"

Жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавлда да студенттерге жатақхана мен пәтер табу қиынға соғады. Жатақханаға жайғаса алмағандар жалдамалы пәтер жағалап кетеді. Ал жалға берілетін пәтер бағасы аспандап кететіні тағы бар. 

Төрт мыңнан астам студент білім алатын Манаш Қозыбаев атындағы СҚ университетінің студенттерінің жартысынан астамына биыл жатақханада орын жоқ.аталмыш оқу ордасының басқарма төрағасы-ректор  Ербол Исақаевтың сөзінше қазір университетке тиесілі жатақханалар барлығы 1800 орынға шақталған.  

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР:  «Қазір университет жаңа оқу жылына дайындалып жатыр. Корпустар мен жатақханалдар жөнделіп жатыр. Бүгінде студенттерге жағдайын жасау үшін кір жуғыш машина, теледидар, жаңа жихаздар алып жатырмыз. Одан бөлек әкімдік 1200 орынға шақталған жатақхананың жөндеу жұмыстарын жақын арада аяқтайды. Және шет елден келетін, өзіміздің мұғалімдерге арналған 306 орындық жатақхана қолданысқа берілді. Ал қазір университетке тиесілі жатақханаларда 1800 орын бар. Жаңадан салынып жатқан жатақханалар қолданысқа берілген кезде бізде барлығы 3000-нан астам орын болады».

Университеттің 4-ші курс студенті Аружан Асау 1-ші курстан бастап пәтер жалдап тұрып келеді. Бастапқы жылдары пәтердің бағалары 60-70 мың болса, қазір    бір бөлмелі пәтерді жалдау 100-120 мың теңге, екі-үш бөлмелі пәтер 160 мың теңгеге дейін баратынын алға тартты. Ол оқуы мен пәтердің ақшасын төлеу үшін қазір қосымша жұмыс істеуге мәжбүр.  

АРУЖАН АСАУ СТУДЕНТ: «Үстінен коммуналка төлейміз. Өзім ақылы бөлімде оқығаннан кейін пәтердің ақшасын төлеу қиынға соғады. Сол себептен қазір жұмыс жасап пәтерімнің ақшасын төлеп жатырмын. Қазір мен өзім жалғыз емес қыздармен тұрамыз. 4 қыз болып бөліп төлейміз. Себебі олай бізге жеңіл. Және де қаражат жағынан аз болады».

 Жыл сайынғы жырға айналатын пәтер бағасының өсуіне өңірдегі көктемгі су тасқыны да әсер еткен.