Жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар Алматыда үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселелерін талқылады. Іс-шараға АҚШ, Түркияның және Швейцарияның кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы жетекші сарапшылары қатысты. Осылайша, тәжірибе алмасу арқылы науқастардың өмірін ұзартуға және көмек көрсету жүйесін неғұрлым жоғары деңгейге көтермек.
Мамандардың айтуынша, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі - жүрек-қан тамырлары ауруларының жиі кездесетін асқынуларына әкеп соқтырады. Сонымен қатар өмір сапасын төмендетіп, өлім-жітімнің көбеюінің басты себептерінің бірі болмақ. Сол себептен ауруды ерте бастан анықтау қажет екендігі айтылды.
НҰРЛАН АБДИКАЛИЕВ МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР «Қазақстанда 400 мыңнан астам адамға жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Сондықтан бұлардың барлығы, тек қана терапевтік емдеу емес. Осы хирургиялық тәсілдермен де емделуге болады. Қазір бізде 4 орталық бар. Қазір емханаларда 300 ден астам кабинет бар. Сол жерде жүрек ауыруларын алдын алу, анықтау жұмыстары жүргізіледі. Аурулардың көбісі артериялық гипертензия, қант диабеті, ишемиялық ауруы соның барлығы жүрек жетіспеушілікті асқындыруы мүмкін. Соны жеткізбеу үшін, қан қысымын, қант мөлшерін бақылауда ұстау қажет. Сонда ғана ауыруды азайтамыз.»
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі ауруы 40 жастан кейінгі жандарда кездеседі. Дегенмен дәрігерлер бұл аурудың қазіргі уақытта жасарып келе жатқанын айтады. Республикада жыл сайын 40 мыңнан астам адам түрлі жүрек ауруларынан қайтыс болады. Қазір 35 пен 50 жас аралығында адамдардың оннан бірінің жүрек кеселі анықталып отыр.
ӘДІЛЖАН МӘЛІКОВ НАУҚАС: «Мен 41 жастамын. 2022 жылы менен жүрек ауруы анықталды. Осы жылы қаңтар айында ем қабылдағанан кейін денсаулығым жақсарды. Дәпгерлерге алғыс білдерімін, мені емдеп жазып шығарғанына. Адамдарға айтарым, көбірек демалып денсаулығына қарау қажет. Құр жүре бергенен денсаулық жақсармайды».
Ертең Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да пациенттерге кеңес беру, LVAD механикалық құрылғысын және Мitraclip имплантациялау операциялары бойынша шеберлік кластар өтпек.