Реновация бағдарламасы аясында Оралда апатты деп танылған 3 тұрғын үй сүрілмек.Бұл туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары мәлімдеді. 

Бүгінде Оралда 54 апатты, 310-ға жуық тозығы жеткен тұрғын үй бар. Бағдарлама аясында бұған дейін сүрілген апатты үйлердің орнына жаңасын салу жұмыстары жүріп жатыр.

БАҒДАТ РАФАИЛ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖК, ЖӘНЕ АЖ СЕКТОРЫ РЕНОВАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Апатты үйлерді сүру кезеңінде әртүрлі қиындықтармен күресуге тура келеді.

БАҒДАТ РАФАИЛ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖК, ЖӘНЕ АЖ СЕКТОРЫ РЕНОВАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Айналасы 2 жылға жуық мерзімде жаңа тұрғын үйлер салынады.Молдавская 2/1 мекенжайында орналасқан 2 қабатты 16 пәтерлі үйдің орнына 9 қабатты тұрғын үй бой көтерді. Су жаңа пәтерлер ескі баспана аумағына сай көлемде беріледі. 

ҒАЛЫМ АДАЕВ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

Апатты үй тұрғындарына құжаттарын алдын ала дайындап, ертерек қамданғаны абзал дейді мамандар.