
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 285 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HeQESeexvcA?si=dD5NoWA7-ydVnhgN"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары барды. Онда Президент өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
Президенттің өңірге жасаған жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан. Мемлекет басшысы жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа шойын қорыту және қалыпқа құю, сондай-ақ бұйымды өңдеу секілді жұмыстардың толық процесі көрсетілді.Зауыт барлық заманауи талапқа сай келеді. Автоматтандыру және энергиялық тиімділік деңгейі жоғары болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз. Қазіргі уақытта мұнда 30 робот бар. Олар анағұрлым күрделі әрі ауыр технологиялық операцияларды орындайды. Мемлекет басшысы озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорынға оң баға берді. Бұдан соң зауытта еңбек ететін отандық жас инженерлермен әңгімелесті.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды. Президентке құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталғаны туралы баяндалды. Жоспарға сәйкес, конвейерден алғашқы көлік сынақ режимінде келесі жылдың шілде айында шығарылады.KIA Qazaqstan бас директоры Ким Дэ Ки зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылатынын жеткізді. Автокәсіпорын бастапқы кезеңде Sorento моделін шығаруды жоспарлап отыр. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жаңартылған Sportage моделі құрастырылады. Кәсіпорында жаңадан 1500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мұнда өндірістің тиімділігін арттыруға әрі экологиялық тұрғыдан зиянсыз етуге бағытталған технологиялық шешімдер қолданылады. Автоматтандырылған заманауи кәсіпорынның дәнекерлеу желісінде, автокөлікті бояу және құрастыру жұмыстарына 70 робот пайдаланылады. Жобаның құны 200 миллион долларды құрайды, оның 80 пайызға жуығы тікелей шетелдік инвестицияның үлесінде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 335 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MqWKAx1rs5s?si=HpTEOhmNtiGaALYj"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 238 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FcdoyduNHV8?si=tGvYYZz7OH3dWYix"
10 жасар бала жардан құлап кетті. Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Проходное шатқалындағы Терра алқабында болған.Айтулы жағдайға қатысты Алматы облыстық ТЖД мамандары ақпарат берді.
ДАРХАН ОМРАЛИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАС МАМАНЫ: «Ол қолын сындырып және бірнеше жерлерін көгертіп алған.Бала бірден көмек сұраған анасымен бірге болды.Сигналды алғаннан кейін 5 құтқарушыдан тұратын РАСОК күші оның ішінде кинологиялық есеп және 1 бірлік техника жіберілді.Авариялық құтқару жұмыстары нәтижесінде бала табылып КазАвия құтқару компаниясы мисс-8 тікұшағымен Боралдай әуежайына эвакуацияланды.Онда ол жедел-жәрдем медицина қызметкерлеріне берілді.Баланың жағдайы орташа, медициналық көмек алып және қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 307 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TCRyp9L8b98?si=HvV389q32aC4kG2q"
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы мектепте оқушылар жаппай уланып қалды. Бастауыш сынып оқушылары білім беру мекемесінің асханасында түстенгеннен кейін өздерін жайсыз сезінген. Ата-аналар баласының қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құса бастағаннан кейін жергілікті ауруханаға жүгінген.
Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, 2 бала жансақтау бөлімінде. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
ТІЛЕПБЕРГЕН ДҮЙСЕНБАЕВ АТА-АНА: «Тамаққа аппетиті жоқ. Тек жатып, құсып, қызуы көтеріліп жатыр. Түнімен ауырып шықты. Врачтар отравление деп жатыр жалпы. Енді арғы жағын біз медик емеспіз, енді сол медиктердің ответін күтеміз. Мектепте не жедіңіз десек, компот іштік, супа іштік дейді, обычно тамақтар енді. Просрочный болды ма, или ыдыстарды дұрыс жумады ма, оны енді следствия тексереді».
Облыстағы астан улану оқиғасына байланысты Үкімет басшысы мәлімдеме жасады. Бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.
ГҮЛЖАН АМАНБЕКҚЫЗЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Жатқызылған балалардың жағдайлары тұрақты. Қазір инфузиондық ем жүргізіліп жатыр. Инфузиондық емнен кейін балар қалыпты болды. Қазір қызулары түсті, бақылауда. Келген балалардың ішінде бір бала судоргымен келді. Реаниматологпен қаралды. Қазір қызуы түсіп, баланың есі анық».
Айта кетейік, жедел-жәрдем бригадасы науқас балаларға толық құрамда қызмет көрсеткен. Ал, ауруханада төсек-орындары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Аталмыш жағдай бойынша асханадағы тамақтардан сынама алынған. Сонымен қатар, тамақтану орнындағы қызметкерлер де тексеруден өтіпті. Қорытындысы әзірге дайын емес,- дейді жауаптылар. Айта кетейік, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеп-тексеру жұмыстары да жүргізіліп жатқан көрінеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 304 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/11QBgvqkfms?si=qlfWTeR_4k9Be9PO"
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиген. Сарбаз ауруханаға жеттпей көз жұмған. Қайғылы оқиға "Оймаша" полигонында орын алған. ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы жауынгерге оқ атқан.
Тергеу барысын Бас әскери прокуратура мен Қорғаныс министрлігі ерекше бақылауға алған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылған.
РУСЛАН ЖАНГУЛИН ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болуына қатысты іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде. Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады».
Ұлының қазасына жаны күйзелген сарбаздың әкесі әлеуметтік желіден бейнеүндеу жариялап, Қорғаныс министрлігінен тексерістің әділ жүруін талап етті.
ҚАЗА БОЛҒАН САРБАЗДЫҢ ӘКЕСІ: «Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Менің түсінігім бойынша, мылтықты ату үшін патронды патроннике қойып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойыншық емес және бұл офицер онымен ойнаған жоқ. Қорғаныс министрінен іс тығырыққа тірелмей, оны мұқият зерделеуін сұраймын. Оқиға кездейсоқ болған жоқ. Жалғыз ұлымды әскерге жіберіп, мәйітін алып тұрмын».
Еске салайық, елімізде үш жылдың ішінде 270 әскери қызметші қайтыс болған. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев мәлімдеген еді. Әскердегі әлімжеттіктің көпшілігі суцидпен аяқталып, қыршынан қиылған жастардың саны жыл сайын артқан.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 264 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kRFxANd9E-c?si=ea8Jqb11UfGRhI6f"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады.«Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан,Қырғызстан,Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы, Татарстан Республикасының Раисы, Саха Республикасының басшысы, Моңғолияның бұрынғы президенті, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті, ЮНЕСКО, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі инвестициялық қоры, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Ислам спорт қауымдастығы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Сақ дәуірінің Алтын адамдары – соның айқын дәлелі».
Мемлекет басшысы Көшпенділер ойыны бабалар аманат еткен қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бірегей жоба екенін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Он жыл бұрын осы жарысты алғаш ұйымдастырған қырғыз бауырларға алғыс айтамын. Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 304 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RxmAk8hPZKs?si=xpLJ0E3IY8Y1B64X"
Өткен сенбіде ҚР Ұлттық Ұлан академиясының 1 курс курсанттарының әскери ант беру рәсімі өтті. Үстіміздегі жылы 200-ден астам курсант Отанға және халқына адал болуға салтанатты түрде ант берді.
Шара барысында сарбаздар адал болуға серт берді. Ант қабылдағандардың қатарында Көкшетау қаласының тумасы Нұрлан Боранбай бала кезінен әскери қызметші болуды армандаған. Сол себепті Қарағанды қаласындағы Жас Ұлан мектебінде оқып, кейін ҰҰ академиясына оқуға түсуге шешім қабылдайды.
НҰРЛАН БОРАНБАЙ ҚР ҰҰА 1-КУРС КУРСАНТЫ: «Мен осы академияны 9-шы сыныптан армандап түсіп жатырмын. Өйткені мен кішкентай кезімнен военный болғым келді. Және осы өмірді таңдауға шешім қабылдадым.Әскери өмір мен үшін қиын емес. Өйткені мен одан бұрын Қарағанды Жас Ұлан мектебінде оқығанмын. 1мен 2 курсты бітіріп, осы академияға түсемін деп шештім. Мен үшін ол қиын емес».
Болашақ офицерлер академияға қабылданбас бұрын бірқатар сыннан өтті. Олар нормативтер орындады, қабылдау емтихандарын тапсырды. Осылайша конкурстық іріктеуден және жалпы әскери дайындықтан өтті. Болашақта курсанттар әскери істің қыр-сырын игеріп, Отанның сенімді қорғаушыларына айналады.
ЖАМБЫЛ КҮЛБАЕВ ҚР ҰҰА ҚЫЗМЕТТІК-ЖАУЫНГЕРЛІК ТАКТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Әскери дәстүрге сәйкес Отан алдында ант қабылдау. Бұл ант қабылдау рәсімі өзіміздің ер азаматтардың ер жеткендігін дәлелдейді және де Конституция заңы бойынша өзінің Отанының алдында Отан қорғау дәрежесіне жетіп нағыз ер азамат болып, өмірінде бір ақ рет келетін ант қабылдау мерекесі болып табылады. Осы жастарымыздың барлығын бүгінгі ант қабылдаумен құттықтаймын. Дендері сау болсын өмір жастары ұзақ болсын».
Ұлттық ұланы академиясы құрылған1997 жылдан бері 4 мыңнан астам курсант бітірді. Олар еліміздің ішкі әскерін толықтырып қана қоймай, басқа да әскери құрылымдарында қызмет атқарып жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 336 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IWUC-Ri1ZA8?si=jKQaMYLzGPNK_i2C"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 255 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XtDteWkOEZw?si=XyMoSqvXWNF3Y77V"
Айдың күннің аманында Маңғыстаудағы 50-ге жуық отбасы бір аптадан бері ішерге су таппай шөлден кеуіп отыр. Атамекен ауылындағы жұрт құрылыс мекемесі жер астына құбыр төсеу үшін су келіп тұрған желіні кесіп кетті дейді. Салдарынан көпшілік тіршілік нәріне зар болып отыр.
Көшеге құбыр жүргізу үшін қазу жұмыстары барысында техника ауыз судың құбырын кесіп кеткен. Салдарынан тұрғын үйге келетін су көшеге аққан. Мердігер мекеме өз жұмыстарына салғырт қарағандықтан ауыл тұрғындары бір аптадан бері ауыз сусыз отыр.
ЗАМИРА САРБАЕВА, АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мінеки дренаж қоямыз деп мына жолдың бәрін қазды. Ол дренаждың бізге не қатысы бар білмейміз. Бетіне шығып тұр қазған трубасының бәрі. Бір метр қылып қазған трубасының бәрі бетінде тұр. Оны не үшін 1 метр қылып қазды трубасы бетінде тұрса. Енді біз не істеуіміз керек. Судың тұрсы мынау. Енді суымыз жоқ бір апта болды сусыз отырмыз».
Құбыр төсеу жұмыстары жер асты суын көлге құю үшін жасалып жатқан шаруа. Бас- аяғы екі шақырымды құрайтын жұмысқа жергілікті бюджеттен 7 млн теңге қаржы бөлінген.
ЕРЛАН ҚАЙНАРОВ, АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: «Тапсырыс беруші ретінде, осы ауылдық округтың әкімі ретінде тұрғындармен кездесіп, мердігер мекеме мен тұрғындар арасында мен кепіл бола аламын әкім ретінде аптаның соңына дейін орын алған кемшіліктердің барлығы жойылып , мердігер компания тарапынан қалпына келтіру жұмыстары толықтай жүзеге асырылатын болады».
«Бүгін кешке, болмаса ертең максимум бүкіл мына үй жақтарға барып тұрған линия жалғанады. Сосын мына үйлерге су беріледі».
Мәселе көтерілген аумаққа мердігер мекеме өкілі мен ауыл әкімі де келді. Мердігер мекеме құбырды жүргізу жұмыстары аяқталған соң, көше жолдарын да ретке келтіріп береміз деп уәдесін берді. Уәде орындала ма, ол алдағы уақыттың еншісіндегі дүние.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 266 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/I4W5tbpneA4?si=oTuDZsggfY6HSg2D"
Әлеуметтік жетімдікті алдын алу,баршаға ортақ міндеттің бірі. Жесірі мен жетімін жылатпаған халқымызда әу бастан айтулы мәселеге ерекше мән берген. Десекте қазіргі қоғамда бұл жағдайдың ақуалы мәз емес. Алматы қаласындағы аналар үйіне барып,ондағы тұрғындармен жүздесіп қайтқан едік.
Бұл Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты аналар үйі.Мұнда тағдырдың тәлкегін көрген нәзік жандылар тұрып жатыр. Әлеуметтік жетімдікті алдын алып,жас аналардың қоғамның қатарына қосылуына септігін тигізіп отырған мемкемеде жанжақты қолдау көрсетіледі.
МАЙГҮЛ ІЛИЯСҚЫЗЫ «АНАЛАР ҮЙІНІҢ» ПСИХОЛОГ МАМАНЫ
Аналар үйінде сала мамандары қолдан келгенше қолдау көрсетеді. Психологиялық зерттеулер жүргізіп,отбасылық жанжалдан опық жеген аналарды демейді.
АЙНҰР СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ
Кезкелген адам үшін денсаулық басты мәселе.Аналар үйіне тұрақты түрде көмек қолын созатын Алматы қалалық №10 емхананың ұжымы бұл жолы да тегін тексеру шараларын жүргізді.
МАҚСАТ ЖОЛБАРЫСҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНАНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
МАЙГҮЛ ІЛИЯСҚЫЗЫ «АНАЛАР ҮЙІНІҢ» ПСИХОЛОГ МАМАНЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xQeE9aSWxgM?si=XsgOAj80MXeDV-es"
Ауылдық жерде оқитын оқушылар назарына! Тек ауыл оқушыларына арналған пәндік олимпиада басталды. Білім додасы төрт кезеңнен тұрады, олар қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларына жоспарланған. Егер, сіз ауылдық мектепте оқитын болсаңыз, маңызды шараны өткізіп алмаңыз! Бұл өз біліміңді сынап көруге арналған таптырмас мүмкіндік.
СЕРІКЖАН ДАМЫСХАН «ДАРЫН» РҒПО ӘДІСКЕРІ: «Олимпиадаға ауылдық жерлерде орналасқан соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінің 9-11 сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады. Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер ағымдағы жылдың 4-20 қыркүйек аралығында оқитын мектептерінде компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуге болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 282 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uftPMljr8Cs?si=xAPJpiSB1diGr9ob"
Отбасы күніне орай, ақ халатты абзал жандар ашық есік күнін ұйымдастырды.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Дәрігерлер таңның атысымен емханада тіркеуде тұрған барлық азаматтарды қабылдап, ашық есік күнін өткізді. Тұрғындарға барлық маман аяғынан тік тұрып көмек көрсетті.
ЖАНСАЯ ЕРКІНБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ДӘРІГЕРІ
Ұлт саулығы басты мәселе. Емхана мамандары «Oтбасы күні» мерекесінің құрметіне орай, азаматтарды тыңғылықты түрде медициналық тексерулерден өткізіп, тегін кеңес берді. Сондай-ақ ауруды асқындырмай, дер кезінде дәрігерлерге көрінуге шақырды.
МАЙРА ПИЯЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
АЯКӨЗ ЖАНДАРҚҰЛОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тағы басқа мақалалар...
42 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.