
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 597 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/pv1Kb9UDKhA?si=4rBiH0kiSZgm3QvY"
Бүгін Алматы қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының өкілдері зейнетақыны қалай дұрыс рәсімдеу керектігін және бұл үшін қандай құжаттар қажет екенін айтты.Зейнетке шығуға алдын ала дайындалу қажет. ХҚКО-на құжаттардың түпнұсқаларын ұсынып, зейнетақы аударымдарының бар-жоғын мұқият тексеріп, тиімді нұсқаларды есептеу қажет. Сонымен қатар, құжаттарды туған күнінен 10 күн бұрын тапсыру керек. Егер, қандай да бір құжат болмаса, мысалы, еңбек кітапшасы болса, ұйымнан мұрағат анықтамасын ұсынуға болады. Басқа жағдайда сотқа жүгініп, судьяның шешімін ұсыну қажет.
Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге жүргізіледі.
НАЙЛА МҰХАМЕТҚАЛИЕВА ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ІС МАКЕТТЕРІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Тұрғылықты жері бойынша ХҚКО филиалдарына жүгінген кезде өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:- жеке басын куәландыратын құжат.Еңбек кітапшасы (немесе мұрағат мекемелерінің анықтамалары).Білімі туралы құжат,әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы.Неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде).Балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе - азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және басқалар».
Сонымен қатар, Алматы қаласында жыл басталғалы жеті ай ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемі бойынша 4280 өтінім берілген. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша 4871. Портал арқылы өтінім бергендер саны – 18. Халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша 4853 сұраныс түскен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 578 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/ATgx08QqjM0?si=77KgYTcw2gpz6srO"
Стэнфорд университетінде зерттеуге қатысып жатқан науқастардың бірі - Пэт Беннетте бүйірлік амиотрофиялық склероз қойылған. Яғни, сирек кездесетін дерттің бірі. Бұл уақыт өте келе мидың нашарлауына алып келеді.Амиракалық ғалымдар осындай науқастарға сөйлеу қабілетін қайтаруға болады деп үміттенеді. Олардың мақсаты - жүйеге сымсыз қосылатын шағын құрылғы жасауда.
Моторлы нейрондардың жұмысы тоқтатылуы мен мерзімінен бұрын өлуінің нәтижесінде науқастың жүйке жүйесі зақымдалады. Ал бұл өз кезегінде, нейрондардың ендігәрі пациенттің бұлшық еттеріне сигнал жібере алмайтынын білдіреді. Осылайша, бұлшық еттер қозғалмайды да атрофиялануды бастайды.Бүгінгі күні ми сигналдарын тілге аударатын компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету өте жетілмеген. Зерттеушілер оны жасанды интеллект көмегімен жақсартуға тырысуда.Сигналдарды тілге декодтау үшін миға мидың сөйлеу сигналдарын қабылдайтын арнайы имплант орнатылды.
ДЖЕЙМИ ХЕНДЕРСОН, НЕЙРОХИРУРГИЯ ПРОФЕССОРЫ: «Жүйке мен ми белсенділігін және ағылшын тілінің жеке фонемаларымен байланыстыратын сигналдар бағдарламалық қамтамасыз ету алгоритмі арқылы өтеді. Екінші кезеңде деректер автоматты түрде тіл үлгісі арқылы түзетіледі. Содан соң экранда мәтін ретінде шығып, ең соңында стандартты бағдарлама арқылы мәтінді дауысқа түрлендіреді.»
Он сегіз жыл бұрын 47 жастағы Энн ми инсультінен зардап шекті. Міне, сөйлеу қабілетін жоғалқанына 17 жыл болды.Салдары қайтымсыз.Бірақ денсаулық жағдайы нашарламайды. Бұл уақыт өте келе Эннің ми сигналдарының әлсіремейтінін білдіреді. Айта кетсек, ол зерттеулерде қатысуда.Жаңа сөйлеу түрлендіргішінің қате деңгейі қазір шамамен 125 мың сөз үшін 24% құрайды. Егер сіз бұл санды 50 негізгі сөзге дейін азайтсаңыз, онда қателердің ықтималдығы 9% дейін төмендейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 549 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/CwZVsQoAaTQ?si=CgjhW8BcE_1JBtxW"
«Көптеген туристер Гавайиді еске түсіргенде гүл алқаларын елестетеді. Аралдың тұрғындары осы гүлдерді «Лей» деп атайды. Жергілікті тұрғындардың мәденитінде бұл қонақжайлылықтың белгісі есептеледі. Келген қонақтарға деген құрметті көрсету үшін, мойынадарына «Леи» тағады
КАРВЕР УИЛСОН, ШЕБЕРХАНА ИЕСІ: «Гүлдер басқалар үшін бақыт пен қуаныш көзі, сонымен қатар маңызды оқиғаны білдіретін символ.»
Гүл алқалары мерекелер мен жерлеу кезінде жасалынады. Біреу дүниеден өткенде ол адамды лейді мұхитқа түсіру арқылы шығарып салады.
МОРИН УИЛСОН, ШЕБЕРХАНА ИЕСІ: «Негізінде гүлдерді мереке күндері сыйлайды. Көпшіліктің пікірі бойынша, адамды жерлеу мерекеге жатпайды. Бірақ та біз бұл адамның қайтыс болғанын емес, сүріп біткен өмірін тойлаймыз ғой. Сондықтан гүл сыйлау міндетті түрде қажет.»
Тамыздың басынан басталған орман өрттері Гавайи тұрғындарына көп қиыншылық әкелді. Қазіргі таңда аталмыш гүлдер, оларға трагедиялық оқиғаларды ұмытуға көмектесуде.
МОРИН УИЛСОН, ШЕБЕРХАНА ИЕСІ: «Осы трагедия мен азаптан кейін бақытты күндер келуге тиіс. Сол кездегі мейрам үшін гүлдер керек боп қалар.»
Бұрынғы заманда «лейді» Гавайи тайпаларының көсемдері киген болатын. Сол уақыттары алқаларды тістерден, шаштан, тіпті сүйектерден де істеген. Ал қазір осы құралдардың орнына гүлдер, жапырақтар, жемістер мен тұқымдарды қолданады.Айта кетейік, Гавайи аралдарында 1-ші мамырда тойланатын «лей» күні бар. Жергілікті тұрғындар осы мейрамда өздерінің ұлттық киімдерін киіп, түрлі-түсті шерулер өткізеді екен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 584 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/XMai4K6dslg?si=YGXP-S8utJNX5SUa"
Женевадан жеткен жағымды жаңалық! Қазақтың тазысы Әлем чемпионатында топ жарды. Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар мен Вангелия есімді 2 тазы ит сынға түсті. Олардың екеуі де жеңіске жетті. Тұмар атты тазы «Өз тұқымындағы үздік» және «Женевадағы Әлем кубогының жеңімпазы» атанса, Вангелия - Әлем кубогындағы «Үздік ардагер» әрі «Ұрғашы иттер арасындағы үздік» деп танылды.Бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысқан болатын.
ЕЛЕНА ХАРДИНА КИНОЛОГ
«Қатты қобалжыдым. Алайда, барлығы сәтті өтті. Көңіл күйім керемет. Менің міндетім күш-қуаты толысқан, дені сау тазыларды өсіріп, халықаралық көрмелерге апару, елімізде шыққан төлтума ит тұқымын әлемге таныту болды. Мақсатыма жеттім деп ойлаймын»
Ал жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған. Бұл өз кезегінде тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың Тазы және Төбет ит тұқымдарын сақтау және оны жаңғырту жұмыстарын үйлестіруді тапсырған болатын. Міне, содан бері жауапты мекеме қызу жұмыс үстінде. Жоғарыда айтқан жеңіс осы атқарылған еңбектің жемісі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 559 рет қаралды
https://www.youtube.com/watch?v=UyqAulezoAU&t=1s

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 607 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/DY882rdbDt4?si=caygmnXlBz9bv4oU"
Индонезиядағы ең ірі автосалон – халықаралық «Гайкиндо» автосалонында электромобильдер айтарлықтай орын алды. Көрме Джакартаның шетіндегі Тангеранг қаласында өтті.
Ел билігі экологиялық таза көліктердің сатылымын арттыруға ұмтылуда. Биылғы сатып алушылар мен былтырғыларды салыстырғанда 26 мың электр көлікке көбірек сатып алады деген үмітпен салық жеңілдіктерін енгізді.
АРИФ СЬЯРИФУДИН MG MOTOR INDONESIA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ:«Біз жаңа ғана (салонда) 10 000-нан астам электр көліктерін саттық. Бұл Гайкиндо автосалонындағы жалпы сатылымның бар болғаны 1%-ын құраса да, бұл электромобильдерге деген көзқарастың қаншалықты тез және қарқынды өзгеретінін көрсетеді.»
Дегенмен, сатып алушылар әлі де сақ болуға тырысады.
GAIKINDO КӨЛІК САЛОНЫНЫҢ ҚОНАҒЫ: «Менің ойымша, Индонезия нарығына келгенде, сіз орташа және төмен табысы бар адамдар туралы да ойлануыңыз керек. Қазіргі бағамен электромобильдер қолжетімді емес.Мүмкін,қытайлық брендтер арзанырақ, бірақ қалғандары әлі де қымбат.»
GAIKINDO КӨЛІК САЛОНЫНЫҢ ҚОНАҒЫ: «Адамдарды электромобильдерге қызықтыру үшін бағасынан бастау керек. Олар 60% төмен болуға тиіс. Қазір бағасы 40-60 000 доллар аралығында. Бірақ электромобильдердің құны 13-19-26 мың доллар, тіпті $10,000 болуы керек. Сондай-ақ зарядтау станциялардың санын ұлғайту қажет».
Ескерте кетсек, бағаның қымбаттығы мен зарядтау стансаларының тапшылығы басқа елдерде әлі де мәселелердің бірі болып тұр.Сонымен қатар, Индонезия 2030 жылға қарай 600 000 электромобиль шығаруды мақсат етіп қойды. Бұл ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сатылған өнімнен 100 есе көп.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 586 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/xlXRnhlaZAY?si=kOAYkU1AXbIeV_JI"
Еуропадағы Google және Tiktok тәрізді ірі компаниялар Ғаламторды зиянды ақпараттардан тазалау үшін белгілі бір шешімдерді қабылдауға мәжбүр.
Ғаламтор пайдаланушысының қауіпсіздігі жайында Еуропалық комиссия жаңа цифрлық ережелерді енгізуде. Осылайша, геноцидті немесе анорексияны насихаттау сияқты заңсыз деп саналатын болмаса платформаның қызмет көрсету шарттарын бұзатын мазмұнды таратуға жол бермейді.Әлбетте, бұл ережелер еуропалықтардың жеке өмірі мен сөз бостандығы туралы құқығын қорғауға тиіс.
ДЖУЛИАН ЯУРШ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНЫ: «Бәлкім, тұтынушылардың ойынша, ендігәрі онлайн-платформалар ережелерді орнатпайды. Бірақ та бүкіл Еуропалық Одақ үшін ережелер бір.»
Еуропалық комиссия осы жаңа ережелерді сақтауға мәжбүр 19 ірі платформаны таңдаған.Солардың ішіне Aliexpress, TikTok, App Store, YouTube, Google Play, Pinterest, Wikipedia, Snapchat, LinkedIn, Booking.com және де Twitter кірген.Қоса кетсек, енді ғаламторда заңсыз онлайн мазмұнды және күмәнді өнімдерді белгілеу мүмкіндігі пайда болды. Тұтынушы белгілеген қателерді жоғарыда айтылып кеткен компанияларға түзеуге немесе өшіруге тура келеді. Amazon және Zalando неміс сән сатушысына жаңа шектеулер ұнамай, осы жағдай үшін сотқа берді.
ОРЕЛИ КОЛЬЕ ZALANDO ӨКІЛІ: «Егер сізде заңсыз мазмұн немесе заңсыз өнімдер қаупі нөлдік болса, сіз жай ғана қоғамға қауіп төндіретін платформалар санатына жатпайсыз.Заландо оған қатысты емес.»
Егер компаниялар жаңа ережелерді бұзса, олар әлемдік табысының 6% көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Яғни, бұл миллиардтаған еуроны құрамақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 632 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/T_6I_C6rZ3M?si=NezCRp1sfZio12mI"
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Алматы хайуанаттар бағында пресс-тур өткізді. Онда журналисттер жануарлардың қалай тамақтанатынын көріп, олардың қамқоршыларымен танысып қайтты.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ:
Алматы қаласында орналасқан хайуанаттар бағының жер көлемі 26,6 га жуық. Мамандардың айтуынша, саябаққа Еуразия, Орталық Азия, Африка, Арктика сынды көптеген ірі мемлекеттерден аңдар әкелінген.
СЕЙІЛХАН АҚЫЛБЕКОВ АЛМАТЫ ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Биылғы жылы бізде аңдардың 362 түрі бар. 4900 жуық бас бар. Негізінен 7 бөлімге бөлінеді. Олар: жыртқыш аңдар, құстар, экзотикалық құстар, приматтар бөлімі, тұяқтылар бөлімі, аквариум, экзотариум. Зоопаркте 273 адам жұмыс жасайды. Оның 70%-ы жұмысшылар. Олар аңдарға қарайтын киперлер, құрылысшылар, аула тазалаушылар».
Айта кетейік, осы жылы саябаққа көптен күткен франциялық сусамырлар жеткізілген. Олар күніне 35-40 келі тамақпен қоректенеді. Былтыр аңдардың 21 түрінен 71 бас төл алынса, биыл осы айтылған 365 аңдардың 35-нен 97 төл алынған. Сонымен қатар, хайуанаттар бағында 4 көлшік бар. Оларға биыл күзде арнайы су тазартатын қондырғылар орнатылған. Мамыр айының басында суға 3000 жуық майшабақ жіберілген. Олар 2 жылдың ішінде 35 см дейін жететін болады. Салмақтары 500-700 гр аралығында болмақ. Бұл майшабақтар ақ аюларды, пеликандарды және жыртқыш құстарды қоректендіруге қолайлы болмақ. Саябаққа кіру құны – ересектерге - 800 теңге, 7-12 жас аралығындағы балаларға – 300 теңге. Қазіргі уақытқа дейін саябаққа 750 мың адам келген. Келушілер қатарында туристер де жетерлік.
РЕСЕЙЛІК ТУРИСТ: «Сәлеметсіздер ме! Біз Ресей мемлекетінің азаматтарымыз. Біз Алматының әсем табиғаты мен оның үлкен хайуанаттар бағын көру үшін, Дубай қаласынан келдік. Мен көптеген хайуанаттар бағында болдым. Бұл жер Ресейдегі саябақтарға ұқсайды. Сондай әдемі әрі үлкен. Алдағы уақытта, тағы да жануарлар түрін көбейтуге болады деп ойлаймын. Осы орайда тур ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Солардың арқасында саяхаттап, көрмеген ғажайыптарды көрудеміз».
«ULUSH TRAVEL» ТУР-АГЕНТТІКТІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Сәлеметсіздер ме! Біз Қырғызтан мемлекетінің «ULUSH TRAVEL» компаниясының қызметкерлеріміз. Біз бұл хайуанаттар бағына жиі туристерді алып-келіп тұрамыз, себебі оларға бұл жер қатты ұнайды»
Еске сала кетейік, бүгін саябақта «Қарбыз науқаны» басталды! Енді, саябаққа кірерде билет орнына дарбыз өткізіп, өзіңіз таңдаған жануарды қоректендіре аласыз. Науқан – 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
КҮЛЗИНАТ КӘДІРБАЕВА ДЕМАЛУШЫ: «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мынау сабақтан алдын барлық балдарымыз, қыздарымыз зоопаркке келіп, тамашалап, көңілдерін көтеріп. Енді, құдай қаласа 9 ай оқимыз деп, мына осы зоопарктен дер кезінде қанша жәндіктерді тамақтандырып, осыны қыста жауратпай, жазда ыстықтатпай өстіп бағып отқан азамат, азаматшаларға мың да бір рақмет!»
МАЛИКА ЖАЛҒАСБАЕВА ДЕМАЛУШЫ: «Біз Қызылорда қаласынан, Алматы қаласына қонаққа келген болатынбыз. Зообаққа келдік. Өте керемет іші. Ерекше жануарлар бар екен. Біз көрмеген. Біз Шымкентте көргенбіз. Бірақ, ояқта жоқ жануарлар да бар екен. Бізге ұнады. Әсіресе, балаларға. Керемет! Келулеріңізге кеңес беремін».
Келесі жылдан бастап, саябақта 4 гектар жер көлемін алатын ауқымды құрылыс жұмысы басталмақ. Жоба жоспары бойынша, арнайы аңдарға арналған жылыжайлар мен ас дайындайтын бөлім салынбақ. Сметалық жобаның құжаттары аяқталса, жұмысшылар келесі жылдан бастап іске кіріспек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 610 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/1h9oQXX5LlU?si=67UsjtVs3qCYkiB8"
Қызылорда облысындағы 55 те 47 әскери бөлімінің жас сарбаздары жауынгерлік қызметке кірісті. Енді олар қоғам тыныштығын бақылап, күнделікті кешқұрым қала аумағындағы төрт ауданды күзетеді.
Бұл сарбаздар жақында ғана әскери курстан өтіп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныcқан. Әскери өмірге енді ғана бейімделген 70-тен астам жас жауынгер міне алғаш рет қызметке кірісті. Оларға арнайы оқу-жаттығу өткізіліп, жадынамалар таратылды. Сәйкесінше тапсырмалар жүктелді.
АБЫЛАЙХАН ТҰРСЫНБАЕВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 55/47 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«1-023 шақырылымдағы сарбаздар алғашқы жауынгерлік қызметке түсуі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауынгерлік қызметке түсу барысында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға және оны болдырмау ең басты біздің міндет болып табылады».
Енді жас сарбаздар, Қызылорда қаласындағы 4 шағын аудан, атап айтқанда «Мерей» және «Универсам» мөлтек аудандары мен орталық және тағзым алаңдарында қоғам тыныштығын бақылайтын болады.
ЗАМАНБЕК ҚҰСАЙЫНОВ - ЖАС САРБАЗ:
«Қызылорда қаласының қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметімізге алғашқы рет түсіп отырмыз. Қызылорда қаласының тұрғындары және де командирлер мен ата-аналарымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Командирлердің бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, алдағы қызметтердің үздігі болуға уәде береміз. Тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алып отырсақ, бұл Қазақстан Республикасының көркеюі мен нығаюына үлкен себеп болады».
Қоғам тыныштығы мен қала тәртібін сақтауда Ұлттық ұлан сарбаздарының атқарар міндеті зор. Темірдей тәртіпті сақтайтын жауынгерлер енді күн-түн демей, кірпік қақпай қызмет етеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 605 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/OuPTaFWoIrs?si=DhU9OoZ3bjXSBzSW"
Кәсіп түбі - нәсіп. 15 жылдан аса уақыт дәрігер болған ерлі-зайыпты қазір ешкі бағып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Қожахановтар отбасы асыл тұқымды ешкі сауып, сүтін сатып берекелері артқан. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
«Қойдың сүті - қорғасын, ешкі сүті - ем». Ғұмырының біраз жылын денсаулық сақтау саласына арнаған Қожахановтар отбасы 2019 жылы «Galamilk» ешкі фермасын ашқан. Бұған дейін отағасы Ғалымжан - кардиохирург болса, жұбайы педиатр, фармацевт болып қызмет етіпті. Ал қазір: әуелде 10 ешкімен басталған кәсібіміз оңға басып, малдың саны 150 басқа жетті – деп қуанып отыр.
ЖҰЛДЫЗ ҚОЖАХАНОВА - «GALAMILK» ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Кәсіпорын - маусымға байланысты айына 10 мың литрге дейін сүт өңдейді. Технолог-дәрігерлермен бірлесіп, айран, йогурт, қаймақ, кілегей, ірімшік сынды 10 түрлі өнім шығарады. Айта кетейік, Заанен тұқымына жататын сүтті ешкілерді бағып, өнімін өңдеумен 10 адам айналысады.
ЕРБОЛ МАУПАСОВ - «GALAMILK» ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
Ал сүттің сапасын, дәмін сақтау үшін ешкілерге жоңышқа, өскін бидай сабақтары, жем, жүгері, арпа және сұлы дәрумендермен араластырылып беріледі. Шаруашылық иелерінің сөзінше, әуелде ешкілердің әрқайсысын 350 мың теңгеден сатып алған. Кейін өздері төлдеткен. Жаңа төлдегендер мен ерте туған лақтар сауындылардан бөлек бағылады екен.
ШЫНАРГҮЛ БОРАНБАЕВА — САУЫНШЫ
Кәсіпкерлер алдағы уақытта шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал сауынды ешкілердің санын 500-ге жеткізсек деген ойы бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 676 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/fAW1cbo7Af8?si=mI3ZsJxjaymolECm"
Полиция ескертеді! Билік өкіліне қол жұмсап, қарсылық көрсеткендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Биыл полицейлерге жұдырық жұмсаған 19 адам түрмеде отыр. Айталық, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев айтты.
АЗАМАТ ҚҰРЫМБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 594 рет қаралды
"https://www.youtube.com/embed/cs93F4qR7Ko?si=HDr3XJI6Z4gmuNBd"
Алматыда 25 тамызда сағат 01:36-да Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардың бірінде өрт шықты. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде, ангар типті қойманы ашық жалынның 295 шаршы метрін шарпығанын анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады.Тілсіз жау орын алған жерде өрт сөндірудің екі учаскесі құрылып,апатты ауыздықтау, және басқа қоймаларды қорғап, салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді. Ақпаратқа сәйкес қоймада құрылыс материалдары – ламинат болған.Нысанды электр қуатынан арнайы қызметкерлер ажыратып,өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Өрт сағат 02:21-де 37 минут ішінде ауыздықталып, таңғы 04:40-та толықтай сөндірді.Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 60 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан сабыр сақтап, маска тағуды сұрады.
АРМАН МӘКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: «Өрттің салдары өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейді.Осыған байланысты сабырлы болуды және бетперде тағуды сұраймыз. Тыныс алу органдары аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріледі».
Тағы басқа мақалалар...
219 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.