
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5EvNm9TDd5k?si=zBO5nyV7lR3pwSko"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 361 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/G7mYYoijbRw?si=ug8jtrp4dUBeTIZ9"
Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондарды пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан.Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан. №10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан.
АИДА ИМАНАЛИЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ «Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шарасы қабылданды. Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 356 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/71Z2PnmnM_o?si=LdNHios34LBf1gHn"
Бүгін Алматыда «Сауда байланыстары: Жаһандық көпір» атты 13-ші Орталық Азия сауда форумы өз жұмысын бастады. Оған Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің 300-ден астам бизнес басшылары қатысып жатыр.
Форумның мақсаты - Орталық Азия елдері арасындағы сауданы дамыту, одан әрі ілгерлету. Былтыр Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда айналым 7,7 млрд долларға жетті. Алдағы жылдары бұл соманы екі есеге арттыру көзделген.
ҚАЙРАТ ТӨРЕБАЕВ ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «2023 жылы Қазақстанның саудасы Орта Азия мемлекеттерімен 7,7 млрд.доллорын құрады. Енді осы 5-10 жылдың шамасында біз осы сауданы 2 есе өсіруге мақсат қойып отырмыз. Мысалы: Өзбекстанмен 10 млрд доллорға тауар айналым жеткізу, Қырғыстанмен 3 млрд долларға, Тәжікстанмен 2 млрд долларға және т.б мемлекеттермен де осы Орта Азиядағы сауданы дамыту мақсатын қойып отырмыз».
Орталық Азия елдері теңізге шыға алмайтындықтан, аймақішілік сауда үлкен рөл атқарады. Сауда – кез келген елдің экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі. Сондықтан форумға қатысушылар қағазсыз сауданы, жұмсақ және дәстүрлі инфрақұрылымды, электронды коммерция сияқты бірқатар мәселені көтерді. Форум аясында Орталық Азия мемлекеттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда тамақ, жеңіл өнеркәсіп, бау - бақша дақылдары қойылды.
ТАТЬЯНА БАК «САН-БИ АЛТАЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: «Біз Шығыс Қазақстандағы омарта шаруашылығының өнімдерін шығаратын отандық өндіруші компаниямыз. Қазақстан нарығында жүргенімізге 13 жыл болды. Сондай-ақ біздің өнім Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жоғары сұранысқа ие. Балдың алуан түрі бар. Жылына 40-50 тонна бал өндіреміз».
Айта кетейік, Орталық Азия елдері соңғы екі онжылдықта айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізді. Өткен 20 жыл ішінде өңірдің жалпы ішкі өнімі орташа есеппен 6,2 пайызға артып, 347 млрд АҚШ долларына жетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/e0NaEMJ_trE?si=W5Rd5S2vYPQbtegB"
Ал, Атырауда су тасқынының салдарын жою үшін жұмыстар қауырт жүргізіліп жатыр. Тасқын кезінде де тұрғындарды газбен қамтамасыз ету бір минутқа да тоқтамаған. Қазіргі уақытта облыс көлемінде қауіпті аймақта орналасқан 63 газ тарату жәшіктері арнайы бөгетпен қоршалды. Оған 6600 текше метр топырақ төселіп, 25 мыңға жуық қапшық орнатылды. Бұл жұмыстарға 11 бірлік техника және мекемеден 108 қызметкер жұмылдырылды деп хабарлайды жауапты мамандар.
ҚҰРМАНБЕК ӨМІРЗАҚОВ «ҚазТрансГазАймақ» АТЫРАУ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Қазіргі уақытта арнайы жасақталған бригадалар қауіпті аймақта орналасқан газ тарату жәшіктеріне бақылау жасауда. Атырауда ТЖ кезінде облыс бойынша газ беру жұмысы тоқтамады. Су деңгейі қауіпті деңгейден асқан кезеңде де газ беру қызметі жұмысын тоқтатпайды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uW3lt_3QAms?si=vovxy3eKofpa6tVY"
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш бірнеше пайызға өскен. Қылмыстың санын азайту мақсатында Қызылорда облыстық полиция департаменті мен білім басқармасы ауқымды жиын өткізді.
Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ата-аналардың баламен байланысының аздығы, оларды өз бетінше қалдырып, бос уақытын қадағаламауы, отбасындағы қолайсыз жағдайлар қылмыс жасау себептері болып отыр.
ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда.Оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сонымен қатар, «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық шаралары, ұдайы жүргізілуде. Іс-шаралар нәтижесінде 2992 құқық бұзушылық анықталып,қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 128 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, 640 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін жас түлектердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, кортежге шықпауы, отырыстар жасамауы, белгіленбеген жерлерге суға түспеулері бойынша ата-аналар жиналыстарында хаттамалау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 371 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fbqiqfaVHkI?si=tyc6WvLElVZFVbKj"
Оралдағы саяжай тұрғындары арнайы комиссияның тұрғын үймен қамту талаптарына көңілдері толмай қалалық әкімдік алдына жиналды. Ашынған халық "Баспана барлығына теңдей берілсін",-дейді.
Саяжай тұрғындарының талабы «Үйлерін су басқан тұрғындардың барлығына бөліп жармай баспана берілсін»! Бұрынғы шаңырақтары тұруға жарамсыз күйде. Баспананың ішін құрт-құмырсқа, жылан мен бақа жайлаған.
ТАТЬЯНА ЖЫЛТЫХАЕВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
АЛМАЖАЙ СҮНДЕТҚАЛИЕВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Бұл жерде көпбалалы отбасылармен қоса мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған жанұялар басым. Қашан бізге көңіл бөлінеді деген көпбалалы ана Жайнагүл Махражанова екі бірдей мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы санатымен берілуі керек тұрғын үйді де ала алмай жүрген көрінеді.
ЖАЙНАГҮЛ МАХРАЖАНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар эвакуациялық пункттер, жалдамалы пәтерде, туыстарының үйінде тұрып жатқанын жеткізді. Әбден қиындық көрдік, мәселеміз шешілмейінше, әкімдік алдына шығуды тоқтатпаймыз",-дейді наразы тұрғындар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 302 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LoiktzARk8s?si=VKtv4aWaqv6slqsF"
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуларына жағдай жасаймыз. Бүгін үкімет үйінде өткен отырыста Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы барлық жауапты министрлер мен жергілікті атқарушы билікке өтемақы төлеуді тездетіп аяқтауды тапсырды. Одан бөлек, бүгін министрлер кабинеті елдегі туризмді дамыту мәселесін де талқылады. Бұл салада да жағдай мәз емес. Туристер саны жыл санап артқанымен, баяғыша сервис, сапа, жол, сын көтермейді.
Су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ. Әсересе, елдің батысында жағдай мәз емес. Индербор және Махамбет елді-мекендерін ерекше бақылауға алу қажет деді Олжас Бектенов. Өңірлерде тасқын кесірінен жол бұзылып, облыс және аудан орталығынан байланыссыз қалып, көлік жете алмай отырған елді-мекендер әлі де бар.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Екі елді мекен (Ақтөбе облысы) әлі де көлік қатынасынсыз. Олар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Тиісті қызметтер жергілікті жерлерде жедел дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіп жатыр».
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Ақтөбе облысында 2 елді мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Онда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алу керек. Электр жарығынсыз отырған ауылдар да бар. Жөндеу жұмыстарын тездету керек.Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек».
Су тасқынынан бүлінген үйлер шығыны келесі аптада белгілі болады. Елімізде 13 мыңға жуық үйді су басқан. Ал, бірреттік төленетін төлемді 20600 отбасы алған. Оларға 100 айлық есептік көрсеткіш яғни 369 мың 200 теңге көлемінде ақша төленген. Одан бөлек, бүгін министрлер кабинеті елдегі туризм мәселесін көтерді. Бұл салаға айтылар сын да мін де көп. Қызмет көрсету сапасы мен демалыс аймағына апаратын шұрық тесік жол және тек ақшаны көксеген таксишілер туралы айтылды. Сондықтан, үкімет башысы жауаптыларға осы проблемаларды реттеуді тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:« Дәл осындай көзқарас еліміздің туристік имиджіне нұқсан келтіреді. Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді. Олардың ойлағаны қонақты баратын жеріне қауіпсіз жеткізу емес, барынша қомақты ақша алып қалу. Вокзалдар мен әуежайларда өркениетті көлік түрімен қамтамасыз ету туралы әкімдіктерге қанша рет тапсырылды, бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ. Біз мұндай тәсілдерді өзгертпейінше, сыртқы туризм кеңінен танымал болып қала береді. Бұл ретте, Қазақстанның табиғаты мен әсем жерлері елімізде экологиялық, мәдени, зиярат ету және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға зор мүмкіндік береді».
Айтпақшы, биыл елімізде жаз ыстық болады деп болжанады. Әсіресе, Батыс пен Шығыста аптап ыстық ұзақ сақталуы мүмкін. Яки, құрғақшылық пен өрт болу қаупі жоғары. Сондықтан, Олжас Бектенов мұндай аймақтарға қосымша бақылау бекеттерін қоюды тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 310 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VwH7WfPQRm4?si=IvbstJKSRPp1UcEd"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берілді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kVRtqNCVo5A?si=FJGqYILI-J5AO76D"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 275 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tcPMLw17NhY?si=Y5l85TAp_dRtESbS"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндалды.Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 442 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/C3ox_aFRisE?si=9YAfFMGY_o-xoQPz"
Қазақ халқының дара тұлғасы, елдегі таеквондо спортының негізін қалаған, халықаралық деңгейдегі таеквондо шебері, спорттың осы түрінен 7-дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүрік көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында Мұстафа Өзтүрік қазақ жерінде көптеген дарында жастарға білгенін үйретіп, арман мақсаттарының орындалуына себепші болды. Сондай шәкірттерінің бірі Байділда Жұмабеков 200 тарта жасөспірімді тегін жаттықтырып спортқа баулып келеді. Аталмыш азаматтың бастамасымен жыл сайын Мұстафа Өзтүріктің атынан Республикалық сайыстар өтеді.Биыл да дәстүрден жаңылмай, жастар арасында жарыстың өтуіне мұрындық болды.
БАЙДІЛДА ЖҰМАБЕКОВ М.ӨЗТҮРІКТІҢ ШӘКІРТІ,ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЕКВОНДО ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарыс,тартысты өтті.Шарада асқан шеберлік танытып,оза шапқандары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 331 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bNtpxyZj0os?si=ZMFEEZXfDmIjGh3j"
"Наурыз" жаңа ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. Алайда, басында баспанасы бар азаматтар бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Сондай-ақ өтініш берушінің "Отбасы банк" жинақ шотында кем дегенде 1 млн теңге қаражаты болу керек. Айта кетейік, 10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берген. Оның 8 945 өтініші қабылданды, олардың жартысы тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.Барлық өтініш берген азаматтың 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас өтініш берген азамат Түркістан облысының тұрғыны. Оның жасы 18-де. Ал, "Отау" бағдарламасына өтінім қабылдау аяқталған. Жақын күндері конкурстан өткендерге смс-хабарлама жіберіледі. Биыл осы екі мемлекеттік бағдарлама аясында 20 мың қазақстандық баспаналы болады.
ЖАНСҰЛТАН МАТАЙ «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
"Алғашқы жарна 20%-дан басталады. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 7%, азаматтардың барлық санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 9% құрайды, несие мерзімі - 19 жылға дейін. «Наурыз» бағдарламасы аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, сондай-ақ моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның ең жоғарғы мөлшері: Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін".
Тағы басқа мақалалар...
83 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.