ЖАҢАЛЫҚТАР
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде бензин бағасы біртіндеп көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақпаров айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Жалпы, өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, бағаның күрт өсуі болмайды. Біртіндеп-біртіндеп көтерілетін шығар. Қанша пайызға көтерілетінін нақты айта алмаймын", - деді вице-министр елордада өтіп жатқан GECA 2026 халықарлық геологиялық форумы аясында агенттік тілшісінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 16 қазанынан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді. Сол кезден бастап Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізді. Сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдады.
Мораторий осы жылдың 1 сәуірінде аяқталды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болмақ. Тіпті кей өңірлерде +32 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мұндай мәліметті Казгидромет жариялады. Синоптиктер алдағы үш күнге 31 наурыз бен 1, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы:
солтүстік-батыста +17…+26°С,
солтүстікте +13…+20°С,
орталықта +12…+23°С,
шығыста +5…+22°С,
оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32°С,
ал батыста +20…+25°С-тан +13…+20°С-қа дейін төмендейді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Шетелдегі қазақстандықтарға төлқұжат дайындау уақыты екі есе қысқарады. Сыртқы істер министрлігі "Open NPA" порталында бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, құжатта шетелде тұратын азаматтардың төлқұжаттарын өңдеу мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылатыны айтылған.
"Бұйрық жобасының мақсаты – "Шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының төлқұжатын дайындау үшін құжаттарды қабылдау және оларды жіберу" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімін қысқарту. Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді", - делінген бұйрықта.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция қабылданды деп таныды. Бұл туралы аталған комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Республикалық референдум туралы коституциялық заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. Республикалық референдумға шығарылған мәселе бойынша, атап айтқанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім егер оны жақтап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептелінеді", — деді ол.
Осы орайда комиссия төрағасы әр өңірде осы шешімді жақтап азаматтардың басым көпшілігі дауыс бергенін айтты.
"Осылайша, Республикалық референдум туралы заңнамадағы елдің 20 өңірінің үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң шешімді жақтап дауыс беруі туралы талап сақталды. Сондықтан жаңа Конституция қабылданды деп танылады. Референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 192 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады, — деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 666 адам немесе 87,15 пайыз болды.
"Референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны — 898 099 адам. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны — 127 868. Белгіленбеген үлгідегі сондай ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны — 146 558. Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады", — деді Нұрлан Әбдіров.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Наурыз мерекесін атап өту аясында Білім басқармасы «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады. Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және мәдени мұраны кеңінен насихаттау.
Бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ. Қаланың барлық ауданынан жиналған оқушылар бір сахнада өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани мұрасына деген құрметтің айқын белгісін танытады.
Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде танымал қазақстандық өнерпаздар — Асылбек Еңсепов, Ринат Гайсин, Нұрлан Албан және Әли Оқапов қатысады. Белгілі музыканттар флешмоб қатысушыларына қолдау білдіріп, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.
Акция қорытындысы бойынша бұл іс-шараны Қазақстан рекордтар кітабына ұлттық аспапта күйді бір уақытта ең көп адам орындаған мәдени оқиға ретінде енгізу жоспарланып отыр.
Ауқымды музыкалық флешмоб Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың жарқын көрінісіне айналып, ұлттық мәдениетті жастар арасында кеңінен насихаттауға үлес қосады. Бұл жай ғана концерт емес, мыңдаған жас жүректің бір ырғақта соғуы мен ата-баба мұрасына деген құрметтің көрінісі.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде алдағы демалыс күндері ауа райының қандай болатыны белгілі болды. Синоптиктер күн жылынатынын болжауда, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Казгидрометтің болжамынша, кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жылы болады.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.
Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3…+15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан +5°С-қа дейін болады.
Еще материалы
Страница 1 из 87

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.