
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 776 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jyJA7jPpbbw?si=mlGG74rHyG_FCxFI"
Алматы облысы Қарасай ауданында мектептегі білім сапасын арттыруға қатысты «Ізденіс. Тәжірибе. Шешім» атты облыстық педагогикалық идеялар форумы өтті.Онда білім беру орталығында өткен форумда білім сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, білікті спикерлерден тың ақпараттар берілді.
Жиынға облыстық, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары және ұстаздар қатысты.
ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Бұл форумның басты мақсаты – оқушылардың білім сапасын көтерудегі тиімді жолдарды іздестіру. Бұл форумға бүгінгі күні бізде Алматы қаласының және С.Демерел атындағы университеттің ұстаздары спикер болып келіп отыр. Себебі, осы аталған білім беру мекемелерімен біз ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойған болатынбыз».
Форум 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – пленарлық отырыс. Спикерлер панельді пікірталастарымен бөлісті. Екінші бөлім – секциялық отырыс. Спикерлар арнайы мамандармен білім сапасын арттырудағы кедергілерді жою жолдарын қарастырып, практика жүзінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.
СӘУЛЕ МАХАМБЕТОВА АЛМАЛЫБАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгін өз алдына бөлек әрі қызықты 9 алаңның жұмысы көрсетілді. Ол жерде оқушылар әртүрлі конфликттан қалай шығатыны туралы, қалай оқушыларды жаңа форматта оқытуға болатындығы жөнінде т.б тақырыптар туралы айтылды. Бұл әртүрлі алаңдық жұмыстар жаңа дүниелерді жасап үйренуге, сабақты қызығып оқуға үйретеді. Сондықтан, біздің мектебіміз бұл жоспар аясында бірлесіп үлкен еңбек етуде».
Спикерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ұстаздарға жаңа әрі тың ақпараттар айтты. Жаңа идеялар, инсайттар мұғалімдердің жаңаша білім беруге бет-бұрыс жасай алды.
НАЗИМА БАЛАПАНОВНА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан, сауатты әрі зерек ұрпақты жетілдіру ұстаздар қолында.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 732 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UHq0-t1sJBI?si=5auBj3-NvaHXtz0m"
Арисса Ян небәрі алты жаста, бірақ ол үшін смартфон туғанындай болып кеткен. Ол қытай әлеуметтік желісіндегі комедиялық бейнелерді ешқандай қиындықсыз тауып алып қарай береді. Арисса ұялы телефонды төрт жасынан бастап қолданады екен.
Ариссаның анасы Вэл Ян қызының интернетке тәуелділігіне алаңдайды. Алайда, телефонды пайдалану қазіргі қоғамның маңызды бөлігі деп санайды және бүлдіршіннің технологияны меңгеруде құрдастарынан артта қалғанын қаламайды. Бірақ Ариссаның смартфон қараудағы уақытын қалай реттеуге болатынын білмейді.
ВЭЛ ЯН – ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ: "Әрине, қызым үшін алаңдаймын. Балалар телефондарды сабақ оқуда пайдаланады.Бірақ олар видео көргенде,тәуелділікке түсу оңай".
Ұялы телефонға тәуелділік - Қытайдағы күрделі мәселе. Тамыз айында елде кәмелетке толмағандардың смартфондармен күніне екі сағатқа дейін ғана отыруға болатын ереже жасалды. Бұл шектеу сегіз жасқа дейінгі балалар үшін – күніне 40 минуттан аспайды. Жергілікті БАҚ күнделікті пайдалану уақыты аяқталғаннан кейін ұялы телефон "барлық қолданбаларды автоматты түрде жабады"деп жазады. "Кәмелетке толмағандар режимі" деп аталатын бұл жоба 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға таңғы 22:00-ден таңғы 6-ға дейін мобильді құрылғыларда интернетке кіруге тыйым салады. Жаңа ереже қашан күшіне енетіні әлі белгісіз. Ата-аналар шектеулердің тиімділігіне күмәнмен қарайды, өйткені көптеген электронды құрылғыларда "балалар режимі" деген бұрыннан бар.
ВЭЛ ЯН – ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ: "Бізде бұл функция бар болғандықтан, оның қаншалықты тиімді екендігі туралы зерттеулер жүргізілуде ме? Егер компаниялар оны негізгі функцияның үстіне қосса, онда тиімділікті арттыруға болатын болмайтынын білмеймін".
Балалар психологы Шарон Али ата-аналар мобильді құрылғыларды пайдалануды шектеуге емес, балаларымен эмоционалды қарым-қатынасқа назар аударуы керек дейді. Алайда, қазіргі жағдайда ол экран уақытының шектеулері пайдалы екенін және басқа елдерде де пайда болуы мүмкін екенін мойындайды.
ШАРОН АЛИ – ПСИХОЛОГ: "Көптеген ата-аналар жұмыста болғандықтан бос емес, сондықтан олардың... балаларымен араласуға уақыты жоқ. Болашақта бұл тек жоба ретінде қалып қоймайды деп сененмін".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 671 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hi2v9QjG3GY?si=xDmgrd1qWWqRkTYg"
Ұлыбританияның тәтті құмарлары енді пластмасса қосылған балмұздақ жейтін болады. Кінәсінен тазарғысы келгендер үшін таптырмас дәм болмақ.
Бұл ванильді балмұздақты Лондон өнер университетінің дизайнері және студенті Элеонора Ортолани дайындады. Алайда, әзірге оның дәмін ешкім татып көрмеді. Десертке пластиктен жасалған ванилин қосылған. Элеонора өз туындысын "кінәнің дәмі" деп атапты.
ЭЛЕОНОРА ОРТОЛАНИ – ДИЗАЙНЕР: "Кінәнің дәмі" - бұл менің ойымша, пластикалық қалдықтардан жасалған алғашқы балмұздақ. Бұл балмұздақтағы ванилин бөтелкелер жасалатын пластиктен жасалған".
Мұндай балмұздақ жасау қиын процесс.Пластикті, сондай-ақ әртүрлі ферменттерді ыдырататын бактерияларды пайдалана отырып әзірлейтін бұл әдісті, Эдинбург университетінің ғалымдары дайындаған. Элеонора жобаны қоғамдық орындарды пластикпен ластап жататындарға үлгі болсын деп жасаған. Алайда, әзірге мұндай балмұздақты жеуге болмайды.
ЭЛЕОНОРА ОРТОЛАНИ – ДИЗАЙНЕР: "Идея-азық-түлік жүйесінің мәнін қайта қарауға көмектесетін заманауи технологияларды көрсету".
ДЖОАННА САДЛЕР – БИОТЕХНОЛОГ: "Қоғам өкілдері маған электронды пошта арқылы адамдарды пластикті жеуге шақыру жауапсыздық деп жазуда. Менің ойымша, бұл өнім туралы қате түсінік болуы мүмкін, өйткені процестің соңында ол пластик болуды тоқтатады".
Ғалымдар бұл өнім алдымен көптеген тексерулерден өтуі керек деген пікірде. Ваниль - әлемдік нарықтағы ең қымбат дәмдеуіштердің бірі. Шафраннан кейін екінші орында тұр. Оның қымбаттығына байланысты олар жасанды алмастырғыш-ванилин жасай бастады. Бірақ нағыз ванильдің нәзік хош иісі мен иістің беріктігі қайталанбайды дейді мамандар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 706 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sV6DVdOrgSo?si=N2P3frcPtgrlN-MW"
Елімізде алғаш рет жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылып жатыр. Ол негізінен, ұлттық мүдде, ар-ұят, талап осы үш құндылыққа бағытталған. Мақсат, ұлт сапасын арттыру. Айтпақшы, осы бағдарлама аясында жаңа оқу жылынан бастап республикадағы мектептерде ата-ана орталықтары өз жұмысын бастады. Онда бала, ата-ана және ұстаздың үшжақты қарым-қатынасын дамытуға ден қойылатын болады.
МЕРУЕРТ МЕДЕТБЕКОВА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Мемлекеттік құзырлы органдардың барлық өкілдерімен бірлесе отырып, оқу-ағарту министрлігі тарапынан бірлескен жоспар жасалынды. Осы жоспар аясында нақты денсаулық, қорғаныс министрлігі болсын, төтенше жағдай болсын, министрліктер арасынан өзіндік бағыттағы жұмыстарды практика тұрғысынан нақты өкілдіктері келіп, сертификатталған тренерлері келіп оқытуды көздейді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 834 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GQ_Fxrx2i50?si=zVxK5XS1VIZPsCGm"
СҚО Қызылжар қаласында 1 қазан Халықаралық музыка күні мен «Қарттар» күніне орай қарттар мен жастар арасында «Караоке батл» байқауы өтті. Басты мақсат - музыкаға, вокалдық өнерге деген жастардың қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейту.Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған караоке батл еркін форматта болды. Қызылжарлық тұрғындар ән салып, би билеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыста оза шапқан жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ «Қаламыздың өнер коледжінен келген жастар, «Ардагерлер» кеңесінің мүшелері 2 командаға бөлініп, бір-бірімен жарысты. Бұл мереке тек қана Қарттар күні аясында ғана емес, өздеріңіз білетіндей 1-қазан – «Халықаралық ән күні». Іс-шара аясында олар бір-біріне назар аударып, бір-бірінің көңілін көтеру мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз».
Жастар бөлімі алдағы уақытта көптеген игі шараларды, оның ішінде акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Соның нәтижесінде қарттарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдары көмек ретінде беріледі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 692 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/m5kzTyyVmBA?si=8g6Ii9tfAhWYwBzL"
Семейде биыл жөнделуі тиіс аулалардың тек 10 пайызға ғана дайын. Былтыр құжат жүзінде аяқталып, бірақ әлі салынбаған он шақты ойын алаңдары анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары мәлімдеді. Айта кетейік биыл қаладағы 70 ауламен саябақтарды аббатандыру үшін қазынадан 2,4 млрд теңге бөлінген.
Көлік тұрағына айналған мына алаң құжат бойынша былтыр салынып бітіп, тиісті мекеменің қабылдауынан өткен. Көріп тұрғандарыңыздай шаңы шығып жатыр. Түсірілім тобын байқаған жергілікті тұрғындар бірден базыналарын айтып, шағымдарын жеткізді.
РИНАТ МАМЫҚАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қағазбен бәрін жазып, бәрін істеген,бәзбіреулер акт-ға қол қойған.Ал бірақ жоқ! Енді оны мемлекетте қарау керек қой».
Балаларға арналған ойын алаңы мен асфальт төселуі тиіс бұл аулада ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Мұндай арыздар тиісті мекемелерге бірнеше көшенің тұрғындарынан келіп түскен.
АҚНҰР ҚАЙРАТҚЫЗЫ “ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ ОРТАЛЫҒЫ “ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «ЖКХ бізге жауап беріп отыр барлығы қабылданған, қазір толықтай қабылданып алынған, барлық жағдай жасалды дейді. Бірақ көріп тұрғаныңыздай қазір 2023 жыл ешқандай жұмыс жасалмаған».
Қала билігі мәселені көріп, біліп отыр. Тиісті мекемеге жаңа басшы жақында ғана тағайындалған. Сондықтан арызданушыларға ол жаңадан келгенмін деп қысқа жауап қайырған.
ЕРНАЗ МҰҚАТАЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БАСШЫСЫ: «Былтырғы жыл бойынша бізде мердігер «Алтын жаңбыр» дейтін организация болды. Солар мысалы үшін бүгінгі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10-12 аула бойынша дефектовкалар жасалды. Шығындар саналды. Қазір материалдар сотқа дайындалып жатыр».
Ал мына аула бір айдан кейін толық жөнделіп тапсырылуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріс жүргізіп, жұмыстарынан өрескел қателіктер тапқан.
МАДИЯР БАЙТАБАНОВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Мән жайды анықтау кезінде сегіз нысан бойынша 350 млн теңге қаражат бөлінгені анықталды. Оның жаңағы бөлінген қаражаттың 40 пайызы игерілгенмен нақты атқарылған жұмыс он пайыз шамасында ғана болған. Бұдан бөлек осы аталған сомаға жасалынған келісім шарт әу баста заңсыз болғаны белгілі болды.Үкімет қаулысының бекітілген тізбеге сәйкес шектеу 50 млн сомасы болғанымен,бұл жерде қаражат 7 есеге асып кеткен».
Қалалық әкімдіктегілер биылға жоспарланған 70 ауланың 62-сі толығымен аяқталатынын алға тартты. Ал қалған сегізі кесте бойынша 15 қазанға тапсырылады деп сендірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 971 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RVrqAyTChHg?si=pd1YjfdavKDk038F"
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия экономикасы Шығыс комитетінің ұйымдастыруымен өткен екі ел іскер топтарының дөңгелек үстеліне қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде геосаяси дүрбелеңге қарамастан, былтыр екіжақты тауар айналымы 25 пайызға өсіп, 2,8 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, Германия бизнесі Қазақстанға 6 миллиард долларға жуық инвестиция салған. Бұл инвестицияның 90 пайызға жуығы шикізаттық емес секторға тиесілі. Жалпы елімізде Германия капиталының үлесі бар мыңнан астам компания жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның табандылық, нақтылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген бизнес жүргізу тәсілін жоғары бағалады. Сондай-ақ «Қазақстанда неміс сапасына сай жасалған» формула бойынша өнім шығаратын өндіріс орындарын ашуға мүдделі екенін айтты. Мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытын атап өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан, ең алдымен, Германия және Еуропа өнеркәсібіне қажетті табиғи ресурстар мен маңызды шикізат саласында сенімді серіктес болуға дайын.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «2040 жылға қарай маңызды материалдар мен сирек кездесетін металдарға әлемдік сұраныс төрт есе артады деген болжам бар. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстанда құны 46 триллион доллардан асатын бес мыңнан аса барлау жасалмаған кен орны бар. Сондықтан мен Канцлер Олаф Шольцке бірлескен шикізатты игеру жобаларын жүзеге асыру үшін Консорциум құруды ұсындым. Бұл бастама үкіметаралық серіктестік туралы қолданыстағы келісімдермен қатар, ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мен Германияның жеке инвесторларын осы Консорциумға қосылуға шақырамын».
Президент жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты тағы бір перспективті бағыт ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл» сутегінің әлемдегі жетекші өндірушісі болу үшін елімізде барлық алғышарт бар екеніне тоқталды. Қазіргі уақытта Германия мен Швецияның бірлескен Svevind Group компаниясымен «жасыл» сутегін өндіру жөнінде сомасы 50 миллиард доллар болатын келісім жасалды. Бұл – әлемдегі ең ірі жобалардың бірі. Алдағы уақытта «жасыл» сутегі өндірісі «жасыл» болат, алюминий және басқа да металдарды өндіруге жол ашуы мүмкін. Президент Германияның технологиялық шешімдерін Қазақстанның табиғи және адами ресурстарымен ұштастыру жоғары нәтижелерге жеткізетініне сенім білдірді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін мол мүмкіндік бар екенін жеткізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан өңірдің азық-түлік хабына айналуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта өнім өндіру, сақтау және тарату жұмыстарын ұштастыратын сауда-логистикалық байланыстардың өңіраралық жүйесі құрылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға әртүрлі салада, соның ішінде биотехнологияға және тыңайтқыштар өндіруге, спутник арқылы зондтауға және жасанды интеллектіге, ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға, ирригацияға, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне, генетика мен жаңартылатын энергия көздеріне маманданған Германияның көптеген компаниясы тартылуы мүмкін».
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия бизнесмендерін Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және озық неміс технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.Айта кетейік Германия экономикасының Шығыс комитеті – Германия Федеративтік Республикасының Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 елге арналған аймақтық бастамасы. Шығыс комитетіне Германия экономикасының алты жетекші одағы қолдау көрсетеді және оған 400-ге жуық компания мүше.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 764 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tlyVOnTNeL8?si=x9um1OIvhjbP5vhH"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жасаған іс сапары аясында бірінші Berlin Global Dialogue форумына қатысты. Президент «Көшбасшылар диалогы» сессиясында Қазақстанның жаһандық экономикалық процестердегі рөлі туралы өз көзқарасын айтты. Президенттің пікірінше, жаһандық экономикалық өзекті проблемаларды шешуге ықпал ететін жаңа әмбебап құндылықтар қажет. Әйтпесе, адамзат дүниежүзілік сауданың бұрын-соңды болмаған бөлшектенуіне тап болады. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнім 7 пайызға құлдырауына әкеп соқтыруы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің басым бөлігін еліміздің халықаралық экономикалық байланыстарды тұрақтандыру ісіндегі рөліне арнады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Еуразиядағы екінші ірі мұнай қорына ие Қазақстан әлемдік нарықтарға энергетикалық ресурстардың ірі жеткізушісі саналады. Біздің мұнай экспортының 70 пайызы Еуропа Одағына шығарылатынын ескере отырып, экспорттық әлеуетімізді кеңейтуге және жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз».
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ұлттық экономиканы дамытудың перспективалары туралы мәлімет берді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Былтыр Қазақстан экспорты 40 пайызға жуық өсті. Біздің ЖІӨ-нің едәуір бөлігі әлі де энергетика секторына тиесілі болғанымен, экономиканы әртараптандыруға күш саламыз. Автомобиль құрастыру, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау салаларындағы өсімді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан бизнес жасауға ерекше қолайлы орта қалыптастыру арқылы шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырып отыр».
Мемлекет басшысының Германияға жасаған іс сапарының маңызды бөлігі Олаф Шольц пен бірлесіп БАҚ өкілдері үшін өткізген брифинг деуге болады.Қазақстан Президенті мен Германияның Федералдық канцлері жоғары деңгейде өткен келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Берлинге сапармен келуге арнайы шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Олаф Шольцке ризашылығын білдірді. Президент жүргізілген келіссөздер қазақ-герман қатынастарын одан әрі нығайтуға екі тараптың ниетті екенін тағы да растағанын атап өтті. Президент мұнай-газ химиясы, металлургия, көлік және логистика секілді перспективті салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қарастырылғанын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының жетекші еуропалық компаниялармен қол жеткізген уағдаластықтарын жоғары бағалады.Мемлекет басшысы өз сөзінде екі елдің өзара ықпалдастығын кеңейтетін жаңа мүмкіндіктерге де тоқталды. Федералдық канцлер Олаф Шольц өз сөзінде Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ энергетика, орнықты даму, цифрландыру және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін айтты.Бұдан бөлек, Канцлер Германия мен Еуропа Одағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды толық қолдайтынын мәлімдеді.Қазақстан мен Германия басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы жөнінде, Украина төңірегіндегі қақтығыстарға қатысты сұрақтар қойылды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Шын мәнінде, Қазақстан мен Ресейдің арасын әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара бөліп жатыр. Елдеріміз арасында сауда, гуманитарлық байланыстар бойынша дәстүрлі ынтымақтастық орнаған. 2013 жылы екі ел Одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойды. Украинадағы қақтығысқа келер болсақ, Қазақстан әскери іс-қимылдардың тез арада тоқтатылуын және БҰҰ Жарғысы негізінде бейбіт келіссөз жүргізілуін жақтайды. Мен бүгін құрметті Канцлер мырзаға жағдайдың шын мәнінде өте күрделі екенін айттым. Ресей де, Украина да келіссөз жүргізуге дайын екенін растайды. Алайда келіссөздің қандай алаңда жүргізілетіні әзірше белгісіз. Сондықтан парасатты, салмақты, салиқалы дипломатияның кезеңі туады деп ойлаймын. Олар бірін-бірі айыптауды доғарып, екі жаққа да тиімді келіссөздің жолын табуы керек. Қазақстан Украина қақтығысын шешудің қандай да бір жолдарын ұсынып жатқан өзге елдер мен мемлекеттер тобының күш-жігерін қолдайды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті шараны қабылдаймыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 701 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0M0q7oDYdsg?si=Nheb_BaRbu16CQpj"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 687 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GmIhZMl1qss?si=VpLqLDzF5Qpb1nPo"
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізбек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 745 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iEKqyxqpQu4?si=XlKuWbXq_NhJ4paB"
Елімізде сүт өнімдері екі есеге қымбаттауы мүмкін. Ал, сүт сатып ақша тауып отырған ауыл тұрғындарының 70 пайызы тұрақты табысынан айырылып қалу алдында тұр. Себебі, 2025 жылы 1 қаңтарда күшіне енетін Еуразиялық одақтың талабы тым қатал. Осылай деген сенат депутаттары бұл мәселені шешу үшін ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беріп, әр аймақта сервистік-сатып алу орталықтарын құру қажет дейді. Әйтпесе, екі жылдан кейін сүт өндірісі толықтай тоқырауға ұшырамақ.
ЗӘКІРЖАН КҮЗИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Өкінішке орай, шикі сүтті оны өңдеу кәсіпорындарына Техникалық регламентке сәйкес жеткізудің мүмкіндігі жоқ. Шикізат тапшылығына байланысты қайта өңдеу кәсіпорындарының өндіріс қуаты 40%-ға дейін азаяды. Сүт зауыттарының 90%-ы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Оның талаптары күшіне енгеннен кейін, бүгінде сүт сатудан табыс табатын ауыл тұрғындарының 70%-ы тұрақты табыс көзінен айырылады. Сондықтан, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын қолдау керек».
Одан бөлек, бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау, сапалы ем алу үшін медициналық мекемелерді уақытылы қаржыландыру, Түркістан облысын газдандыру мен Шымкент қаласын дамыту туралы ұсыныс-пікірлерін айтты. Ол айтылғандардың қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 729 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0Hkcn7uqXP4?si=46foOS9f86BA__Vd"
Мексиканың Тапачула қаласында мигранттар автобусқа отыру үшін кезекте тұр. Олар АҚШ-та босқын мәртебесін алуға өтініш бере алатын елдің басқа аймақтарына тасымалдана бастады.
Мексика үкіметі адамдардың оңтүстік шекарасынан солтүстікке қарай қозғалысын жеңілдетуге тырысуда. Соңғы күндері мұнда Орталық және Оңтүстік Америкадан тым көп мигранттар жиналды. 8 мыңнан астам адамды тасымалдауға 189 автобус пен 73 фургон пайдаланылды.
БАРБАРА ЧИРИНО ВЕНЕСУЭЛАЛЫҚ МИГРАНТ: «Бізге АҚШ шекарасы болып табылатын межелі жерге еркін кіруге рұқсат беру керек, сонда біз оны кесіп өте аламыз. Сонымен қатар, автобустарды да жіберуі керек. Бұл балалар тұра алмайтын орта. Мұнда ауру балалар мен жүкті әйелдер бар».
ХОСЕ ТАВАРЕС ВЕНЕСУЭЛАДАН КЕЛГЕН МИГРАНТ: «Бізге межелі жерге жету үшін көбірек автобустар қажет. Мен оларға біздің қажеттілігімізге қолдау көрсеткендері үшін ризамын».
Ал Мексиканың солтүстік шекарасында Сьюдад-Хуарес қаласынан Американың Эль Пасо қаласына жетуге тырысқан Рио Браво өзенінен өткен мигранттар кері қайтарылуда. Америкалық шекарашылар қазір ешкімді өткізбей жатыр. Мигранттарға ресми орталықтарға барып, құжаттарын тапсыру керек дейді.
ЭДУАРДО ЭМИЛИО КАРПИО ВЕНЕСУЭЛАДАН КЕЛГЕН МИГРАНТ: «Техас ұлттық гвардиясы бізді өткізгісі келмейді. Олар өзеннің арғы бетінде тұрып қалған сөмкелерді алуға да рұқсат бермейді. Егер шекарадан өтсек, бәрімізді депортациялаймыз деді».
ЛЕЙДИ ДАЗА ВЕНЕСУЭЛАЛЫҚ МИГРАНТ: «Мен жүзе алмаймын. Сондықтан өзеннен өту қиын. Олар бізді өткізеді деп үміттенеміз. Бірақ бізге заңдардың өзгергенін айтты. Басқа ешкімге рұқсат етілмейді».
Соңғы апталарда Мексикаға мигранттардың үлкен саны келді. Бұл жағдай АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы мигранттар дағдарысын шеше алмады деп айыпталған Джо Байден әкімшілігіне қысым жасайды.
Тағы басқа мақалалар...
- «Союз МС-23» капсуласы қазақ даласына қонды
- Алматы мен Қонаев қалаларының ортасында «G4 City» арнайы интеграцияланған қала салынады
- Қан айналымы жүйесі ауруларынан елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам қайтыс болады
- Депутат Жигули Дайрабаев отандық кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау керек деп дабыл қақты
215 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.