Су жоқ, қоқыс жәшігі жетіспейді, үйдің төбесіне тұрғындардың рұқсатынсыз антенна орнатқан. Бұл, Ақтау тұрғындарының уәжі. Мәселе көп, шешімі жоқ-дейді жұрт. Көптің жанайқайы туралы келесі бейнематериалда.

Бұл үйдің басты проблемасы судың жоқтығы. Алайда тілшілер шағымданушылардың уәжін тыңдауға келгенде,жауапты мекеме мамандары суды қосқандығы анықталды. Десекте, бұданда басқа мәселе бұл үйде шаш етектен. Тұрғындардың айтуынша,қоқыс тастайтын құбыр көп уақыттан бері істен шыққан. Сондықтан қоқысты жедел сатымен тасуға мәжбүр екен. Ал лифтпен мініп, көтерілген тұрғындардың қалтасына шығын.

АИДА АҚАЛОВА – ТҰРҒЫН

Жиналғандардың шағымын тыңдауға арнайы мамандар да келді. Қордаланған мәселелерге қатысты олардың өз айтары бар.

АЙДАР ЫБЫРАЙ -АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Сонымен жауаптылардың айтуынша қоқыс мәселесіне қатысты тиісті жұмыстар жасалатынын, ал ауыз судың берілуін реттеу бойынша жаңа қондырғылар орнатылатын болады.