмендегі мен тауарлардың арзандығынан туындап жатқанын жоққа шығармау қажет. Өткен жылдың өзінде елімізде контрафактілік өнімдерді сату бойынша 12 мың заң бұзушылық дерегі анықталып 81 млн-ға жуық айыппұл салынған.
Елімізде сапасыз тағамнан уланып түрлі ауруларды жұқтырып алған науқастар көбейген. Мамандардың айтуынша, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін маңызды фактордың бірі заңсыз тауарларды тұтыну. Әрбір сатып алушы өнімді аларда тексеріп, сапасына аса мән беру қажет.
БАҚЫТ ТҮМЕНОВА «ДЕНСАУЛЫҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Медицина саласында ауру туа біткен жене жүре пайда болған деп екіге бөлінеді. Туа біткен ауруларлы жазу мүмкін емес, ал жүре пайда болғандар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан. Отандық нарыққа зерттеу жүргіздік, халық тұтынатын тауарлардың 4 тобын қарастырдық. Олар азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар, темекі өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар. Контрафактілік өнімдер денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Тұтынушылар нарығында белсенді сатылып жатқан контрафактілік тауарлардың үлгілерін көрсеттік, олардың көлемі жыл сайын 10%-ға өсіп келеді. Нәтижесінде халық арасында резонанс туды. Осы ретте еліміздегі тауарларды жақсартуға ұсынымдар әзірлеп, оны халыққа ұсындық».
Жыл сайын контрафактілік өнімдердің көлемі 7-10 пайызға артып келеді.Өткен жылы Алматы қаласында 11 млн теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленген.
СВЕТЛАНА РОМАНОВСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің мәліметінше, 2022 жылы азаматтар тарапынан түскен шағымдардың саны алдыңғы жылмен салыстыранда 139%-ға, ал көлік, байланыс, коғамдық тамақтану және медицина секілді салаларда бірден 3 есе өскен».
Бүнгінгі күні контрафактілік өнімдер кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Сол себептен тәркіленген тауарлар айналымнан алынып, бірден жойылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 349 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fQ090T8KJj0?si=uFnBdP057CDyzSFf"
Маңғыстауда экология заңын бұзғаны үшін мұнай мекемесіне айыппұл салынды. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылдың 1-ші және 11-ші қаңтар аралығында мұнай және ілеспе газ өндіруді рұқсатсыз жүзеге асырған. Заңбұзушылық табиғатты қорғау прокуратурасымен талдау жұмыстарын жүргізу барысында анықталыпты. Компанияға бұл заңсыз әрекеті үшін айыппұл салынды.
НҰРЛАН ОРАЗБАЕВ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: «ҚР ӘҚБ кодексінің 328-ші бабымен жауапкершілікке тартылды. Айыппұл соммасы 7,8 млн. Қазіргі таңда Табиғатты қорғау прокуратурасымен экологиялық заңының талаптары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 235 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6P_JwKiatKE?si=YDJLDjvrE3tLNi8X"
Уақытша орналастыру орнын паналап отырған Оралдық тұрғындар бас көтерді. Оған себеп жатақхана жағалаған халықты тұрып жатқан орындарына жаңа оқу жылына қарсы «жөндеу жұмыстарын жүргіземіз» деген желеу.
Су тасқыны кезінде тұрғылықты мекенінен айырылған халық шиеттей балаларымен бірге қайда барарын білмей әлек. Қолдарында үй беру туралы комиссия шешімі болғанымен бірақ кілті әлі қолдарына тие қоймаған. Айтуларынша, жатақхана басшылығы ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізбек.
АЛЬМИРА ТӨЛЕГЕНОВА ТҰРҒЫН «Мыннан шығып кеткенде қайда барамыз.Қаңғытатын жағдай жоқ қазір деген».
АҚТОЛҚЫН ҚАБИЕВА ТҰРҒЫН «Ешқандай көмек көрсетіп жатқан жоқ.. бір несін айтсаңыздар».
Жағдайды алға тартып жатақхана басшылығын жағаладық. Сұқбаттан бас тартып, әкімдікке жол сілтеді. Ал әкімдік өкілдері болса «бұл тек ұсыныс ретінде айтылған нәрсе, үйдің кілтін алғанша ешкімнің уақытша орналастыру орындарынан қуып шығуға құқы жоқ» деп отыр.
ДАНИЯР ОСПАН ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Енді ол жерде 5 айдан бері ондай мәселе туындап тұрған жоқ».
Қазіргі уақытта уақытша орналастыру орындарын 170 отбасы паналауда, оның 131-іне үй беру туралы комиссия шешімі шыққан.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l-IEzmFvuNo?si=OACuuLHROQDfK8Se"
Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтті. 4 күнге созылған дүбірлі додаға Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары қатысты. Бақылаушы ретінде Сауд Арабиясының өкілдері келді.
Жарыста алты елден келген 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдар бақ сынады. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Спортшылар өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтарды еңсеруге тырысты. Алғашқы екі кезеңде әр қатысушы жеке бақ сынасса, жарыс межесін командалық сайыспен аяқтады.
ЕРНҰР НАСИБҰЛИН ҚАТЫСУШЫ
Менің коммандада жүргеніме 3 жыл болды. Жеке өзім жарыстарда жүлде алмаған едім. Биыл бірінші рет орын алып отырмын. Мен Орал қаласынан келдім. Мені қолдаған жандарға, демеу берген бапкеріме алғыс айтқым келеді.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жалпыкомандалық чемпионаттың қорытындысы бойынша: бірінші орынды Ресей спортшыларының құрамасы, екінші орынды Беларусь командасы иеленді, Қазақстандық спортшылар үздік үштікті қортындылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 227 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9-sBJtmgwDI?si=lXNKU9mT0MnbEXfi"
Солтүстік Қазақстан облысы «Серебряный бор» сауықтыру кешенінде Қызылжар аудандық білім беру бөлімі мен Ұлттық ұлан әскери академиясы бірлесіп «Қызылжар Сұңқар-2024» іс-шарасын өткізіп жатыр. Оқушылар мұнда спорттық сайыстарға қатысып, туристік нысандарды аралайды. Іс-шара тамыздың 19-ы мен 21-і аралығында жалғаспақ.
210 оқушыны қамтитын бұл іс-шарада арқан арқылы өрмелеуді ұнататын Никита Романовта бар. Ол бұл жерге өз достарымен келген. 12 жастағы оқушы демалыс кешенінде алғаш рет болып отыр.
НИКИТА РОМАНОВ – ОҚУШЫ «Мен «Совхоз орта мектебінде» оқимын. Мұндағы спорт түрлері маған ұнап жатыр. Бірақ бұл жерде арқанмен өрмелеу үшін көп күш қажет екен. Алдағы уақытта тағы да келуге тырысамын. Басқа да қызықты іс-шараларға қатысамын деп ойлаймын».
8-10 сынып оқушыларына арнап ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық спорт түрлері де тысқары қалмады. Асық ату, тоғызқұмалақ сынды ойындарға балалардың қызығушылығы арта түсті. Сондай-ақ, жоспар бойынша олар Ұлттық ұлан әскери академиясына барып , қару жарақтармен және техникалармен танысады.
ҚАЙЫРЛЫ МҰҚАТАНОВ – МҰҒАЛІМ «Балалар бүгін бірінші күннен бастап ауа райына қарамай келіп жатыр. Әскери-патриоттық күніне біздің қазақ ұлттық ойындарына кіретін тоғызқұмалақ, бесасық, асық ату. Содан кейін туризм, спорт шаралары өткізіледі. Балаларға көрсетіп үйретіп жатырмын. Балаларға ұнап жатыр. Айта кетейік, дәстүрлі түрде жылда өтетін іс-шара былтыр 250-ге жуық оқушыны қамтыған».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 251 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kfiMvdcqqmQ?si=K_nbpqQ_XnmpML3l"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 308 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-Cdc2Tx6qsc?si=xIl65pTGxVTd8cKa"
Алматы қаласында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті. Кездесуде сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Алматы қаласының тұрғындары АЭС-тің ел экономикасымен қоршаған ортаға әсері қандай болатындығын талқылады.
Талқылау еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Атом электр станциясын салу жөнінде халық арасында қорқыныш бары жасырын емес. Бірі, бұл жоба энергия көзі десе енді бірінің қауіпсіздік сақталмай жарылып кетеді ме деген қоғамда екі ұдай пікір бар. Дегенмен білікті мамандар атом электр станциясының қауіпсіздігін атап өтті.
БАНУ НҰРҒАЗИЕВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Бір емес екі жыл бұрын, біз осы мәселені көтеріп өзіміз талқыладық. Неге десеңіздер жанымыздағы дамыған мемлекеттер өзінің экономикасын көтеріп жатқан кезде біз неге артта жүрміз деген әңгіме көтердік.»
Мамандар көмірмен жұмыс істейтін стациялардың тозуы 70%- ға жеткендігін. Болашақта кейбірінің жұмысы тоқтайтындығын алға тартты.
ГҮЛМИРА МҰРСАЛОВА ҚР ЭМ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі уақытта көмірмен жұмыс істейтін станциялар 70%-ды құрайды. Олардың тозу деңгейі өте жоғары. Кейбір станцияның тозуы 50-70%- ға жеткен. Қазақстанда энергия тұтыну көлемі жылдан-жылға өсіп жатыр. Сол себептен Үкімет келесі онжылдықта 26 гВТ қуаттылығы бар стацияларды іске қосуды жоспарлап отыр. Себебі тозған станциялардың кейбіреулерінің қызметін тоқтату керек. Осы 26 гВТ ішінде жел электр станциялары, күн электр стациялары бар. Болашақта 10 мың МГБ жобалары іске қосылу жоспарланып жатыр. Бізде сондай-ақ газбен жұмыс істейтін станциялар салынатын болады»
Талқылау барысында Ядролық физика институтында атом электр станциясымен жұмыс істейтін 1800 маман дайындалып жатқандығы айтылды. Басқосуда тұрғындар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарын қойды.
МЕДЕУ ӘБІШОВ ҚАЗҰУ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Негізгі тұжырымдама радиофобияға байланысты. Қоғамда адамдардың арасында “жарылып кетуі мүмкін, Балқаш құриды” дегендей қорқынышы бар. Осындай мәселенің барлығын ғалымдар мен тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары ескеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұның барлығы референдумға байланысты, ең бастысы халықтың шешімі болып отыр. Халық өзіне қажетті екенін түсініп, сосын дауыс береді»
Мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесін "референдум арқылы шешкен дұрыс екендігін мәлімдеген болатын. Еліміздің әр өңіріндегі талқылау жиынынан кейін бұл мәселе дауыс беру арқылы шешілмек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 269 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zzPo1jXEdnE?si=VJrQh0otxuDxjAcB"
«Жетісу» футбол клубының басшысы 3 жыл 6 айға сотталды. Ол аса ірі көлемде бюджет қаржысын қалтасына басқан. «Футболшыларға бонус аударылды» деген желеумен жалған құжат жасап, қазына қаражатын өзі алып отырған. Ақпаратты Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
ДАНИЯР БИГАЙДАРОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды. Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 1250 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8zqbMGjWqKA?si=-fgVNg0fwvKwnpg_"
Ең шалғай ауылдағы оқушылар да енді ең үздік, мықты деген білікті ұстаздардан білім ала алады. Ол «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында мүмкін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. 2026 жылдан бастап барлық мектеп 100 пайыз жаңартылған оқу бағдарламасына көшеді. Айтпақшы, жаңа оқу жылында артық, жаңа пәндер енгізілмейді. Бірақ, қосымша білім ретінде қаржылық сауаттылық пәні жүргізіле береді. Биыл барлық Қазақстан мектептері біртұтас бағдарлама аясында жұмыс істейді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарының қабылдануына орай 2026 жылдан бастап жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу көзделген. Білім беру сапасын арттыру үшін ауылдық тірек және шығын жинақ мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілу қарастырылуда. Білім беру округтері құрылып, нәтижелері төмен нысаналы мектептерді мақсатты қолдау шаралары қабылданады. Жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын жүзеге асыру шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс жандандырылады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 441 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nynNoHUR79A?si=fesgDQ7po9kcg3KU"
Алматыда педагогтерге арналған Республикалық “Digital Kazakhstan” Жаңа замандағы білім беру тақырыбы аясында саммит өтті. Жалпы білім беру жүйесіндегі өзгерістер қандай,несімен ерекше? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Саммит жұмысына 2500 педагог, сондай-ақ білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
ДӘУРЕН САҒЫНҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Расымен де Жаңа замандағы білім беруде қандай өзгерістер болып жатыр, әлемде қандай озық идеялар бар және өзіміздің өнімдердің ішінде қандай ірі жобалар бар, әсіресе білім саласындағы цифровизация мәселесінде қандай цифрлық шешімдер қабылданып жатыр деген бағытта біздің Алматылық әріптестеріміз үлкен олжаға кенеліп отыр. Әсіресе ерекше атап өтетін біздің кітаптарымыздың электронды бағытқа көшкендігін атап өту керек.Алматы топик кітаптың қолтаңбасында бүгін педагогтардың назарына ұсындық».
Бүгінгі таңда 147 мектеп оқулығы қазір электронды нұсқада жұмыс жасауда. Сондай-ақ ұстаздар қауымы да жасанды интелект жүйесіне бет бұра бастаған.
ДӘУРЕН САҒЫНҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Сандық технологиялар бағытында қазір мұғалімнің сабақ беру процесіндегі қолданылатын негізгі цифрлық шешімдерді ерекше атап өтуге болады, әсіресе бұлардың қатарында мен Алматылық әріптестеріміздің 650 Алматылық педагог жасанды интелект бойынша онлайн оқытудан өткен болатын және де қазіргі таңда Аiti сыныптары да Алматы мектептерінде жұмыс істеп жатыр. Алматы қаласында 52 Aiti сыныптары жұмыс жасауда және дәл осы 2024 жылы Алматы қаласына 168 жаңа мадефикациядағы кабинеттер берілді.Ең соңғы үлгідегі технологиялар Алматы мектептерінің кабинеттеріне қойылды».
Тағы басқа мақалалар...
49 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.