- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 355 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/h6Y_MacWQ2E?si=bSjesq1kLhlYqxbJ
Былықтың бәрі басшыдан. Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы жемқор. Пара алғандардың 70 пайызы бөлім басшылары. Статистика осылай дейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали айтты. Ал, төтенше жағдайлар министрі болса, бұл жаға ұстатарлық жағдай дейді.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
«Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек».
Айта кету керек, соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі. Анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 362 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6NunGcs38zY?si=bXcQj8PByo6JYS40
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Өңір басшысы Президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар, ол есепті кезең ішінде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты. Жалпы, қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгеге жетті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ Президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.
НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
« Президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін айттым. МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінді. Бұған қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 422 рет қаралды
https://www.youtube.com/watch?v=XjQs6vD5BYQ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 363 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2m5QSN5sXl4
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды. Айта кетейік, Президент Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді, және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында Вьетнам Премьер-Министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен кездесті. Осы жолғы сапар аясында
Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды. Енді Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады. Қазақстан мен Вьетнам арасында биылғы жартыжылдықтағы тауар айналымы 3,5 есеге артқан. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытатын іс-қимыл жоспарына қол қойды. Президенттің Вьетнамға ресми сапары туралы бірлескен коммюнике жарияланды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 386 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0PcvkR5NqDM
Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған және Маңғыстау облыстары тәуекел аймағында тұр,яғни халық қыста жылусыз қалуы мүмкін. Себебі, жылу электр станцияларын жөндеу жұмыстары жоспарланған кестеден кешігуде. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Одан бөлек, министрлер кабинеті егін науқанына дайындық жұмыстары туралы мәселені де талқылады. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Республика бойынша барлық аймақта егін ору науқаны басталды. Биыл шаруалар үшін оңай болмаған. Аптап ыстық пен құрғақшылық фермерлерді әбден мезі еткен.
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
«Ағымдағы жылы вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылыққа және суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаларға кез болды, бұл дақылдардың жай-күйіне әсер етті. Облыс әкімдерінің ақпараты бойынша 45,1 пайыз жақсы, 46 пайыз қанағаттарлық, 7,5 пайыз нашар жай күйде».
Деседе, үкіметтегілер алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Шаруаларға мемлекет тарапынан көмек берілген. Оның үстіне коорпорациялық қорда бидай жеткілікті. Сондықтан, нан бағасы әзірге өспейді деп отыр үкіметтегілер
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңір зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды».
Одан бөлек, отырыста алдағы жылыту маусымына дайындық туралы мәселе көтерілді. Кей өңірлерде жағдай тіптен мәз емес. Қыста күтпеген жағдайлардың туындауы әбден мүмкін.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Кестеден кешігу байқалып отыр. Кей жағдайларда жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстыру фактілері орын алуда. Сондықтан қыс уақытында осы объектілердің тұрақты жұмысында тәуекелдер туындауы мүмкін. Мәселен, Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Маңғыстау облысы тәуекел аймағында екенін атап өткен жөн».
Айта кетейік, жылыту маусымына 1 айдан астам уақыт қалды. Сондықтан, үкімет басшысы дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 380 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_CrVaJ91ljk
Жетісу облысында қатты жауын - шашын салдарынан Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарында сарапшылардың тексерісінен кейін, зардап шеккен 89 үй анықталды. Алдын ала ақпар бойынша 22 үй апатты деп танылған. Алайда кей тұрғындар комиссияның бұл шешімімен келіспейді. Тақырыпты тілші жалғастырады.
Ешкіөлмес ауылының тұрғыны Айнаш Князованың үйінің сау тамтығы қалмапты. Ауласында тұрған көліктіде су басып, істен шыққан. Абырой болғанда апат болған күні өздері үйде болмапты. Болған жағдайды көршілерінен естіген. Қазір жолдасы екеуі мектеп жасындағы үш баласымен уақытша мектепті паналап жүр.Көзіне жас алған әйел қираған қабырғаларды көрсетіп, жөндеугеде жарамайды дейді.
АЙНАШ КНЯЗЕВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Мынау қызыл кірпіш екен деп қарады да капитальный ремонт жасаймыз деді. Сосын мен айттым мында тұра алмаймыз капитальный ремонт жасасада деп. Бұл үйді осымен үшінші рет су басып отыр екен. Жағымсыз иісі бар. Жасап берседе мына иіс кетпейді. Районный әкімшлікке барғанбыз, сонда айтты мына үй капитальный ремонтқа жарайды, снос жасалмайды деп. Сосын біз айттық жағдайымыз жоқ мына үйде тұра алмаймыз деп.
Айнаш Князова, үйлерін үш жыл бұрын несиеге алыпты. Қазір банк алдын төрт жарым млн теңге ге жуық берешегі бар екен. Жергілікті әкімдіктердің айтуынша бұл отбасыға көмек көрсетіледі деп отыр. Әлі комиссияның нақты шешімі шыққан жоқ дейді.
СЕРЖАН ОҢАЛБАЕВ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Қазіргі таңда міне эксперттік комиссиямен 89 үй анықталды. Оның ішінде 22 үй апаттық деп танылды. Ол алдын ала ақпарат, қазіргі таңда бір-екі үшкүнде эксперттер өздерінің заключенияларын береді. Сол жерден бір ары қарай істей береміз. Бізде бәрі негізі дайын, ақшамызда миханизмызда бәрі дайын. Бірақ бізге сол қортынды керек болып тұр. Нақыт көмек апатты үйлердің орынына жаңа үй береді, бұл заң шеңберінде бәрі, содан кейін мына зардап шеккен үйлерге ремонттарын жасалады.
Бұл үй, комиссия шешімімен апатты деп танылыпты. Тым ескі. 20 ғасырдың орталарында салынса керек. Қабырғасын балшықтан тұрығызыпты. Су басқан күні қорада тұрған 60-қа жуық үйрек, тауық қазысымен шәйіп әкетіпті. Баубақшасыда бүлінген.
СӘУЛЕ ТАЙЖАНОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Үй береміз деді, соны күтіп отырмыз енді. Кеше айттығой облсной зам әкім келесі айда көшесіздер деп. Қарабұлақтан үй алып береміз деп.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 361 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zk3rUeROsgo
Ақмола Облыстық кәсіпкерлер палатасына жер пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану мәселелері бойынша бизнес нысандарынан өтініштер келіп түсіп жатыр. Арыз саны бойынша Көкшетау қаласы, Ақкөл, Целиноград аудандары, сондай-ақ Біржан сал ауданы көш бастап тұр.
Кәсіпкерлерден мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдану соңғы уақытта жиілеп кетті. Негізгі мәселе – жерді пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану. Кезінде конкурстарға қатысып, мәлімделген лоттарда жеңімпаз атанған, жерді сатып алу келісімі бойынша иеленген кәсіпкерлер көп шағымдануда. Ұзақ жыл өз бизнесін құрған адал жер пайдаланушылар үшін әділетсіздік,-дейді мамандар.
ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ «Шаруа өндірістік базаны да салды, малдың санын да 300-ге жеткізді. Соған қарамастан олар бұл жерді одан тартып алмақшы. Ауылдың жергілікті тұрғындары жер жетпейді деген уәж айтуда. Шаруа алған жайылым жер 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Неліктен мұндай тәуекел пайда болады»
Басты мәселе жайылымдық жерлердің жетіспеушілігінде. Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері көрсеткіштерді анықтау үшін ұсыныстармен шығуға ниетті, соған сәйкес сотқа талап қою тоқтатылады.
РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ "АТАМЕКЕН" ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біз уәкілетті мемлекеттік органдарға, орталық аппаратқа, оның ішінде облыстық сотқа осы мәселелерді заң шығару қызметінің алдына қою үшін ұсыныс жасағымыз келеді. Жағдайды өзгерту керек.»
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 378 рет қаралды
Агроөнеркәсіптік кешенінде элеваторлардың алатын орны зор. Себебі, астықты өсіріп қана қоймай, оны сақтап, өңдеу қажет. Дәл осындай жұмыс Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тайынша элеватор» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іске асырылады. Қазіргі таңда кәсіпорында астықты қабылдау бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұдан бөлек кәсіпорында құрама жемнің 21 түрі шығарылады.
https://www.youtube.com/embed/BCdA8toArdQ
2019 жылы Тайынша қаласының элеваторында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын. Енді, кәсіпорында майлы дақылдардың екінші элеваторы іске қосылды. Бұл істің басталуы зығыр, соя, рапс секілді дақылдарды қабылдауға мүмкіндік берді. 2021 жылы құрама жем зауыты ашылып, жобаға 2 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылған болатын. Қазіргі таңда бұл өнім Қазақстан аумағында ғана емес сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде де үлкен сұранысқа ие.
ШЫНАЗБЕК БАЛҚЫБЕК «ТАЙЫНША ЭЛЕВАТОР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ Бүгінігі күні 400 машинаға дейін қабыладй аламыз 1 суткіге. Бүкіл комплексіміз газбен қамтылған. Темір жол өзіміздікі. Маневровый дейміз сол да біздікі. 3900 метрлік темір жолымыз бар.
Негізгі жұмыс — астықты тазарту және терең өңдеу. Астықты тексеретін зертханадан бөлек, кәсіпорында химиялық зертхана да бар. Айта кетейік, бұндай зертхана облысымызда біреу ғана. Ал, 2020 жылы айына 400 тонна құрама жем шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Қазір бұл серіктестікте 170 адам еңбек етеді.
ЖҰМАБЕК ҚАЛИЕВ «ҚҰРАМА ЖЕМ» ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Общий производительный мощность 400 тоннға шықтық.Оборудование бәрі европейский. Қосымша екі қойма салынды. Готовый продукцияға да салынды. Бәрі жақсы. Колелктив бұрыннан істеп жатыр.»
Бұл жерден шығарылатын өнім мал, құс шаруашылығында пайдаланылады. Ал жоғары технологиялық кешен қызметінен түскен пайданың бір бөлігі, үнемі ауылдың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 373 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NCxuwFifoig
Копенгаген қаласында орналасқан мұражайда 4000-нан астам Барби қуыршақтары сақталып тұр. Жинақта ерте замандағы үлгілер мен шектеулі серияда шығарылған қуыршақтардың заманауи түрлері көрініс тапқан. Бұл қуыршақтардың кішкентай әлемін дат халқының Лене Дарли Педерсен есімді азаматшасы жасаған. Лене Дарли Педерсен барби қуыршақтарын 1989 жылдан бастап жинаған екен.
ЛЕНЕ ДАРЛИ ПЕДЕРСЕН ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ
«Алдымен маған қуыршақтардың әдемі киімдері ұнады. Негізі мен бастапқы уақыттарда ескі қуыршақтарды жинадым, кейін біздің клубта Барби қуыршақтарын жинайтын әйел жұмыс істеді. Маған бұл күлкілі іс болып көрінетін. Бірақ, уақыт өте келе мен де қуыршақтар жинай бастадым».
Лене қуыршақтарды жинап жүргенде олардың өзгеретінін байқаған. Бұл сыни пікір болуы мүмкін. Өйткені, қуыршақ шығарушылар бірнеше рет Барби қуыршақтар балаларға сұлулықтың шынайы емес стандарттарын көрсеткендері үшін сынға алынған болатын.
ЛЕНЕ ДАРЛИ ПЕДЕРСЕН ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ
«Қуыршақтың беті шамамен он жыл сайын өзгерді. Әсіресе, 1997 жылы қуыршақтардың формасы қатты өзгерді. Бет формалары ісініп, дене формасы да аздап толықтай түсті. Ал қазір мамандар қуыршақтардың аяқтарын қысқа қылып шығарып жатыр».
Лененің топтамаларында ерекше қуыршақтар өте көп. Мысалы, олардың бірі неміс моделі Хайди Клумның бейнесіне ұқсатылып жасалған болса, енді бірі әнші Бейонсенің образында жасалған. Ал енді бір жинақ ханзада Уильям мен ханшайым Кэтриннің үйлену тойына арналып жасалған.
Мұражай иесінің айтуынша, ол қуыршақтарды қатты жақсы көреді. Олардың киімдерін американдық дизайнер Боб Макки жасаған. Ол Марлен Дитрих, Диана Росс, Уитни Хьюстон және Бритни Спирс сияқты атақты адамдардың дизайнері болған екен.
Дегенмен, Лененің ескі неміс қуыршағы — Bild Lilly оның ең сүйікті қуыршағы болып қала береді. Бұрын Лене өз үйінде қуыршақтарын жинаған. Кейін, үйде оларды қоятын орын жоқ екенін түсініп, мұражай ашқан. Ол бес бөлме мен жертөледен тұрады. Лене енді жаңа қуыршақтар сатып алмайды, тек бұрыннан бар қуыршақтарды мұқият сақтайды. Аралап көргісі келетін жандарға экскурссия жасап тұрады. Американың «Барби» комедиясы шыққаннан кейін, мұражайға келушілер артқан. Айта кетейік, бұл фильм 9 шілдеден бері 200 000 доллардан астам табыс әкелген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 374 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FJYWEMifNjs
Еске сала кетсек, Гавайи аралының Лахайна қаласында жуырда орман өрті орын алған болатын. Екі апта ішінде өрт орын алған аумақта 3000-ға жуық үй жануары жоғалып кеткен. Жоғалған жануарлардың иелерінен құтқарушыларға 600-ге жуық өтініш түскен.
Мауи аралының құтқарушылар қоғамы оқиға орны анықталғаннан кейін, бірден іздеу жұмыстарын бастаған. Олар қазір қатты күйік шалған жануарларды тиісті орындарға жеткізуде.
ДЖЕННИ МИЛЛЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ «Бізге әкелген жануарлардың ішінде өрттен алып шыққан 1 ит бар. Бірақ, өкінішке орай оның барлық саусақтарын күйік шалған». Үй жануарлары туралы ақпарат күн сайын өзгеруде. Мамандар қазірдің өзінде 500-ге жуық мекен-жайды тексеріп үлгерді. Бірақ, ол жерлердің көпшілігінде тек күл үйінділері ғана кездескен.
ДЖЕННИ МИЛЛЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ «Анықталған мекен-жайлардан айтарлықтай ештеңе таппадық. Ол жерлерде тіпті үй де жоқ. Бұл жерден тілсіз жаудан адам шығыны көп болғанын түсінуге болады».
Дей тұрғанмен, үй жануарларының иелері үмітін үзбейді. Себебі, кейбір үй жануарлары өз иелерімен қайта қосылуда екен.
ДЖЕННИ МИЛЛЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ «Менің ойымша, алдағы уақытта сегіз кездесу болады. Бұл жерде тек үміті үзілмеген адамдар жүр. Барлығы жоғалтқан жануарларының тірі екеніне сенімді және жақында табылады деген үлкен үмітте.».
Айта кетейік, 8 тамызда болған орман өрті 2200 үй мен кәсіпорындарды қиратты. Жүздеген адам із-түссіз жоғалып кетті. 114 адамның қайтыс болғандығы расталды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 354 рет қаралды
="https://www.youtube.com/embed/PRLbNO-B74Y"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 391 рет қаралды
https://www.youtube.com/watch?v=7gweZbYkGFc
Тағы басқа мақалалар...
191 ішінен 192 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.