ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі тұрғындардың орташа жасы тізімделді. Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі көрсеткішті жариялап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро жариялаған дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың орташа жасы 2023 жыл басына 32,1 жасты құраған. 2018 жылдан бастап орташа жас болмашы артқан.
Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас.
Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас. Ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.

Ноутбук, бейнекамера: Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тиым салынған заттардың жаңа тізімі жарияланды
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде ұшақ бортына бірге алып жүруге тиым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Закон.кз-ке сілтеме жасап.
Онда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Министрдің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау қағидаларындағы маңызды өзгерістер жазылған.
Яғни жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғылар мен электрондық темекілерді тасымалдауға қойылатын талаптарға елеулі өзгерістер енгізілді.
Мысалы, жаңа талаптар бойынша багажда литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (планшеттер, сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.
Сонымен қатар багажда электрон темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Осыған байланысты жолаушылардан көрсетілген заттарды қол жүгінде тасымалдауын сұраймыз:
- ноутбуктер;
- ұялы телефондар;
- камералар;
- планшеттер;
- электрон темекі;
- литий-ионды батареялары бар барлық электрон құрылғы;
- қосалқы батареялар мен қуат банктері.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауында АЭС мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Президент бұл мәселені жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн екенін айтты.
“Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем.Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз”, - деді Президент.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында 2 министрлік құрылатынын айтты. Ведомствалар елдегі су мен жол сапасына жауапты болмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қазақстан халқына жолдауында Президент су ресурстары және интеграция министрлігін құру керегіне тоқталды. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады.
"Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы. Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың "көлеңкелі" нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Халқымыз "Судың да сұрауы бар" деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар Президент көлік министрлігі қайта құрылатынын да айтты. Ведомства жол инфрақұрылымын салумен де айналысады.
"Қазақстан темір жолын" толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет. Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады", - деді Мемлекет басшысы.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
“Ұлттық қор - балаларға” жобасы аясында берілетін ақша жаңа жылдан бастап аударылады. Бұл туралы Қазақстан халқына жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін қаражат мәселесін айтты. Сөзінше биыл бірқатар салада жалақы көтерілген.
"2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. "Жайлы мектеп" жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды", - деді Президент.
Сонымен қатар Тоқаев бүгінге дейін көп жұмыстардың атқарылғанын әрі болашақта да жалғасын табатынына тоқталды.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Президент Қазақстан халқына Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Жолдаудың мәтіндік трансляциясын Президенттің баспасөз қызметінің Телеграм арнасынан оқуға болады.
Тағы басқа мақалалар...
56 ішінен 61 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.