Мысыр, Синай түбегінің оңтүстігінде және Қызыл теңіз курорттарында туризм индустриясын қолдау бағдарламаларын жасай бастады.
Елдің туризм министрі Израиль мен Газадағы Хамас арасындағы соғыстан саланың зардап шеккенін айтады.
АХМЕД ИССА – МЫСЫРДЫҢ ТУРИЗМ МИНИСТРІ: "Әзірге бұл аймақ бойынша турларды сатып алған клиенттерге әсер етуде, себебі Израильдегі туристік сектор іс жүзінде жабылды. Дәл осы жерде біз айтарлықтай әсерді көріп отырмыз. Жалпы алғанда бұл Мысырдағы брондаулардың ортақ санының 10% -ына әсер етті".
Туризм - Египет үшін шетел валютасының негізгі көзі. Биылғы жылы Мысыр елі осы саладан 13 миллиард доллардан астам табыс тауып, 15 миллион келушіге қол жеткізуге үміттенеді.Бұл ретте, S&P Global рейтингтік компаниясы дүйсенбі күні туризмдегі қақтығыс салдарынан құлдырау елеулі проблемалар тудыруы мүмкін деп ескертті. Әсерін Ливан мен Иордания да сезінуі мүмкін, себебі саяхатшылар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада демалысты кейінге қалдырады немесе тоқтатады.
АХМЕД ИССА - ТУРИЗМ МИНИСТРІ: "Адамдар геосаясатты және Қызыл теңіз курорттарының өңірде болып жатқан оқиғалардан алыс екенін түсінеді. Желтоқсаннан ақпанға дейінгі маусымда біз тағы да брондау санының айтарлықтай артқанын байқаймыз ".
Көмек туралы айтар болсақ, Мысыр Шарм-әл-Шейхқа әрбір рейс үшін 500 доллар көлемінде қосымша жеңілдіктер ұсынады. Ол сондай-ақ әуе жолдарымен көтерме және бөлшек сауда сатушыларымен тығыз қарым-қатынаста. Шарм-эль-Шейх Газа аймағымен шектесетін Синайдың жерорта теңізі жағалауынан оңтүстікке қарай 360 шақырым жерде орналасқан.