
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 360 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/L8TM0QiF61c?si=bnYQ4RR4VJK93cO9"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KkweLRNhZBk?si=g-3fEJmxx1rjIbRQ"
Сапалы білім мен инновация дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан еліміздегі «Q» университеті Оңтүстік Кореядағы Менджи Университетімен бірлесіп білім, мәдениет және ғылым орталығын ашты. Бұл шара екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірінің басталуы мен Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды тереңдетеді. Орталық корей тілі курстарының алаңына айналады және корей білімін дамытуға ықпал етеді. Ол сондай-ақ екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, академиялық ұтқырлық пен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуде негізгі рөл атқарады дейді білім ошақтарының мамандары.
САТЫПАЛДЫ НӘЗІМХАН – ҰҒА АКАДЕМИГІ, «Q» УНИВЕРСИТЕТІ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
ЛИ ЧОНГУК - МЕНДЖИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ, (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ)

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wfFEbl6nuNg?si=8SXaBNvkDtTdiJ-H"
Астанадағы экс-министрдің аты шулы сот процесі аяқталуға жақын қалды. 10 мамыр күні үкім шығарылуы мүмкін. Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен оның бұл қылмысын жасырды деген күдікке ілінген туыс інісі Бақытжан Байжанов сотта бүгін соңғы сөз айтты. Экс-министр өзінің кінәлі екенін мойныдады, алайда қасақана кісі өлтіру мақсаты болмағынын алға тартты. Ал, күдікті Байжанов мен ештеңе білмедім, білсем мұндай әрекетке бармас едім деп марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ АЙЫПТАЛУШЫ: «Менің ата-анам, туыстарымның ешқандай кінәсі жоқ. Бұған тек мен кінәлімін.Мені ұстаған сәттен бастап тек шындықты айттым. Мүмкіндігім болса да, жауапкершіліктен қашуға тырыспадым. Аса қатыгездікпен жасалған қасақана кісі өлтіру айыбын мені ұстағаннан кейін бірнеше күн өткен соң тақты. Мұны растайтын ешқандай дәлелдің, сараптаманың болмауына қарамастан осындай айып тақты. Менің кім болғаным, қандай қызмет атқарғаным маңызды емес. Мен де қарапайым адаммын, бейтарап және объективті сотқа лайықпын».
БАҚЫТЖАН БАЙЖАНОВ АЙЫПТАЛУШЫ: «Аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы білген жоқпын. Білсем, мұндай әрекетті жасамас едім. Менің әрекетім аса ауыр қылмысты жасыру болып саналатынын болжаған да жоқпын. Егер аса ауыр қылмысты жасыруға тырыссам, өзімді қорғамас едім, өзімді кешірмес едім».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 617 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fK2s_slNul0?si=6olFzqF3za6R-j3x"
Демалыс кезінде баланы көзден таса қылып, өз бетінше серуендеуге рұқсат беретін ата-аналар бар. Ересектердің назарынан тыс қалатын балалар суға түсуге, велосипед айдап қуыс-қуысты аралап кетуге әуес келеді. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандары қаладағы №17 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастырған «Қауіпсіз жаз» акциясына қатысып, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. «Қауіпсіз жаз» іс-шарасының мақсаты: балаларды жазғы демалысқа дайындау, оқушылардың жол қозғалысы ережелерін білу сапасын арттыру. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсете білу туралы білімдерін дамытып, экстремалды жағдайда бағдарлау қабілетін ояту.
НАТАЛЬЯ ПОПКОВА – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, ТҮРКСІБ АУДАНЫ №17 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: «Санаулы күндерден соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Аталмыш шараны өткізудегі мақсатымыз балалардың бойындағы жауапкершілік сезімін және ұжымдық рухты тәрбиелеу. 3 ай демалыста балалар кейде өз еріктерінше демалулары мүмкін. Бүгінгі шарада балалар ата-ананың қарауынсыз қалған жағдайда судың жағасындағы қауіпсіздікті сақтау, тау-тасты аралардағы қауіпсіздіктер, тіпті жол ережелерін сақтауды ескертіп айтып, арнайы келген мамандар тәжірибе түрінде көрсетіп жатыр. Жазғы демалыстарынан кейін балалар білім ошағына аман-есен оралады деген сенімдеміз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 374 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bh7t7HG4YhE?si=-sW6_JcUl-HcLKNU"
Қазақстанда құрғақшылық басталады. Осы мамыр айында еліміздің үш бірдей аймағында қуаңшылық болу қаупі бар. «Қазгидромет» солай деп болжам жасады. Сәуірде жауған жауын-шашын мөлшері тым аз болғандықтан Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында құрғақшылық күтіледі.Одан бөлек, ауа-райын болжаушы мамандар Жетісу облысына да қауіп төніп тұр дейді.
АЛИНА ИСМАГУЛОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«2024 жылғы 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін».
Алдағы мейрам күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы сақталады. Еліміздің басым аймағында жел соғады. Тіпті Солтүстік өңірде үсік жүруі мүмкін. Сондықтан, жауапты мамандар алдамшы ауа-райы кезінде барынша сақ болып, жылы киініп жүруге кеңес береді. Демалыста лажы болса, көкке шықпаған абзал. Себебі, күн де жер де әлі жылымаған көрінеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 431 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1rupDY8ZkRA?si=ZzmWRyJXjN6t7a-6"
Маңғыстауда Баянды ауылының тұрғындары ауыз суға зәру. Тасып ішкен ағайынның қалтасы едәуір қағылған. Жаз бастала сала ақ су мәселесі орын алатынына 3-4 жылдың жүзі болған.
Үлкен насос қоюға болатын шығар? Мен жобаны өзгертпеймін. Онда халықты шырылдатып отыра бер күнде! Мына жер саған су керек.
Ауыз су үшін тартылған құбыр қаңсып қалған. Құбырдан қайран болмаған соң қараша тіршілік нәрін сатып алуға мәжбүр.Ал субсидияланған су құны – 5 текше метріне 2700 теңге. Кезекпен берілетіндіктен мұның өзі халыққа жетпейді.
АЛТЫНШАШ АРАЛОВА БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Лично өзімнің үйіме құбырмен су бармайды ешқандай. Кеше осы 2-3 күндікте осы водокачкаға келіп айқай шығарып едік, бір күн ақты. Бүгін Баянды 1-ге ағады деді. Мен келгенімде Баянды 1-ге қосылды сіздің линияңыз деді маған. Мен бардым, барғаннан кейін су ақты».
ВЕНЕРА ЖЕТКЕРБАЕВА БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Жылда жазда бізде судың айқайы. Көршілердің бәрі су ақты ма деп жүреміз. Әкім, орынбасарлар неге қарамайды? Иә, дейді де аптадан соң ауруы тағы басталады. Шешіп берсін»!
БАЛТАБАЙ БОРАНБАЕВ БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Су біздің жетпейді. Бір күні 2 сағат, бір күні 1 жарым сағат ағады. Бұлардың өз машиналары тасып үлгермейді. Жеке машина өз бағасын қояды».
Ауылда 1300 түтін, 8 жарым мың халық қоныстанған. Норматив бойынша ауылға мың текше метр су жеткілікті. Су тұщыту зауытынан 1200 текше метр су келіп тұрғанымен, оның өзін мамандар жетпейді деп отыр. Себебі кей азаматтар ауласына 8 текше метрлік құдық қаздырыпты. Ауылдың басындағылар сол құдықты толтырып аламыз деп жүргенде, өзгелеріне жетпей арты дауға ұласады екен.
НАДЫРХАН ҚЫЛЫШМАҒАНБЕТОВ «МАҢҒЫСТАУ ЖЫЛУ» МКК ДИРЕКТОРЫ
«Нашар болу себебі 4 көшенің басындағы адамдар алып отыр. Бүкіл ауылға кететін суды. Олар өздерінің құдықтары толғанша отыра береді. Егер су жүйелері дұрыс тартылса, тіке үйге барып тұрған болса, керегін қолданып басқа кезде жапса 24/7 сағат су бере аламын. 1 мың текше метр жетеді. Жоба солай жасалған».
«Су тұщыту зауыты алдағы уақытта өнім көлемін арттырады. Сол кезде мәселе туындамайды»,- деп сендірді жергілікті әкімдік.
БЕКТҰРЛЫ ЫБЫРАЕВ БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ «Мембрананың қуаттылығын күшейту керек. Шешемін табуға келетін мәселе осы. Алдағы уақытта 1-1,5 текше метрге көтеруге уәде берді. Құйылыстан алатын суды алда көтеру жоспарланып отыр. Сонда су өндіру де көтеріледі».
Осылай деген жергілікті атқамінерлер мәселенің шешілетін уақытының алыс еместігін айтты. Келесі аптада кенезесі кепкен қарашаны қуантамыз деп уәде берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 372 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0JNkrYjdYDo?si=1Iu_x6LhNy5dvzZr"
«Алматы тазалық» мекемесінің жұмысшылары айлықтарын алалап отырған басшылықтың әрекетіне наразылық білдірді. Бір емес бірнеше адам жиналып,анығын білуге тырысты. Арнамыздан көмек сұраған болатын.
Қыстың күні қырауда қар күреп,жаздың аптап ыстығында көше тазалайтын бұл азаматтардың еңбегі адал. Топтасып жиналып жатқан «Алматы тазалық» мекемесінің жұмысшылары айлықтарын алалап отырған басшылықтың әрекетіне күйініп болған. Онсыз да айлығымыз,шәйлығымызға жарамай отырғанда, жалақымызды тағы да мандытпады деп ашынды.
Жұмысшылардың айтуынша мекемеде айлықтан бөлек, шешіп беруді қажет ететін мәселе шаш етектен көрінеді.Үстілеріне киетін формаларының да жыры бөлек.
Қымбатшылық қалтаны қағып отырғанда, қарапайым жұмысшылардың жалақыларын жырымдаған «Алматы тазалық» мекемесінің бұл әрекетін басшылығынан білмек болдық. Ашуланған ағайын,директордың орынбасарын сұрақтың астына алды.
Жалақы жырына арналған жиын бірнеше уақытқа созылды.Мекеме басшылығы жұмысшылардың айлықтарын не үшін кескенін нақты түсіндіре алмады.
Осылайша қарапайым жұмысшылар өздерінің мәселесін төтесінен қойды. «Алматы тазалық» мекемесі басшысының орынбасары телеарнаның түсірілім тобына барлығын байыппен қарап,мәселені шешіп беруге уәдесін берді.
НҰРЛАН ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ «АЛМАТЫ ТАЗАЛЫҚ» ШЖҚ МКК БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 340 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/m9B1VY2gNEA?si=-Kc0zSNAfexQoKsa"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 383 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/cOfYaU4usd4?si=Gv_15ISG-HPLxl0O"
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірін 17 ұлттың өкілдері білім алатын Алматыдағы №11 мектеп ұжымы да атап өтті. «Жерұйық» деп аталған шарада оқушылар бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттың мәдени дәстүрі мен салтқа толы түрлі көріністерін көрсетіп, әнін айтып, биін биледі. Мақсат оқушыларға өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебін ұғындырып, барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер ету.
ЖАЗИРА АТЕЕВА -ҰСТАЗ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 406 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2ljhdmJm1EU?si=av76YeVyFtflPoVm"
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты бүгін тағы жалғасты. Жарыссөзде айыпталушы Бишімбаевтың қорғаушылары сөз алды. Олар жәбірленуші тараптың айыптаулары мүлдем қисынға келмейді деп санайды. Айтуларынша, экс-министрдің әйелін қасақана өлтіру туралы еш ойы болмаған.
ЕРЛАН ҒАЗЫМЖАНОВ АДВОКАТ: «Айыптаушы тарап Бишімбаевты аса қатыгездікпен адам өлтірді деп санайды. Қылмыстық кодексті қарасақ, адам өлтірудің не екенін көресіздер. Мұнда "қасақана өлтіру" деп тұр, яғни қасақана өлтірген жағдайда адам өлтірген болып саналады, ал қалған жағдайда адам өлтірді деп айыптауға болмайды. Біздің жағдайда,Бишімбаев өлімнің себебіне кінәлі екенін мойындайды, бірақ ол қасақана істеген жоқ».
Тараптардың жарыссөзінде Бишімаевтың қорғаушылары оның қылмысты қасақана жасамағанын түрлі аргумент арқылы дәлелдемек болды. Олар Нүкенованың неден қайтыс болғанына қатысты өз нұсқаларын айтты. Айтпақшы, сотта Бишімбаевтың анасы сөз алып, барша қазақстандықтардан және Салтанат Нүкенованың ата-анасынан кешірім сұрап, көзіне жас алды.
АЛЬМИРА НҰРЛЫБЕКОВА БИШІМБАЕВТЫҢ АНАСЫ: "Кез келген ана ұлын соңына дейін қорғайды. Мен өзіме белгілі шындықты айтқым келеді. Мені, ұлымды және біздің отбасын жарты жылдай болды түрлі әлеуметтік желіде неше түрлі пікір жазып, қаралап жатыр. Негізінде олай емес. Біз дәстүрлі қазақ отбасымыз. Үлкенді құрметтейтін, кішіні сыйлайтын жанұямыз. Алайда, тергеу нақты өлімнің себебін, өлім уақытын анықтаған жоқ. Тергеу барысында алкогольдің мөлшеріне де назар аударылмады. Егер сол күні түнде көп алкоголь ішілмегенде, мұндай қайғылы жайт болмас еді".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 467 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rAwlnpVs5qs?si=l4jr7iIOBrvURoJO"
Шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген «Операция Набат» атты толықметражды көркем фильмі көрерменге жол тартты! Су жаңа фильм тарихи экшн жанрындағы әрекеттің қарқындылығы мен эмоцияның психологиялық тереңдігін үйлестіре отырып, киностудия тарихының жаңа бетін ашпақ.
Фильм осыдан 32 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 1992 жылы еліміз Егемендік алған уақыттарда Қызылорда облысындағы аса қауіпті қылмыскерлерге жасалған арнайы операция желісінде түсірілген. Негізгі сюжеті бостандыққа шығаруға әрекеттенген екі қылмыс басы Глухой мен Штырдың нақты тағдырларына және автобус көлігінің ішінде кепілде болған 13 адамның өмір қауіпсіздігіне негізделген. Қарқынды, әсерлі және экшн сәттер «Операция Набат» киносында көрініс таппақ. Бұл фильм көрермен көңіліне әсер етіп қана қоймай, ерлікті, адам рухының күші мен өмірдің құндылығы туралы ойға да салмақ.
АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ ШӘКЕН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҰЛТТЫҚ КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Жыл өткен сайын байқасаңыздар, осындай оқиғалар ұмытылып бара жатыр. Бұл ұмытылмау қажет. Бұл ерлік кәдімгідей. Осы оқиғаға байланысты көптеген ЖООда КО болсын, СНГ дәуіріндегі барлық ЖОО осындай оқиғалар бойынша дәріс алады. Бұл тарихта қалған оқиға. Соны біз Қазақфильм көрерменге жеткізейік, сол кезеңдегі батырларды кино болғаннан кейін көркемдеп көрсеттік. Біз сол оқиғаны іздемеуіміз керек. Бұл документальный кино емес.Бұл художественный кино. Көркемдік, әсемдік, әсірелеп жеткізу болады. Бәрі көрермен үшін. Ең бастысы негізінен жоғалмайды».
Жабық көрсетілімнің қонақтар қарасында шынайы оқиғаның бас кейіпкерлерінің бірі Аманғали Ғабасұлы да болды. Ол фильмге өз бағасын беріп, бір сәтке өткен оқиғаны есіне алды.
АМАНҒАЛИ ҒАБАСҰЛЫ ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК: «Оқиға болған кезде мен осы бөлімше командирінің орынбасары едім. Бұл әлемде алғаш рет жасалған бірегей операция. Неліктен бұл операция бірегей, себебі көлік ішіндегі кепілге алынғандарды босату операциясы, атап айтқанда автобус көлігінде жүзеге асыру әлемдік тәжірибеде бірінші рет қазақтарда болды. Біз үшін күтпеген жағдай деуге болады, өйткені бізде мұндай операцияны жүргізу тәжірибесі болмаған. Сондай ақ, қажетсіз шығын болмас үшін бұл операцияны жүргізу жағынан дұрыс ойлану керек болды және мемлекетіміз тұрғындарды осындай лаңкестік қауіптерден қорғау үшін мұндай бөлімшенің бекер құрылмағанын дәлелдеуге тура келді».
Сонымен қатар, көрерменге шынайылықты жеткізуге тырысқан актерлар да өз пікірлерімен бөлісті. Фильмді түсіруге жарты жылға жуық уақыт кеткен. Өнер иелерінің сөзінше, бір күндік оқиғаны түсіруде Алматының құбылмалы ауа райы түсірілім кезінде біраз қиындықтар туғызған. Дей тұрғанмен, сапалы туынды үшін бар күштерін сарп еткен олар,туындының көрермен көңілінен шығады деген үмітте.
БАҚЫТ ҚАЖЫБАЙ АКТЕР: «Енді режиссердың үлкен бір дайындықпен келгені анық. Өйткені, көп жерде толық ақпаратты бізге сол кісі беріп отырды. Бірақ, біздің мамандығымыз актер болғандықтан, өзіміздің кей тұстарымызды, ұсыныстарымызды, ой пікірлерімізді айтып отырдық. Кей кездерде келіспеушіліктер де болды. Бірақ, бұл өнерге тән нәрсе. Өнерде тартыс болу керек, әркімнің өзінің ойы, пікірі болуы керек. Сол себепті, қаншалықты қалай болып шыққанын көрермен бағалай жатар».
Осылайша тарихи сәт, көркем фильм ретінде таспаға түсіп,көпшілік көрерменге жол тартты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 400 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/clxVK82tbVU?si=ooC9F317e8vdsqun"
Көктем шығып күн ыси бастағаннан тілсіз жаудан келер қауіп те жоғарылай бастайды. Осыған орай өрт жағдайларының алдын алу мақсатында Алматы қаласы, Түрксіб ауданының төтенше жағдай басқармасының мамандары қауырт жұмысқа кіріскен.
Түрксіб ауданы төтенше жағдайлар басқармасы мамандары мен жергілікті әкімшілік бірлесе отырып құрғақ шөптің жануының алдын алу және азайту жұмыстарына екі техника, 3 мотопомпа мен он жұмысшы жұмылдырған. Мамандардың айтуынша былтырғы жылы осындай құрғаған шөптің тұтануынан жеке сектордағы үйлерге қауіп төнген. Абырой болғанда төтеншеліктер тілсіз жаудың алдын алып қалған.
ХАБИБОЛЛА ТАШПАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ТӨТЕНЖЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ
Мамандар жылдағы жүргізілетін шара аясында қауіпсіздік қағидатын қатаң сақтауға шақыратын үнпарақтар таратып,түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.
ХАБИБОЛЛА ТАШПАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ТӨТЕНЖЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ
Жергілікті тұрғындардандан ескертпелерге қаншалықты мән беріп,қауіпсіздік шараларын сақтайтынын білген едік.
ЗАМИРА РОЗИЕВА ТҰРҒЫН
САПУРА ИМИРШАЕВА ТҰРҒЫН
Арты өкінішке алып келетін тілсіз жаудан сақтану жұмыстары дәл осылай тұрақты жүргізіліп тұрғаны абзал.
Тағы басқа мақалалар...
85 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.