- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 389 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-k9Mi9hO8q0?si=SPm36UotyxBZKhJZ"
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе бес мың айлық есептік көрсеткіш 14,5 млн теңге айыппұл төлейді. Биыл 8 ай ішінде осындай жалған хабарлама таратқан 52 қылмыстық іс тіркелген, оның 28-і сотқа жолданыпты. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылып, оның 5-уі темір торға қамалды. 8 адамның бас бостандығына шектеу қойылып, 2 азаматқа қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылды деді Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев бүгін ішкі істер министрлігінде өткен брифингте. Сондықтан, жауапты министрлік ескертеді: жалған хабарлама ол - қылмыс. Қоңырау шалған адам дауысын өзгертсе де, сим-картасы мен телефонын ауыстырса да, ол бәрібір табылады.
АЛМАС ТАЛҚАНБАЕВ ҚР ІІМ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бір рет жалған хабарлама беру – ол қоңырау шалған адамның өмірін ғана бүлдіріп қоймайды, оның отбасы үшін ұзақ жылдар бойы дақ болып қалады. Жасөспірімдер үшін ЖОО түсуге кедергі болады, ересектер үшін қандай да бір жұмысқа орналасатын кезде бұрын сотталған деп жұмысқа алмайды. Артынан қанша «бармағын тістеп» өкінгенімен, ештеңе өзгермейді».
Статистикаға сәйкес жалған хабарлама үшін сотталғандардың 48-ден 55 пайызға дейінгі санаты бұл қылмысты жасаған сәтте қатты мас болған және мұндай қадамға баратындардың дені жұмыссыздар екен. Айта кетейік, елімізде мұндай қылмыс үшін 14 жастан бастап бас бостандығынан айырылады. Ал, егер кәмелетке толмаған бала жасаған болса, онда шығынды өтеу оның ата-анасына немесе оның заңды өкілдеріне жүктеледі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eGLLkm5QX7g?si=r3Cm5YUPrWR40L_q"
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім беру туралы мәселені қарады.Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық Банк Төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.
Соған байланысты Мемлекет басшысының Ұлттық Банк Төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменовті тағайындауға келісім беру туралы ұсынуын Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді.Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов ұсынылған кандидатура алдын ала Комитет отырысында қаралып, талқыланғанын, соның нәтижесінде Сенатқа Президент ұсынуын қолдауға ұсыныс беру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Осыған орай Палата отырысында Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Ұлттық Банк Төрағасы қызметіне Тимур Сүлейменовті тағайындауына келісім берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 388 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7Fpzhkribg4?si=xzjdAYQk1S8pt__M"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады.Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды.Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.Еске салайық, Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xva3MDhN-Dk?si=vtxpRs23fpEKq6Me"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды. Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 396 рет қаралды
https://www.youtube.com/watch?v=Zww8ZrxfGAE
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8nf72FwWhvI?si=scaxuf-oo0mBfk8D"
Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері контрафактілік ойыншықтарды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 4 мамырынан 09 маусымына дейін "LEGO Juris A/S" компаниясының өкілдерімен бірлесіп тексерулер жүргізді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде жалпы құны 1 202 450 теңге болатын 894 бірлік контрафактілік тауарлар тәркіленді, айтулы мәселе бойынша сот 3 құқық бұзушыға 251 700 теңге көлемінде айыппұл салды, ал контрафактілік тауарларды мамандар,көзін жойды.
ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 362 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/32DOsf3h-kM?si=5kiSJUYwOyCxZOdT"
Ақмола облысында он үш адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Қазір он екісінің қауіпті індетпен ауыратыны расталған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы әзірге орташа.Денелеріндегі жаралар әлі кете қоймаған. Емдеу орнына жеткізілген тоғыз адам Жарқайың ауданы Үшқарас елдімекеніндегі мал өсіретін шаруашылықта жұмыс істеген. Қалған төртеуі ауыл тұрғындары. Жақында осы серіктестікке тиесілі 32 сиырдың сібір жарасы індетімен ауырып өлгені анықталды. Қазір елдімекенде карантин жарияланғанымен, әлі заңды күшіне енбеген.
НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Осыған дейін бір адам ауыр жағдайда болған. Қазір беті бері қарады. Ал сібір жарасын жұқтырғандармен байланыста болған 22 адам дәрігерлердің жіті бақылауында».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 412 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VgSsmHoPy50?si=R0YUoeiq_c9PjHtN"
Бүгінгі дата, білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Қызылорда қаласындағы шараға назар аударсақ.
Ресми деректерге сүйенсек , бүгінгі күні қала бойынша 7600 жас өрен мектеп табалдырығын аттады. Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің табалдырығын бүгін 1-сыныпқа қабылдаған 230 оқушы мен толықты. Барлық баланың жүрегіне шуақ төгетін шырайлы мерекеге шаһар басшысы Асылбек Шаменов қатысып, оқушылар мен ұстаздардың жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі
АСЫЛБЕК ШАМЕНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
1-сыныпқа қабылданған балалардың мектепке деген танданысы өзгеше. Балабақшамен қош айтысып, енді орта білімге қадам жасап отыр.
Биыл қара шаңырақ өзінің 20-шы оқу маусымын ерекше бастады. Олай дейтін себебіміз, білім ордасы қосымша құрылыспен кеңейіп, ұстаздар мен оқушылардың қуанышы еселене түсті. Мұнда 370 орындық бастауыш сыныптарына арналған заманауи ғимарат бой көтерді.
АЙГҮЛ АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ - ӘЛИ МҮСІЛІМОВ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Айгерім, мектептің Алтын белгіге үміткер 8 оқушының бірі. Қара шаңыраққа алғаш келгеннен бастап осы күнге дейін талай білім сайыстарына қатысып, олжалы оралған. Осындай дәрежеге жеткені үшін ұстаздарына алғысы шексіз.
АЙГЕРІМ ЗИЯДИН - Ә.МҮСІЛІМОВ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Салтанатты шара мектеп оқушыларының ән жолдауларымен жалғасты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 448 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/C7aRMaDVfW4?si=jJCQxnFXSyYknhWc"
Бүгін – Білім күні. Мектептерде дәстүрге сай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Алматы облысында 456 орта мектепте қоңырау соғылып, 340 мыңнан аса оқушы жаңа оқу жылын бастады. 39 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады.
Бүгін Қаскелең қаласындағы Қарлығаш ықшам ауданында жаңа мектептің тұсауы кесілді. Жырдан шашу шашылып, сыңғыр қоңырау соғылып, білім ордасының іші оқушылармен толысты. Мектепке 25 тамыз күні арнайы конкурс өткізіліп, білікті мамандар жұмысқа қабылданған. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасап, нағыз білім ордасына айналатыны сөзсіз.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:«Болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісі ата-ана мен ұстаздардың күнделікті айналысатын шаруасы ғана емес, білім беру ісі - мемлекет ерекше көңіл бөлетін маңызды сала. Осы орайда, мектеп ғимаратын салған мердігер «BI Global» фирмасына, соның басшыларына, үлес қосқар барша азаматтарға аудан тұрғындарының атынан зор алғысымызды білдіреміз! 2023-2024 оқу жылында 3 ауысымды мектептерді жою мақсатында, ауданымызда: Үштөре, Жармұхамед, Іргелі, Жібек жолы ауылдарында жаңа мектеп құрылысы мен жапсаржай құрылыстары аяқталып, жақында қолданысқа беріледі. Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, ауданда 10 мектеп құрылысы басталып, 2025 жылы оны да іске қосу жоспарланып отыр».
Заманауи үлгіде салынған білім ордасында, жас ұрпақтың сапалы білім алуына толыққанды мүмкіндік жасалған. Материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде орналастырылған. Білім ордасы 1500 оқушыға арнап салынған. Мектептің іші: бастауыш сынып, ортаңғы буын және жоғары сыныптарға арналған 3 блоктан тұрады. Мектепте 84 сынып бөлмесі, 76 интерактивті тақта бар. Сонымен қатар, АРТ кабинеттің іші де қыз балаларға арналған тігін цехтар мен аспаздық және ұл балалардың шеберханаларымен толыққан. Оқушылардың жаттығуына арналған үлкен және кіші спорт залдар да бар. Оқу орнының айналасы толық көгалдандырылған, қажетті заттармен жабдықталған. Тіпті, оқушылардың қатынауы үшін арнайы жаңа жолдар да салынған. Ұстаздар мен оқушылар дән риза.
ҚОРЛАН ДӘУІТХАНҚЫЗЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: «Осындай ғимаратты салып, болашақ ұрпағымыздың жағдайын жасап жатқан мемлекетімізге, барша тұлғаларға алғыс білдіргім келеді! Керемет! Қуанышымыз шексіз енді».
Ертеңгі күн – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің мөлшерімен таразыланады. Сондықтан, ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда білім саласы қашанда маңызды болып қала бермек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 384 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VQlPwSOdBFg?si=ez1QnHErgsXtJ1KP"
Президент Жолдауында елдің қорғаныс саласын күшейту керек деді. Әскеріміз жаңа озық үлгідегі техникалармен қамтылу тиіс. Сондай-ақ отандық әскери техника өндірісін күшейтіп, дамытуды міндеттеді. Мемлекет басшысының бұл айтқанын Талдықорғандағы әскерилер де мұқият тыңдады. Әскери техника мен қару-жарақты өзімізде құрастыру қажеттілігін отан қорғаушылар да жақсы түсінеді. Елдің қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қорғаныс әлеуетін нығайту басты міндет.
СҰЛТАНБЕК ҚАШҚАРОВ 18/404 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ОФИЦЕРІ:
«Егер де осы әскери техникалар өзімізде шығарылатын болса, біздің қауіпсіздік жағдайымыз күшейеді және де өз-өзімізге техника шығарып, қамтамасыз ете алатын боламыз».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 400 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lYhNwk5asAg?si=eAzSJa0_leCjJtJb"
Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халық саны 20 миллионға жетпек. Тұрғындардың Өмір сүру ұзақтығы да артқан. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асқан. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді. Президент Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтардың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар» , - деді. Алматы облысының жастары Жолдаудағы бастамаларды қуана қабылдады.
ЖАНГЕЛДІ ЖАНБОЛАТҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: «Біз қуана қабылдадық. Бұл біздің елге, ұлтқа, мемлекетке тың серпін береді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_YDt2Axb2sc?si=iuT5s_xJI7hlcbnb"
Жолдауда ұсынылған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайынбыз. Осылай деген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент берген тапсырмалар қазіргі жағдайда өте өзекті екенін тілге тиек етті.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей түсінікті ашық әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Инвестиция тартуға қолайлы бизнес климат қалыптастыруға үлкен мән берілді. Елімізді индустрияландыру кезеңінде қордаланған проблемаларды шешіп, бұл үдерісті сапалы жүргізуді тапсырды. Ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің де дамуына жаңа тыныс беру көзделіп отыр. Жалпы, Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы белгілеп берген тапсырмаларды барлығымыз бірдей нәтижелі іске асыруымыз қажет».
Сенаторлар Президент жолдауы маңызды әрі қажетті мәселелерді толық қамтыды деген пікірде. Әсіресе, олар атом электр станциясының салынуы не салынбауы жалпыхалықтық референдумға шығарылғаны дұрыс шешім болды деп санайды.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Өз басыма ерекше әсер еткен мәселе АЭС шешуге қатысты референдум арқылы шешілетіні. Ол расымен де қоғамда ерекше пікір талас болып жүрген мәселе. Мен өзім Түркиядағы Аққою АЭС салыну барысын көріп қайттым. Электр қуатынсыз экономика дамымайды. Атом электр станциясы қажет пе қажет емес пе халыққа дұрыс түсіндіру үшін халық қалауын білу үшін референдум қажет деп ойлаймын. Ол дұрыс шешім.»
ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Біз қазір саяси реформадан экономикалық реформаға көшіп жатырмыз, бір сөзбен айтатын болсақ, экономикалық серпіліс жасайтын уақыт келді. Қуантатын жағдай бар. Мен нақты бағытқа тоқталайын. Екі министрлік құрылатыны. Логистика мәселесіне келетін болсақ, Президент өзі де айтты. Бізге қазір логистикалық мәселені шешу үшін нақты мемлекеттік оператор қажет. Ол көлік-логистикалық құрылады болашақта».
Айта кетейік, сенаторлар өңірлерге сапарларын сәтті тәмамадап, жұмыс орындарына оралды. Олар жаз бойы әр аймақта болып, халықпен кездесіп, ағайнның өзекті проблемаларымен танысып, жалпы саны 580-нен аса кездесу өткізген.
Тағы басқа мақалалар...
187 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.