- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 145
https://www.youtube.com/embed/LKg7GCmJ1w0?si=ViMH2DoLtZQkasoh"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 180
https://www.youtube.com/embed/NWo2sbPVbxo?si=dNhP5AgSLD6xvLiO"
Ақтау қаласында бүргеден безген бұқара шағымын айтты. 8-ші шағын аудандағы үйлердің бірін паразит қаптап кеткен. Бүргеден балалардан бастап, ересектердің де мазасы қашқан. Ал коммуналдық мекеме осы апта ішінде ұсақ жәндіктерді улаймыз деседе, шыдамы таусылған көпшілік тездетулерін талап етті.
Ата-анасы жүзін көрсетпеуді өтінген мына жасөспірімнің аяғын, қансорғыш жәндік тас талқан етіп шағып тастаған. Бауыр еті баласы үшін шырылдаған ана, дәрігерлерге барып, ем-домын қабылдап бастапты. Алайда “денедегі жара көбеймесе, азаятын түрі жоқ”,- дейді. Бүтін бір үйге қызмет көрсетуші коммуналдық мекемегеде барып, бірнеше рет шағымданған. Алайда олардың асығатын түрі жоқ деп налиды Айымгүл Бекбаева.
АЙЫМГҮЛ БЕКБАЕВА – ТҰРҒЫН: «18 маусым күні арыз тастадым. Осыдан бір апта бұрын, өткен сәрсенбіде. Бірақ ешқандай шара қолданған жоқ. Баламның аяғын жаңа көрдіңіз, 7 мкр дәрі дайындайтынға барып, дәрі алдық. Енді ЖЭК істей алмайтын болса, басқа шара қолдансын! Жылда осы. Үш жылдан көп. Себебі менің қызым 15-те, ол кішкентай кезінкн, садикке барып жүргеннен солай келе жатыр».
Бұл меселемен тұрғындардың күресіп жүргеніне бірнеше жыл болған. “Үйдің подъезіне кіргеннен бастап үстімізге өрмелеп, пәтерге дейін кіріп барады”,- дейді олар. Тіпті төсек орындада да қаптап жүргенін айтады.
АЛЕКСАНДРЕЯ АБРАИЦЕВА – ТҰРҒЫН: Осыдан екі апта бұрын бүргелер пайда бола бастады. Мен өзім екінші қабатта тұрамын. Паразиттер үйдің де ішінде жүр. Киім-кешектерімізді күнде жуамыз. Сорақысы сол, төсек орындарында да қаптап кетті.
АЙШАТ АБДУРАХМАНОВА – ТҰРҒЫН «Немерем 2 жаста. Әбден бүргеге таланып болды. Дәрігерге қаралдық, олар жұқпалы ауруханаға жатуға жіберді. Осындай болмас үшін ауланы, жертөлені күн жылынған уақытта улап тастауға болмас па еді? Бір уақытта біз барып шағым айтқанымызды күтіп отыра бере ме»?
Ал үйдің тазалығына жауыпты серіктестік өкілі аталмыш мекен-жайдан төрт шағым түскенін, улау жұмыстары өзінің кезегі келген уақытта жасалатынын айтты. Себебі бұдан да басқа үйлер дәл осындай жағдайда екен, дизенфекциялау жұмыстары сол жақтарда жасалып жатқан көрінеді. Жауапты мекеме “сол себепті үлгере алмай жатырмыз”,- деп жауап берді.
САЛИМА МЕНГЕСЕЕВА - КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Біз осыған дейін 8 үйде улау жұмыстарын жүргіздік. Қазір сол жұмыстар жоспар бойынша жасалып жатыр. Мына үйдің кезегі осы аптада келеді. Қазір дизенфекция жасайтын мекемелерді де дұрыс таңдауымыз керек. Себебі кейбірінің қолданатын уы әлсіз болғандықтан екі жұмыс жасауға тура келеді. Біздің басшылық тұрғындарға жайлы болу үшін бар күшін жұмсап жатқаны жасырын емес».
Паразиттерді құрту жұмыстары жасалатын күн де алыс емес. Осы аптада қолға алынады екен. Қырқына шыдаған тұрғындарға қырық біріне де шыдас беруден басқа амал жоқ сыңайлы. Алайда олар, кезек күттірмей улап кетулерін талап етіп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 193
https://www.youtube.com/embed/GFlDKsBYysE?si=lFZDNi6beifh05re"
Енді жалақысын қағаз жүзінде төмен көрсетіп, алимент төлеуден жалтаратын әкелер саны азаяды. Себебі, Әділет министрлігі алимент төлеушілерге қарсы цифрлық жоба әзірлеп жатыр. Одан бөлек, шілде айынан бастап ел азаматтары заң көмегін тегін алатын болады. Кеңесші мен адвокатпен бейне байланыс арқылы хабарласуға болатын мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.
БЕКБОЛАТ МОЛДАБЕКОВ ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:"Алимент төлемейтін проблемалы борышкерлер бар.Біз оларды анықтадық. Сондай борышкерлермен Әділет министрлігінің «Smart Data Ukimet» платформасы цифрлық жобасы күресетін болады. Олар жоғары жалақы ала тұра, базада әдейі төмен жалақы көрсетіп, алиментті толық төлемейтін адамдар анықталады. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Жақын арада бұл жоба іске қосылады деп күтілуде".
Айтпақшы, бұдан былай енді әкімшілік айыппұлдар бойынша «Роботты енгізу» жобасы іске қосылады. Ол өз кезегінде халық үшін пайдалы болмақ. Бұл жобаны енгізудің оң әсері Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу бойынша азаматтарға қаржылық жүктеме азаяды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 186
https://www.youtube.com/embed/FCrpC0GdPS4?si=UeEugFwTXZcuE1DX"
Жайқалып тұрған егінді жайпап түсер зиянкестер көп. Олардың қатарындағы ең қауіптісі – шегіртке. Қауіптің алдын алу мақсатында Қызылорда өңірінде 49 764 мың гектар жер көлемі белгіленіп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аймақта қауіпті болып саналатын азиялық шегіртке зиянкестеріне арналған өңдеу жұмыстары мамыр айының 27 нен маусым айының аяғына дейін жалғасады. бүгінгі таңда залалсыздандыру жұмыстары Қызылорда қаласының аумағы мен жалағаш ауданында толық аяқталған. Енді алдағы уақытты Сырдария ауданы мен Арал,Қазалы аудандарында жүзеге асырылмақ. Еліміз бойынша шегірткенің азиялық, мароккалық және итальяндық 3 түрі белең алып отыр.Қазіргі күні аймақта күресу үшін 49 764 мың гектар жер көлемі белгіленіп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «италиялық прусқа» қарсы - 8 100 га, «азиялық шегірткеге қарсы»- 41 665 га жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілу үстінде.Бүгінде сала мамандары таңғы салқынмен Шаған ауылын залалсыздандыру үстінде,жоспар бойынша 1800 га жер қамтылады.
МҰХТАР ОРАЗБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекет инспекция комитетінің жоспарына сәйкес биылғы жылы қызылорда облысы бойынша жалпы мынау ерекше қауіпті жәндіктерге қарсы күрес жұмыстары жүргізілу үстінде. 27 мамыр күні бастау алды.Қызылорда облысында химиялық өңдеу жұмыстары оның ішінде 8100 га италиялық прусты толық өңдеуден өткізілді.Бүгінгі таңда азиялық шегіркеге қарсы өңдеу жұмыстары қызылорда облысының барлық аймағында жүргізіліп жатыр.Бүгінгі күнде өңдеуге арналған жер көлемінің 53%өткізілді.»
Айта кетейік, биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық күрес жұмыстарына 3 аса жеңіл ұшақ және 2 ұшақ қатыстырылуда. Айта кетейік шегірткеге қарсы удың адамдарға еш зияны жоқ. Алайда бал аралары уланып қалуы мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 180
https://www.youtube.com/embed/Wz8STKm-xFI?si=DhnrtZFgnuv-0VeA"
Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық екі есеге төмендейді. Жаңа Салық кодексінің жобасында көлік салығын төмендету қарастырылған, деп хабарлады Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин.
АЗАМАТ АМРИН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Көлік құралдары үшін көлік салығы ставкалары барлық жеке тұлғалар үшін төмендетіледі. Егер автокөліктің қолданылу мерзімі 10 жылдан асқан болса, онда салық ставкасы 30 пайызға төмендейді егер автомобильдің пайдалану мерзімі 20 жылдан астам болса, онда салық ставкасы 50%-ға төмендейді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 112
https://www.youtube.com/embed/ZVLXZmlGbnM?si=ykl8AjFYxuDx5JLf"
Бұдан былай Түркі мемлекеттері арасында жүк тасымалы артады. Бүгін Сенат депутаттары осындай заң жобасын мақұлдады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемі 35 млн тоннаны құраған, ол 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Одан бөлек жоғары палата депутаттары кітапханашылар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеру қажет деген ұсыныс айтты.
Елімізде кітапхана саласы кенже дамуда. Ауылдық жерлерде 60 пайыз кітапхана ұйымдары ескірген. Әбден тозығы жетіп, арасында апаттық деп танылғандары да бар. Оның үстіне, бұл салада мамандар да тапшы. Жастар жағы мүлдем жақындағысы келмейді. Себебі, жалақы мардымсыз. Орташа айлық 125 мың теңге. Осылай деген Сенат депутаттары бұл іске Үкімет өзі араласуы керек. Кітапхана ісі туралы заң қабылдану керек деген пікірде.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Жалақының төмен деңгейі білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне әкеледі. Кітапханада істейтін IT мамандар, бухгалтерлер, программистер, инженерлік техникалық мамандар техникалық персоналдарға жатады. Олардың жалақысы тіптен мардымсыз. Қазіргі уақытта кітапхана ісі толықтай даму үшін қажеттізаңнамалық база жоқ. Бұл кітапхана ісі туралы заңның болмауынан туындап отыр. Мұндай заң әлемнің 130-дан астам елінде, ТМД барлық елдерінде қабылданған. Компьтерлермен жабдықтау әбден ескірген. Көптеген кітапхана ұзақ жылдар бойы ұзақ жөндеуден өтпеген. Арнаулы кітапханалар, балаларға, зағип жандарға арналған кітапханалар көңілден шыға бермейді».
Ал, енді бір топ сенатор әлеуметтік қызметкерлердің де тұрмысы нашар, ахуалы мәз емес дейді. Небір түрлі ауыр диагноз қойылған балалармен, психикалық науқастармен өз өмірлерін қауіпке тігіп еңбек ететін осы бір бейнетті мамандық иелерін мемлекет қолдау керек деген пікірде.
АМАНГЕЛДІ ТОЛАМИСОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бүгінгі нарықтың жағдайымен салыстырсақ айлығы шайлығына жетпейді деп осы саланың қызмектерлеріне қайтара айтуға болады. Статистикаға сүйенсек елімізде қарттар мен мүгедектігі барларға қызмет көрсететін 118 мекеме бар екен. Мүгедектігі бар, әр түрлі диагнозы бар тастанды балаларға қамқорлық жасап отырған мекеменің қызметкерлерінің жұмысы аса бейнетті әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Мысалы, 10 жыл еңбек өтілі бар әлеуметтік маманның бір айлық еңбекқасы 155 мың, таза еңбекақысы 87 мың теңге. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы мен аталған саладағы қызмектерлердің барлығына арнайы статус алу бойынша мәселелерді шешуді және аталған мәселелер бойынша толық жазбаша жауап беруіңізді сұраймын».
Бүгін Сенат депутаттары жалпы отырыста Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы халықаралық жүк тасымалдары туралы» жаңа заңды қабылдады. Бұл құжаттың маңыздылығы жоғары. Айталық, енді Қазақстан мен Түркі мемлекеттері арасында тауар айналымы артып, тауар тасымалдау жеңілдейді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 147
https://www.youtube.com/embed/acY2TcJeAms?si=NbOggq83c0uVtdEk"
СҚО Қызылжар ауданы Долматово ауылы маңында археологиялық экспедициясының 20-шы далалық маусымы аяқталып жатыр. 50 ге жуық студент қазба жұмыстарын 1968 жылы археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде жүргізуде.
Биік үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің биік жартастарымен қоршалған Ақ Ирий қалашығы бекініс ретінде қызмет атқарды. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері табылды. Қазір археологтар одан алыстау орналасқан құрылымдарды зерттеп жатыр.
АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: «Біз бұл жерде құрылымдарды таптық. Бірақ оны дұрыс зерттеп қазуға уақытымыз болмады. Көріп тұрғандарыңыздай бірінші құрылымда оның көлемі мен күмбезді қабырғалары өте анық көрінеді. Кірпіштерге қарағанда бұл Орта ғасырға жатады. Құрылымның түбіне жету үшін 3 жыл қатарынан қазып жатырмыз. Қазірдің өзінде, металл өндірісін айқындайтын қож және нысанның қабырғаларында пайда болған смальтадан ұзақ жандыру процесінің болғанын байқаймыз. Сондай-ақ, жақын жерден табылған сиыр мен жылқының қалдықтары –етті ыстау процесін қолданғанын көрсетеді. Нысанды: металл балқыту және ет ыстау мақсатында пайдаланған сияқты. Өз басым Еуразиялық кеңістіктегі мұндай құрылымдарды білмеймін. Бұл ескерткіштің жаңа түрі. Алда талай жұмыс жүргізетін боламыз.»
Зерттеу жұмыстары Ә. Марғұлан атындағы Археология институты және Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Студенттердің далалық лагерьдегі тәжірибелері 3 аптаға созылады. Бұл олардың ежелгі артефактілермен жұмыс істеудің ерекше тәжірибесі.Мұнда білім алушылардың зерттеу дағдылары қалыптасады.
СӘРСЕНБАЙ МЕЙРАМБЕК СТУДЕНТ: «СҚО Манаш Қозыбаев университетінің 1 курс студентімін.Жұмыс істеп жатырмыз. Біз қазба жұмыстарының барысында.Өңделген мүйіз таптым».
Болашақ тарихшылардан басқа, практиканы астрофизиктер де өтеді. Олар жұлдызды аспанды зерттейді, бақылау және деректерді жинау процесін жүргізуді үйренеді. Мұндай ғылыми зерттеулердің болашақ ғалымдарға берері мол.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 212
https://www.youtube.com/embed/T9rzoex4mU4?si=82TMUtsjSv-jtIwm"
Бүгіннен бастап Қазақстанда вейптер мен бір рет қолданылатын темекі заттарды сатуға тыйым салынды. Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын.
Денсаулық сақтау туралы заңға енгізілген түзетулер Қылмыстық кодекске де өзгерістер әкелді. Жаңа заңның 1-бөлімінде вейптерді сатқаны және таратқаны үшін жаза қарастырылған. Яғни, жазаланушы 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылы 738 400 теңге) алады немесе 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, 50 тәулікке дейін қамау сынды жауапкершілікке тартылады. Баптың 2-бөлігінде вейптерді әкелгені және өндіргені үшін жаза қарастырылған. Онда 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылы 7,3 миллион теңге) не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазалары қамтылған. Ал, рұқсат етілмеген жерлерде вейп шегу үшін темекі шегумен бірдей айыппұл салынады - 3 АЕК (2024 жылы 11 076 теңге). Әлеуметтік желіде вейп-дүкен иелерінің Президентке бейне үндеу жолдаған болатын. Заңсыз затты сатушылардың өтінішінің негізі – сатылмай қалып кеткен тауарлардың салдарынан сатушылар шығынға батуда. Сол себепті, олар тыйым салуды кем дегенде келесі жылдың қаңтар айына қалдыруын сұрайды.
Адам денсаулығынан харам ақшаны артық көрген кәсіпкерлердің бұл сөзі желі қолданушыларын да бей жай қалдырмады. «Сендерді ешкім қолдамайды! Тырыспай ақ та қойыңдар!», «Халықтың денсаулығынан бизнес маңызды ма?», «Сонда қаңтарға дейін балалар шөпті қолданып, денсаулықтары құртылсын дегілерің кеп тұр ма?», «Бұл таза қорлау. Ұятсыздар. Тастауға обалсынсаңдар өздерің шегіңдер соны бір жыл бойына» деген азулы пікірлер видео астына жарыса жазылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 142
https://www.youtube.com/embed/yiRuGvdc4m4?si=Xw2TpCW8vV-bJlC5"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 189
https://www.youtube.com/embed/4SpKEkLNOlM?si=uHHu71vVZijlMX3S"
Ақтаудағы демалыс орындары инфрақұрылымның жоқтығынан дамымай, салдарынан туризм саласы ақсап тұр. Мәселен жылы жағалауда жол, су, электр энергия проблемалары әлі күнге дейін шешімін таппаған. Президенттің тапсырмасынан кейін жергілікті билік мәселені шешу жолдарына кіріскен. Мемлекет басшысы “керек болса, шетелдік инвесторларды тартып, туристер баратын орындарды Дубай мен Бакуден кем қылмау керек” деп жауаптыларға тапсырма жүктеді.
АББАТ ӨРІСБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Алдымен біз жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Оның алдында жасалып жатқан жұмысты жандандырып, тағыда күшейтіп, қаржысын ұлғайтып, үлкен жоспар құрып жатырмыз. Президенттің айтқаны өте орынды сын болды және біз содан сабақ алып, қазіргі таңда, тез арада өзіміздің жұмыс жоспарымызды құрып, жол картасы секілді, нақты тапсырмаларды тез арада іске асыру үшін, жұмысты бастап кеттік».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 153
https://www.youtube.com/embed/Bfqpz4cOBk8?si=AUHrfPMPdfDgVViW"
Қазақстандағы сот жүйесі саласы мүлдем сын көтермейді.Тіпті депутаттардың өзі сот қабылдауына жазыла алмай жүр. Мәселен, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов сот қабылдауына бір жылдан аса уақыт бойы кіре алмай келе жатқанын тілге тиек етсе, келесі бір депутат халықтың сот шешіміне қатысты ашу-ызасы көп екенін айтты. Сонымен, сын айтылды. Ал, мәселе шешіле ме? Толығырақ мәжілістен тілші тарқатады.
Халықтың басым көпшілігі сот шешіміне наразы. Депутаттар салы суға кетіп, алдарына арыз арқалай келген халықты көзбен көргеннен кейін осындай ой түйіп отыр. Сондықтан, бүгін мәжілісте сот саласын жетілдіру туралы баяндама жасаған өз әріптестерінен енді жаңа өзгеріске сәйкес ел азаматтарының сотқа деген сенімі артып, шағымы азая ма деп сұрады.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бұл заң арқылы кассациялық қараудың алдында алдын ала қарау кезеңін алып тастау ұсынылып отыр. Дәл осы мәселе азаматтардың ашу ызасын тудыратын. Өйткені, Жоғарғы соттан әділеттілік таба алмаған азаматтар бізге, Мәжіліске, Президент әкімшілігіне келіп жүгінді. Қазір мұндай азаматтар өте көп. Нақты сұрағым - осы заң қабылданнан кейін. Азаматтардың Жоғарғы сотқа шағымдары тоқтай ма, әлде жалғаса бере ме? Өйткені, шынын айту керек. Жеке билік тармағы болса да, бүгінгі таңда сот жүйесіне және ең негізгісі Жоғарғы соттың шешімдеріне халықтың ашу-ызасы өте көп. Өйткені соттың шешімдері көп жағдайда халыққа түсініксіз. Сондықтан біз әділеттілікті орнатымыз ба, әлде бұрынғыдай халықты әуреге сала береміз бе?»
ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Жалпы бұл не үшін істеліп жатыр? Шын мәнінде біз неге азаматтардың наразылығына тап болдық деген сұрақ туындайды. 2016 жылы 5 сатылы сот төрелігінен 3 сатылы сот төрелігіне көшкен кезде кассация айтарлықтай қысқартылған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір жалпы істің 5 пайызы ғана кассациялық сатыға жетіп отыр. Осы тұрғыда халықтың, азаматтардың көтеріп отырған мәселесі осы, қолжетімділік жоқ. Осы себептен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға толыққанды кассация сатысын ұсыну мәселесін көтеріп, жаппай кассацияға жіберу ұсынылып отыр. Әрі қарай жұмыс тобында мұны қолдап, талқылап жатырмыз».
Жоғары сот өкілінің айтуынша, арыз-шағым толық жойылмаса да, алда азаяды. Себебі, енді сот жүйесі барынша ашық әрі қолжетімді болады. Бірақ, сот процесі деген бір жақ жеңіліп, бір жақ жеңгеннен кейін, жеңілген тарап міндетті түрде шешіммен келіспейді, бәрібір арызданады дейді. Ал, депутат Ринат Зайытов болса бір жыл бойы соттың қабылдауына жазыла алмай жүр екен.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Соттың ашықтығына қатысты айтарым, менің өзім соттың қабылдауына жазыла алмағаныма бір жылдан асып кетті. Қабылдамайды, жабық. Кейбір соттардың өзінде сотталушылардың “менің сотым ашық өтсін” деген сөзін қабылдамайды. Осы орайда соттың ашықтығы мен Парламенттің ықпалдылығын арттыру мақсатында заңның аясында қандай да бір сабақтастық табуға бола ма? Ең болмаса жылына екі рет талқылауға ешкім есеп сұрап отырған жоқ. Өйткені, бізге сот бойынша өте көп шағым келеді. Ал регламент бойынша сот ісіне араласуға біздің қақымыз жоқ. Сонымен қатар сот шешімінің орындалуы тапқа қатты бөлінеді. Кейбір адамдардың шешімін бір-ақ күнде орындап тастайды. Ал қолында сот шешімі болса да жылдап орындата алмай жүргендер де бар. Осыны қалай жетілдіруге болады?».
Жаңа құжаттағы кассациялық сотты енгізу жүйесі алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерді жоюдың алдын алады деп жауаптылар қысқа қайырды. Айтпақшы, депуттар ұлттық құндылықты «келеке» етіп, қазақтың ұлттық киімін мазаққа айналдырғандарға ашулы. Оларды заңмен тыю керек дейді.
САМАТ МҰСАБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Күні кеше оюлаған киіз үйде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаштанып ойқастаған үшеудің әлеуметтік желіні шарлаған бейнеролигі исі қазақтың ашу-ызасын тудырып отыр. Халықтың бұған наразылығы әбден орынды. Ең аяулы дүниеңді аяққа таптаса, ұлттық киіммен жалаңаштанса, төріңде әуретін ашып тайраңдаса, бұл бүкіл ұтты, дені қазақ, рухы биік елімізді қорлаумен пара-пар. Ең сорақысы – әлгі жын-ойнақтаған үш ұзынның ортадағы “сирақты примасы” қызтеке екен. Тал түсте төрімізде тайраңдағаны – нағыз басынғандық. Олар бүгін төрімізде тайраңдаса, ертең төбемізде ойнамасына кім кепіл?! Сондықтан бұған көз жұмып қарап, жай қалдыра салуға болмайды. құқық қорғау органдары бейнеролик кейіпкерлерін, оларды ұйымдастырушыларды, түсіру тобын, идея авторларын тауып, заңға сәйкес қатаң жазалау қажет деп санаймыз. Бұдан былай ұлттық құндылықтарымыз – домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді асыл жәдігерлерімізді қандай-да теріс мақсатта пайдалану, мазақ ету – ұлт намысына қол сұғу, ұлттың беделін түсіруге бағытталған қылмыстық әрекет деп бағаланып, қылмыстық жауаптылықпен жазалануы тиіс».
Осылай деген мәжіліс депутаты Бас Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл бейнеролик бойынша тексеріс жүргізіп, оған қатысты нақты шара қолдануды сұрады. Күні кеше Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да пікір білдіріп, ұлттық болмысымызға сызат түсіруге жол берілмейтінін айтқан болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 151
https://www.youtube.com/embed/rzAvJq3SZvw?si=LMW_PaXN2NXtPCg1"
СҚО да «ОТБАСЫ БАНК» АҚ маусымның 19-ы мен шілде айының 2-і аралығында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында конкурс жариялады. Жалпы саны 144 пәтерден тұратын көпқабатты үйден баспана алуға өңір тұрғындары өтінім бере алады. Өтініш бергеннен кейін іріктеу кезеңі ұйымдастырылмақ. Бұл кезең конкурс аяқталғаннан соң, 5 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурсқа 3-бөлмелі – 79 пәтер, 2-бөлмелі – 69 пәтер, 1-бөлмелі 4 – пәтер қойылды. Қазіргі уақытта бұл пәтерлерге 1000 нан астам адам өтініш берген. Берілген өтініштерді және оларға қойылатын талаптар мен құрылыс нысанының сипаттамасын ОТБАСЫБАНК.КЗ жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: «Жалпы бұл нысан жергілікті әкімдікте кезекте тұрған азаматтардың барлығына арналады. Айта кету керек, осы жолғы конкурс/броньдау өзгеше өтеді. Себебі, 144 пәтердің 40 пәтері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрған азаматтарға арналған. Стандартты кезекте тұрған азаматтар бұл 40 пәтерге өтінім бере алмайды. 1 шаршы метрдің бағасы 180 000 теңге. Бұл нысанда 1,2,3 бөлмелі пәтерлер бар. Біз өзіміздің “Baspana market” порталының “Otbasybank.kz” сайтында маусым айының 19-нан бастап өтінімдер қабылдаймыз, ешқайда келудің қажеті жоқ, барлығы онлайн түрде».
Еще материалы
Страница 39 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.