- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 667
https://www.youtube.com/embed/wS-E6cFGhKA?si=42z6MwTtooav2y2V"
Ақтауда ұшақ апаты кезінде ерлік көрсетіп, аман қалған жолаушыларға алғашқы болып көмектескендер марапатталды. Олардың қатарында өрт сөндірушілер мен дәрігер мамандары және өңір тұрғындары бар. Бірі ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын алса, кейбірі Рахымжан Қошқарбаев атындағы үшінші дәрежелі “Айбын” орденімен наградтталды.
Төбеден құлдилай құлаған ұшақты ең алғашқылардың бірі болып көрген Қуаныш Сүйінбаев. Ол Ақтау-Форт-Шевченко бағытына жолға шыққанда апаттың үстінен түскен. Сол сәтте жанып жатқан ұшақтың маңына барып, ең бірінші жаны аман қалған жолаушыларды шығара бастаған. Қысылып жатқан адамдарды көріп, ұшақтың авариялық есігін ашуға көмектескен. Қуаныш кеме тасымалымен айналысатын мекемеде радио оператор қызметін атқарады. Оларды жұмыста да алғашқы көмекті көрсету курсынан өткізеді екен. Сол сабақтың көмегі сол сәтте көп тиді дейді ол. Ол ерлігі үшін ел президентінің алғыс хатын алды.
ҚУАНЫШ СҮЙІНБАЕВ, МАРАПАТ ИЕСІ Ұшақ көз алдымызда қайғылы жағдайға тап болатын. Көліміздің басын бұрып, сол жерге алғашқылардың қатарынан болып барғанбыз. Жарылып кетеме дегенде қауіп болды. Бір мұрсатта ойланатын уақытымызда болмады. Барымызша сол жерде болып жатқан жағдайдың басында адамдарды аман алып қалсақ деген ой ең алғашқы мақсаттың бірі болып тұрды. +Қай азамат болсада қарап қалмас деп ойлаймын, сенемін. Елеп жатқан мемлекет басшысына, облыс әкіміге рахмет айтамын.
Бұдан бөлек мемлекеттік награда алғанның бірі, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Серіболат Оңғар. Ол ерлігі үшін Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
СЕРІБОЛАТ ОҢҒАР, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫ №12 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ Өзіміздің міндетімізді орындадық. Алғашқы өртті көргеннен бастап өртті сөндірдік және басқа да адамдарды құтқару жұмыстарын жүргіздік. + 1:10 Оңай емес, жұмыс ауыр болды. Бәріне төтеп беру керек. Біз енді құтқарушы болғаннан кейін. + 1:25 Еңбегімізді елеп жатыр. Президентімізге, облыс әкіміне үлкен алғысыды білдіреміз.
Марапатталғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары, Ақтау әуежайының қызметкерлері және өз еркімен көмек қолын созған өңір тұрғындары да бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 631
Абай университетінің Филология факультетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Кафедраның жабдықталуына Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында орналасқан "Beijing Feihua International Education Technology" компаниясының басшысы, беделді кәсіпкер Мэй Якун демеушілік жасады. Маусым айында екі мекеме арасында меморандумға қол қойылған болатын. Соның негізінде Мэй Якун компаниясының қолдауымен университетке заманауи оқу жабдықтарын, атап айтқанда оқу құралдары мен ноутбуктер, компьютерлер, интерактивті тақталар, планшеттер мен принтерлерді сыйға тартты.
"Қытай тілі және қытайтану" кафедрасын ашудың мақсаты - тілдік және мәдени құзыреттіліктерді жетілдіру арқылы екі ел арасындағы байланысты нығайту, қосдипломдық білім беру негізінде оқыту, академиялық ұтқырлық мәселесін жолға қою, қытай университеттерімен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату болып табылады",- деп отыр университет басшылығы.
Абай атындағы ҚазҰПУ-де Қытай тілі мамандығы 1994 жылдан бері оқытылып келеді. Қазіргі таңда бұл мамандық бойынша 300-ден астам студент білім алуда. Ал жаңа кафедраның ашылуы бұл санның одан әрі артуына ықпал етеді деп күтілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 644
https://www.youtube.com/embed/PDrMloxdCHM?si=AryKUNVzWUwYh5c-"
Бүгін Алматы облысында Үздік Ардагер Имам Сейтқали Қажы Есімбекұлының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрге айналған Сәт мешітінде жасөспірімдер арасында құран жарысы өтті.
Жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы – бұл жастардың діни білімін тереңдетуге, Құран Кәрімді жаттауға және оны дұрыс оқуға ынталандырудың маңызды шарасы. Бас имамның ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға 50-ден аса бала бақтарын сынауда.
СЕЙТҚАЛИ ҚАЖЫ ЕСІМБЕКҰЛЫ, СӘТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ; «Бүгін міне үлкен Ережеп айы басталды. Ережеп,Шағбан,Рамазан 3 ай қасиетті айға орай жарыс басталып, жасөспірімдер арасында, осында мешіттің ұстаздары бар жамағатымыздың балалары бар, 7 жастан 70 жасқа дейін жасына қарамай дәріс береміз, намаз, құран үйретеміз.Бұл деген асыл дініміздің негізі ғой- Құран.Алланың сөзі, Міне сол Құраннан жарыс болып, біздің мешіттен 19 бала бар, ауданымыздан 12 мешіттен келіп отыр»
Жалпы, Құран жарысы –жас буынның діни тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын пайдалы шара. Дұрыс ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдердің діни білімін арттырып, рухани өсуіне ықпал етеді.
СӘКЕН ЕНШІБАЙҰЛЫ,АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚОНАЕВ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ; «Бізде Алматы облысы бойынша 9 аудан, 2 қала бар.Сол жердегі мешіттер мен әртүрлі шаралар ұйымдатырып отырамыз, сол шараның бірі бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданы Сәт мешітінде өткізіліп отырған жасөспірімдер арасындағы құран байқауы.Енді бұл Құран байқауына тоқталатын болсақ, байқау екі наминация, аталым бойынша өтіп жатыр. Оның бірі Құранның соңғы парасындағы жарты парасын жатқа оқу және дұха сүресінен төмен қарай деп айтамыз және де құранның 30-шы парасын толық жаттаған балалар арасында мықтыны анықтадық.Әрине бұл жерде біреуді мықты немесе кем қылу мақсатымыз емес, жалпы діни сауатын ашу, құранға деген құрмет»
Қазіргі таңда жастарымыз, әртүрлі гаджеттерге, құмар ойындарға кіріп жатқандары,болмаса көшеде бос жүріп түрлі нәрселерге ұрынатындары жасырын емес,Дін мен дәстүрді бірлесе ұстап, өскелең ұрпаққа тәрбие беру негізгі мақсатымыз диді мешіт имамдары.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 615
https://www.youtube.com/embed/HmAnDRlkpEg?si=0ATysLyJswC0ixq-"
Алматы облысы Жамбыл ауданында ынтымағы жарасқан ауыл бар,ол қай жер десеңіздер Аққайнар елдімекені.Аталмыш ауылдың түтіні түзу шыққан ,жергілікті тұрғындары нағыз еңбек азаматтары.
Бұл шаруаларын реттеп,жаңа жыл кешін тамашалауға жиналып жатқан ауылдық қарапайым қараша.Көңілдері көтеріңкі,жүздерінде қуаныш бар.Шараны ұйымдастырған Аққайнарлық кәсіпкер Ғабит Үмбетов бастаған азаматтар.
ҚАМБАР ҮМБЕТОВ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Ауылдан шыққан азаматтар әр мереке сайын осындай игі бастамаларды қолға алуды әдетке айналдырған.Мақсат,жергілікті тұрғындардың ауыз біршілігін арттыру,оларға қолдан келгенше қолдау көрсету.Бұл жолы да белсенділік көрсеткен Аққайнарлықтарға демеушілік танытып сый сияпаттарын жасады.Жаңа жылға жақсы тілектерін айтып,ақсақалдар ақ баталарын беріп жатты.
Жаңа жылдық кешке Аққайнар тұрғындарының көңілдерін бір серпілтіп тастау үшін эстрада жұлдыздары да келіп,ән шырқады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 621
https://www.youtube.com/embed/KIYYQSXlbJw?si=QaudSWOt0vCW7kPi"
Жаңа жыл қарсаңында такси қызметін тұтынушылардың қарасы артады. Шақырған таксиіңіз ерекше стилде келсе, ол да көңілге қуаныш. Петропавлда ретро-такси жолға шығып, жолаушы тасып жүр. Газ 21 «Волга» автокөлігінің иесі - Игорь Шешуринов. Ол осылайша тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйламақ ниетте.
Бұл Волга теміртұлпары 1965 жылы шыққан. Кейіпкеріміз оны он бір жыл бұрын Шымкенттегі досынан сатып алып, Петропавлға дейін мініп келген. Игорь Шешуринко болса бұл көлікті баптап мініп, қала ішінде жолаушыларды тасымалдап жүйткіп жүр. Жолаушы отырған сәттен ақ әсем ән тыңдап, жайлылықта діттеген жеріне жетіп алады. Игорьдың бұл көлікке қызығушылығы бала кезінен басталған екен.
ИГОРЬ ШЕШУРИНОВ ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Мен 7 жасымда әкемнің досының «Волгасына» отырғаным есімде. Сол кезде бір дүниені байқадым. Менің әкемнің көлігінің маркасы басқа еді. Үнемі жел улеп тұратын. Ал, Волганың барлық терезесі ашық болса да, жел болған жоқ. Ал, артқы орындығы менің үйдегі төсегімдей жайлы болды. Сонда өз-өзіме «менің дәл осындай көлігім болады» деп уәде бергенмін».
Игорь Шешуринов такси қызметін көрсетуге жолға шыққанда, өзі де ретро-стильде киініп алады. Бұл бас киімін арнайы тапсырыспен тіктірген. Көлігінің жүрісіне де көңілі толады.
ИГОРЬ ШЕШУРИНОВ ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Мен бір рет қызық үшін көліктің алдыңғы капотына бокалдағы суды қойдым. Сонымен қаланы түгел айналып шықтым. Ыдыс құлаған жоқ. Сондықтан, нық сеніммен айта аламын. Бұдан артығын көрмедім. Енді, мен өзімнің осы сүйікті Волгаммен жаңа жылда адамдарды тасымалдаймын. Мерекелік көңіл-күй сыйлаймын».
Кездейсоқ кездескен адамдар арасында теміртұлпарға қызығушылық танытқандар да болды. Сатуын өтінді тіпті. Сондай-ақ, Игорь Шешуриновтың бұдан басқа ГАЗ 24 «Волгасы» бар. Қазір оны да қалыпқа келтірумен айналысып жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 615
https://www.youtube.com/embed/YDy3vXiKb28?si=fW0mJFdfzTs2-DHQ"
Сенат депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулерді екі оқылымда қарап, мақұлдады. Қоғамдық орындарды ластау, мүлікті бүлдіру және қоғамға құрметсіздік танытатын басқа да әрекеттер жасаған азаматтар үшін көшелерді сыпыру жазасы қолданылады. Бұған дейін елімізде кешкі сағат оннан кейін елдің мазасын алып, тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл 20 мың теңгеге жуықтайтыны хабарланды.
Сондай-ақ қоғамдық орында түкірген немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап, құқық бұзған адам да осы 19 мың теңгені төлейді. Ал мұғалімді не дәрігерді балағаттағандар 39 000 теңге айыппұл арқалайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 592
https://www.youtube.com/embed/bo8b2WF5SDg?si=M_DtZRJDchmDJgJM"
Ресейдің әуе қозғалысын реттеу агенттігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Грозный әуежайына қонуға әрекет жасаған кезде ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуылына ұшырағанын растады. Бұл туралы ведомство басшысы Дмитрий Ядров Ресейлік ТАСС агенттігіне хабарлады. Оның айтуынша, ұшақ қонуға әрекет еткен сәтте Грозный әуежайы маңындағы жағдай «өте қиын» болған. Ядровтың мәліметінше, украиндық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуылы салдарынан әуежай үстінде «Ковер» жоспары енгізілген, сондай-ақ аймақта қалың тұман болған.
ДМИТРИЙ ЯДРОВ РЕСЕЙДІҢ ӘУЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ БАСШЫСЫ «Ұшақ Грозныйда қонуға екі рет әрекет жасаған, бірақ кейін пилот Ақтау қаласына қону туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, ол ресейлік тараптың «қазақстандық және әзірбайжандық әріптестеріне осы қайғылы оқиғаны тергеуде толық ынтымақтастыққа дайын екенін дереу хабарлағанын» айтты. Бұған дейін Росавиация әуе апатының себептерін түсіндіре отырып, ұшақ әуеде құстармен соқтығысуы мүмкін екенін, содан кейін командир Актауға қону туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 598
https://www.youtube.com/embed/UTqIwxZnEHY?si=raeNvnVvATTnKZ24"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 689
https://www.youtube.com/embed/_xJgFVRkaOw?si=1shQJ-uJiPpG7Ju-"
Бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінде еліміздегі агроөнеркәсіптік секторды дамыту және білікті мамандар даярлау жұмыстарын сәтті жалғастыра отырып, Қытай аграрлық университетімен және EAVISION компаниясымен бірлесіп, бірегей жоба – «Қазақстан-Қытай Ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығын» ашып отыр. Дронның ерекшелігі қандай? Толығырақ тілші бейнематериалында.
Орталықтың басты мақсаты – заманауи дрон модельдерімен және тренажерлармен жабдықталған ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқара алатын, оларды ауыл шаруашылығының түрлі салаларын дамытуға тиімді қолдана отырып, практикалық мәселелерді шешуде, карта жасау, қоршаған ортаны зерттеу және ауыл шаруашылығына қатысты басқа да тапсырмаларды жүзеге асыра алатын білікті мамандар дайындау.
ПІРІМҚҰЛ ИБРАГИМОВ ҚАЗҰАЗУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПРОФЕССОР
Сонымен қатар, дрондарды қолдану арқылы егістікті суару, тыңайту, зиянкестермен күресу, арамшөптерді жою және егін, дәнді дақылдардың өнімділігін болжау, аурулар мен зиянкестерді анықтау, топырақтың ылғалдылығын бақылау сынды басқа да ауылшаруашылық міндеттерін шешуге бағытталған.
ЦЗАЙ ХОЙ «EAVISION» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Бұл ең жаңа дрон осы компанияның өндірген жаңа дрондарының бірі болып саналады. Ол өсімдік қорғау бағытында қолданылады.Оның 4 бастапқы ерекшелігі бар. Атап айтатын болсақ, біріншіден жоғарғы яғни 60кг салмақтағы заттарды таси алады, екіншіден ұзақ уақыт бойы ұша алады, сондай-ақ бір рет ұшқанда 4 гектар аумаққа еркін ұша алады және әрбір адам қашықтықтан басқарған сәтте күніне 200 гектар жерді еркін ұшып өтеді»
Қазіргі таңда Қазақстанға 89 дрон жеткізілген, оның 46-сы ауылшаруашылық министрлігіне берілсе, қалған 43 дрон Семей қаласына берілген. Сонымен қатар, дронды сату және клиенттерге қызмет көрсету бағытында Семей қаласы компаниямен бірігіп Дрон Сервис орталығын ашып жатыр. Ал дронның бағасына келетін болсақ, нақты бағасы есептелмеген, кедендік салықтарды есептегеннен кейін нақты құнын айтатын боламыз дейді компания басшысы.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 622
https://www.youtube.com/embed/gS4fczO9ZVs?si=URfS0YIr6eSanw6q"
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жұмыс сапарымен келді. Министр университетnің білім алушы жастарымен, оқытушы-профессор құрамымен кездесу өткізді. Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері ұсынылған «Abai Library» кітапханасында болып, Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркінің зертхана жұмысымен танысты.
Жиын барысында министр биылғы жылы болған гранттар дауына тоқталып. Гранттарға арналған пилоттық жобасы жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Министр келесі жылдан бастап жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті. Жоба аясында ЖОО-да 75-50%-ға дейінгі гранттар бөлінбек.
«Біз пилоттық жобаны іске қостық. Яғни 75-50% сараланған гранттарды ұсындық, көрдік 300 гранттарды бердік. Біреулер қызығады ма, қызықпайды ма. Айталық жоғарғы балды алдым, грантқа ілінбей кеттім бірақ 75-50% сіздің баллыңызға салыстырып, сәйкестендіріп жартылай немесе 75% гранттар берілуі мүмкін. Яғни мемлекет гранттар беруге дайын. 31 мың бала сондай гранттарға тапсырды. Сондықтан пилоттық жобаға келесі жылы іске қосылмақ. Гранттарды осылай сараланған тәртіппен береміз».
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды. Жиын барысында министр шетелдік ЖОО-ның филиалдарын ашудың маңызына тоқталып өтті.
«Бір ғана қайнар көзі бар ЖОО-ның. Ол шетелден инвесторларды тарту. Студенттерді әкеліп, ақша тарту. Басқа амалымыз жоқ. Іштей енді ақша шықпайды. Сырттан ғана нарыққа шығап, үйренуміз керек. Көп елдерде Солтүстік Америкада, Ұлыбританияда көптеген компаниялар шығып жатыр. Мәселен Түркияда бірнеше университеттер салып тастаған. Қазір көп жарнамаларды көріп жатырсыздар, аты шықпаған. Дегенмен білім сапасы өте нашар».
Министр «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының іске асырылуы туралы қысқаша баяндады. Оның айтуынша, «Ғылым» блогының 4 негізгі бағыты бойынша 4 міндет, 7 көрсеткіш және 27 нақты іс-шара қарастырылған. Ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту шеңберінде ғылыми сала қызметкерлерінің санын 2025 жылға дейін 1,5 есе арттыру міндеті қойылды.
Сондай-ақ ғалымдар мен жас ғалымдар санының 50%-ға өсуі жоспарланған. Ғалымдардың жалақысы 2 есе артты, іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ны тікелей қаржыландыру енгізілетінін атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 572
https://www.youtube.com/embed/_ryt54CUjNA?si=ui83cTw5kMGtqOEq"
Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде суретші, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шолпан Жақыпқызы Заманбекованың «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға суретшінің әріптестері, суретшілер ұжымы,өнер сүйер қауым қатысты. Туған жер тақырыбындағы, қазақ мәдениетінің, тарихымызбен төл мәдениетіміздің жаршысы болған туындылары бүгінгі көрме төрінен орын алған. Адами құндылықтар тақырыбынан да суретшінің қаламы қалыс қалмаған.
ШОЛПАН ЗАМАНБЕКОВА ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жаркент өңірінің тумасы,бала кезден табиғаттың сұлулығы мен сырларын жадына түйіп өседі. Көңілінің қылын шерткен әрбір сәтті қағаз бетіне түсіріп отырған.Суретшінің ерекше бір шеберлігі шығармаларында жылдың әр мезгілі көрініс табады.
ҒАЛИЯ ТЕМІРТОНҚЫЗЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 627
https://www.youtube.com/embed/lusOumq1ljM?si=ykisLifaYqyHQLpu"
Еще материалы
Страница 47 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.