Бүгін Барахолка базарының кәсіпкерлері Алматы қаласы әкімдігінің мақсаты не? Барахолканы жабу ма,жаңғырту ма? тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Базынасын айтқан базар иелерінің жан айқайын тілшіміз тарқатып берсін.

Күндерін күнделікті тапқан тиындарымен көріп отырған мына кәсіпкерлердің тағдыры қылыштың қырында,иненің ұшында тұр. Базарды жаңғыртуды желеу еткен әкімдік пен саудагерлердің арасы қып-қызыл мылтықсыз майдан. Салығын төлеп,ешкімге алақан жаймай өз күндерін көріп отырғандардың кәсіптерінен береке,өмірлерінен мереке кеткен.

СӘУЛЕ АБДУЛЛИНА «ЕВРАЗИЯ» САУДА ҮЙІНІҢ КӘСІПКЕРІ

ЛӘЗЗАТ КӨПЕРБАЕВА «РАХАТ» БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ

Заң жүзінде күресіп келе жатқан кәсіпкерлер мұның астарында астыртын алақан майлау жатыр ма деп те ойлайды. Айдың күннің аманында орындарынан айырылып қаламыз ба деген күдікпен базар аумағында ішінара қауіпсіздіктерін де күшейткен.

ТАМАРА ЖҰМАНДЫҚОВА КӘСІПКЕР

Қай құзырлы органға барса да оң көзқарас көрмеген кәсіпкерлер заң үстемдігін талап етіп отыр. Енді бізге тек президентке үміт артудан басқа амалымыз қалмады деп ашығын айтты.

ЖАМИЛЯ ТӨЛЕНОВА ЗАҢГЕР ТКМ ЖШС ӨКІЛІ

Әділдік іздеп әлек болған кәсіпкерлердің тағдыры әзірге беймәлім күйде. Күндерін судамын көріп отырған олардың жағдайы оң шешімін табар деген үміттеміз.