
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 536 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/b5NaybPJOuw?si=SeKOfesLE-SxL65G"
Black Eagles және F-22 сияқты ондаған дыбыссыз ұшақтар Оңтүстік Корея астанасына жақын әскери әуеайлақтың үстінен ұшып өтеді. Сеулде жоғары пилотаж фигураларын көрсету арқылы ADEX аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібінің көрмесі ашылды. Оны екі жылда бір рет өткізеді.
Бұл Оңтүстік Кореядағы айтулы шара. Онда елдегі әзірленген «Boramae» жойғыш ұшағы таныстырылды. Жабық көрме залында General Electric-пен технологиялық ынтымақтастық аясында Hanwha Aerospace жасаған оның қозғалтқышы қойылған. Корей аэроғарыш өнеркәсібі қауымдастығының өкілі жаңа жойғыш - Оңтүстік Корея тарихындағы әскери активтерді дамыту бойынша ірі жоба екенін айтады.
ХАН БОН СУ – АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Сеул ADEX - Оңтүстік Кореядағы аэроғарыш және қорғаныс технологияларының қазіргі және болашағын бір жерден көруге болатын жалғыз орын».
Көрмеде сондай-ақ F-35 жойғыш ұшақтары, FA-50 жеңіл шабуылдаушылары, К2 жауынгерлік танктері және К9А1 өздігінен жүретін гаубицалар сияқты басқа да авиациялық техникалар таныстырылды.Бұдан басқа, мұнда ядролық және зымыран шабуылдарын анықтауға арналған түрлі жүйелерді, мысалы, ұзақ қашықтықтағы зениттік зымырандардың радары, орта қашықтықтағы зениттік зымырандардың көп функционалды радары және корей үлгісіндегі «Темір күмбез» көп мақсатты радарларын көруге болады. Сондай-ақ, Nokmoo өзін-өзі басқаратын зымыран жүйесі мен Redback жаяу әскерінің жауынгерлік машинасы ұсынылды. Оңтүстік Корея үкіметі көрме оған қару экспортының әлемдік нарығының үлкен үлесін алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Оның жоспарында - 2027 жылға қарай бес пайыздық үлеске қол жеткізу. Бұл жағдайда ел көлемі бойынша төртінші экспорттаушы болады. Биыл шараға 35 елден 550 компания қатысуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 524 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/C56mnlpZOO4?si=LLJBGdiocq7m4zkD"
Израиль өз жауларына қатты соққы бермек. Бұл туралы Израиль Премьер-Министрі Газа секторымен шекарадағы «Голани» бригадасымен кездесу барысында мәлімдеді.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ – ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
"Біз толық күшімізбен жеңбекпіз. Сіз дайынсыз ба? "
САРБАЗДАР
«Иә!»
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ – ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
"Сіздердің артыңызда Израиль халқы бар. Біз жеңу үшін дұшпанымызға соққы береміз. Жеңіске жеткенше! "
Премьер мұнда Газа секторындағы ЦАХАЛ-дың ауқымды жерүсті операциясы қарсаңында келді. Оның мақсаты – Хамас тобын жою. 7 қазанда ол анклавпен шекарадағы израильдік қоныстарға, сондай-ақ музыкалық фестивальде шабуыл жасады. 1400 адам қаза тапты. Тағы бірнеше жүздеген адам тұтқынға алынды. Операцияның бір мақсаты - оларды босату. Шабуылдан кейін Израиль Газа секторына зымыран шабуылдарын жасап, тұтас аудандарды қирандыға айналдырып, 2000-ға жуық адам қаза тапты. Ол сондай-ақ тұрғындарды анклавтың оңтүстігіне көшуге шақырды.Израиль өз операциясын жүргізу үшін 360 000 резервшіні жұмылдырды. Сарапшылардың айтуынша, туннельдерді жою және Хамас жекелеген көшбасшыларын жою сияқты қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге болады. Израильдің солтүстігінде әскер Ливан аумағын атқылап жатыр. Әскерилер Ливан тарапынан кемінде 20 зымыран шығарылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 586 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/n5BwkO8TAWA?si=QT-Jq05JoAN8IWQk"
Маңғыстаулық атбегілер "Адай жылқысының" тегін құжаттау қажеттігін айтады. Тұлпарларымыздың тегі паттентелсе, ұлттық спорттың дамуынада тың серпіліс беретіні сөзсіз. Жарты ғасырдан бері зерттеліп келген жылқының тектілігін дәлелдеу үшін былтыр 50 млн теңге бөлінген. Кешегі өткен "Ұлы дала жорығында" Адай жылқылары рекорд жаңартты. Алайда бәйгелерде орын алып жүргенімен, әлі де өз төлқұжатын ала алмай жүр. Енді қайтпек керек? Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Әлемді мойындатқан Адай жылқылары сонау Францияда өткен бәйгеде бақ сынап, даңқы шартарапқа шыға бастағанымен араб, ағылшын, түркімен тұлпарларынан кем түспеген текті жануардың әлі күнге дейін «Адай тұқымы» деп патенттелген құжаты жоқ.
ӘЛЕКЕ БӨЛТЕКОВ АТБЕГІ: «Болашақта Гиннестен адамдар келсе, кітапқа енсе. Халықаралық төрешілер өздері қашан, қанша жол жүріп өткенін белгілеп алды. Бұл енді әлемде болмаған қуантарлық жағдай. (05:17-05:28) Өзін ұзақ қашықтыққа мықты екенін дәлелдеп, кез келген шөпті жеп кете береді. Көп күтімді қажет етпейді».
Теңіз суымен шөл қандырып, шөлейтте де шабысынан жаңылмайтын жылқының тұқымы кең таралып келеді. Ал ауыл ақсақалдарының айтуынша Адай жылқылары халықаралық бәйгелерден де бос қайтпаған. Содан да болар сәйгүліктерге қызығушылық жоғары. Ал, шетелдіктер болса, құжатқа баса мән береді.
АМАНҒАЛИ БАҒДАБЕВ АТБЕГІ: «Бізге енді осы паспортты берсе біз соған қуаныштымыз. Ата-бабамыздан қалған бір жылқының төлқұжаты қолымызға тисе. Әлемдік жарыстарға барғанда, қай жердегі жарыстарға барғанда да осындай ата-бабамыздан қалған жылқы екенін көрсетеміз. Бұл жерде "Адай жылқысы" деген атағы болмаса қарапайым қазақтың тұлпары ғой».
Ғалымдар «Адай жылқысын» мінсіз тұлпарға теңеген. Ал оның генетикалық ерекшелігін зерттеу жұмыстары осыдан 50 жыл бұрын басталған. Алайда, әртүрлі кедергілердің кесірінен тұралап қалған. Зерттеу жұмыстары 2020 жылы қайта жанданды. Ал былтыр Президенттің өзі арнайы Маңғыстауға сапары барысында сирек тұқымға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Ол үшін ғалымдарға 50 млн теңге бөлінді. Енді ғылыми тұрғыда дәлелдей алсақ, әлем алдына тағы бір брэнд пайда болады.
ДӘУРЕН СЫДЫҚОВ “ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ” ЖЫЛҚЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Ал енді оның міндетті түрде генетический паспорты болу керек. Сол генетический паспортизацияға біз кірістік. Біздің мақсатымыз осы Маңғыстаудан минимум 1000 жылқының биоматериалын, яғни жалынан қыл жұлып аламыз. Лабораторияға апарамыз. Лаборатория оның ДНК-сын ашып, соларды базаға қояды».
Сынама қорытындысы жыл соңына қарай шығады. Нәтижесі оңынан оралса, асыл тұқымды ат баптайтын атбегілер үшін мемлекеттік қолдаудың аясы кеңеймек. Ұлттық спортта халықаралық талаптарға сай дамитыны сөзсіз. Шабандоздар үшін жаңа әрі заманауи атшабар алаңдары да пайда болуы мүмкін.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 577 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jStjUqkOYZQ?si=zMRSvTiYwALd1a_C" т
Бүгін Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеулер Университетінде еліміздегі агрохимия ілімінің ірі көшбасшысы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалым, ұлағатты ұстаз Елешев Рахымжан Елешұлының 85 жылдығына орай «Қазақстандағы топырақтану мен агрохимияны дамыту перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараға елімізге танымал ғалымдар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ ҚР ҰҒА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ,ҚАЗҰАЗУ РЕКТОРЫ: «Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде 12монография,450 ден астам ғылыми зерттеу мақала қалдырды. Рахымжан Елешұлы 60 жылдан астам үзіліссіз бір мекемеде ҚазҰАЗУ ұстаздық қызмет атқарған».
ТАСТАНБЕК АТАҚҰЛОВ ҚАЗҰАЗУ АГРОНОМИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ: «Бұл іс-шараның маңызы өте зор. Келешекке пайдалы іс-шара өтіп жатыр. Өйткені осы залда отырған студенттер,жас ұстаздар осы кісінің өмір жолын естіп,көріп отырып біз неге сондай болмаймыз,неге сол кімінің дәрежесіне жете алмаймыз деген әрқайсысы ойланады. Сондықтан жасалынып жатқан іс-шара жастарды тәрбиелеу өте үлкен маңызды деп ойлаймын».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 510 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iftXbH-Dw1Y?si=X5ARrAQraAOaLFYh"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 534 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LFCTEKLcepE?si=3Mnjr7dHYL0tFjQe"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімжі қаласына келіп, Саяси бюро мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті.
Президент сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген бағыт бойынша Қазақстанның Шыңжаңмен арадағы қарым-қатынастарының нәтижелерін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның шекаралас төрт облысы мен Шыңжаң өлкесі арасында тығыз байланыс орнаған. Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығының жалпы көлемі бойынша Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үлесі 40 пайыздан асады. Бұл ретте еліміздің Шыңжаңмен тауар айналымы биылғы жартыжылдықта 87 пайызға өсіп, 8,5 миллиард долларды құрады.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелін салудың маңыздылығына назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Қазақстанның бұл бағыттағы мол әлеуетін ескере отырып, жақында Туризм және спорт министрлігін құрдым. Біз Қазақстанға саяхаттайтын қытайлық туристер саны артады деп үміттенеміз. Үкіметіміз елдегі туризм саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Сонымен қатар Қытайда келесі жыл қазақ туризмінің жылы болып жарияланды. Әрине, біз отандастарымыздың сіздің елмен және оның әсем табиғатымен, әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерімен танысуы үшін Қытайға саяхаттап баруын қолдаймыз. Шыңжаң ежелден өзінің жоғары мәдениетімен әйгілі. Жергілікті шығармашылық ұжымдар халықаралық дәрежеде мойындалған. Біз мәдени-рухани байланыстардың жан-жақты дамуына, екі ел өнерпаздарының бір-біріне гастрольдік сапарлар ұйымдастыруына қолдау көрсетеміз. Бұл тату көршілік және достық қатынастардың нығаюына оң ықпал ететіні сөзсіз».
Өз кезегінде Ма Синжуй Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» форумында көтерілген бастамалардың мәні зор екенін айтты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 641 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/GEv5yXVLLh4?si=C0qoKntBuRtbo4tP"
Тәрбие,тал бесіктен басталады. Жастардың бойына патриоттық тәлімді сіңіреміз десек балабақшадан бастау қажет, сонда барып ұлтымыздың ұландары қалыптасады.Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданындағы бөбекжайда Республика күнінің құрметі орай, «Қазақстан елім,туған өлкем» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Онда бүлдіршіндер ән айтып,би билеп, Отанға деген сүйіспеншілігін өздерінің өнерлерімен көрсетіп жатты.
ГҮЛМИРА ӘЛЕНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №161 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.Араға біраз жылдар салып, Президенттің шешімімен ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, дәріптеле бастады.
ҰЛТАЙ МӘСІПҚАЗЫҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ №161 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 547 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HFHzdh0ptZk?si=xotdBaulC8WtNZ5b"
Петропавлда негізгі кәріз коллекторы жарылып, көшені су басты. Оқиға 18 қазан күні Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Аққан су маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне кірді. Қазір коммуналдық апат болған орында «Қызылжар Су» ЖШС-нің төрт жөндеу бригадасы кәріз суын сорып, апат себебін анықтау үшін учаскеде тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.Мамандар апаттық жағдайдың себебін құбырлардың тозуымен байланыстырып отыр. Бұл кәріздік коллектор пайдалану мерзімі 25 жыл болса да, 1966 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде құбырды ауыстыруға жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаражат бөлінді.
ВЯЧЕСЛАВ ВИЗЕРОВ «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС СУ БҰРУ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ:«Қазіргі уақытта апат орнын зерттеп және жұмыс көлемін, қандай материал керек - анықтап жатырмыз. Осыдан кейін қалыпқа келтіруге кірісеміз. Жалпы коллекторға 200-ге жуық үй қосылған. Кеше негізінен жертөлелерді су басу бойынша шағымдар болды. Бірақ мұның апатқа қатысы жоқ. Көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі ішкі кәріз құбырларының герметикасы нашар. Онымен сол үйлерге жауапты ПИК немесе мүлік иелері бірлестігі айналысуы керек».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 581 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pENY6oPGzBU?si=Gb_3OXmp4YFyJ99j"
Мектеп - кеме, білім - теңіз. Жылдағы дәстүр бойынша білім беру орындарында пән апталығы басталды. Осыған орай Алматы қаласындағы №203 Жалпы біліп беретін мектепте «Эстетикалық пәндер бірлестігі» атты апталықтың жабылуына байланысты іс–шара ұйымдастырылды.
Он күндік аясында өткен «Спорт – денсаулық, мәдениет, тәрбие бастауы» тақырыбындағы пән апталығында спорттық ойындар,қызықты ашық сабақтар өткізіліп, мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу сабақтары орын алды.
АҚЫНҚЫЗ ШӘМІЛҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 203 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Эстетикалы пәндер бірлестігінде бізде 12 мұғалім жұмыс жасайды. Мұғалімдеріміз жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып білімді, өнерлі, шымыр шәкірттерді дайындап отыр».
Музыка өнері оқушыларды сыршыл сезімге, сұлулыққа, рухани байлыққа жетелесе, бейнелеу өнері балалардың бойындағы қасиетті жан жүрегі арқылы іс-әрекетке бейімдейді.
ҚУАНДЫҚ ЖІГІТЕКҰЛЫ ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Көркем еңбек пәні – бабалар аманаты деген үлкен топ бар. Бүкіл Қазақстанның мұғалімдері жиналған. Енді сол жерде қазір оқушылардың жетістіктерін, өзіміздің жетістіктерімізді де айтып, жазып, кітаптарға шығып жатқан жайымыз бар. Бабалар аманаты деген 4-5 кітап шықты. Шетелдерде жұмыстарымыз қойылды».
РАУШАН ОМАРБЕКОВА КИІМ ДИЗАЙНЕРІ:«Алматы қалалық жастар саясатының басқармасының қолдауымен біз осындай 2 ұжым қосылып, осындай бір керемет іс-шара өткіздік. Алматы жастарын киіну және киім үлгілерінің мәдениетін салттық мәдениетін заманауи тұрғыда қалай киюге болатынын көрсеттік».
АЙДЫН ТАЛҒАТҰЛЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:«Біздің декада да қазақ ұлттық ойындары көптеген спорт түрлерінен жаттығу өткізудеміз. Жарыстар ұйымдастырудамыз. Балалардың қызығушылығын оятуда біздің мектепте волейболдан, футболдан, баскетболдан, дзюдодан, шахматтан үйірмелер бар».
Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 557 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xnGc5srH8x0?si=yiSICaIazcOmxHje"
Даун синдромы – генетикалық ауытқушылық, жасушалардың бөліну процессі кезінде туындайтын кездейсоқ ақау. Ерекше балаларға арнап, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен облыстық көп бейінді балалар ауруханасында «Күн бала – шуақ шашқан нұрлана» атты тақырыппен кең ауқымды акция өтті.
Қазіргі күні жер бетіндегі әрбір 700-ші бала даун синдромымен туылады. Осындай балаларды қорғау мен олардың денсаулықтарын нығайтуға бағытталған ерекше күн биыл да аталып өтті. Оларға сыйлықтар табыс етіліп, бүлдіршіндер ойын – сауық шоу-бағдарламасын тамашалады.
МАЯ МИРЗАНОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Даун синдромымен туылған адамдарда 21- жұп хромосомаларында қалыпты екі көшірменің орнына қосымша 3-еу тағы болады. Яғни адам кариотипы қалыпты 46 хромосоманың орнына 47 хромосомадан тұрады. Бұндай аурумен ауыратын балалардың ата-аналарына үлкен сабыр тілеймін. Сондай-ақ, акция жылына екі рет қазан, наурыз айларында ұйымдастырылады».
Айта кетейік, облыс бойынша 221 балаға аталмыш диагноз тіркелген. Бұндай ерекше балаларға медициналық көмек, қалыпты түрде диета, дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап отырған абзал. Алайда бұл ойлаған әрекеттерді жүзеге асыру үшін қоғам мен ата-ананың, бауырлардың сүйіспеншілігі мейірімі өте маңызды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 520 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WlJKFocyY7Q?si=EMsCRjrRpVCJcJje"
Газа аймағындағы ауруханада палестиналық лаңкестік топ шығарған зымыранның кесірінен жарылыс болып, жүздеген адам қаза тапты. Бұл туралы Израиль әскерилері хабарлады.
Хамас басқаратын газа секторының денсаулық сақтау министрлігі Израильді әуе шабуылын жасады деп айыптап, оқиғаны «сұмдық қырғын» деп атады. Соңғы мәлімет бойынша, әл-Ахли ауруханасында болған жарылыстан кем дегенде 500 адам қаза тапқан. Израиль күштері Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған радикалды палестиналық ұйым - «Ислам жиһадына» кінәлі деп отыр. Олардың Хамаспен көптеген мақсаттары мен көзқарастары бір. Сирияға қарсы позицияны ұстанады. Аурухана лаңкестердің нысандарына жоғары дәлдікпен соққы беретін Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан. Интернетте ауруханадағы жарылыс кадрлары, отқа оранған ғимарат және қаза тапқандардың, соның ішінде балалардың көптеген денелері жатқан видеолар таралды. Көптеген жаңалықтар агенттіктері бұл Израиль тарапынан болған әуе шабуылдарының нәтижесі екендігі туралы Хамас алға тартатын нұсқаны қолға алды. Бірақ егжей-тегжейлі мағлұматтар, соның ішінде әскери ұшқыштардан аэрофотосуреттер келіп түскен кезде оқиғалардың нұсқасы өзгере бастады. Бұл кадрларда зымыран ауада жарылып, одан кейін оның сынықтары төмен түсіп жатқаны көрінеді. Израиль қорғаныс әскерінің хабарлауынша, әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдары деректерді тексермей ақпарат жариялауға асыққан.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ – ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «ЦАХАЛ жедел жүйелеріне жасалған талдау көрсетіп отырғандай, террористер Газа секторындағы Ахли ауруханасына жақын жерде зымыран шығарған. Барлау Газадағы ауруханаға соққы берген зымыранның сәтсіз ұшырылуына «Ислам жихады» жауапты екенін дәлелдеуде».
Израильдің мәліметінше, Израиль қауымына шабуыл жасаған кезде 1400-ге жуық адамды өлтірген Хамас террористік тобының содырлары Газа тұрғындарын тірі қалқан ретінде пайдаланады. Шабуылдан кейін Хамас күн сайын Израильдің түкпір-түкпіріндегі қалаларға бағытталған зымырандарды ұшырды. Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль күштерінің қарсы әуе шабуылдарынан кем дегенде 2778 адам қаза тауып, 9700 адам жарақат алған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 502 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/y8djKa6xUd8?si=hJyg13sy-UZaYyt-"
Бразилияның Амазонас штатындағы ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Ол басқада ондаған ауыл сияқты қатты құрғақшылықтан зардап шекті.
Жан-жақтан жіберіліп жатқан көмектерді трактормен алып келуде. Себебі, жергілікті өзен құрғап қалған.
НЕЛЬСОН БРИТУ МЕНДОНСА – АУЫЛ ҮЛКЕНІ: "Біз бүтін бір әлемнен оқшауланып қалдық. Мен тұратын жерге қайықтар әлі де келе алмайды. Тек трактормен немесе жаяу жүріп қана жетуге болады".
Бразилия үкіметінің мәліметінше, Амазонас штатындағы 62 қаланың 60-ы құрғақшылық пен орман өрттері салдарынан төтенше жағдай жариялаған. Айдың соңына дейін жағдай өзгермейді деп күтілуде.
ХОСАНА МЕНДОНСА – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:"Азық-түлік сатып алу қиын. Егер бұл құрғақшылық ұзақ уақыт болса, онда мұндай проблема бізбен айларға қалады. Жағдайымызда нашарлауы мүмкін".
Азық-түліктерді Амазонияның тұрақты даму қоры мен «Амазонканың климаттық альянсы» жеткізуде.
ВАЛЬКЛЕЯ СОЛИДАДЕ – КӨМЕК ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Қазір адамдардың өздері өндірмейтін нәрселерді алуы қиын. Бұл тамақ пен дәрі-дәрмек. Ауруханаға бару қиын болғандықтан, көптеген адамдар ауырудан қорқатынын естідім ".
Белсенділер құрғақшылықтан зардап шеккен аудандардың картасын жасайды. Оларға тамақ, су, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті заттар әкелінеді.
ЛУСИАНА ВАЛЕНТИН – ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: "Базалық медициналық қызмет те жоқ. Ал біздің балаларымызда жиі диарея, құсу болады және судың салдарынан дене қызулары көтеріледі ".
Әлемдегі ең ірі тропикалық орман тарихи құрғақшылыққа тап болды. Ғалымдардың пікірінше, оған Эль-Ниньо феномені себеп болған.
Тағы басқа мақалалар...
189 ішінен 223 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.