- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 256
https://www.youtube.com/embed/bs6LZpQSTJU?si=OzzBvtDwEsoQJ3SN"
Үш күнге жоспарланған "Digital Almaty-2024" алаңы бүгін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен өткен халықаралық форумның пленарлық сессиясымен жалғасты. Үкіметаралық кеңеске Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Арипов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Пленарлық отырысқа дейін Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары халықаралық форумның 300-ден астам отандық және халықаралық компанияның, цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрмесімен танысты.Digital Almaty форумында үздік қазақстандық IT-компаниялар мен стартаптар өз жобаларын таныстырды. Алақан тамырларының суреті бойынша бірегей сәйкестендіру технологиясы бар биометрия жүйесі, өндірістік деректерді растау жөніндегі ЖИ платформасы, жабдықты пайдалану мен оның беріктігін басқару жүйесі, өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрландыруды енгізу жөніндегі ақылды бейнебақылау платформасы сынды отандық жетістіктер көрсетілді.
Алматыда өтіп жатқан “Digital Almaty-2024” форумында сөз алған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ЕАЭО елдеріндегі ІТ-нарықтардың дамуына мультипликативті әсер беру үшін сенімді серіктестік алаңы қажет екенін айтты.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстанда мемлекеттік басқару цифрлық трансформациялау жолымен жүріп жатыр. Бүгінде біз FinTech және GovTech сияқты салаларда әлемдік жетекші жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Біздің еліміз цифрлық шешімдердің күнделікті өмірге енуінің жоғары деңгейіне қол жеткізді. Бұл мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында мүмкін болды. Цифрландыру – елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 284
https://www.youtube.com/embed/RJRvzmdooCI?si=6aFjb3EEjkAj_l6X"
Алматыда түнімен таңға дейін 10 сантиметрге жуық қар жауды. Қалың түскен ақ ұлпа,көлік қозғалысын қиындатты. Салдарынан сағаттап көлік тығыны орын алды. Қалада көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын, тротуарларды жинауға мамандандырылған 452 дана техника, 1200-ге жуық адам жұмылдырылды. Жолға көктайғаққа қарсы реагенттер себіліп, аялдама, қоғамдық пайдалану орындары мен аула аумақтары қардан тазартылды.
ДУЛАТ ӘШКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазгидромет» ел аумағында 2 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.Синоптиктердің дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Мамандардың айтуынша оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күшейе түспек.Еліміз бойынша тұман, боранмен бірге желдің жылдамдығы артып, оңтүстік, оңтүстік батыста көктайғақ болмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 299
https://www.youtube.com/embed/OKiVq1DPfDw?si=cltftjRYeOuB4uNk"
Ақмола облыстық балалар ауруханасында екі күнде 3 бала көз жұмды. Олардың екеуі 2022 жылы туылған сәбилер, туа бітті кемістіктері болған.
Көз жұмған ұл бала Степногорск қаласының тұрғыны. Туа бітті кемістігі болғандықтан ата-анасы бас тартқан болып шықты. Кардиолог, невролог дәрігерлердің есебінде тұрған. Өткен жылы 6 рет ауруханаға түсіп, үш рет жансақтау бөлімінде жатқан. Аурухана директорының айтуынша, мұндай диагноздары бар балалардың ғұмыры тым қысқа болады. Оған дайын болған ата-аналардың аурухана қызметкерлеріне еш шағымы болмапты. Балаларының денесін ешқандай талап арызсыз алып кеткен. Ал, үшінші бала Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 10 жасар тұрғыны. Ата-анасы ұлдарын сүндеттемек болып, 28-ші қаңтар Көкшетауға алып келген. Ақ халаттылардың айтуынша ота сәтті өтіп, бала үйіне жіберілген. Бірақ, араға бірнеше күн салып балаларын ауруханаға қайта алып келген. Өкінішке орай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты.
МҰХТАР ДОСХОЖИН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Ата-аналары баланы 17-00 де өздері алып келді. Бірден хирургия бөліміне апардық. Жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап, қажетті шаралардың барлығын жасады. Бірақ, өкінішке қарай 18-20-да бала көз жұмды. 40 минут бойы жасалған реанимация ешқандай нәтиже бермеді».
Алдын ала диагноз анафилактикалық шок немесе өкпе артериясының бітелуі. Оқиға орын алғаннан кейін дәрігерлер құқық қорғаушыларды шақырып, сот-медициналық сараптамаға жіберген. Әзірге, нақты салдары анықталған жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 263
https://www.youtube.com/embed/XCybBCHBS0w?si=aHxb17DoH4-N-k0w"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/yDfHlVGtUac?si=UeQPJhzGJeQJCnV7"
Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 қаңтар күні тоғыз жастағы бала денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Алматыдағы №2 қалалық балалар ауруханасына түскен.Баланы ауруханаға қабылдау кезінде ата-анасы АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жасырған. Бала комаға түскен. 24 қаңтарда оқушыны Қарасай аудандық ауруханасына ауыстырған.Белгілі болғандай, бұл отбасында қайтыс болған баладан бөлек, анасы мен әкесі де АИВТ жұқтырған. Ерлі-зайыптыларға диагноз 2016 жылы қойылған.
САЙРАНГҮЛ ҚАСЫМБЕКОВА ҚАЗАҚ ДЕРМОТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 369
https://www.youtube.com/embed/gMu3MkLNEMg?si=kyVW94z0wQWrw8hB"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.Кездесу аясында Президентке ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді.Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалады.
НҰРЛАН САУРАНБАЕВ «ҚТЖ» ҰК АҚ ТӨРАҒАСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 275
https://www.youtube.com/embed/OEjlt7ufC3U?si=jDhUxBmrUdPXqEV5"
Төтенше жағдайлар министрлігі қар көшкінін бақылауда ұстап отырмыз, алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді. Айтуларынша, қажеттілік туындаса 115 маман мен 16 құрылым бригада және 72 бірлік техника дайын тұр. Ал, қыста синоптиктер жаряилаған дауылды ескертуге құлақ аспай жолға шығып кетіп боранда қалған 10 мыңға жуық адам құтқарылған. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров айтты.
ЖОМАРТ АСҚАРОВ ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қар үйінділерінің салдары бірнеше облыста автожолдарда кептелістің болуына алып келді. Жалпы қар үйінділерінің салдары Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының автожолдарында кептеліске әкеледі. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, дауыл туралы ескертулерді елемейтін, сондай-ақ жазғы дизельді пайдаланатын жүргізушілер негізінен қар құрсауында қалады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 273
https://www.youtube.com/embed/KpK13P4SELQ?si=Li8VTti8ZyLscBut"
Солтүстік Қазақстандық полицейлер есірткі сатушылардан құралған ұйымдасқан топты ұстады. Күдіктілерді ұстау кезінде 50 келіге тарта аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді.
Аймақтық полиция департаменті құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Петропавл қаласына аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізу және тарату арналарын бірнеше ай бойы зерттеген.Нәтижесінде зиянды заттардың аса ірі көлемі ел астанасынан жеткізіліп, басқа өңірлерге таратылып отырған.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Өткен жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласына Петропавл қаласына есірткі заттарын жеткізген қылмыстық топ туралы ақпаратты алды. Мамыр айында осы қалаларда қылмыстық топты анықтау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде топты басқарған адам және жеті қатысушы ұсталды».
Күдіктілерді тұтқындау кезінде 50 келіге тарта аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленіп алынды. Оның 81 грамнан астамы – гашиш. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен сараптама жұмыстары аяқталды.Қозғалған іс материалдары сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 279
https://www.youtube.com/embed/dns2ZAkJFTU?si=Z7k3OsZIf2-YKBE3"
Перуда Лима өңіріндегі Уарал жағалауында нөсер жаңбыр салдары көшкінге ұласты.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: "Колпының термо ванналарының жанында болғандықтан, күйеуім екеуміз шомылуға бардық. Шомылып жүріп қатты шу естідік. Шығып, көшкін жақындап қалғанын көрдік ".
Лай көшкіні үйлер мен инфрақұрылымға зақым келтірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Жергілікті тұрғындар көшкін салдарын тазалауға кірісті.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Біз тек өңірлік билік пен мәдениет министрлігінен қолдау сұраймыз, өйткені біздің керемет Уарал - туристік көрікті жер».
Уаралдың азаматтық қорғаныс басқармасы келтірілген заларды есептеп, осы аудандағы экономикалық шығындарды анықтауға кірісті. Нөсер Перудің басқа өңірлеріне де апат әкелді. Хунин департаментінде төгілген өзен көпірді су басып, қатты ағыстан автобус тұрып қалды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 305
https://www.youtube.com/embed/eQpvlGXdqsQ?si=WVt8TIbeCnzhTLnR"
Бас-аспазшы Шарль Гийуаның жасымық сорпасы Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортщыларға ұсынылатын тағамдардың бірі.
Күн сайын 15 мың адамға, олардың талғамы мен тәбетіне қарай тағам дайындау үшін 40 тоннаға дейін азық-түлік дайындалады. Ас мәзірі қазірдің өзінде 550 тағамды қамтиды. Гийуа Париждің солтүстігіндегі Олимпиада ауылына тәулік бойы тамақ жеткізуге жауапты болады. Ол 206 елдің қатысушыларын тамақтандыратын 300 адамнан тұратын команданы басқарады. Оның компаниясы теннистен Францияның ашық чемпионатына қатысқан ың спортшыларды және Француз ұлттық футбол институтының спортшыларын тамақпен қамтамасыз еткен.
ШАРЛЬ ГИЙУА -АСПАЗ: "2024 жылы Парижде өтетін ойындарда біз бүкіл әлемді дастархан басында қарсы аламыз, сондықтан да осындай қызмет түрімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керемет. Әрине, қиындығы да жоқ емес. Ол спортшылар санының 15 мың болуында".
Аспаз тағамдарды дайындау кезінде қолданылатын ингредиенттердің 25% -ы жергілікті өндірістен екендігін айтты. Бұдан басқа, наубайхана ашылып, спортшылар багет жасау бойынша шеберлік сыныптарына шақырылады. Аспаз өз қызметін Олимпиада ойындарының басталуына 16 күн қалғанда, 10 шілдеде бастайды. Кейтеринг Паралимпиада аяқталғаннан кейін төрт күн өткен соң 12 қыркүйекте аяқталады. Гийуаның айтуынша, барлық қонақтарды тамақпен қамтамасыз ету үшін ауылда тәулік бойы 1000 адам жұмыс істейтін болады.
ШАРЛЬ ГИЙУА — АСПАЗ: "550 рецептіні ойлап шығара отырып, біз әртүрлі аллергиялық, этникалық, мәдени және діни айырмашылықтарды ескердік. Глютенсіз, лактозасыз және халал өнімдерді қостық. Осының бәрін Олимпиада ауылынан табасыз ".
Күн сайын спортшыларға 40-қа жуық түрлі тағам ұсынылады. Сол жерде диетологтар да жұмыс істейтін болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 356
https://www.youtube.com/embed/4WQZ5Z1IrAY?si=wzAOyfNL9cponSaD"
Алматыда «Digital Almaty-2024» болашақтың цифрлық эволюциясы VI цифрлық форумы өз жұмысын бастады. Осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған форум биылғы жылы 1-3 ақпан күндері аралығына жоспарланған.
«Digital Almaty» - бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар және IT-қоғамдастық бас қосатын алаң. Бұл жерде стартаперлер өз идеяларын көпшілік назарына ұсынуға және инвесторлар табуға мүмкіндік мол. Осы жылғы форумның салтанатты ашылуында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин арнайы келді.
БАҒДАТ МУСИН ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ
Өткен форум аясында ұсынылған идеялар қолдау тауып келеді. Үміттерін үкілеп шараға қатысуға келген өнертапқыш жастардың жұмыстары жайлы сұраған едік.
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ
Форум аясында көптеген қызықты сессиялар мен көрмелер жоспарланған.Үш күнге жоспарланған ауқымды шарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары да бас қосып, тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту жайын қарастырады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 301
https://www.youtube.com/embed/skU4ibgtuNE?si=2btssRNe5kp95zIa"
Блендерге саусағы қыстырылған адамға көмек көрсетілді. 2024 жылдың 31 қаңтарында сағат 10-нан 55 минут өткенде Қызылорда қаласындағы Жеңіс көшесіндегі пәтердің тұрғынынан 20 жасар азаматтың саусағы блендерге қыстырылып қалғаны туралы шақырту түсті.
Аталған мекенжайға жеткен құтқарушылар арнайы құрылғымен блендер аппаратын кесіп, оның саусағын құрылғыдан шығарып берді. Қазіргі кезде Ковашев Тимурдың жағдайы қалыпты. Бозбаланың анасы Лаура Оспанова құтқарушыларға зор алғысын білдірді.
Еще материалы
Страница 101 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.