
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 665
https://www.youtube.com/embed/bN39h189m0c?si=sA_x3A727wbgWB8h"
Ирактағы христиандардың үйлену тойы отшашудың кесірінен жан түршігерлік трагедияға айналды. Аталмыш елдің ақпарат құралдары өрт орын алған нысан бөлмелеріндегі қаптаманың елде тыйым салынған жанғыш материалдардан жасалғанын хабарлады.
Өрт кешкі сағат он бірлер шамасында басталған.Мыңға тарта қонақтар қатысқан қуанышты кеште қызыл жалын салдарынан 114 адамның қайтыс болғаны расталды. Тағы 200-ге жуық адам жарақат алып ауруханаға жеткізілген.
ЗАРДАП ШЕГУШІ: «Залда 800-900 адам болды. Үйінді астында әлі де адамдар бар, бірақ күлге айналған шығар. Мен ешкім аман қалды деп ойламаймын. Қалғанын шығарып алдық. Өлгендердің арасында ерлер, әйелдер және балалар бар».
ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ ТУЫСЫ: «Олар маған телефон соғып, отбасымның 22 мүшесін күйік шалғанын айтты. Мен оларды іздеуге келдім. Олар табыла салысымен Мосулға жөнелтілді, себебі олардың жағдайы ауыр».
Ниневия провинциясының Хамдания аймағында негізінен христиандар тұрады. Ол Мосулға жақын жерде, Бағдадтан 330 шақырымдай жерде орналасқан.
ЗАРДАП ШЕГУШІ: «Жастар баяу би билеп, отшашуды жақты. Ол төбеге соғылып, өрт тұтанды. Айналасы бірнеше секундта бүкіл залды шарпыды».
Ирак ақпарат құралдары бөлмедегі қаптаманың елде тыйым салынған жанғыш материалдардан жасалғанын хабарлады.Бұл соңғы онжылдықта жергілікті христиан қауымдастығына тиген тағы бір қайғылы оқиға. Ирак христиандары бірнеше жылдар бойы исламшыл содырлардың шабуылына ұшыраған еді. Ниневия жазығы алты жыл бұрын Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобынан азат етілген. Аймақтың кейбір қалалары әлі қираған күйінде. Көптеген христиандар Еуропаға, Австралияға және АҚШ-қа қоныс аударған болатын.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 738
https://www.youtube.com/embed/1Uy_uUP5UAs?si=nuyggrlAmdE6fEru"
Бүгін Қазақстан қор биржасында 1 долларың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті. Күндізгі сауда қоритындысысы бойынша, доллар 5 теңге 72 тиынға қымбаттап,бір АҚШ ақшасы 482 теңге77 тиын болды.
Алматының ақша айырбастау пунктеринде доллара 481 – 483 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 484 теңге жирным шрифтом.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 702
https://www.youtube.com/embed/RK3h-bFfG5w?si=sFwBxrpl7fJoa0g6"
Маусым айынан бері тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығына 20-ға жуық өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі өнім мен тауар сапасыздығына қатысты. Алған тауарыңыз көңіліңізден шықпай қалса, не істеу керек? Тұтынушының құқығы тапталмауы қаншалықты назарда? Тақырыпты тілшіміз толықтырады.
Кейде тауардың сапасына мән бермей, сатып алған соң сан соғып қалып жатамыз. Надежда Дубовая 30 жылдан бері осыған ұқсас жағдайларға тап болған тұтынушылардың құқығын қорғап келеді. Оны кәсіпкерлер де, заңгерлер де жақсы таниды. Келіншектің көмегіне жүгінетіндер қарасы да аз емес.
НАДЕЖДА ДУБОВАЯ СҚО ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: «Тұтынушы алдымен тауарды алған дүкенге барған. Дегенмен одан еш пайда болмады. Негізі сатушылар мен тауар өндірушілер алдымен өз өнімдерінің сапалы екенін дәлелдеуі тиіс. Бұл жағдай бойынша сараптама жүргіздік. Кейін оның кәсіпорыннан болған қателік екені анықталды. Бірақ кәсіпкер тауарды ауыстырмайтынын жеткізді».
Надежда Смердова зергерлік дүкеннен қымбат бұйым алған. Алайда бірнеше күннен кейін сақинасының асыл тасы түсіп қалады. Сараптама жұмыстары кезінде тауардың жаңа болмағаны анықталған. Дегенмен бұл жағдайды сатушылар да, сот мамандары да ескермеген.
НАДЕЖДА СМЕРДОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:«Сатушылардың сапасыз тауар сатқаны менің кінәм емес қой. Сондықтан сотқа жүгінемін деп шештім. Бірақ маған мұның еш пайдасы жоқ екенін айтты».
Сондай-ақ, тұрғындар ұтыс ойындары, тегін лотереялар сынды алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатады. Әдетте олардың құрығына зейнеткерлер ілігеді. Алдымен медициналық тегін процедураларға шақырады, кейін маңызды құжаттарға қол қойғызып алады.
НАДЕЖДА ДУБОВАЯ СҚО ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: «Олар сіз сыйлық ұтып алдыңыз деп назарыңызды аулайды. Кейін өздеріне шақырып алып, келісімшартқа қол қойғызады. Осылай алаяқтар көбін сан соқтырып кетеді».
Тұтынушылар өз құқықтарын қорғай алады. Дегенмен бұл күрделі процесс. Уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан көбі қолын бір сілтеп, кете барады. Дегенмен өз құқығыңызмен толық таныс болсаңыз, кез-келген тығырықтан шығуға болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 801
https://www.youtube.com/embed/GqZOZLChGD8?si=-zaLOUF5zZnNZE21"
Маңғыстауда жыл басынан бері 700-ге жуық адамды ит қапқан. Оның 360-ы бала. Ауылда бұралқы иттер көбейген дейді тұрғындар. Төніп тұрған қауіптен сескенетіндерін айтып, жауаптылар мәселенің түйінін шешіп берсе екен деген өтініштерін алға тартуда.
Қаңғыбас иттерден келетін қауіп әлі де сейілмей тұр дейді тұрғындар. Үрейленген ата-ана балаларын мектепке жетектеп апаруға мәжбүр.
ОРАЗАЛЫ ЖҮСІПБЕКОВ ТҰРҒЫН: «Балаларымыз мектепке барады. Оларды қолынан ұстап алып барып, алып келеміз. Өйткені, ит өте көп. Қазір жаз айы ғой. Ертең қыста қиын. Иттер көбеймей-ақ қойсын. Бұл көбейсе, бағады қоя береді. Көбейген кезде 10-15 болады. Қалада да бар. Ауылдық жерде балаларымызға өте қиын болып жатыр енді».
ЖӘМИЛӘ АҒАТАЕВА ТҰРҒЫН: «Таңертеңгі уақытта балаларымызды шығарып саламыз. Иттен қорғану үшін. Өйткені, адамға қарата жүгіреді. Айналадағы базаларға ескерту берілсе, итті асырады ма, қорғаннан шығармай асырасын. Көбіне таңертең сабаққа кеткенде сосын келіп жатқанда кешкі уақытта келеді бұл иттер».
Ата-бабамыз жеті қазынаға жатқызған үй жануарын қазір атуға заңмен тыйым салынған. Оның орнына иттерді аулап, жынысына қарай 3 және 7 күн уақытша ұстау пунктіне апару шарасы қолданылады. Бұл шетелден келген тәжірбие. Ол нәтижесін беру үшін кемі 3-5 жыл уақыт керек дейді мамандар.
ӘДІЛЕТ ҚАЗТҰРҒАН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:«Қазіргі таңда иттерді ату деген жоқ. Тек аулау іс-шарасы өткізіледі. Себебі, заңның талабына сәйкес оларды аулап, стерилазиция жасап, сосын оны қайтадан қай жерден ауланды сол жерге апарып тастау саясаты жүріп жатыр. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жануарларға жауапкершілік қарау саласына 65 миллион қаражат бөлініп отыр. Соның ішінде Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы бойынша тендерлік іс-шаралар өткізіліп, жеңімпазы анықталды. Қазіргі таңда осы Ақтау мен Мұнайлы бойынша жұмыс жасайтын осы жеке кәсіпкер болып саналады».
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында иттерді уақытша ұстау пункттері бар. Ондағы жауаптылар күніне 30-дан астам ит аулайтын көрінеді. Мамандар алдымен төрт аяқтыларды қолға түсіріп, зарасыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Содан соң ит ауланған ортасына қайта жіберіледі. Яғни, оған кастрация жасау арқылы көбеюіне тосқауыл қою көзделген. Әзірге бұралқы иттерге қатысты басқа қолдан келер қайран жоқ - дейді Балғазы Серібаев.
БАЛҒАЗЫ СЕРІКБАЕВ УАҚЫТША ҰСТАУ ПУНКТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Жабайы иттер көбейіп кеткен Маңғыстау облысында. Соны аулап, ішке апарып, жұмысымыз еркектерін піштіріп, ұрғашыларының маткасын алып сондай жұмыстар. Қолдан келгенше аулап,азайтамыз».
Жалпы аймақ бойынша иттерге арналған пункт салу үшін 6,3 гектар жер бөлінген. Алдағы уақытта әр ауданнан осындай орын ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, қыркүйектен бастап үй жануарларын міндетті тіркеу туралы заң күшіне енді. Осы мақсатта электронды есепке алу базасы құрылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 808
https://www.youtube.com/embed/q_f0mrGqrew?si=gy6oIuqpLlKpkRTq"
Нарынқол ауылында көлік қаққан оқушы қыздар Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында ем алып жатыр. Бір бала әлі реанимацияда. Дәрігерлер жасөспірімдер алдағы уақытта, аман-сау үйлеріне шығады деген үмітте.
21 қыркүйек күні 15 жастағы жасөспірім Нарынқолда ағасының көлігін рұқсатсыз мініп шығып, жол шетінде кетіп бара жатқан алты оқушы қызды қағып кеткен еді. Жарақат алған оқушылар алдымен Нарынқол аудандық ауруханаға жеткізілген.
АСҚАР ҚАЛИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ:«Жедел түрде балаларға көмек көрсетілді. Реаниматолог, травматолог, хирург дәрігерлері барды. Аудандық дәрігерлердің біліктілігінің арқасында көмектер жасалды бірлесіп. Балаларға шокқа қарсы шара жүргізілді. Аяқ-қол сүйектері сынған. Қан құйылды. Жағдайлары тұрақталғанан кейін біздің клиникаға ауыстырдық»
Дәрігердің айтуынша,бүгінде облыстық аурханада бес бала жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде, төртеуі травмотология бөлімшесінде ем қабылдауда. Қазіргі таңда науқастардың беті бері қараған.
АСҚАР ҚАЛИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ: «Осы дүйсенбіден бастап барлық балға ота жасалды. сүйектері қалпына келтірілді. Керек мамандар қарап жатыр. Ата-аналармен күнделікті кездесіп, ақпараттың бәрін жеткізіп отырмыз. Балалардың жағдайы тұрақты. Теріс динамика жоқ. Болашақта аман-сау үйлеріне шығарылады деген үміттеміз».
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 726
https://www.youtube.com/embed/_9IUxTF-7ls?si=iw6l7d0GgkLkP-BO"
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ол қазір Қазақстанда. Елден кетпеу туралы қолхат алынған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер сауалына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев айтты.
ӘСЕТ ШЫҢДАЛИЕВ ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Бұл жайында Бас прокуратура тиісті мәліметті жариялаған болатын».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 711
https://www.youtube.com/embed/RxYUPDcaQr8?si=aM7oCP0iwuBe_TDo"
Парламент төрінде өтірік есеп беруді қойыңыздар. Болмаса жұмыстан кетіңіздер! Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің жауабына қанағаттанбаған мәжілісмен осылай деді. Бүгін Парламент Мәжілісі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Толығырақ тілші тарқатады.
Әр азаматтың жеке деректерін құпия сақтауды енді мемлекет өз мойнына алады. Бүгін Парламент Мәжілісі ақпараттық қауіпсіздік туралы заңды мақұлдады. Енді заңмен жеке құжаттың көшірмесін жасауға тиым салынады. Бұл ел азаматтарының дербес деректерін сақтау үшін жасалуда. Осы заң жобасын талқылау барысында депутат Бақытжан Базарбек өкілетті органнан жер кадастрына қатысты деректер ашық әрі халыққа қолжетімді болуы керек емес пе деген сауал қойды.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«2016 жылы үлкен жерге қатысты митингтер болды. Салдарынан халық көтерілді. Ондағы ең негізгі мәселе жер кадастрын ашуға байланысты болды. Әрбір жердің артында қандай жемқор шенеунік, прокурор, әкім, судья және осы жүйемен ауыз жаласқан қандай олигарх тұрғанын халық білуі керек. Өкінішке қарай, бұл ақпарат ашылмады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі («Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») заң жобасы жер кадастрындағы (мәліметті) ашуға көмектесе ме? Ертең жер кадастры ашылмай қалмай ма?»
МӘЛІК ОЛЖАБЕКОВ ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында біз ашықтықты қамтамасыз ету үшін арнайы жария кадастрлық картаны іске қостық. Оның негізінде жер учаскелері туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік ұйымдастырылатын болады. Ал қазіргі уақытты осы жария кадастрлық картаның негізінде жер құқықтық және қала құрылысы кадастрларының деректері жарияланды».
Алайда, жауапты органның жауабына депутат еш қанағаттанбады.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазақта «Домбырам не дейді, мен деймін» деген мақал бар. Мен сізден жария кадастрлық карта туралы сұрап тұрған жоқпын. Мен сізден жердің иесі кім? деп сұрап тұрмын.Жердің иесі мен оның аты-жөні туралы ақпарат ашық болуға тиіс. Орхус конвенциясына қосылдық. Конвенцияның күші Конституцияның 4-бабына сәйкес ұлттық заңнамадан басым болады. Өтірік әңгімені қашан тоқтатасыздар? Жер кадастрын ашу керек. Халықтың мұңы осы. Мұндай өтірік әңгімені Парламент төрінде айтуды қойыңыздар. Болмаса, жұмыстан кетіңіздер».
Ал, депутат Нартай Аралбайұлы болса, жастар болашағына алаңдаулы. Жастар ресурстық орталығының жұмысын сынады. Айлығы шайлығына жетпей 90 мың теңгеге жұмыс істеп жүрген жаз азаматтар бар екенін айтып, олардың жалақысын көтеруді сұрады.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жастардың басын біріктіретін бір ресурстық орталық бар бізде. Аты дардай болғанмен, заты болмай тұр. Қай өңірге барсақ та алдымыздан шыққан жастар жұмыста жүйе жоқ екенін айтады. Өздерін жергілікті билік білгенінше жұмсап, негізгі жұмыстарына жолатпайтынын айтады. Орталықтың жастары ортаңқол деп сөгеді кейді. 3000-нан аса белсенді жас әр әкімнің бұйрығымен таң атысы, кеш батысы сабылып жүргенде жастарға қатысты жұмыс далада қалатыны әмбеге аян».
Бүйте берсек, жастар жұмыста қалмайды деген депутат бұл мәселеге Үкіметтің өзі араша түсуін сұрайды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 678
https://www.youtube.com/embed/G1asfQjbVOM?si=DlwKX9gX2LjSCZO1"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 710
https://www.youtube.com/embed/SRjk6CPRbho?si=rJKc4cNpKF7ST42d"
Әзербайжанның әскери операциясынан кейін шекаралас жатқан Армения қаласына Таулы Қарабақтан мыңнан астам бейбіт тұрғындар келді. Оларға жергілікті қонақүйлерде баспана мен тамақ беріледі.
Бұл адамдар Таулы Қарабақтан қашып кеткен этникалық армяндар.Олар Әзербайжан үкіметінің қол астында өмір сүрмейтінін, 120 мыңға жуық армянның барлығы дерлік Арменияға қоныс аударуға шешім қабылдағандарын айтады.
БОСҚЫН: «Ол жерде жан түршігерлік жарылыс болды. Алдымен олар бірнеше сағат бойы бомбалады. Содан кейін шабуылдар басталды. Балалар мектепке қашып кетті. Олар тура миномётпен оқ жаудырды. Біздің балаларымыз да жарақат алды. Жертөлелерде тыныштық сақтаушылардың келуін күтіп отырды».
Эвакуацияланғандардың айтуынша, көптеген адамдар бітімгершілік күштері орналасқан Степанакерт әуежайына қарай бет алған. Олар өздерін сол жерден алып кетуге болады деп үміттенеді.Әзербайжан билігі өз азаматтарына жасалған шабуылдан кейін Қарабақ күштеріне қарсы операция бастағанын мәлімдеді. Президент Ильхам Әлиев өз армиясының тек Қарабақ содырларын нысанаға алғанын және бейбіт тұрғындардың зардап шекпейтінін айтты.Ресей осыдан үш жыл бұрын Қарабахтағы 44 күндік соғысты аяқтаған бітімгершілік келісімінің кепілі болды. Айта кетейік, жақында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Ресейді Армения үшін жеткілікті түрде әрекет етпеді деп ашық түрде айыптап, оның елі Мәскеумен одақтастығын қайта қарайтынын айтқан болатын.Ресейліктердің пікірінше, Пашинян дағдарысты нашар шешуге өзі кінәлі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 739
https://www.youtube.com/embed/ZZrHR_bdo_4?si=iJkaz7-4HaHswNC1"
Косовоның солтүстігінде сербтер мен албан полициясы арасында қақтығыс орын алды. Үш сербтің қаза тапқаны белгілі болды. Тағы бір адам қайтыс болуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.
Косово Ішкі істер министрлігінің басшысы алты шабуыл жасаушының ұсталғанын хабарлады. Оның айтуынша, полицейлер көптеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапқан.Косово премьер-министрі Альбин Курти шабуылшыларға Сербия демеушілік еткенін айтты.
АЛЬБИН КУРТИ КОСОВО ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Біздің полицияға қарсы шабуылдар жалғасуда. Кем дегенде 30 қаруланған адам -әскери немесе полиция - біздің полиция күштеріне жақын орналасқан. Мен бұл адамдарды біздің қауіпсіздік органдарына тапсыруды ұсынамын».
Косово билігі Баньска монастыріне бетперде киген қарулы адамдардың да шабуыл жасағанын мәлімдеді. Діни қызметкерлер шіркеуде жасырынып қалған . Олар оқтын-оқтын атыс дауыстарын естіген,ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Сербия президенті Александр Вучич албан полицейінің өлтірілуін айыптады. Ол сондай-ақ қақтығысқа косоволық сербтердің қатысы барын және оған Белградтың еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.Вучич болған оқиғаға өз нұсқасын ұсынды. Оның айтуынша, косоволық сербтердің бір тобы екі жүк көлігін пайдаланып, Баньска ауылына өтетін жолды жауып тастаған. Жағдайды түземек болған полицейлердің әрекеті соңы қантөгіспен аяқталды.
АЛЕКСАНДР ВУЧИЧ СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Оларды қоршауға алып, аяусыз шабуыл жасады. Біз бұл операцияны «Косово үшін НАТО күштері» неге жүргізбегеніне таң қалдық? Құрбандар аз болар еді».
Бұл қақтығыстар мамыр айынан бергі аймақтағы алғашқы ірі қақтығыс болды.
Сербия Косовоның тәуелсіздігін мойындамайды және оны өз территориясы деп санайды. Қақтығыс өткен жылдың тамыз айында өршіп кеткен. Ресми себеп Косовоның солтүстігінде тұратын сербтер үшін автокөлік құжаттарының 11 жылдық жарамдылық мерзімінің аяқталуы болды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 728
https://www.youtube.com/embed/UGuYm06Uiq0?si=5WohBdHQXhG8w3fx"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 698
https://www.youtube.com/embed/jbc3_-Mwawc?si=nbPDDQk44s4zKtpV"
Бүгінгі Алматы қаласында «IP Қазақстан» деп аталатын еліміздегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараның миссиясы – контрафактілікпен күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және авторлық құқық иелерінің мүдделерін қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеу. Қауымдастықтың негізгі мақсаттарының бірі тауар таңбаларын қорғауға және сақтауға көмектесу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және әділ және тиімді бизнес тәжірибесін насихаттау болып табылады. Өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес, нарықты контрафактілік пен бұрмалаудан қорғау мәселелерін талқылау.
Аталған іс-шара бірінші кезекте жетекшілерге, сондай-ақ ірі авторлық құқық иеленуші компаниялардың корпоративтік заңгерлеріне, зияткерлік меншік мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың өкілдеріне, Қазақстандағы, Орталық Азия елдеріндегі және әлемнің басқа елдеріндегі патенттік өкілдер мен тәжірибелі заңгерлерге арналған.
КЕСЕБАЕВА БАЛАЙЫМ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Біздің елімізде біріншіден меншік иелерінің құқықтары бұзылатын болса екіншіден бұл халыққа да өте тиімсіз нәрсе. Өйткені заңсыз тауарлардың келуі сапасыз тауарларды шетелден алып келген кезде біздің кәсіпкерлерге ғана емес азаматтардың денсаулығы мен өміріне де зиян келтіретін заттар келіп жатыр. Олардың барлығында біріншіден осы Қазақстанға әкелмеу бойынша және азаматтар мен балалардың қолданбауы бойынша шаралар қаралды. Сол бойынша көптеген мәселелер қаралатын болады. Ұсыныстар қабылданып, жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар,заң компаниялары,өзге де ұйымдар тиісті шаралар бойынша жұмыс атқаратын болады».
Еще материалы
Страница 217 из 237
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.