- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 970
https://www.youtube.com/embed/xONudqFQH18?si=bZNIokltpCMtf5n4"
COVID-19-дан өлім-жітімнің күрт артуына байланысты Қытай халқының саны екінші жыл қатарынан азайып келеді.
Өткен жылы ҚХР билігі кенеттен барлық антикоронавирустық шектеулерді алып тастады, ал биыл қыста елде респираторлық аурулар толқыны көтерілді. Әсіресе диагностикаланбаған өкпе қабынуы кең көлемде таралды. Аурудың ауыр түрімен және өлім-жітімнің жоғары болуымен сипатталады. Бұл ретте одан балалар да, ересектер де зардап шегеді. Демографтардың бағалауынша, Қытайдағы халық саны туралы деректер көрсеткендей, 2023 жылы жаңа туылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда тоғыз миллион 560 мыңды құраған. Мұны аурулардан болатын өлім-жітіммен ғана емес, басқа да мәселелермен де түсіндіреді: қартайған халық пен бала күтіміне кететін шығынның жоғары болуы.
Бұған биліктің 1979 жылдан 2015 жылға дейінгі «Бір отбасы - бір бала» деп аталатын ұзақ мерзімді саясаты әсер етті. 2022 жылы Қытай халқы 60 жыл ішінде алғаш рет азайды. Бұл тарихи бұрылыс халықтың қысқаруының ұзақ кезеңінің басы болады деп күтілуде. Бұл Қытай мен әлемнің басқа да экономикасы үшін терең салдарға әкеледі. Халықтың қартаю проблемасы ерекше өткiр тұр. 2035 жылға қарай 60 жастан асқан қытайлықтар 400 миллион болады деп күтілуде. Бұл - Құрама Штаттар халқынан көп. Қазір олардың саны шамамен 280 миллион. Айта кетерлік жайт, өткен жылы Қытай әлемдегі ең халқы көп ел болудан қалды. Бұл атақты одан Үндістан алды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1011
https://www.youtube.com/embed/4m50X-ImRKc?si=abgk4Rr4eHUYHout"
Жастарды тұмса табиғатты аялауға шақыру,кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Іле-Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің мамандары ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Жылдағы дәстүр бойынша қысқы маусымның ашылу салтанатын өткізді. Айтулы мекемеге қарасты Талғар филиалының мамандары ауданда оқитын оқушыларға мереке сыйлады. Шара аясында ұлттық парк қызметкерлері ұлы даламыздың басты байлығы табиғат екенін айтып,оны қорғаудың қаншалықты қажетті екендігін түсіндірді.Сонымен қатар жануарларды қастерлеуге байланысты маңызды ақпараттарымен бөлісті.
АЙГЕРІМ ШАЛҒЫМБАЕВА ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП ТАЛҒАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ЭКОЛОГ МАМАНЫ
Саф ауамен тыныстаған жастар тау бөктерінен сырғанап,аққала жасап көтеріңкі көңіл-күйде болды.Сонымен қатар табиғат тақырыбына бағытталған ақындардың жырларын жарыса айтып жатты.
АРУЖАН ҚУАНЫШБЕК ОҚУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 993
https://www.youtube.com/embed/2oDP14rwhlw?si=omlJmNoat4cI59sg"
Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби бабамыздың есімін иеленген қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ 90 жылдығын атап өтті. Айтулы шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
1934 жылы 15 қаңтарда алғаш 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар. Білім ордасының бұл қуанышына университет қабырғасынан түлеп ұшып қазақ елінің ғылымы мен біліміне өз үлес терін қосқан академик ғалымдар,көрнекті тұлғалар,ұстаздар мен шәкірттер қауымы бір кісідей ат салысты. Шарада тамыры тереңде жатқан қара шаңырақ жайлы деректі фильм көрсетіліп, оқу ордасының басшысы құттықтауын жолдады.
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ
Білім ордасы 2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысымен «зерттеу университеті» мәртебесіне ие. Ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп,соңғы үш жылда университет ғылымынан түскен табыс екі есеге артқан. Бүгінгі мерекеге орай Ал химия және химиялық технология факультеті гальваникалық қаптамалардың ғылыми-өндірістік орталығын ашты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған орталықта металдарды өңдеудің жаңа технологиясы ұсынылады.
АЛИНА ГАЛЕЕВА ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бұл ғылыми-өндірістік орталық машина жасау зауытынан, темір жол автоматикасына арнайы жабын алуға қажетті электр жетегінен түскен сұраныстың арқасында ашылды.
Біз әзірлемелерді жүргіздік, кейіннен жаңа технологияларды әзірледік. Жыл сайын өткізілетін байқаудың арқасында біз ғылыми қорды коммерцияландыруға ұсындық».
Университтетің 90 жылдық мерейтойы аясында ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Жыл бойы тойланатын мереке аясында конференция,симпозиумдар,ғылыми танымдық кітаптарды жарыққа шығару жоспарланып отыр. Сондай ақ шарада ғылым саласына үлес қосқан академик ғалымдар алғыс хаттармен марапатталды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 984
https://www.youtube.com/embed/m4EID95RxXU?si=4dPAqEH1z5vl-exV"
Естеріңізде болса, өткен жаңалықтарда Каспий теңізінің сәнін келтіріп тұрған қанаттылардың қырылып жатқанын айтқан болатынбыз. Бүгінде осы оқиға Қарақия ауданының Құрық ауылында тіркелді. Қырылған аққу саны мыңға жуықтады. 11 қаңтар күні теңіз жағасынан 20 аққудың өлексесі табылған.
МҰҢАЛБАЙ САНСЫЗБАЕВ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: "Бұл жердің өзінде де 20 басқа жуықтаған аққу құсының өлігі табылған. Күнделікті жергілікті атқарушы органдармен қазір тапсырмалар беріліп, шаралар алынуда. Біздің міндетіміз табиғатта қазіргі уақытта құс өліміне байланысты облыстың териториясында бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізу.Қанғыбас иттерді шектеп, мына аққудың өліктерін сол иттердің алып кетпеуіне соған жұмыс жүргізіп жатыр бәрі".
2006 жылдары осындай жағдай орын алған көрінеді. Дегенмен ол уақыттарда қанаттылардың өлекселері теңіз жағасынан табылмаған.Қарақия ауданы бойынша 2672 үй құсы тіркелген. Былтыр күз айынан бері құс тұмауына байланысты 2000-ға жуық екпе салынған.
АМАНГҮЛ АТАКАЕВА ҚҰРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ МЕД-ПУНКТ БАСШЫСЫ:"Қазіргі кезде біз теңіз жағалауындағы аққулардың өлекселерін алып, арнайы өртейтін жерге апарып өртеп жатырмыз. Кешелі 12 бас аққуды өртесек, бүгін айналаны мал дәрігерлері тексеріп, аққуды өртегелі жатырмыз. Жалпы бұл құс тұмауы өте жұқпалы".
Арнайы мамандар сараптама жұмыстарын да жасауда. Әзірге нақты неден болып жатқаны беймәлім. Аудан әкімдігі іс-жүргізу шараларын бастап кетті. Оқиға бойынша жұмыс жасап жатқан мамандар біраз уақыт тұрғындарға жағалауға келмеуін және үй жануарларын барынша сақтықта қадағалауын, мүмкіндік болса оларға арнайы екпе салдырып алғандары жөн деп дабыл қағуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 920
https://www.youtube.com/embed/OWqHdbIBqZ0?si=lllJTDWzGElf4wX0"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 849
https://www.youtube.com/embed/MTY9VM6QZr4?si=ARbZgvDYThIz2Fw5"
Кеше түнде Алматының Алмалы ауданында орналасқан құрылыс материалдары және лак-бояу өнімдері сақталған қоймадан өрт шықты. Қызыл жалынды ауыздықтауға 100- ден астам маман жұмылдырылды.
Отқа оранған мына қоймада құрылыс материалдары сақталған. Атап айтар болсақ, тез жанатын битум және лак-бояу өнімдері. 500 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынның көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады.
ТІЛЕУБЕРДІ МӘДИЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Өртте штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылды, негізгі басым міндеттер айқындалды. Оны сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды».
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды үш сағатқа уақыт сөндірді. Оған 21 бірлік техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 873
https://www.youtube.com/embed/SfPualv9uVk?si=a3Q_d2Z2apdX1biS"
Оралда жыл басынан бері тауық жұмыртқасы 2 есеге қымбаттаған. Кейбір сауда орындарында он шақты жұмыртқаның құны 800 теңгеге жетеді. Үй тауығының жұмыртқасы 850 теңге. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тізбесіне С-1 санатындағы жұмыртқа енгізілген әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ғана бақылауға құқылы екенін мәлімдеді.
Өңірде тауық жұмыртқасының бағасы өткен жылдың соңында көтеріле бастағанымен соңғы 10 күнде шекті деңгейге жетті. Импорттықтың да, отандық жұмыртқаның да бағасы тез өсуде. Он жұмыртқаның құны 850 теңге. Жергілікті базардағы сатушылар мұны маусымдық құбылыс деп бағалап отыр. Сонымен қатар үй құстарына арналған азық пен дәрумендердің қымбаттауымен байланыстырады. РАЯ ДОСАЕВА САТУШЫ: «Қыс мезгілі болғандықтан біріншіден. Нарықтағы бағасынан аса қымбаттатып сата да алмаймыз халыққа. Алайда біз саудагер болғандықтан қосамыз ғой. Қазір тауар күн салқындауына байланысты аз келеді».
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енген өнімдердің бағасы ғана бақыланатынын айтады. Олардың қатарында жергілікті өндірушілердің С-1 санатындағы жұмыртқалары бар.
ЭЛЬМИРА ҚЫМБАТОВА БҚО САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрақтандыру қоры арқылы сатылатын «С-1» санатындағы жұмыртқаның бағасы осы жылдың сәуір айына дейін сақталатынын атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 832
https://www.youtube.com/embed/ZFiV--Cd8RY?si=tzJNWTVwu615NzvO"
Meta жас пайдаланушыларға зиянын тигізетін және өмірлеріне қауіп төндіретін контентті толықтай жасыратын болады деп хабарлайды. Компанияның сөзінше, жасөспірімдер зорлық-зомбылық, суицид және тамақтану тәртібі бұзылуы сияқты жарияланымдарды, өздері жазылған блогердың жазбалары болса да, ендігәрі мүлдем көрмейді. Meta өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік желілерінің жуйесі қазірден бастап ұсынылған контентті белгілі бір параметрлер арқылы таңдалып шығарылуда.
"Біз жасөспірімдер қосымшаларымызды пайдалану барысында қауіпсіз және жасына сәйкес тәжірибесі болғанын қалаймыз", — деді Meta. Жасөспірімдер Facebook пен Instagram-ға тіркелгенде шынайы жастарын жазған жағдайда ғана, оларға рұқсат етілмеген контентті тамашалауға тыйым салынады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 974
https://www.youtube.com/embed/Wnff7-vgEjA?si=jKev3SAna6h_F8Kl"
1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі әскери бортпен туған жері Қызылорда облысына жеткізілді.Жауынгердің кім екені мойнындағы медальон арқылы анықталды. Силан Мәметов 1941 жылы 7 қарашада Мәскеу түбіндегі Апалщино селосы үшін шайқаста қаза тапқан. Жауынгердің сүйегі Мәскеу облысы Руза ауданы Ново-Горбово елді-мекеніндегі бауырластар зиратынан 300 метр қашықтықта табылған.
ӘУБӘКІР СМАЙЫЛОВ, «АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ
Салтанатты рәсімге облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Атамның аманаты» ҚБ мұражайға Силан Мәметовтың жеке заттары – солдат каскасы мен медальонын табыс етті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 893
https://www.youtube.com/embed/PadGhXQBYRc?si=_b4b0fSjsfEuH9C8"
Маңғыстаудың Қарақия ауданынан ауадан ақша жасап отырған басшылар ұсталды. Әзірге осындай күдікпен ұсталғандар саны үшеу. Қызметкерлер кешкі ауысымда жұмыс жасайтын мектептерде мұғалім лауазымымен тіркеліп, заңсыз тұрғыда айлық жалақы алып жүрген.
АСҚАР ЖАҚСЫБАЕВ "ADILDIK JOLY" РҚБ МО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Соның ішінде облыстық білім басқармасының қызметкері, сонымен қатар Қарақия аудандық нөмірі 7 мектептің директоры, тағы да екінші тағы мектептің директорлары математика, қазақ тілі пәнінен сабақ береді деп көрсетіліп, ол кісілердің сабақ бермеген деректері анықталды".
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 961
https://www.youtube.com/embed/F50fRG-YXcE?si=IAZoZuF2Ihc_JG4c"
Елімізде мал ұрлығы еш тиылар емес. Мәселен, былтыр 42 мың қылмыс тіркелген. Ұрлыққа барған 450 адам ұсталып, 75 қылмыстық топ құрықталған. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифингте криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков айтты. Сондай-ақ маман, мал ұрлығын болдырмас үшін, адамдар өзара үш жақты келісімшарт жасасу керек дейді. Ол мал иесі, әкімдік және малшы. Одан бөлек, асыл тұқымды мал басына интернетпен қадағаланатын GPS-трекерлерін орнатуға кеңес берді.
ЖАНДОС БАТЫРБЕКОВ ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИ Я ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әдетте, мал ұрлығының 75%-ы еркін жайылымда жасалынады. Онымен күресті жақсарту мақсатында ІІМ мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық және практикалық шаралар қабылдауда. Соңғы 5 жылдың ішінде мал ұрлығын 62,5%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Ал 2023 жыл ішінде 16,3%-ға төмендеді. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 963
https://www.youtube.com/embed/bXjGG9KrVQM?si=Ha6ogrq0LxD_kGy6"
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері, қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі туралы баспасөз конференциясы өтті.
Кредитке кеңірдегіне дейін батқан бүгінгі таңда 2023 жыл бойынша агенттік азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен 59,4 мыңнан астам өтініш қаралған. Тұтынушылардың құқықтарын бұзудың көпшілігі кредиторлардың азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша шаралар болды. Сарапшылар қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда қарыз алушыларға не істеу керектігі жайлы кеңестерімен бөлісті.
МҰХАМЕД БАҒДАТҰЛЫ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың проблемалық берешегін реттеу тәртібі жүзеге асып келеді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерлердің қарыздары мен микрокредиттерін қайта құрылымдауға өтініштерін қарауға міндетті.
МҰХАМЕД БАҒДАТҰЛЫ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
Еще материалы
Страница 166 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.