Алматы облысы Шонжы аулында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»  атты мерекелік іс-шара өтті. Үздік педогогтерін марапаттаған мерекелі кешті аудандық білім бөлімі ұйымдастырған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен 6 педагог, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен 20 педагог, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен 61 педагог, Қазақстан Республикасының "Еңбек ардагері" медалімен 3 педагог, Алматы облысы білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен 81 педагог, аудан әкімінің алғыс хатымен 18 педагог, Ұйғыр ауданы білім бөлімі басшысының алғыс хатымен 100 педагог марапатталды.

Іс-шараның құрметті қонақтары Ұйғыр ауданының әкімі Елеусізова Бота Серікқызы, "Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы" Ақционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары Масимова Хуршидам Ташболатовна, аудандық мәслихаттың төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлы, «Ұрпақ парызы» қоғамдық ұйымының төрағасы Керімқұлов Жәнет Сәдіұлы, «Ақбұлақ салалық кәсіподағының» аудандық филиалы төрағасы Нұров Маулен Мұқажанұлы, «Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Қожағұл Кәрібай Ізбасарұлы,  ауданның этно мәдениет орталығының төрағасы Османов Арлен Сеналұлы, Алматы облыстық Оқу-ағарту ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің «Қамқор кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық «Ағартушы» филиалының басшысы Таиров Армидин Шамшидинович болды. Олар ұстаздар еңбегінің өлшеусіз екенін тағы бір еске салып, барша мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.