- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 792
https://www.youtube.com/embed/kG9UeDSRCNU?si=BqVHJyWbVng8S56G"
Угандадағы жасыл төбелердің баурайында ондаған босқындар жас қарағайларды отырғызды. Олар мұны алты жылдан астам уақыт бойы істеп келеді. Мұнда Исингиро округінде накивале босқындарының елдегі ең көне қонысы орналасқан. Ол 1958 жылы пайда болды. Қазір мұнда 180 000 адам тұрады. Елді мекен 180 шаршы шақырым аумақты алып жатыр.
ЭНОК ТВАГИРЕЙЕСУ БУРУНДИ БОСҚЫНЫ : «Біз ағаштарды отырғыза бастадық. Себебі, біз Накивалеге алғаш келгенде бүкіл аумағы орманды болған. Одан бері жеті жыл өтті. Қазір бірде бір орман жоқ».
Ағаштар құрылыс үшін кесіліп, отын үшін жиналады, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласына орын беру үшін тамырымен жұлынады.
КЛЕУС БВАМБАЛЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ : «Босқындардың кесірінен табиғат жағдайы нашарлады. Неліктен? Бізде Конгодан келген босқындар көбейіп жатыр. Күн-түн сайын жаңа адамдарды қабылдаймыз. Олар осында келіп, үй салғанға құрылыс материалдарын қажет етеді. Сондықтан олар қалған ағаштарды да кесіп тастайды».
Бурундиялық босқын идеясын Уганданың қоршаған ортаны қорғау мамандары қолдады. Накивалиде өсімдіктер питомнигі құрылды.
НОРБЕРТ ТУМУШАБЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ : «Біз босқындарды тұқымдар арқылы бақшаларды өсіруге үйретеміз».
Босқындар алты жыл ішінде 460 000 ағаш отырғызды.
ЭНОК ТВАГИРАЙЕСУ БУРУНДИ БОСҚЫНЫ : «Біз осы бес жылда өзіміздің бағдарламыз бойынша мақсаттарымыздың жартысы орындалады деп үміттенеміз.Егер біз көбірек тұқым ала алсақ, бұл бізге көмектесер еді. Сонымен қатар, құрғақ маусымда біз суды жинай алмаймыз. Әлеуметтік даму институты сияқты ізгі ниетті адамдар бізді ағаштарды суару үшін су таситын көліктермен қамтамасыз етсе, біз риза болар едік».
Бірнеше жыл бұрын Накивалада қатты құрғақшылық болды. Ол шамамен бес айға созылды. Енді ағаштар өскен соң, жаңбыр жиі жауа бастады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 743
https://www.youtube.com/embed/Rg_D_0O1P3w?si=bGlFGtoZy8eymueG"
Лас-вегастағы тұтынушыларға арналған CES электроника көрмесінде әр түрлі салаларда қолданылатын жаңа құрылғыларды ұсынды. Өндірушілер осы аксессуарды сатып алған адамдар бұрынғы заманды сағынышпен еске алар деп үміттенеді. Бұл пернетақта сенсорлық экранды телефонға қосылады. Британдық стартап ерекшеленгісі келетін сатып алушыларға арналған. Компанияның жұмыс істеуіне 1 жыл ғана болғанымен, жұмысшыларында Apple және BlackBerry-де істеген тәжірибелері бар.
ДЖОНАТАН ЯНГ CLICKS TECHNOLOGIES НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Біз CES-тен үлкен жетістік күткен едік. Осындай керемет гаджетты шығарып, үмітімізді ақтады».
200 доллардай тұратын аксессуардың екі түсті түрі бар. Ал бұл бәтеңкелер сізге 3 есе жылдам жүруге мүмкіндік береді. Жеңіл әрі амортизациясы жақсарған «ақылды» аяқ киім Moonwalkers X қойма қызметкерлері үшін арнайы әзірленген. Ол сондай-ақ жасанды интеллектпен жабдықталған жәнен адамның қадам ұзындығы мен жүру жылдамдығына қарай пайдаланушыға бейімделеді.
СЮАНЬЦЗЕ ЧЖАН SHIFT ROBOTICS НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Олар бүкіл ақпаратты зерттеп, келесі қадамыңыз қандай болатынын миллисекундтарда түсіне алады».
Француздық компания шығарған ақылды айна арқылы сіз психикалық денсаулық бойынша кеңес ала аласыз. Ол пайдаланушының психикалық жағдайына негізделіп жекелендірілген ұсыныстармен бөліседі. Гаджет коучинг үшін жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген. Одан басқа қимылдар мен мимиканы талдау арқылы адамның көңіл-күйін анықтай алады.
ХУОНГ ЛЕ ДЬЕ BARACODA ӨКІЛІ : «Сіз айнамен сөйлесу барысында, ол сізге түрлі кеңес береді. Мысалы, сіз егер де күйзеліске ұшырасаңыз, ол сізге медитацияны ұсынады».
Сондай-ақ «ақылды» айна өзінің үлкен деректер жиынтығына негізделіп, тері талдауын жасай алады. Содан кейін сегіз түрлі индекске негізделген балл қояды. Лас-Вегаста жыл сайынғы CES технологиялық көрмесі 9 қаңтарда ашылды. 1200-ден астам стартап 230 мың шаршы метр көрме алаңында өздерінің жаңа технологияларын ұсынады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1081
https://www.youtube.com/embed/2K2WOsA65yY?si=D0LElz-bJCOwRlJ2"
Алматы облысы көкпар федерациясы ұлттық спорт және көкпар ойынын дамытуға үлестерін қосып жүрген шабандоздарды марапаттау мақсатында «Алатау -тұғыры» атты салтанатты кеш өткізді. Облыстағы 9 ауданның басын біріктерген шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
Құрылғанына жылға жуықтаған Алматы облысы көкпар федерациясы іс шараның өтуіне мұрындық болып отыр. Мақсат алыс аудандардағы көзге көрінбей жүрген жас шабандоздардың,атбегілер және көнеден көкпар шауып жүрген алдыңғы буын өкілдерінің басын біріктіру.
ЕРЖАН НҰРШАТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Үздік жас шабандоз, үздік атбегі,үздік қыран марапаттары тағайындалған шарада 2024 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отырған Көшпенділер ойынына 6 шабандоз құрама командаға іріктеліп алынды.
ЕЛДОС ТІЛЕУБАЛДИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ, СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Шара соңында облыс көлеміндегі үздік деген шабандоздарға сый сыяпат көрсетіліп,алғыс хаттармен марапатталды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 733
https://www.youtube.com/embed/OpYa42YmWsA?si=HPTAW5J9lg0S3Fph"
Қайырымдылық жасасаң,қайыры болады қашанда. Қызылорда облыстық Зекет қорының ұйымдастырумен «Қызылорда тазалығы»мекемесінің қызметкерлеріне ең қажетті азық-түлік өнімдері таратылды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Айтулы мекемеде жұмыс істейтін 100-ге жуық отбасыға азық-түлік салынған базарлық үлестірілді. Бұл олардың еңбегін бағалап, тазалықты сақтауға қосқан үлесін ескеріп көрсетілген сый-құрмет деуге болады. Айта кету керек мұндай қайырымыдылық шаралары жылына бірнеше мәрте ұйымдастырылатын болады.
ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАНЫ
Бес күндік жалған дүниеде ізгі амалдардың бірі сүрінгенді сүйеп,қысылғанға қол ұшыңды беру.
ЗЕЙНЕГҮЛ ҚЫПШАҚБАЕВА «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Сауапты іске қарап,көпшілік үлгі алғаны дұрыс. Ауыз-біршілік бар жерде, берекенің болары сөзсіз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 812
https://www.youtube.com/embed/nSKtL5WQA3M?si=A7uzyhwOAydetgMW"
Бүгін депутаттармен облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттардың жиілеуіне байланысты облыстық мәслихат өтті. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев ««Қазавтожол» жұмысына жауапсыз!» деп қатаң сынға алды.
Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдың 10 күнінде 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қаза тапқандар саны – 12. Тәртіп сақшылар бұнық себебі жолдардың дұрыс тазаланбауы дейді. Сондай-ақ «Қазавтожол», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен аудан әкімдіктерінің өкілдеріне жолдардың жай-күйін сақтауды бұзу фактілерін жою бойынша 90 ұйғарым шығарылған.
ОЛЖАС ИБРАИМОВ БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиынға ішкі істер органдары, көлік инспекциясы және жолдарды салу, күтіп ұстау және оларға қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын өкілдері қатысты.
МЕЙІРБОЛАТ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жоғары билік жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты ұйымдарға арналған қылмыстық жауапкершілік туралы да ұсыныстарын ортаға тастады.
ДАМИР ТІЛЕУБАЕВ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Орын алған апаттарға сараптамаларда жүргізілген. Нәтижесінде жол төсемі де, трассаның ені де нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Оқиғалардың басым бөлігі Орал-Атырау" тас жолының учаскелерінде болған. Қаймағы шыққан мәселе қанша көтерілсе де жағдай сол қалпында тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 797
https://www.youtube.com/embed/gbCnSWAn6dI?si=X2p3UjqNIpImcVKF"
15 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болатыны туралы әлеуметтік желіде тараған хабарлама сәйкес: сарапшылар алматылықтарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.Сейсмологтар блогерлер мәлімдемесінің ғылыми негізі жоқ деп отыр. Қазір әлеуметтік желілерде 15 қаңтарда Алматыда болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі туралы ақпарат тарап жатыр. Блогерлердің мұндай болжамға қалай келгені белгісіз, өйткені оларда қандай да бір болжам жасауға арнайы техника мен технология жоқ.
"Біздің ғылыми орталықта зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Жер қыртысына қатысты 200-ге жуық параметрді зерттеп, қорытынды жасаймыз. Болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес,10 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында Алматы болжау полигонында магнитудасы 5,5 жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Біз олардың мәлімдемесін негізсіз деп санаймыз. Хабарламаға назар аударудың қажеті жоқ.Тұрғындардан үрейленбей, сақтық шараларын ұстауды сұраймыз", - деді ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков өз сөзінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 849
https://www.youtube.com/embed/ipv8bunWbis?si=XVNXHwrRvkmxR4lR"
Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты ауқымды соммаға шығынға батты. «Жау алыстан келмейді» дегендей полиция бөлімінің мамандары 10 млн теңгеге әккілік жасаған азаматтың сол кен орнында жұмыс жасайтынын анықтаған. Ол түсті металдарды ұрлаумен айналысқан.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бөрлі ауданы полиция бөлімі криминалдық полициясының қызметкерлері «Қарашығанақ газ конденсаты кен орнының» қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кен орнына қызмет көрсететін мердігерлік ұйымда жұмыс істеген Ақсай қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.Шығын көлемі шамамен 10 млн теңгеден асады. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда».
Сонымен қатар, өткен жылы қашықтағы монифольд станциясынан әртүрлі қимадағы жерге қосу кабельдері жоғала бастаған. Қазір іске қатысы бардың барлығына іздестіру жұмыстары мен тиісті шаралар қолданылуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 825
https://www.youtube.com/embed/mR3J5QkIZJY?si=mhWT7k626iywxKWe"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 896
https://www.youtube.com/embed/iULO_b05Y8U?si=p_9LgAyJbbhT5ie1"
Алматы қалалық ветеринариялық қызметі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының көліктері жаңартылды. Мекеме құрылған 2013 жылы толыққанды техникамен қамтамасыз етілген болатын. Бұрнағы жылдары ішінара істен шыққан техникалар біртіндеп жаңартылып келсе,жыл бастала сала мекеме аулау қызметін атқару үшін және ветеринарлық жұмыстарға арналған бірнеше көлік түрлерін жаңартқан.
МАРХАББАТ МАДИЯРОВ «АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» ШЖҚ КМК БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 778
https://www.youtube.com/embed/B2tDDeCo_ig?si=F4GTqPIKiWlLtMGZ"
Ұрлық түбі қорлық деген аталы сөзді елемей кәсіпке айналдырғандар бар. БҚО Теректі ауданы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Үш адамнан құралған әккілер өткен айларда жайылымда жүрген Теректі ауданының тұрғындарына тиесілі ірі қара малдарын қолды қылған. Барымташылар 62 бас ірі қара малды олжалағаны анықталды. Оның 8-басы күдіктілердің қораларынан табылған. Сондай-ақ, ұрланған малдарды төмен бағада сатып алып жүрген сатушы анықталды.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Азаматтар уақытша қамауға алынып тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 752
https://www.youtube.com/embed/qcFsVkMnWFw?si=EI-ef1zZdS1QxRmX"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімін қабылдады.Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңір әкімі былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Құмар Ақсақалов 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 5 пайыз өскен.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 795
https://www.youtube.com/embed/Wafz3KHXABc?si=birGVse4HABDE9Wg"
Жас ұрпақтың, жалпы халықтың мәдениетін көтеру керек. 20 млн халқы бар елге ортақ құндылық қажет деген сенаторлар, елдік сананы оятып, тарихи жадына қайта қалпына келтіру керек деп санайды. Тіпті Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығу дұрыс болады деген пікірде. Сенаторлар ұсынған ұсыныс туралы толығырақ тілші бейнематериалында.
Тарихты дұрыс жазып, дұрыс оқыту керек. Бұрмаланған тарих ұлттың жауы болады деген сенатор Дархан Қыдырәлі мектептегі Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығу керек дейді. Депутаттың бұл ұсынысына биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарының аяталғаны себеп болған. Оқулық та осы еңбектің негізінде жазылуы керек дейді ол.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі. Жоғары оқу орындарының бағдарламаларына Қазақстан тарихының кейінгі нұсқасын енгізу маңызды».
Ал, депутат Нұртөре Жүсіп 20 млн халқы бар қазақ елінің ұлттық құндылығын дәріптеуді қайта жалғау керек, ол үшін Рухани жаңғыру, Мәдени мұра сынды бағдарламаларды жаңғыртқан дұрыс дейді. Депутаттың бұлайша дабыл қағуына мына оқиғалар себеп болған.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз бар. Былтыр Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп, жағамызды ұстаған едік. Жаңа жыл қарсаңында шоколад шыршасын бір минутта тайпап кеткендерді де көрдік. Осы видеолар халықаралық пабликтерде мыңдаған қаралым жинап жатыр. Сонда біздің мәдени деңгейіміздің жеткен жері осы ма? Мұндай масқара оқиғалардың себебіне үңіліп көрдік пе? Аш дейін десеңіз, аш емес, тоқ дейін десеңіз, тобырлық деңгей мынау. Бүгінгідей тоқшылық заманда осыншама тоғышарлыққа бой алдыратындай күйге неге түстік? Ең алдымен – тәрбие. Еліміздегі тәрбие мәселесі дұрыс емес. Отбасындағы тәрбие далада қалды. «Біреудің затын алма, тегін болса да тиіспе» деген ежелгі тыйым қайда кетті? Халқымыздың «ұят болады, жаман болады, обал болады» деген үш-ақ ауыз сөзбен түйіндеген даналығы желге ұшқаны ма? Қазақта көргенсіз деген ұғым бар. Кез келген адам үшін өте ауыр сөз. Ақ көйлектің жағасы кірлесе, жуып кетіруге болады, ал ұлттың атына кір келсе, оны қалай кетіреміз? Тәрбиемен қатар қоғамның мәдениетін де жетілдіру керек».
Одан бөлек, сенат депутаттары солтүстік өңірді газбен қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру, отандық фарм компанияларды қолдау сынды мәселелерді көтерді. Бұл депутаттық сауалдардың қаншалықты жүзеге асатыны ол уақыттың еншісінде.
Еще материалы
Страница 162 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.