
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 571
https://www.youtube.com/embed/khRbrcK6yhY?si=tSE2cxZ0e8WY1xr0"
Өндірістік орындарда кадр тапшылығы бар.Осынау олқылықтың орнын толтыру үшін,кәсіптік техникалық білімі бар мамандар қажет.Бүгінде Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен айтулы мәселені реттеу үшінмаңызды қадамдар жасалып жатыр.
«Жас маман» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан бырлық кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарына қыруар қаржат бөлініп, жастардың практикалық тұрғыдан шыңдалуына мынадай техникалар алынған болатын. Қала басшылығы жаңа технологияның күшімен өндірілетін өнімдерді кәдеге жаратуға байланысты маңызды міндеттер жүктеген.
БОЗЫМБАЕВ АЭМК ДИРЕКТОРЫ
Білім мекемесінің өндірістік базасымен танысқан жұмыс беруші тарап,көптеген өзекті мәселелерді талқылады. Мақсат, өз ісін жетік меңгерген жастарды үйрету, жұмысқа қабылдау. Тағы бір айта кететін мәселенің бірі, бұл жерде кәсіпкерлердің жеке қаражатының есебінен білімді жетілдіру орталықтарын салуда.
АЯН МЫРЗА КӘСІПКЕР

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 538
https://www.youtube.com/embed/NML-SHg7V28?si=ied2o5cqdeIj92jM"
Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданында Қарасай,Жамбыл аудандарының құрметті азаматы, спорт ардагері Ыбытаев Сейітқали қажы Есімбекұлының құрметіне арналған кіші жасөспірімдер арасында бокстан V-ші ашық Республикалық турнир өтті. Шараға арнамызда қатысып қайтқан еді.
Жыл сайын дәстүрге айналған шараға еліміз бойынша 8 облыстан жалпы саны 161 спортшы 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы жарысқа қатысушыларды құттықтай отырып, салтанатты түрде шараны ашты.
ӘДІЛБЕК ҚАМБАРҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биылғы турнирдің ерекшелігі көрші Өзбекстан мемлекетінен де арнайы келген 12 спортшы бағын сынады. Шаршы алаңның шаңын шығарып жеңімпаз тұғырына көтерілген спортшылар марапатқа ие болмақ.
ЕЛАМАН ЖҰМАШЕВ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Еліміздің ертеңі жастарымызды дұрыс жолға бағыттап,елін жерін сүйер азамат қылып өсіру, әлем алдында халқымыздың мәртебесін асқақтатар ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз дейді ауданның құрметі азаматы.
СЕЙІТҚАЛИ ҚАЖЫ ЫБЫТАЕВ
Бүгінгі турнирде Өзбекстандық қарсыласынан басым түскен Жамбыл ауданының тумасы Бекнұр Жұмабек бапкерінің үтітін ақтап,болашақта еліміздің көк байрағын желбіретер чемпион болуды мақсат еткен.
БЕКНҰР ЖҰМАБЕК ЖЕҢІМПАЗ
Бүгінгі шараның өскелең ұрпақтарымыздың бойына ұлттық рух сыйлап,жан дүниелері не елінің мақтанышы болу бақытын сыйлағанының куәсі болдық.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 481
https://www.youtube.com/embed/IFvI7m-RnVM?si=rH2Je_v9XX_sjz1s"
Ақтау қаласының іргесінде орналасқан Атамекен елді мекенінің тұрғындары ауыл ішіндегі жолдың жоқтығына наразы. Көпшілік қарапайым такси қызметіне де зәру екендерін айтып ашуын білдірді. Себебі шақырту алған көлік үйдің маңына келмей көшенің басынан күтеді екен. Ал таксидің көшеге кірмеуіне жолдың жоқтығы себеп.Қажетті инфрақұрылымнан мақұрым қалған ауылдық ағайын, бұл жағдай мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қиын екенін алға тартуда.
Ауыл тұрғыны Роза Алламбергенова жол азабын көріп жүргеніне 20 жылдай болғанын айтады. Сал ауруымен ауыратын 24 жастағы қызын әрі-бері тасу үшін діттеген жеріне жете алмай әлек.Такси шақырса, үйдің маңына келмейді. Амал жоқ, көшенің басына жаяулатып баруға тура келеді. Ал жыңбыр жауған күндерді айтпасақта түсінікті.
РОЗА АЛЛАМБЕРГЕНОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
«Такси шақырсам, мына көшені біліп алған, бір такси келмейді. Мен үйімнен мына полинклиникаға 3 км шықпайды. Соған 2500 теңгеге апарамын. Қайтып келе жатқан кезде такси ана жерден мысалы мына көшеге кірмейді. Үйімнің қасында магазин бар. Соған келе жатқан доставкаға екі-үш рет мініп келгенмін».
ЖӘМИЛА АБАЖАНОВА АУЫЛ ТҰРҒЫН:
«Мына жолымыз жаман. Бала-шаға сабаққа бара алмайды. Шаң, көше тар, машиналар білмим қалай жүргендерін. Жаңбыр жауса ешқайсымыз жүре алмай қаламыз. Мына тұрғындарға қиын болып жатыр».
Тақтайдай болу керек тас жолдың бүгін-ертең төселетін түрі жоқ. Алдымен бұл жерге кәріз құбыры жер астына салыну керек. Содан кейін асфальтты реттейміз дейді жергілікті билік өкілдері.
АБЗАЛ ТАСТАНОВ - АТАМЕКЕН АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бұл жұмысқа асфальттау қызметі кірмейді. Жолдарды күтіп ұстау, знактарды ауыстыру, сырлау, және жол белгілерін сызу, көшелерге құм төгу жұмыстары, аталған жұмыстар белгіленген жоспар бойынша жасалады, мамыр айының басында “Арман” тұрғын үй массивін қойып отырмыз жоспарға».
Ауылдың мәселесі бұл ғана емес,көше жарықтары да сын көтермейді.Көбісі күйіп кеткен.Айтулы жағдайды реттеуге әкімдік тағы да уәдесін үйіп-төгіп отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 383
https://www.youtube.com/embed/KGFB96lCaAk?si=HxqGzxRLFZLnhLKq"
Алматыдағы автобус апатына кінәлі деп танылған Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үш адамның өмірін қиған қоғамдық көліктің апатына қатысты қылмыстық іс бойынша бүгін жарыссөз өткен болатын, онда айыпталушы өз кінәсін мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Сотталушы көзіне жас алып тұрып, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұраған еді. Алайда, жәбірленуші тарап бұл үкіммен толық келіспейді. Олар автобус жүргізушісі мен автопарк басшылығы да жазаға тартылуы керек дейді.
ДАРХАН АХМЕТЖАНОВ СОТТАЛУШЫ: «Бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Бар ойым үйге жету болатын. Жеп жүрген нанымды адал еңбекпен тауып жүрген қарапайым құрылысшымын. Үш ұлдың әкесімін. Құрметті сот мырза, осыларды ескере отырып маған берілетін жаза жеңіл болғанын қалаймын және өтінемін. Қайтыс болғандардың туыстарына, бала-шағаларына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алғандардың жазылып кетуін тілеймін. Өзімнің отбасымнан кешірім сұраймын».
ТАКЕН ШӘКІРОВ СУДЬЯ: «Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес, жазаны неғұрлым қатаң тағайындалған жазаны сіңіру арқылы Дархан Ахметжановты түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын».
Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Естеріңізге саламыз, қайғылы жағдай 2023 жылдың 22 желтоқсанында болды. Сол кезде жергілікті полиция №47 автобустың жолаушысы жанжал кезінде жүргізуші әйелді ұрды,содан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалды деген қорытынды шығарған болатын.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 377
https://www.youtube.com/embed/Sw9k30wqgBk?si=hNTAa63bFlgGusfe"
БҚО төтенше жағдай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 70-тен астам учаскесіне зардабын тигізген. Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде.
БҚО 58 автомобиль жолының 36 учаскесін су басқан. Олардың ішінде 2 республикалық маңызы бар жолдың 5 учаскесі су құрсауында қалды.
БАУЫРЖАН АЙТМАҒАМБЕТОВ БҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 1 мамырда аяқталуы тиіс. Облыста 1 466 су өткізгіш құбыр орналасқан.
БАУЫРЖАН АЙТМАҒАМБЕТОВ БҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 403
https://www.youtube.com/embed/COdPHzRx7uE?si=2Kix3oSfo26KaGtJ"
Жалған полицей. Ия, мұндай да болады. Шымкентте полиция атын жамылып, үш алаяқ қала тұрғындарын қорқытып, ірі көлемде халықтан ақша бопсалаған. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Ішкі Істер министрінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев хабарлайды.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/4WpGQXVagiY?si=hXYdlxKBSgB9yhuc"
СҚО көпбейінді ауруханасына жаңа технологиялар әкелінді. Енді нерохирургиялық ем жүргізу кезінде дәрігерлерге ота жасау анағұрлым жеңіл болмақ. Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында оқудан өткен солтүстікқазақстандық дәрігерлер жаңадан әкелінген технологиямен екі науқасқа ота жасап көрген. Барлығы сәтті өткен. Сондай ақ, статистика бойынша бас мидың аневризмасы әлемде адамдарың шамамен 5%-ында кездеседі, бірақ бұл патологияда өлім деңгейі жоғары. Бұл ауру көбіне инсульттің дамуына әкеледі. 2024 жылдың 3 айында 7 науқас өңірден тыс жерде емделген.
РУСЛАН КРЕМНЕВ СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Біз мидың күрделі аневризмасына ота жасауды меңгердік. Енді науқастарды өзімізде емдейтін боламыз. Бұған дейін науқастар Астана қаласында ем алған болса, енді бұл емді өз бөлімшемізде жүргізетін боламыз».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 372
https://www.youtube.com/embed/134tQDAAklI?si=8JmTwUD1yiOZcbI0"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 461
https://www.youtube.com/embed/m0cm6cggZW8?si=j4cc-_XMe2eMnDKN"
Жүргізуші куәлігін алу және көлікті тіркеу бойынша құжатқа 53 түзету енгізілді. Назар салыңыз! Енді бұдан былай рөлге отырамын десеңіз, автомектепте оқуыңыз міндетті. Себебі, соңғы жылдары жүргізуші куәлігін жаңадан алғандар ережені бұзып, жол-көлік апатына көп түседі. Одан бөлек, енді басқа аймаққа көшсеңіз, жоғары сұранысқа ие нөміріңізді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Бұл туралы ішкі істер министрінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды. Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 296
https://www.youtube.com/embed/yHY6b9yKWiE?si=dsi94xQOQvN3CVs9"
«Ешкім қолдаусыз қалмайды!». Осылай деген СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жатақханасында жатқан тасқын судан зардап шеккен қарашамен кездескен кезінде уәде берді. Әкімнің сөзінше зардап шеккендерге бірреттік төлем жасау үшін 900 млн теңге бөлінген.
Тұрғындар орналастырылған нысан 244 адамға арналған. Қазіргі уақытта 228 жерлесіміз сол жерде күн көруде.
Жатақханада тұрғындарға қажеттінің бәрі бар. Іші жылы.Халық өз ризашылығын білдіруде. Тұрғындардың өз қажеттіліктерін алуы үшін жақында тағы 150 АЕК бөлінбек.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 537
https://www.youtube.com/embed/3HBOBxuvshc?si=NXlsQEAH9VKpAEJz"
Қазақ кәсіби сурет өнерінің тау тұлғасы, аса дарынды дарабоз суретші – Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл. Осы мерейтойға орай Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Нұра ауылында бейнелеу өнерінен «Құнды мұра» атты көрме-байқау ұйымдастырылды. Шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
Қазақ көркемсурет өнерінің қоржынына үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картиналар қалдырған ұлы суретшінің мерейтойының құметіне ұйымдастырылған бүгінгі шара аудандағы білім ордалары мен қатар балабақшалардағы суретші ұстаздардың басын қосты.Байқаудың басты мақсаты бейнелеу өнерінде ұлттық өнерімізді дәріптеп, білім беру саласында да үлесін тигізбек.
ЫСҚАҚ САЛМАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ НҰРА АУЫЛЫ О.ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Байқау түріндегі көрмені ұйымдастыруға аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті мұрындық болған.
АРАЙЛЫМ ТӨЛЕУБЕКОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІІҢ БАСШЫСЫ
Көрмені әдебиет әлемінде қалам тартып жүрген жазушыларда тамашалады. Таланттардың тамыры ауылда екенінің куәсі болдым деп ағынан жарылды қаламгер ағаларымыз.
СҮЛЕЙМЕН МӘМЕТ ЖАЗУШЫ
Көрмеге қойылған әр туынды да ұлттық рухымыз көрініс тапқан.Дарынды жастарға қолдау көрсетіліп,өз деңгейінде дәріптелсе деген ой түйіп қайттық шарадан.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 393
https://www.youtube.com/embed/iVt4L7WH7wU?si=WrbuYWRyD-RNtaG9"
БҚО да су басқан аймақтардан 4935 мал басы аман құтқарылды.Өкінішке орай 341 бас ірі қара, 63 жылқы,1741 қой шығын болған. Бүгінгі таңда өлекселер өртеліп, толығымен жойылған.
Тасқыннан аман қалған төрт түлікті қауіпсіз жерге көшіру қарқынды жүргізілуде. Ыңғайлы деген мына жерге жұмыртұяқ пен аша тұяқтылардың біраз басы жеткізілген.
СЕРІК НҰРМАҒАНБЕТОВ БҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Қазіргі уақытта біздер “Шамшырақ” АӨК аумағында тұрмыз. Бұл жерде Куриный, Борлы тау, Коминтерн және 1, 2, 3-ші саяжайлардағы тұрғындардың малы орналасқан. Осы жер қауіпсіз деп белгіленген болатын. Су тасқынының алдында осы орынға 64 бас ірі-қара, 46 бас қой және 10 бастың үстінде жылқы жеткізілді. Қазіргі таңда тағы да мал басы әкелініп жатыр. Әрине, кері алып кетіп жатырғандар да бар».
Аман қалған төрт түліктің біраз басын қауіп қайтқан соң мал иелері қайта алып кеткен. Мұндағы қалған малдарға жем-шөп беріліп, уақытылы суарылады.
ЕРТАРҒЫН ЛЕКЕНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Осында 9 бас алып келдім. Жүр әзірге таңертең, кешке келіп жайлап кетеміз. Саумаймын, барлығы емеді. Бұзаулары өзімен бірге».
Жағдай орын алғалы өңірдегі 8 мал моласын су шәйған. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылында сібір жарасына арналған 3 көміндіні су басқан. “Орал обаға қарсы күрес станциясының” көмегімен ол жердің топырағы сынамаға алынып, зерттеуге жіберілген.
ЕРЛАН ИЩАНОВ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Төтенше жағдай басталғалы бері осының басына 95 бас ірі қара, 10 бас жылқы, 47 бас ұсақ мал келді. Төлдердің бәрін сырғалап жатырмыз. Диагностикалық зерттеу жергізіп жатырмыз бруцеллез ауруына қарсы. Сосын вакцинациялар жүріп жатыр. Сібір жарасына ортасына интервалдарын салып содан кейін аусул ауруына қарсы іс-шаралар атқарылуда».
Өлген барлық төрт түлік толық өртеліп, орны дезинфекцияланған. Қазіргі таңда ветеринар мамандар эпизоотияға қарсы іс-шаралар атқарып жатыр.
Еще материалы
Страница 95 из 230
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.