"Заң желтоқсанның соңына дейін қабылданады. Одан кейін нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеуге үш ай беріледі. Соның ішінде өтінім беру, қарау және лицензия беру шаралары бар. Ал криптовалюта айырбастау пунктері ашылғаннан кейін криптовалютаны емін-еркін айырбастауға болады, кәдімгідей долларды қалай айырбастаймыз, тура солай криптовалютаны айырбастауға мүмкіндік болады",-деді Шолпанқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
ЖАҢАЛЫҚТАР
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңырау саны биыл төмендеген. Соңғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша алғашқы жәрдем бригадалары 6,6 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетіп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қоңыраулар саны 0,1%-ға төмендеген.
"Жеделділіктің бірінші санаты бойынша сын-қатерлер 356 мыңнан асты, өткен жылғы көрсеткіш 0,5%-ға ұлғайды, екінші санат бойынша сын-қатерлер 1,8%-ға өсті және 2,1 млн-нан астам құрады", - деп жазылған хабарламада.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қандай өзгерістер болады? Спутник бірқатар заңи өзгерістер мен тың жаңалықтар және ескертулер топтамасын құрастырған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Көлік автолизингке беріледі
Шина ауыстырмағандар айыппұл төлейді
Телефония мен жеткізу қызметтері қымбаттайды
"Шексіз әлем" қызметі тоқтатылады
Жаңа лоукостер келеді
Ташкентке пойызбен баруға болады
Оқушылар каникулға шығады
Желтоқсанда неше күн демаламыз?
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
"Жеке тұлғалардың бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір сағат ішінде несие алуға өтініш беруіне қойылған шектеу сақталды", - деп жазылған хабарламада.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев еліміздің нәрестелер өлімін төмендетудегі елеулі ілгерілеуі туралы айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Биылғы жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% — ға төмендеген. Бұл 1000 тірі туғандағы көрсеткішке шаққанда 5,84 пайыз деген сөз. Ал былтыр бұл көрсеткіш — 7,24% болған", — делінген хабарламада.
Тимур Сұлтанғазиев мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылданып отыр. Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады.
"Әр баланың денсаулығы — біздің басымдығымыз. Біз еліміздің әр өңірінде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз", — деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.
Десе де ТМД елдерінің ішінде сәби өлімінің тіркелуі бойынша Қазақстан алдыңғы қатардан түспей келеді. Сәбидің дүниеге келу деректері өскенімен, олардың шетінеп кету көріністері көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Статистикаға шақсақ, бала туу көрсеткіші екі пайызға артса, тиісінше сәби өлімі бір пайызға көбейген. Бұл дерек елдің демографиялық ахуалын көрсетсе керек.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстан азаматтары қандай елдерге визасыз бара алады және ол мемлекеттерде қанша күнге дейін еркін бола алады. Мұндай ақпаратты ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Агенттік дерегіне сүйенсек, шетелге шығу тәртібі сапардың мақсатына және азаматтың дипломатиялық, қызметтік немесе жалпы азаматтық паспортына байланысты өзгереді. Бұл материалда жалпы азаматтық паспортпен, яғни қарапайым туристік немесе қонаққа бару мақсатындағы сапарларға арналған визалық талаптарды қарастырылған.
Осы санатқа визасыз баруға болатын бірнеше мемлекет кіреді. Ең ұзақ визасыз болу мерзімі Грузияда, онда Қазақстан азаматтары бір жылға дейін еркін жүре алады. Сонымен қатар қазақстандықтар Албания, Колумбия, Әзербайжан, Беларусь, Моңғолия, Ресей, Сент-Китс пен Невис, Бразилия, Гаити, Косово, Молдова, Украина, Аргентина, Эквадор, Намибия, Гамбия, Сент-Винсент және Гренадинада 90 күнге дейін визасыз бола алады.
Түркия мен Туниске де визасыз баруға болады. Бұл елдерде 180 күннің ішінде 90 күнге дейін тұруға рұқсат берілген. Яғни жарты жыл ішінде елден бірнеше рет шығып қайта кіруге болады, алайда болу күндері қосылып есептеледі. Жиынтық көрсеткіш 90 күнге жеткенде визасыз кіру мүмкіндігі тоқтатылады.
Визасыз 30 күнге дейін Босния және Герцеговина, Бразилия, Вьетнам, Қатар, Қытай, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Сейшел аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Доминикан Республикасы, Ямайка, Вануату, Микронезия, Тонга, Оман елдеріне бара аласыз. Мароккода 180 күннің ішінде 30 күн болуға рұқсат. Визасыз 14 күнге Гонконг пен Иранға кіре аласыз. 180 күнге – Армения, Антигуа және Барбуда елі жібереді. Барбадос визасыз 28 күнге қабылдайды, Кук аралдары – 31 күнге, Таиланд – 60 күнге.
Кейбір елдерге келген бойда виза алу қажет. Мұндай елдерге Бангладеш, Шығыс Тимор, Камбоджа, Индонезия, Шри-Ланка, Ямайка, Палау, Тимор-Лешти, Тувалу, Мальдив аралдары, Бурунди, Мысыр, Комор аралдары, Намибия, Маршалл аралдары, Самоа, Бангладеш, Мадагаскар жатады.
Сондай-ақ кейбір бағыттарда сапарға шығардан 2-7 күн бұрын онлайн электронды виза рәсімдеу мүмкіндігі бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 30 күнге дейін болу үшін алдын ала K-ETA электронды рұқсаты қажет. Үндістанға қажетті күндерге арналған туристік e-visa талап етіледі. Вьетнамда Ханой, Халонг және жағажайларды зерттеу үшін 30 күндік Е-visa керек, ал Сауд Арабиясында тарихи орындар мен заманауи қалаларды көру үшін де Е-visa қажет.
Ал қалған елдерге бару үшін міндетті түрде виза алу керек. Олар: Австралия, Австрия, Алжир, Ангола, Ауғанстан, Багам аралдары, Бахрейн, Бельгия, Белиз, Бенин, Бирма (Мьянма), Болгария, Боливия, Ботсвана, Бруней, Буркина-Фасо, Бутан, Ватикан, Ұлыбритания, Мажарстан, Венесуэла, Габон, Гайана, Гана, Гватемала, Гвинея-Бисау, Гвинея Республикасы, Германия, Гондурас, Грекия, Гренада, Дания, Джибути, Доминика, Мысыр, Зимбабве, Израиль, Иордания, Ирак, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Камерун, Канада, Кения, Кипр, Кирибати, Конго, Конго-Киншаса, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мавритания, Малави, Мали, Мальта, Мексика, Мозамбик, Монако, Науру, Непал, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Пәкістан, Панама, Папуа - Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Руанда, Румыния, Самоа, Сан-Томе және Принсипи, Солтүстік Македония, Сенегал, Сент-Люсия, Сингапур, Сирия, Словакия, Словения, Соломон аралдары, Сомали, Судан, Суринам, АҚШ, Сьерра-Леоне, Танзания, Тринидад және Тобаго, Түрікменстан, Уганда, Уругвай, Финляндия, Франция, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад, Черногория, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Экваторлық Гвинея, Эль-Сальвадор, Эритрея, Эсватини, Эстония, Эфиопия, ОАР, Оңтүстік Судан, Жапония.
Еще материалы
Страница 10 из 87

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.