- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 588
https://www.youtube.com/embed/2gQRoujGyvQ?si=dDav9PqGPv8GQKni"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 476
https://www.youtube.com/embed/hlmoo7JAxfI?si=wws8TCCfI_PW-7PN"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 439
https://www.youtube.com/embed/qaJjdxeblVY?si=NmRp-7hHFGaomZk1"
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысы Қонаев қаласында медициналық нысанды аралап, техникалық базасымен танысты. Кейін облыс әкімдігінде медициналық мекеме басшыларымен жиын өткізді.
Алқа барысында ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы проблемалық мәселелер, соның ішінде кадрлардың біліктілік деңгейі, және медициналық көмек көрсетудің басқа да аспектілері талқыланды.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Ең басты мақсат-президентіміздің алдымызға қойған талабы ол өңірлердің барлығында медициналық қызметті сапалы ұйымдастыру және медициналық қызметті қолжетілімдігін арттыру мәселесі».
Министр медициналық және медициналық емес персоналдың қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, әлеуметтік төлемдерді, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ерекше назар аударды.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Негізгі мақсат – мемлекет тарапынан берілетін көмектің тізімін нақты анықтау және де МӘМС жүйесіндегі біздің азаматтарымыздың қандай көмек алу керектігін жіктеп көрсету.ең басты мақсат халықтың МӘМс жүйесіндегі енгізілмеген халықтың медициналық көмексіз қалып қоймасын деген үлкен алдымызға қойған міндеттердің бірі»
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Алматы облысы бойынша 80 пайыз халық МӘМС жүйесіне енген. Ал Қазақстан бойынша 83 пайызы МӘМС жүйесінде бар.Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды жергілікті атқарушы органдардың есебінен МӘМС жүйесі жарналарын төлеу мәселесін заң аясында қарастырып жатқанын мәлімдеді.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Республикалық бюджет комиссиядан өтті.20 өңірдің келісімін алып, бүгінгі таңда парламентпен жұмыс жасауға 2025 жыл жұмыс жалғастырамыз және де 2025 жылдың ортасына дейін осы заңды парламенттің қабырғасынан шығарамыз деген жоспарымыз бар. Яғни ол азаматтар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырамыз деген сөз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 558
https://www.youtube.com/embed/8OOj_dENfSc?si=cpew8Rirxi0zwNy3"
Бүгін Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 55 жылдығына арналған, сонымен қатар оқу ордасындағы техникалық ресурстық орталығының ашылуына орай салтанатты іс-шара өтті. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Колледж 8 мамандық бойынша білім береді. Ширек ғасырдан астам уақытта білікті жұмысшы кадрларды дайындап, бүгінгі таңда еңбек нарығының сұранысы бойынша тиімді жұмыс атқаруда
БЕКТҰРҒАН АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ
Техникалық ресурстық орталығының негізгі мақсаттары – жұмыс берушілер талап ететін барлық дағдыларға ие білікті мамандарды дайындау, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру сапасын арттыру.
ЫСҚАҚ НҰРМҰХАМБЕТОВ
Колледжде сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша жұмыстар табысты жүргізілуде, түлектер өз кәсібін ашып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырып, еліміздің дамуына зор ұлестерін қосуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 450
https://www.youtube.com/embed/cuR2RzKBbtA?si=awl9yEAxPcx7ihW6"
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелері бойынша көшпелі отырыс өтті. Шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
ҚР парламенті сенатының депутаттары,Облыстық мәслихат депутаттары, аудандық,қалалық мәслихат төрағалары, шаруагерлер,салалық қауымдастықтар мен кәсіпорын басшылары,өнеркәсіп және құрылыс,қаржы және ұлттық экономика министрлік өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыста шикізат сапасын арттыру,шаруаларды жеңілдетілген немесе ұзақ мерзімді несиелермен қамту,өндірістің автоматтандыру деңгейін арттыру,қайта өңделген өнімді өткізу нарығын кеңейту,тарифтерді реттеу сынды мәселелер көтерілді. Алматы облысы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған өңір. Осыған орай жиында шаруаларды,өнім өндірушілерді алаңдатып отырған мәселелерді шешуде нақты ұсыныстар айтылды.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде Алматы облысы еліміз бойынша көшбасшы өңірлердің бірі. Облыста азық өнімдерінің барлық түрі өндіріледі. Мәселен ет,сүт.жұмыртқа,ұн өнімдері,картоп,көкөніс сынды тауарлар халықтың сұранысын қамтуға толық жеткілікті.
Жиын барысында Алматы облысындағы қордаланған мәселелерді шешуде ерен еңбек етіп,халықтың артқан үмітін ақтап жүрген аудандық,қалалық мәслихат төрағаларына жергілікті өкілді органдардың нығаюына қосқан елеулі үлесі мен белсенді депутаттық қызметі үшін тағайындалған Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.
БАУЫРЖАН АЙНАБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Шарадан соң жиынға қатысушылар Талғар,Еңбекшіқазақ аудандарындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жәй күйімен танысуға аттанды. 3 қаңтардан бастап халық қалаулылары облыстағы шаруалардың тыныс тіршілігімен танысып,ауылшаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында әр ауданды аралау үшін атқа қонбақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 484
https://www.youtube.com/embed/gwP8h8rDDiA?si=opWykAEF3dMGSDPv"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 534
https://www.youtube.com/embed/wptRhEgRqa8?si=OixVV7a3_QN1mfsj"
Алматылық жүргізушілерге жол ережесіне қатысты екі ай бұрынғы айыппұлдар келе бастаған. "Сергек" камералары жүргізушілердің екі ай бұрынғы жол ережесіне қатысты заңбұзушылықтарын тіркеген. Қалалық полиция департаменті бұл жағдайдың себебін түсіндірді.
Жыл басынан бері автоматты тіркеу жүйесінде Алматы қаласының жолдарында 3,8 миллион жол қозғалысы бұзылған. Ал айыппұлын айлап төлемеген көлік жүргізушілерінің берешегі 34 миллиард теңгеге жуықтаған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ «ӘҚбК-нің нормаларына сәйкес, әкімшілік іс қозғаудың ескіру мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 айды құрайтынын атап өтеміз. Осылайша, егер адамға 2 ай ішінде айыппұлдың бар екендігі туралы тиісті түрде хабарланса, айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы алынған бұйрық міндетті түрде орындалуы қажет»
Жыл басынан бері Алматыда жол ережелерін бұзған 4300-ден аса факті тіркелген. Айыппұлға қатысты елдің ойы екіге жарылды. Бір топ дұрыс, заң бәріне ортақ деп санайды. Ал екінші тарап қырағы камералардың назарына іліне беретініне наразы. Азаматтар көрсетілген мерзім өткеннен кейін камераға түсірілген айыппұлдар туралы хабарлама келсе, Алматы қалалық ПД-не шағымдануға құқылы болмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 484
https://www.youtube.com/embed/WU7fJUM2Ay0?si=YNm7MTOo3bjc0E4W"
Жаңа жыл мерекесі жарқылдаған салют,тарсылдаған пиротехникалық бұйымдарымен ерекшелінеді. Алайда, пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан туындайтын қауіп-қатерді де қаперден шығармауымыз қажет. Осыған орай Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Тиісті сала мамандары тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
ДУЛАТ ЕЛДОСҰЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Еліміз бойынша 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 447
https://www.youtube.com/embed/20S_kC0w1cY?si=2RVVqJN5FohtLffF"
Отандық киноны қатаң бақылауға алу керек. Себебі, орынсыз айтылған олқы сөз жастардың санасын улап, ана тілімізді қорлап жатыр. Дұрыс мақсатта түсірілген кино ол халықты біріктіреді, ал бұрыс мақсатта түсірілген кино ол – атом бомбасы іспеттес аса қауіпті. Сондықтан, кинодағы тіл тазалағы қатаң бақылануы керек деген сенатор Руслан Рүстемов үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Тілі ала шұбар, жеңіл әзіл мен арзан күлкіге құрылған анайы сөздер мен азғындыққа толы фильмдердің көбеюі, өте қауіпті. Бұл үрдіс осылай жалғаса берген жағдайда таяу уақытта қазаұ тілінде түсірілген фильмді таппай қалуымыз да мүмкін. Қазіргі қазақ киносының ұлттық спиат алуына ұлттық дүние таным танытуына және ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің кең құшақ жаюына тәуелсіз елімізде еш кедергі жоқ. Алайда таза қазақ тілінде жазылмаған, көркемдік деңгейі ұлттық мәдениетімізбен сәйкеспейтін, жат мәдениет кодымен сөйлейтін, кейіпкердің аты мен түрінен басқа қазақтың өзі жоқ көркем фильмдер өскелең ұрпақтың талғамына кері әсер етуде. Қисынсыз сөз қасиетті тілімізді қорлап жатқандай көрінеді».
Айтпақшы бүгін жоғары палата депутаттары есірткі таратушыларға жазаны жеңілдететін заң жобасын талқылап, ол құжатты қабылдады. Енді есірткі таратқандар 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бұрын олар 10 жылға сотталатын. Ал есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға, керісінше, жаза күшейтіледі. Егер, лауазымды тұлға айналысқан жағдайда, өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Мұндай өзгерістер бүгін Парламентте қабылданып, Президенттің қол қоюына жіберілді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 445
https://www.youtube.com/embed/KCcGmTDBklc?si=waTS0CycWe2UVp_N"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 523
https://www.youtube.com/embed/nT-kUejnyPE?si=mcRxXugcR3aOvnQH"
Жалған ақша жасау қылмысы азаймай тұр. БҚО-да экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған валюта жасау бойынша 4 қылмыстық істі ашты. Ең ірісі-25 мың шетел валютасын қолдан жасап, оны ел аумағында таратпақ болған оқиға. Қылмысқа барғандар соттың санкциясымен қамауға алынды. Алаяқтықтың бұл түрімен күрес жайы келесі сюжетте.
Осыған ұқсас бейнежазбалар әлеуметтік желілерде өріп жүр. 5000 теңгенің жаңа банкнотасы айналымға шыққалы бері тұрғындар айласын асырғысы келетін алаяқтардан қорғанып әлек.Жалған ақшамен сауда жасамақ болғандар көбейген. Биыл осындай 4 дерек тіркеліп отыр. Қылмыстық топ Орал қаласында орналасқан лотерея клубтарының бірінде жалған шетел валютасын сатты деген күдікпен ұсталды. Олар 25000 Ақш доллары мен 10 мың еуроны саудалапты. Түскен қаражатты бәс тігу шоттарын қаржыландыру үшін пайдаланыпты-мыс.
НҰРЛЫБЕК ЖАҚСЫҒАЛИЕВ БҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ҚЫЗМЕТКЕРІ
Ал Ұлттық банк қызметкерлері жаңа банкноталардың 13 қорғаныш элементі бар екенін айтады. Сақ стилінде жасалған теңгелерді қолдан жасауға оңайға соқпайтын көрінеді.
ЕРКЕБҰЛАН АХАНОВ «ҰЛТТЫҚ БАНК» БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Қазіргі таңда сувинир банкноталармен айырбас жасағандар алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылады. Ал жалған банкнота жасағандар қылмыстық кодекстің 231 бабы бойынша 12 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер қолыңыздағы ақшаға қатысты күдігіңіз болса, Ұлттық банк немесе экономикалық тергеп-тексеру департаментіне барып, тексертіп алғаныңыз жөн.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 433
https://www.youtube.com/embed/4UyP9oPhIjg?si=tXOkAuYlZLcpj8vO"
Ішкі істер министрлігі елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырып келеді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің де, азаматтардың да әрекеттері бейнебақылау камералары, регистраторлар мен смартжетондар арқылы жазылады. Барлық мәлімет Министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен тұрақты түрде қадағаланып отырады. Өкінішке қарай, осы ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар заңсыз әрекеттерге барып, оның ішінде лауазымды тұлғаларға пара беруге әрекеттену жағдайлары жалғасып жатыр.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ «Күшейтілген бақылау басталғаннан бері осындай әрекеттер туралы полиция қызметкерлерінен 900-ден астам хабарлама түсті. Пара беру фактілері бойынша 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласында бір азамат жауапкершіліктен құтылу үшін ақшаны қызметтік көлікте қалдырған. Құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Көкшетау қаласында ер азамат қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін полиция қызметкерлеріне 500 мың теңге ұсынған. Іс сотқа жіберілді.Барлық азаматтарға тағы да айтарымыз: заңды сақтаңыздар және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттерді жасамаңыздар. Тек бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз тәртіп пен әділдік орнайтын қауіпсіз қоғам құра аламыз»
Еще материалы
Страница 43 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.