"

Шаруалардың тілеуі биліктің ынтасына дәл келір отыр. Қазанның 5 де Ақсу қант зауыты қайтадан іске қосылады. Осыған орай алып кәсіпорын аумағына 21 мың тонна тәтті түбір түсіріліпті. Қант өндірісін дамыту - Президент талабы. Ендігісі - зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне байланысты. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданына барды. Халықпен кездесіп, жеке және жалпыға ортақ мәселелерін тыңдады.  

Ақсу өңіріне іс сапармен барған Жетісу облысының әкімі алдымен жергілікті тұрғындардың бір қатарын жеке қабылады.Азаматтардың дені мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана сұрап келгендер. Солардың бірі Жансүгіров ауылының тұрғыны Берлібек Аманбаев 83 жастағы ақсақал, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі екендігін алға тартып, пәтер алуда жеңілдік сұрады.     

БЕРЛІБЕК АМАНБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі күні ауданда 872 адам үй кезегінде тұр. Облыс әкімі үй кезек ретімен қаралып, заң жүзінде алатындарын ескертті. Бұдан кейін Бейбіт Исабаев Аксу ауданының халқымен  жалпы кездесу өткізді.  Жергілікті жұрт аймақ басшысын жақсы көңіл күймен қарсы алды. Бейбіт Өксікбайұлы ақпан айында Ақсулықтармен жүздескен еді. Сол уақытта 11 мәселе көтеріліп, облыс әкіміне  тікелей жолданған. Нәтижесінде оның 4еуі толық шешіліп, 7-еуі қаралып жатыр. Жансүгіров ауылының шығыс бөлігіндегі 4 көшеге жарық шамдары орнатылды. Тарас елдімекенінің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңалық ауылының орта мектебінде ағымдық жөндеу өтті.Қапал ауылында көкпар спортын дамыту үшін 1 штат бірлігі бөлініп, білікті бапкер алынды. 

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар Жансүгіров – Ақсу бағытындағы тасжолдың Көкөзек ауылына дейінгі  бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттама әзірленді. Суықсай -Қызылжар ауылын байланыстыратын тас жолды қапына келтіру де жоспарда бар. Бейбіт Исабаев ауданның бүгінгі жағдайында тілге тиек етті. Аграрлы өңір болып саналатын облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 519 мың гектар оның 62.3 мың гектары Ақсуға тиесілі.  Қазір бидай арпадан  44 мың тонна өнім алынды. Картоп пен көкөніс бақша дақылдары да толығымен жиналды.  Сонымен қатар 33 мың тәтті түбір жиналып, Ақсу қант зауытына өткізіледі.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Халықтың жерге деген мұқтаждығын өтеу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, өткен жылы 220 мыңға жуық гектар жер пайдаланылмағаны анықталды. Мемлекет меншігіне 95.8 мыңы қайтарылып, 35 мыңнан аса гектары айналымға енгізілді. Ирригациялық желілер мен құрылыстарды салу бағытында ауданда 2ірі жоба іске асырылуда. Ауданда өзекті мәселелердің бірі - халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қазан қараша айларында Жансүгіров ауылындағы

50 пәтерлік және 10 жалдамалы тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен тағы 30 үй сатып алу жоспарда бар.Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда. Ақсу ауданында 49 елді мекеннің 42 сі орталықтандырылған сумен қамтасыз етілген. Жол мәселесіде бірте- бірте шешіліп келеді.   

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс басшысымен Ақсу ауданының тұрғындары арасындағы жиын ашық және өзара сенім деңгейінде жалғасты. Жергілікті халық көкейіндегі сұрақтарын еш бүкпестен қойып, тұшымды жауаптарын алды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі ауыларалық жолдар мен жарықтандыру жағдайы. 

Ақсулықтарды да қинайтын басты мәселе - қызылшаға қажет техника жетіспеушілігі. Зауыт жанынан ұсақ шаруашылықтарға ортақ техника паркі ашылса деген тілектері бар. Сонымен қатар жайылымдық жерлердің тарлығы айтылды.      

Әкім келетінін естіп кездесуге арнайы  келгендер көп. Көкейлеріндегі сұрақтарын жолдағандардың қарасы басым. Әкімдік назарына алса, нәтиже шығарса деген тілек бар. Бейбіт Исабаев болса мәселелерінің  шешімін табатындарын айтып, жауаптыларға нұсқау тапсырмалар берді. Облыс деңгейінде қаралуы тиіс тұстарды түртіп алды. Қай-қайсысының да шешілуі өз бақылауында болатынын алға тартты.