- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 229 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Q2yRyIhOOuM?si=0920b6D-az6Xkols"
Бүгін Алматыда күндізгі сағат 11 ден 22 мин өткенде жер сілкінісі орын алды. Жедел ақпаратқа сәйкес жер думпуінің қуаты 5 баллды құрады. Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан.
Жақында ғана болған жер сілкінісінің үрейінен арыла қоймаған халық жапа тармағай сыртқа қашты. Алматы қаласы ТЖД сағат 11:22-де апаттық дабыл дереу іске қосылып, радиоарналар мен телеарналардан хабар таратылғанын мәлім етті. Тұрғындардың пікірі қандай?
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін еске салды.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖД БАСТЫҒЫ
Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында метро өз жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады. Қала әкімі Ерболат Досаев барлық қызметке дайын болуға тапсырма берді. Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны жөнінде ақпарат берілді. 384 қабылдау пункті: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион пункттер туралы барлық деректер Алматының 2ГИС платформасында орналастырылған. Іздеу жүйесінде "зардап шеккен халықты қабылдау пункті" қосымшасын енгізген кезде карталарда тұрғындар үшін барлық қолда бар жинау пункттері көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында көрсетілген.
Сейсмологтар Алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Алматыда 5 балдық жер сілкінісінен кейін мектептер мен колледждерде екінші ауысымдағы сабақ ,сондай-ақ ЖОО-ларда сабақ болмайтындығы хабарланды. Алайда барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 246 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IWR8G9PBCLU?si=wyl5-AG5a7sM2jKs"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 238 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mr7-JdnoKdQ?si=-RsVqDTP3lSLQFRg"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндалды. Олжас Бектенов Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.Сонымен қатар Президентке Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 270 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CY03gHMT9Jo?si=z3Q_yB6Mf14EOzJm"
Алматыда Мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконы еске алуға арналған «Қазақстан омарташылығы: кеше, бүгін және болашағы» атты халықаралық форум ұйымдастырылды.Шараға шетелдік омарташылар да қатысты.
Қоғам қайраткері Сергей Терещенко Қазақ ауылшаруашылығы институтының түлегі болған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтен кейін Қазақстан ұлттық омарташылар одағын құрып, елімізде кенжелеп қалған саланы жаңғыртып, үлкен жетістіктерге жеткен. Бүгінгі жиынға Польша, Эстония, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан өкілдерінің үздік омарташылары бас қосып, өз іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, тың ақпараттар арқылы жойылу алдында тұрған аралар мен жабайы тозаңдандырғыштардың тіршілік ету ортасын сақтау мәселелерін көтерді.
ЕЛЕНА ТЕРЕЩЕНКО «БАЛ-АРА» ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ОМАРТАШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгін, көктемнің алғашқы күнін омарта шаруашылығы саласына арналған республикалық деңгейдегі үлкен іс-шарамен бастап жатырмыз. Форумымызға өз пікірімен бөлісу үшін және қызықты әр түрлі баяндамалар оқуға 120-дан астам омарташы келді. 2010 ж Бал-ара ұлттық одағының президенті менің әкем Сергей Александрович Терещенко болды. Былтыр әкем өмірден озды. Енді біз оның ұрпағы ретінде оның барлық ісін жалғастырып, Қазақстан омарта шаруашылығын дамытамыз деген сенімдемін».
Форумда өзекті тақырыптық семинарлар, панельдік пікірталастар, мамандандырылған жабдықтар көрмесі, қазақстандық бал мен бал сусындарының дәмін тату сынды әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
ТОМАШ КЕНДЗЕРА «АПИСЛАВИЯ» ЕУРОПА ЖӘНЕ АЗИЯ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМДАРЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТІ: «2014 жылдан бастап сіздердің елден бізге білімгерлер келетін. Бірақ келушілердің саны аз болатын. Ал, қазір Қазақстаннан 10-15 адам келіп білім алуда. Іс-тәжірибе алмасуда біз сіздердің оларға берген тәрбиелеріңізге қайран қаламыз. Қазақстан азаматтары расында ерекше жандар».
«Бал-Ара» Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ұйымдастырған бұл халықаралық форум ертеңге дейін жалғаспақ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 228 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UDLCcZs39kw?si=omDryRT9EmXITOBD"
Алматыда қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдістері енгізілуде. Аталмыш тәсілді Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми Зерттеу Институты жүзеге асырып отыр.Бүгін бас қаламыздан арнайы келген білікті интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев мастер-класс өткізді.
Қалқанша безінің түйіндік түзілімдері,жалпыға ортақ түсінікпен айтқанда зоб ауруы, көпшілікті мазалап жүрген дерттің бірі. Оның сатылық дейгейіне қарай түрлері көп. Қарапайымын дәрі-дәрмек арқылы емдеуге болса, күрделі түрін ота жасау арқылы тоқтатуға болады. Отандық медицина,отаның оңай жолына қадам басып отыр. Ол
радиожиілікті аблация жүйесі арқылы пышақ тигізбей емдеу. Аз инвазивті операцияны қажет еткен екі науқасқа Астана қаласынан арнайы келген интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев жасады.
НИЯЗ МАЛАЕВ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ ОНКОРАДИОЛОГ ДӘРІГЕРІ: «Радиожиілікті аблация - ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты - ісікті толығымен жою, осы әсердің нәтижесінде қалқанша без түйіндерінің патологиялық жасушалары жойылады, бездің сау тіндері зақымдалмайды. Бұл әдіс қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық алып тастауға тамаша балама болып табылады».
Оңтүстік астанамыздағы Кардиология және ішкі аурулар институты емге дәру іздеген қазақстандықтарға қолдан келгенше қолдауын көрсетіп келеді. Соның бірі өздеріңіз көріп отырған қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық жолмен алып тастау тәсілі.Институт басшылығының айтуынша енді Алматылық ақ халаттылар айтулы дертпен күресуге тас түйін дайын болмақ.
МАРАТ ПАШИМОВ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Біздің клиникада терапиялық бейіндегі пациенттер, соның ішінде қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т.б. науқастарға медициналық көмек көрсетіледі. Қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің бірегей, аз инвазивті әдісі - радиожиілікті аблацияны енгізу біздің пациенттерге хирургиялық араласусыз қалқанша безінің түйіндік түзілімдерінен арылуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігері, әріптесіміз Нияз Бейсенұлына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз».
Осы уақытқа дейін Қазақстанда қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін хирургиялық алып тастауды қамтитын стандартты терапия қолданылған. Қалқанша безін аблациялау процедурасын пациенттер жақсы өткереді және шамамен 30 минуттай уақытты алады. Процедурадан кейін шамалы ауырсынудың пайда болуы қосымша ауырсынуды басуды қажет етпейді. Өйткені радиожиілікті аблация қауіпсіз болып табылады.
ЛАУРА ДАНИЯРОВА КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ ЭНДОКРИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Қалқанша безінің түйіндік ауруының пайда болу жолдарының бірі йод жетіспеушілігі факторынан,екіншіден тұқым қуалау арқылы берілуі мүмкін.Симптомдарына келер болсақ, түйіннің көлеміне және оның орналасуына байланысты: косметикалық ақау, тыныс алу мен жұтудың қиындауы, тамақ ішу кезінде ыңғайсыздық сезіну, дауыстың өзгеруі арқылы сезіледі. Дей тұрғанмен медицина дамыған, күрделі оталар жасалып жатыр. Сондай-ақ тиімді тәсілдер де жүзеге асады. Соның бірі бүгінгі ота деуге болады».
Білікті маман Нияз Малаев қол ұшын берген екі науқасқа да уытты емес бір түйінді зоб диагнозы қойылған - бұл функцияның бұзылуынсыз қалқанша безінің қатерсіз патологиясы. Пациенттер, ақ халатты абзал жандардың дер кезінде қол ұшын бергені үшін, алғыстары шексіз.
АЙДЫН ТӨРЕХАНОВА НАУҚАС
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 260 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ST_zh3axymA?si=FzFOCDQPzQW_Twnj"
Дәстүрлі садақ ату спортының дамуына не кедергі? Маңғыстауда бұл спорт түріне арналған жекеменшік орталықтарды айтпағанда, мемлекет тарапынан салынған жаттығу орындары жоқтың қасы. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Мына садақ ату орнының ашылғанына жарты жыл ғана уақыт болса да қала тұрғындарының қарасы көп. Кәсіпкер барлық қажеттіні Түркиядан әкеледі екен.
ИСЛАМ НЫСАНОВ КӘСІПКЕР: "Өзіміздің жерімізде тұрып,өзіміздің елімізде болып қазағымыздың ұлттық спортын дамытуға үлесімізді қосқымыз келді. Ақтауда садақ ату орталығы аз болғандықтан соған көңіл бөліп, өзіміз осы кәсіпті бастағанбыз.Тиімді деп айта аламыз, келіп үйренуге. Қатты қымбат емес, бізде абонемент бар мысалы, балдарға үйірмеміз бар. Ай сайын үйренуге болады. Дәстүрлі садақ ату федерациясынан да көңіл бөлініп жатыр. Жалпы енді үкімет тарапынан көп халқымызды қызықтыру үшін әр түрлі жарыс сайыстар ұйымдастырып тұрса жеткілікті. Негізі дамып келе жатқан спорт түрі деп айтуға болады".
Бұл спорт түрі былтыр ғана ресми түрде бекітілгендіктен, арнайы мамандар тапшы, сондықтан қолдан келгенді аяп жатқанымыз жоқ дейді жауаптылар.
ҚАЙРАТ БУРБАСОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:"Былтырғы жылы өзіміздің осы Маңғыстау облысынан Ақтау қаласы енді орталығы болғасын осы Ақтау қаласынан ашамыз деп жоспарлап, жұмыстарын бастағанбыз. Оған енді біздің облыста қазіргі таңда маман тапшы. Себебі енді бұл жаңағы айтып өткендей, жаңа жаңа тәй тәй басып жатқан спорт түрі болғаннан кейін енді енді жұмыстарын бастап жатыр да. Ал екінің бірін алып ол дәстүрлі садақтан жаттықтырушы қылып ала алмаймыз. Себебі оның енді сақтық шаралары бар, ол жерде енді садақ жебе ұстағаннан кейін, ол баланы тарбиелеу керек. Жұмыстанып жатырмыз мамандарын іздеп, болса енді осы жылы ашып дәстүрлі садақты жұмыстанғымыз келеді".
Жарыстардан жүлделі болған халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны 300-ге жуық. Сондай-ақ, қаладағы арнайы залдарда садақ түрлеріне қарай 1 реттік садақ ату - 3500 теңгеден басталады. Ал, айына 15-17 мың, ересектерге 17-25 мың аралығында болады екен.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 256 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8xaeks2SJPg?si=2vOHzDJaaRCTwvLX"
Тұрақты микро жер сілкіністері. Бұл Мексика астанасы Мехико қаласының тұрғындары үшін қалыпты жағдай. Өйткені,шаһар тектоникалық жарықтар үстінде орналасқан.
2023 жылдан бері Микскоак пен Платерос ауданында жер дүмпуі үздіксіз болып тұрады. Жер сілкінісі әдетте күтпеген кезде болады. Олар әлсіз және қысқа болғанымен, үйлердің шатырын, бағаналар мен қабырғаларды зақымдайды. Жергілікті тұрғындар үнемі қорқынышта өмір сүріп жатқандарын айтып, билікті адамдар мен олардың мүлкін қорғауға қатысты шара қабылдауға шақырады.
ДОМИНГО ЛОПЕС ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:«Иә, біз аздап алаңдап отырмыз. Дүмпулер өте жиі сезіледі. Олар түнде болады және кейде біз оның жер сілкінісі екенін білмейміз, өйткені біз кез келген дірілді микрожер сілкінісі деп қабылдаймыз. Жан тыныштығы жоқ».
МАРА ГУЭРРА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Біз биліктің зерттеу жүргізіп, қандай көмек көрсету керектігін шешкенін қалаймыз. Сондай-ақ көшеміздің инфрақұрылымын, су және тағы басқасын қайта жаңарту керек ».
Инженерлік институттың ғалымдары геологиялық бұзылыстың шығу тегі мен тереңдігін белсенді түрде зерттеуде. Аймақтағы соңғы жер асты дүмпулерінің себебі сол деп есептейді.
АЛЕХАНДРО САЛАСАР ИНЖЕНЕР-ГЕОЛОГ: «Өкінішке қарай, қала тектоникалық жарықтар үстінде орналасқан және көптеген ғимарат бүлінген, өйткені бұл аймақта желтоқсаннан қаңтарға дейін кейбір аудандарда шамамен үш сантиметрге жылжыған».
Ел үкіметі таратқан мәліметтерге сәйкес, Мексика астанасының екі ауданында 3 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында 3-2 баллдық 23 жер сілкінісі тіркелген. Зілзала ошағы шамамен бір шақырым 400 метр тереңдікте болған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 221 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/E9ZJOJu2IvI?si=pE9hHq0pDsNz04V8"
Газа қаласының солтүстігінде жұрт көп жиналған орында кемінде жүзден астам адам қаза болды. Палестиналық дереккөздің хабарлауынша, көмек күтіп тұрған аш адамдарға танк және автоматтан оқ атылған.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, гуманитарлық көмек күтіп тұрған адамдарға Израиль әскері оқ атқан. Ал Израиль күштері қаза болғандар азық-түлік тиелген жүкті тонамақ болғанын айтып, оқиғаға марқұмдардың өзін кінәлады. Мысырдан келген жүк көліктері Израильдегі Керем - Шалом гуманитарлық өткізу пунктінің қауіпсіздік тексерісінен өткен. Содан кейін оны таратып беруге жеке мердігерлер шыққан.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Мыңдаған газалық тұрғын жүк көліктерінің айналасына жиналып алып, оны тонауға ұмтылды. Нәтижесінде жұрт сығылысып, бір- бірін таптап кетті. Соңы қайғылы жағдайға әкелді. Ондаған адам қаза тапты».
Египет, Иордания және Палестина автономиясы оқиғаға Израиль билігін айыптады.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Гуманитарлық көмек тиелген көлікке ешқандай соққы жасаған жоқ».
АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған ХАМАС өкілі бұл Газа секторында бейбіт келісімге қол жеткізуге кедергі жасайтынын мәлімдеді. Хамас ұйымы 112 адам қаза тауып, 280-ден астам адам жараланғанын жеткізді. Ондаған адам Аль-Шифа ауруханасында жатыр. Президент Джо Байден көмек керуенімен болған оқиға Катарда өтіп жатқан Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздеріне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 300 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mcWt42CzlNc?si=l4x_Sh0fcrdQf189"
Бүгін психология және журналистика академиялық мектептерінің ұйымдастыруымен, екі саланың дамуындағы заманауи тенденциялар тақырыбында ғылыми әдістемелік халықаралық конференция өтті. Аталмыш шараға еліміздің, және арнайы Ресейден,Германия,Испания сынды мемлекеттерден келген білікті мамандар қатысты. Басқосуда мамандар,психолог ғалымдар өздерінің ғылыми және практикалық еңбектерімен бөлісті. Жиын барысында заманауи көштен қалмай, ғасырлар бойғы ұлттық мәдени мұраларымызды да жаңғырту ұсынылды.
МҰҚАН ПЕРЛЕНБЕТОВ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ,ПРОФЕССОР
Ғылыми шараға студенттер,магистранттар да шақырылды. Болашақ жас мамандарға әдістемелік конференцияның берері мол.
МЕЙІРІМ ЕРКІНБЕКОВА ПСИХОЛОГ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aTK5BPcLpB4?si=Ic6MsxzE95hBSXbm"
Отандық ғалымдар ойлап тапқан үй жануарларына арналған қазақстандық екпелер шетел нарығына экспортқа шықты. Бұл туралы Ғылым қорының баспасөз қызметі хабарлайды. Нақтырақ айтқанда, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Нұрлан Ахметсадықовтың жетекшілігімен «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ғалымдарының әзірлемелері Грузия мен Әзербайжан мемлекеттеріне экспорттала бастады. Өзге елдердің шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлері қазақстандық ветеринариялық өнімдердің – иммунобиологиялық қабілетіне қызығушылық танытып отыр.
Қазақстан ғалымдары ойлап тапқан қой, ешкі және ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы және үй жануарларының құтырма індетіне қарсы, жылқының ринопневмониясына қарсы вакциналарын сатып алатын болды. Профилактикалық препараттардың өндіріс көлемі жылына 52-70 миллион доза, диагностикалық препараттар 30-50 миллион дозаны құрайды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 243 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9EjB3xHInhs?si=dHvF6v3eIyknJNGZ"
Синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана бизнесімен айналысты деген күдікпен Астана қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында ұсталған азаматтардан шамамен 80 мың бір реттік дозаға пара-пар 27 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.
Тәркіленген есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 236 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IDDh9315elg?si=_x-lpS3_sD7T9Z2E"
Тағы басқа мақалалар...
84 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.