- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 255
https://www.youtube.com/embed/vnb94O4dLAE?si=A-OQV1hy9Vmw15ob"
Қарлы боран салдарынан Қызылорда облысының Арал ауданынан 20 шақырым қашықтықтан Ақтөбе бағытына қарай республикалық маңызы бар автожолдар жабық. Бүгінгі күні Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 автокөлік және 1200-ге жуық жолаушы жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізілген. Қазіргі таңда жолдың жабық болуына байланысты арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ таратылуда. Сонымен қатар, баласы бар 49 әйел және 16 ер адам колледж жатақханасына орналастырылды.
Полиция қызметкерлері автожолдарда тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Полиция құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмек беру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Қызылорда облысының Полиция департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа - райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпауларын сұрайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/DPGUlhcULt4?si=pvMIwKGhrSYpbOif"
Ақтауда қоғамдық қорғаушы тыйым салынған затты абақты аумағына алып кірмек болған жерінен ұсталды. Тергелушіге келген ер адамды тінту кезінде жедел уәкілдері аяқ киімге салынған ұялы телефон мен сим картаны тәркілеген. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалды. Аталған іс әрі қарай сотқа жолданады. Айта кетейік қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде заңға қайшы әрекет жасағандарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
СЕРҒАЗЫ ҚАРАТАЕВ - ҚАЖД № 77 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Тергеудегі азаматқа келген қоғамдық қорғаушыны жеке тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер аяқ киімге жасырылған "Nokia" маркалы ұялы телефон мен сим-картаны тауып, тәркіледі. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды. Жинақталған материал сотқа жолданады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 271
https://www.youtube.com/embed/BQnyZHr7Azg?si=3YCwKpgWZAQp4JvO"
Еліміздің бірнеше өңірінде соңғы екі тәулік бойы қыс қаһарына мініп алды. Ақмола облысында да дауылды ескерту жарияланды. Соған қарамастан жолға шыққан жолаушы көп. Бірнеше күн көлікпен ұзақ сапарға шықпау туралы ескертілгенімен, оған құлақ асып жатқан халық жоқ. Қазгидромет мамандары секундына 30 метрге дейін қатты жел тұратынын, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертумен келеді.
ЕРКЕН БЕРЛІБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Ақпанның 7-сі мен 9-ы аралығында республикалық маңызы бар 20 және облыстық маңызы бар 38 жол учаскесі жабылып, барлық көліктер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді. Төтенше жағдайлар қызметі облыс жолдарында қалып қойған жолаушыларға көмек көрсету үшін 13 рет трассаға шықты. 87 адам құтқарылды. Оның 4-еуі бала. Барлығы жылыту пункттеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 16 және облыстық маңызға ие жолдардың 38 учаскесі жабық. Облыс бойынша 268 жылыту бекеті дайындалды. Қазір ол жерге 52 адам орналастырылған».
Жолға шыққан жолаушылардың көбі елдімекендерден ұзап кетіп, қар құрсауында қалып қойған. Өте қауіпті жағдайға тап болғанда, қашан да көмекке құтқарушылар келеді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің дағдарыс жағдайлары басқармасының базасында жедел әрекет ететін арнайы штаб жұмыс істейді. Бір тәулік ішінде ақмолалық құтқарушылар 26 адамды қар құрсауынан шығарып, жылыту пункттеріне жеткізілді. Құтқарылғандардың арасында Ресейдің 3 азаматы, 1 бала мен 1 жүкті әйел бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 303
https://www.youtube.com/embed/Cklio2TgmsA?si=7E-pVcplYMk1NB23"
«Біздің елдің жігіттер,жігіттердің төресі» деп жырлаған ЕсенқұлЖақыпбеков нағыз елдің азаматы еді. Оның отты жырлары,көпшіліктің көңілінен шығып, риясыз ықыласына бөленді.Бүгін Есағаңды еске алу шарасы өзінің туған өлкесінде орын алды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақтауды, мол мұрасын жастарға насихаттауды мақсат тұтқан кешке өнердегі қаламдас достары, шәкірттері,аудан әкімі мен ақынның өмірлік жары Меңсұлу Сұлтанқызы да қатысты. Есенқұл Жақыпбеков – халқымыздың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің мәртебесін биіктеткен, ақындық өнердің көрнекті өкілі. Есағамыз – ақындық пен қатар айтыс өнерін қатар тізгіндеген жан. Ол – жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, өнерін өрістеткен суырыпсалма айтыскер, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан талантты ақындардың қатарынан ойып тұрып орын алған тұлға.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
ЕРМЕК ЖҰМАТАЕВ Е.ЖАҚЫПБЕКТІҢ ШӘКІРТІ, АҚЫН
Есағаң ортамызда болғанда 70 жасын атап өтер едік.Бірақ тағдырдың жазғаны болар, мәңгілік өмірге сапарлап кетті.Десекте оның отты жырлары ешқашан өлмек емес. Есенқұл ақынға арналған естелік кітаптар да жазылып жатыр. Бүгінгі шараға жиналған жұрт,ақынның өресі биік туындыларын сөз етіп,аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары оның жырымен жиналғандарды сусындатты.
АҚАН ӘБДІУӘЛИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Есенқұлды еске алу елдің парызы.Өйткені ақынның қалың еліне қалдырған өнегелі мұрасы ұмыт қалмауы керекті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 268
https://www.youtube.com/embed/XonTjGmr6Nw?si=X7v9lTxyPSTlPoNy"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 278
https://www.youtube.com/embed/sdVb9yyyMlg?si=dGGlEi2WudPzjmMf"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 294
https://www.youtube.com/embed/Zzbz2Ina79Q?si=6BivTFIw3UcSsX5q"
Ертең ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні. Осыған орай білім ордаларында жыр онкүндіктері өтуде.Хан -Тәңірінен түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағалидың мұрасын дәріптеу мақсатында өткен шараға қатысып қайтқан едік.
Бүгін менің туған күнім ой, пәлі- ай,мына халқым неге жатыр тойламай деп артына өшпес мұра қалдырып кеткен ақиық ақынның туылған күнін қалайша тойламасын бүгінгі ұрпақ. Мұқағали әлемінен сусындап,шығармаларын өскелең ұрпақтың қанына сіңдіріп, тіліне,Отанына деген сүйіспеншілігін оятуда бүгінгі шараның маңызы ерекше.
РУФИНАТ ӘЛДІҚАЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №108 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Құндылығын уақыт бағалап жатқан ақын шығармаларын келер ұрпаққа тәлім-тәрбие құралы ретінде енгізуіміз керек деді шараға арнайы келген Шаяхмет Имашев ағамыз.
ШАЯХМЕТ ИМАШЕВ МҰҚАҒАЛИТАНУШЫ, АКТЕР
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 323
https://www.youtube.com/embed/HHhKjRBFnMI?si=JUvPMiv_sqYOtims"
8 ақпан түнгі сағат 02 ден жиырма минут өткенде Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында лай көшкіні жүріп,салдарынан төрт адам үйінді астында қалып қаза тапты. Апаттан екі жеке тұрғын үй, олардың бірі жартылай зақымданды.Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай басып қалған үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлдары тұрғанын айтты.Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника құтқару жұмыстарын жүргізді.Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылғы екі жас жігіттің денесін шығарды», - деп хабарлады қалалық ТЖД. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев оқиға орнына барды.
ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетті. Қаза тапқан жандардың барша туыстарына арнамыздың атынан қайғыра көңіл айтамыз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 290
https://www.youtube.com/embed/cPZD26vf-G0?si=yMRxaVc7dG1Z3iqy"
Коста-Рикада улы жыландардың жиырмадан астам түрі мекендейді. Ал, Клодомиро Пикадо институтында ветеринарлар өлімге әкелетін уды алу үшін тың дүниені жүзеге асыруда. Ол антидот жасау үшін қолданылады. Содан кейін ол бүкіл әлемге экспортталады.
ЖАСМИН АРИАС ВЕТЕРИНАР: «Біз жыланды басынан ұстаймыз, ал денесінің қалған бөлігін шыны ыдысқа саламыз. Алдымен тістерді ашамыз, содан кейін уландыратын бездерге массаж жасаймыз. Осыдан кейін біз жануардың аузын дезинфекциялап, оны террариумға қайтарамыз».
Процестің келесі кезеңі жылқы фермасында өтеді. Жыланның уын жылқыларға аз мөлшерде құяды. Бұл иммундық реакцияны тудырады. Жылқының денесіне кейінірек жойылатын антиденелер шығады.
МАУРИСИО АРГУЕДАС ВЕТЕРИНАР: «Біз жылқыдан қан жинаймыз. Қан әртүрлі элементтерге бөлінеді: плазма - сұйық бөлік, ал жасушалар - тығыз бөлік. Соңғылары анемияны дамытпау үшін жылқыға құйылады. Ал плазма өндірістік зертханаға жеткізіледі, онда антиденелер алынады».
Жылқыға уды енгізудің ұзақ мерзімді әсері зерттелмеген. Бірақ мал дәрігерлері малдың денсаулығын жіті қадағалап отырғандарын айтады. Олардың айтуынша, жылқыларға 30 жыл бойы у егілгені туралы деректер бар. Оның үстіне жылқының орташа өмір сүру ұзақтығы 30-40 жыл.
ЭДУАРДО СЕГУА ВЕТЕРИНАР: «Химиялық процестерді қолдана отырып, біз жылқыларға енгізілген уға қарсы арнайы антиденелерді бөліп аламыз. Бұл антиденелер тазартылады, зарарсыздандырылады, содан кейін қалпына келеді».
Институт жылына 100-150 мың доза шығарады. Олар Орталық және Оңтүстік Америкаға, Азияға және Африканың алтыдан астам еліне жіберіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 5,4 миллион адамды жыландар шағып алады. Соның салдарынан 83-138 мың адам көз жұмады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 274
https://www.youtube.com/embed/XufCm98nxkU?si=smGFLly1Q4N1mjK7"
Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-тың анклавтан әскерлерді шығару туралы ұсынысын қабылдамады. Ол баспасөз мәслихатында Газа секторы толық жеңіске жақын тұрғанын айтты.
БИНЯМИН НЕТАНЬЯХУ ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Толық жеңістен басқа шешім жоқ екенін тағы да атап өткім келеді. Егер Хамас Газа секторында аман қалатын болса, келесі қырғынға дейін Иранның зұлымдық әрекеті мен оның сенімді өкілдерінің кісі өлтіруін жалғастыру-жалғастырмауы уақыт еншісінде қалмақ».
Хамас төрт жарым айға атысты тоқтатуды ұсынды. Оның барысында содырлар барлық қалған израильдіктерді босатып, өлген тұтқындардың денелерін тапсырады. Өз кезегінде ХАМАС Израильден Газа секторынан әскерлерін шығаруды талап етті. Осыдан кейін тараптар бітімгершілік келісіміне қол қоюы керек еді. Бірақ Израиль бірнеше рет уақытша атысты тоқтатудан басқа ештеңені жоққа шығармады. Ол сондай-ақ ХАМАС бақылауындағы Газадан кетуден үзілді-кесілді бас тартты. Содырлардың бұл ұсынысын алғаш рет Reuters хабарлады. Бұл американдық және израильдік барлау қызметінің бұған дейінгі ұсынысына жауап болды, оны Катар мен Мысыр делдалдары жеткізген. Соңғы күндері атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін қарқынды дипломатиялық әрекеттер жасалды. Осылайша, жақында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Премьер-Министр Беньямин Нетаньяхумен кездесті. Сонымен қатар, ХАМАС-тың жоғары лауазымды мүшесі Египет пен Катардың арағайындығымен атысты тоқтату туралы келіссөздерді жалғастыру үшін Каирге топ жіберілмек.
7 қазанда Хамас шабуылынан 1200-ге жуық израильдік қаза тапқаннан бері Израиль Газа секторында әскери операциялар жүргізуде. Олар осы уақытқа дейін бір-ақ рет үзіліс жасаған. Жеті күндік атысты тоқтату келісімі 100-ден астам кепілге алынғандарды Израильге қайтаруға мүмкіндік берді. Оның орнына Израиль түрмелерінде жазасын өтеп жатқан көптеген палестиналық тұтқындар босатылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 263
https://www.youtube.com/embed/7KtktnXFbZs?si=XY3fPxuX0voDjNGD"
Бір жылдың ішінде онкологиялық ауруға шалдыққан ақмолалықтардың саны он мыңға жеткен. Дегенмен аталмыш дерттен көз жұмғандар саны азайып келеді. Басты себеп, дәрігерлер жүргізіп отырған ауруды алдын ала анықтау шаралары.
Өткен жылы 2000 жуық өңір тұрғыны қатерлі ісік індетіне шалдыққан. Бұл соңғы 20 жылда болмаған көрсеткіш. Әсіресе, сүт безі обырына ұрынғандар өте көп. Мәселені біржақты етіп, науқастарға паллиативтік көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында жеті мобильді бригада құрылған.
БОЛАТ ӘБІШЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРІ: «2022 жылға қарағанда өткен жылы ауруды соңғы кезеңде анықтау көрсеткіші 20 процентке төмендеді. Ал, онкология дертін нөлінші, бірінші кезеңінде, яғни, ерте анықтау 17 процетке жоғарылады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Әрине, жақсы нәтижеге қол жеткізудің бірден бір себебі уақытылы өткізілетін скринингтер. Бізде ең маңызды үш скрининг бар. Ол сүт безі обыры, жатыр мойыны және тік ішек обыры. Өткен жылы 115 мың адам осы скринингтерден өткен. Нәтижесінде, біз жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз».
Онкологияны жеңіп шыққан жандардың бірі – Целиноград ауданының тұрғыны Светлана Нефельд. Ол елуден асқан шағында денсаулығының сыр бере бастағанын байқайды. Уақыт созбай, дәрігерлерге қаралып, қажетті тексерістен өткен.
СВЕТЛАНА НЕФЕЛЬД ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Менде онкологияның жеңіл түрі болды. Сондықтан, сәуле арқылы емдеді. Көп ұзамай толық айығып шықтым. Қазір онколог дәрігерлердің жіті бақылауындамын. Барлығына айтарым, уақыт созып жүріп алмай, күдіктенсеңіз бірден дәрігерлерге қаралу керек. Ертерек емделсеңіз, жаман ауруды да жеңуге болады екен».
Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды реттеп, онкология ауруына шалдыққандар санын азайту үшін медицналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет,-дейді дәрігерлер. Ал, тұрғындардың мамандардың шақыруына бей-жай қарамай, әр тексерістен уақытылы өтіп тұрғандары абзал болмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 284
https://www.youtube.com/embed/gvXu2n1bjQo?si=zIDhVl64_s5GLy1I"
Батыс Қазақстан облысында табиғаттың тосын мінезі елді әбден әбігерге салды. Қала іргесінде орналасқан Подстепное ауылы тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Қатты жел салдарынан тұрғын үйлердің шатыры ұшып, елдімекен жарықсыз қалды.
БҚО өңірінде соққан қатты желдің салдары Подстепное ауылына қарасты Жарқын шағынауданындағы тұрғын үйлеріге зардабын тигізді.Салдарынан тұрғын үйлердің шатырларын жұлып әкеткен. Жауапты мердігер мекеме өкілінің айтуынша, қазір тіреу ағаштарын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн райы қалыпқа келіп, жел басылғаннан соң шатыр жабынын жөндеуге кіріспек.
ЕСЖАН ШОНАЕВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға берілді. 5 жыл кепілдік мерзімі бар. Сол себепті қалыпқа келтіру жұмыстары біздің қаражат есебінен жүргізіледі. Шығын көлемін әлі есептейміз».
Екпінді желдің кесірі электр желілерінің де үзілуіне сеп болған.Бүгінде 4 елдімекен жарықсыз қалған.
МЕЙІРБЕК СҰЛТАНОВ ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ауа-райының тосын мінезі БҚО-да ғана емес, көрші өңірлерде де байқалып тұр. Инфрақұрылымдық жүйелерге зардабын тигізуде.
Еще материалы
Страница 97 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.