ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын. Осы орайда мемлекеттік кірістер комитеті дабыл қақты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Комитет дерегіне сүйенсек, жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.
Ең бастысы, яғни, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылмақ.
Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау үшін жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді. Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.
Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қырғызстан Парламенті білім беруді 12 жыл емес, 10 жылға қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жогорку Кенештің Әлеуметтік саясат комитеті әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі парламент қаулысының орындалуы туралы министрліктердің есебін тыңдады. Депутат Камила Талиева Қырғызстанда 12 жылдық білім беруге көшу жобасының жүзеге асатынына сенбейтінін мәлімдеді. Ол елдің 12 жылдық білім беруге сапалы көшетініне, қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз етілетініне сенбейтінін айтты.
"Біз12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайын емеспіз және жақын арада ауыса алмайсыз. Олар (Білім министрлігі) бұл бағдарламаны жүзеге асыратынына USAID халықаралық ұйымына сенді. USAID-тің 24 жобасының 22-сі жабылып, екі жоба ғана қалды. Олар бұл бағдарламаны USAID жасайды деп үміттенді. 10 жылдық білім беруге көшейік. Тіпті Ұлыбритания КСРО жүйесіне қайта оралуда. Одан да білімнің деңгейі мен сапасын арттырайық. Олардың қайда баратынын көреміз. Олар Сингапур туралы, Малайзия туралы айтады. Олардың мақсаты грантқа түсу, бітті. «Білім беру жүйесі сендерге ойыншық емес, оны құртып жатырсыңдар", - деді депутат.
Алайда Талиева Білім министрлігіне өз мәлімдемесіне қатысты түсінік беруден бас тартты.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі жұмыссыз адамдар саны белгілі болды. Әсіресе олардың көп бөлігі қай өңірде екені нақтыланған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Елімізде жұмысы жоқ ретінде ресми тіркелген адам ғана «жұмыссыз» саналады. ҚазАқпараттың дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша ресми 448 мың жұмыссыз адам есепте тұр.
Еңбек және халықты еңбекпен қамту министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында олардың ең көп бөлігі қай өңірлерде екенін айтып берді. Сөзінше, ең көп жұмыссыздық Түркістан облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы.
Сонымен қатар, елімізде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардан бөлек, тіркелмей жұмыссыз жүрген азаматтар да бар.
Жалпы былтыр елімізде 714 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған еді.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстандықтар енді кредиттен бас тарту үшін бір ауыз сөзбен тыйым сала алады. Мұндай мүмкіндік тіпті смартфон ұстай алмайтын азаматтарға да қолжетімді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, енді қазақстандықтар алаяқтардан бір ғана сөзбен қорғана алады. Бірінші кредиттік бюро дерегіне сүйенсек, адамда ЭЦҚ болмаса, бірақ ол мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда дауыстық боттың көмегімен кредит рәсімдеуге оңай тыйым салып, қайтадан оңай қоса алады.
Мұны жасау жолдары мынадай:
- 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз – бұл тегін;
- сізге ыңғайлы тілді таңдаңыз: қазақ немесе орыс;
- "кредитке тыйым салу" тіркесін айтыңыз;
- осыдан кейін сіз несиелеуге тыйым сала аласыз, оны алып тастай аласыз немесе қызмет туралы ақпарат ала аласыз;
- дыбыстық сигналдан кейін ЖСН енгізіңіз;
- Сізге растау үшін енгізілетін коды бар SMS келеді.
Бұл қызмет әсіресе смартфон пайдаланбайтын немесе интернет қолжетімсіз жандар үшін пайдалы.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қазақ тілін оқыту орталықтарында 29 мың қазақ өз ана тілін үйрену үшін барады екен. Мұндай мәліметті ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі тіл оқыту орталықтарында өзінің ана тілін оқып жүргендердің нақты саны туралы ақпаратты ресми сауалға жолдаған. Онда елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 114 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейтіні, олардың 95-і - негізгі орталықтар болса, 19-ы – филиалдары екені жазылған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша тіл үйрету курсынан өткендер саны – 63 857 адам. Оның ішінде мемлекеттік тілді оқу курсынан өткендер – 45 841, орыс тілі курсынан өткендер – 4 700, ағылшын тілі – 13 316 адам.
Жергілікті атқарушы органдарда қазақ тілі курсынан өткендер саны – 45 114 адам, оның ішінде 16 517 этнос өкілдері деп жазылған жауапта.
Министрліктің мәліметіне қарағанда тілдерді оқыту орталықтарының бәрі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Оқу курсына 18 жастан асқан мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық компания өкілдері, үй шаруасындағы адамдар, зейнеткерлер, шетелдік азаматтар, этнос өкілдері тағы да басқа кез-келген өтінім берген азаматтар қатыса алады. Ал мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар оқыту курстарын өз есебінен қаржыландырады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қанша қала және аудан, ауыл бары белгілі болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, бүгінде елімізде қала мәртебесі берілген 90 елді мекен бар екен.
Соңғы 1 жыл ішінде олардың саны тек бір бірлікке ғана артқан. Яғни, Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды.
Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны — 39, аудандық маңызы барлар — 38, Республикалық маңызы бар қала — 3.
Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен.
2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар екен.
Тағы басқа мақалалар...
7 ішінен 69 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.