
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 300 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HW2QVAGKHCo?si=7vW4wJZ8f_i6tT7S"
Бүгін, 17 наурыз күні "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Биыл 2 мың 440 жұмысшыға 72 млрд теңге көлемінде несие беріледі. Банк өкілдері оған қатысу үшін не істеу керегін айтты. Жұмыс орнынан алынған анықтамамен және жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтамамен аймақтағы кез келген Отбасы банкінің бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін жүгіну қажет, - делінген хабарламада.
Бағдарламаға өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларындағы жұмысшыларды қамтымақ. Әлеуметтік осал адамдар үшін несиелеу мөлшерлемесі 7 пайыз, ал қалған санатқа 9 пайызбен несие беріледі. Таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді алу үшін 10 пайыз алғашқы жарна құю қажет. Ал әрленбеген бастапқы тұрғын үй мен қайталама тұрғын үйді алу үшін 20 пайыз алғашқы жарна болу керек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 324 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0myqzROZnZk?si=cdchUEfjx962rhaa"
Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орай, Алматы қалалық Фтизиопульмонология орталығы мамандары шаһар тұрғындары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды.
ЖАНАР СӘПИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Туберкулез жағынан Алматы қаласында қарасақ , 2024 жылда аурушаңдық көрсеткіш 2,7% ға төмендеді. Соңғы 10 жылда аурушаңдық көрсеткіш 60,7%ға төмендеді. Ал өлім көрсеткіші 82,3% ға төмендеді. Сондықтан әр емхана, әр адам, ең біріншіден өінен бастап туберкулездың симптомдарын білу керек.Осындай ашық күндерде келіп кеңес алу керек деп ойлаймын».
Туберкулез – жаһандық дерт, әлемдік проблема. Атап өтер болсақ, қазіргі кезде Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеген. Бұл дер кезінде жүргізілген тексеру және анықтау нәтижесінде қол жеткізілген көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі ашық есік күнінде 50–ден астам тұрғындар фтизиатрлардың, пульмонолог және терапевт мамандардың тегін тексеруінен өтіп, зертханалық талдаулар алынып, қажетті кеңес алды және денсаулығы жағдайына байланысты арнайы мамандарға жолданды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 350 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kK4bu1aCgD0?si=D8J7mGUqC8kLUSd4"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 373 рет қаралды
Білім – қоғам дамуының негізгі іргетасы. Заман талабына сай білікті маман даярлау, ғылымды дамыту және озық технологияларды меңгерген ұрпақ қалыптастыру – әрбір жоғары оқу орнының басты мақсаты. Осы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Қазақстанның жетекші білім ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп, ауыз толтырып айтуға негіз бар. Ұлттық университет мәртебесіне ие бұл оқу орны жыл сайын мыңдаған студентке сапалы білім беріп, кәсіби мамандар даярлауда. ҚазҰУ – тарихы терең, дәстүрі берік, әрі инновация мен жаңашылдықты үйлестірген білім мен ғылымның орталығы. 90 жылдық тарихы бар ҚазҰУ Қазақстанның білім беру жүйесінде көшбасшы ретінде тек академиялық шеберлікке ғана емес, сондай-ақ жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне де үлкен мән береді. Университеттің басты ұстанымы – әл-Фараби ілімін негізге ала отырып, жастарды жаңа сатыға жетелеу.
“Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек”.-деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде елімізде ғылымның ілгері басуына айрықша мән беруі тегін емес. Өйткені ғылымы дамыған, жастары алғыр мемлекеттердің жұлдызы жанып тұрған заман екенін көзіміз көріп отыр. Осы бағытта Ұлттық университетіміздің ғылым мен инновация жолына қарыштап қадам басуы жоғарыда айтылған бағыттан көшіміздің кері қалмауын көздейді.
Сөзімізге дәлел болсын, Университет базасында Ғылыми-технологиялық парк, стартап-инкубаторлар, зертханалар жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚазҰУ көптеген халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізеді. Киелі шаңырақ студенттерге жайлы әрі заманауи жағдай жасаған үлкен кампусымен де танымал. Әл-Фараби атындағы университет қалашығы – Қазақстандағы ең ірі және заманауи кампустардың бірі. Мұнда кітапханалар, зертханалар, спорт кешендері, мәдени орталықтар, сонымен қатар студенттерге арналған жоғары деңгейдегі жатақханалар орналасқан. Жастардың алаңсыз ілім алуына негізделіп, қалашық ішінде заман талабына сай жаңа жатақханалардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Халықаралық байланыс және болашаққа бағдар. Оқу ордасы әлемнің 500 ден астам университеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелде білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.
Тағы бір астын сызып айта кететін мәселенің бірі, университет ұстаздары студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық тұрғыдан да шыңдалуына үлкен қолдау көрсетуде. Білім ордасының оқытушылары ғылыми жобаларға, стартаптарға, өндірістік тәжірибеге бағыттап, болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. ҚазҰУ-дың көптеген факультеттерінде зертханалар, ғылыми-технологиялық парктер, инновациялық орталықтар жұмыс істейді. Мұнда студенттер ұстаздарының жетекшілігімен өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, заманауи технологияларды меңгереді.
Магистратура, докторантурада оқып жатқан келешек ғалымдардың дамыған елдерге барып, білімін шыңдап келулеріне жағдай жасалған. Бұл әл-Фраби атындағы Ұлттық университеттің мүмкіндіктер алаңына айналғанын аңғартады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Лингвистика мамандығының PhD докторанты Уалиев Олжас
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түркітану және тіл теориясы кафедрасы, филол.ғ.к., доцент Таусоғарова Аяужан Қайратқызы

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 344 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eBsHGoIBNm4?si=ZIi7TijDsGNhvVm3"
Көрісу күні – қазақ халқының ежелгі дәстүрлі мейрамдарының бірі, наурыздың ортасынан бастап аталып өтеді. Бұл күн адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, реніштерін ұмытып, үлкендерден бата алатын ерекше сәт. Жастар үшін бұл мейрам тек қуанышты күн ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәлім-тәрбие алуға мүмкіндік беретін маңызды мереке.
Мерекелік іс-шара барысында ұстаздар мер ата-аналар,оқушылар бір-бірімен құшақ жая көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, мектеп ұжымы ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді насихаттауға атсалысты. Жастар көрісу күнінің маңыздылығы туралы қойылымдар қойып, жыр-термелер орындады.
СӘНИЯ ТІЛЕУБАЙ, М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ 140 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгін Көрісу күні, бүгін Амал мерекесі, қазақша айтқанда жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезеңіне де есен аман жеттік. Бүкіл қазақстандықтарды бүгінгі Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын.Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Жалпы Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды балаларымыздың бойына дарыту мақсатында ата-аналармен бірлесе өте үлкен жұмыстар жүргізілуде.Бүкіл мектеп болып ұстаз, ата-ана шәкірт болып, бүгінгі Көрісу күнін атап өтудеміз».
Іс-шара барысында қазақ халқының қонақжайлығы мен бірлікке деген ұмтылысы ерекше көрініс тапты. Шараға қатысушыларға дастархан жайылып,ұлттық тағамдар әзірлеп,наурыз көжеден дәм татып,игі амалдар жасады.
КЕРІМШЕ СӘБИТ, АТА-АНА «Яғни қауышу, көрісу дегенде таң елең алаңнан ағайын-туысқа, көрші-қолаңға бір-біріне жасың құтты болсын, ғұмырың ұзақ болсын деп бір-бірімен қауышып, көріседі. Тек қана қауышып, көрісіп қоймай ,бір-біріне жақсы тілектерін айтып, ізгі ниеттерін білдіріп, жаңа жылдың бастамасы Амал мерекесі келді деп ізгі тілектерін айтып жатады.»
Осындай шаралар арқылы жас ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптей отырып,ұлтжанды етіп тәрбиелей аламыз.Көрісу күні – бауырмалдық пен татулықтың мейрамы. Жастар ұлттық мәдениетке құрметпен қараса, рухани құндылықтарды бойларына сіңіре түсері анық.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 299 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vHJkqjAXFFQ?si=hnP7meLqHYYMe820"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 258 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yMRcrhDN07M?si=QJZTrGqlH4x1pIAP"
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қонаев және Алматы өңірлік гарнизондарына жұмыс сапарымен барды. Ол «Жағалау» полигонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің кіші мамандарын даярлау оқу-жаттығу орталығының құрылысы барысымен танысты. Сондай-ақ, «Алматыэнергосервис» ЖШС нысандарын аралады.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев министрге бөлімшелердің жеке құрамын оқыту кезінде ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер бөлімшелері пайдаланатын электрондық күрестің жаңа жабдықтарын, траншея дрондарын жойғыштар мен байланыс құралдарын көрсетті.
АЛМАС ИСАБЕКОВ ДЕСАНТТЫҚ-ШАБУЫЛДАУ ӘСКЕРЛЕРІ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі уақытта, жағалау оқу полигон базасында шабуылдау әскерлерінің оқу корпусы құрылды. Мұнда БТР-80 (БТР-80А) және қазақстандық «Арлан» сауытты көлігінің жүргізушілерін, инженерлік бөлімшелердің, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарын, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелердің, радиоэлектрондық барлау мен радиоэлектрондық күрес операторларын даярлау жоспарланып отыр”
Қорғаныс министрі болашақ орталықтың инфрақұрылымын, жауынгерлік машиналардың жүзуі үшін салынып жатқан су айдынын, жеке құрамның жыл бойы тұруына арналған казарманы, асхананы, жылу және сумен жабдықтау құрылғыларын қарап шықты.Алматыда қорғаныс ведомствосының басшысы «Алматыэнергосервис» ЖШС – тренажерлер, имитаторлар, полигондық жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен әскери мақсаттағы бұйымдарға керек-жарақтар шығаратын қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорнында болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 355 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/y9ZM0nt4dso?si=kbIi6-NuDjfu7H8l"
Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстан облыстарында тасқын қаупі жоғары. Ал, елдің Оңтүстік өңірлері қауіп деңгейі орташа аймақ қатарына енді. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі штаб отырысын өткізді. Премьер-министр жауаптыларға жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Айта кетсек, қазіргі уақытта ТЖМ құрамында 37 мыңнан астам адам, 13 мың бірлік техника, 4 мыңнан астам су айдау қондырғысы және 640 бірлік жүзу құралы бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтастыру орындары белгіленген. ТЖМ әуе кемелері – тәулік бойы кезекшілікте. Сонымен қатар жалпы саны 1 мыңға жуық қызметкер, 120 бірлік түрлі мақсаттағы техника да резервте дайын тұрған көрінеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Әкімдіктер елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауы тиіс. Олардың айналасын топырақ үйінділерімен бекітіп, бірінші кезекте сырттан келетін суды бөгеу керек. Су өткізу құрылыстары, көпірлер мен тюбингтер қатып қалған мұз бен қоқыстардан тазартылып, қарғын суды өткізіп жіберуге дайын болуы тиіс. Өзен арналарын тазартып, бекіту қажет. Дала өзендерінің бітелуге айналған жерлерін кеңейту керек. Су басу қаупі жоғары елді мекендерде күштер мен құралдарды, оның ішінде тиісті техниканы дайындау қажет. Эвакуация орындарын анықтаңыздар. Олар тіршілікке қажетті барлық құралдармен жабдықталуға тиіс».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 295 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ceKvfmqcErs?si=03WC80EKDTeVllOK"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 307 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KKJlRKy_fQc?si=vnZU6mGhIVLcDboj"
Көппәтерлі үйді басқаруға қатысты заңға жаңа өзгерістер енгізілмекші. Енді құрылыс салушы бірінші пәтерді сатқаннан кейін кондоминиумды тіркеуге міндеттеледі. Ал, меншік иелері бірлестігі (МИБ) төрағасының өкілеттік мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылады. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын қарап жатыр. Айтпақшы, енді жұмыссыз ел азаматтары да МӘМС аясында тегін ем алуы мүмкін. Төменгі палата отырысында көтерілген өзекті мәселелер алдағы бейнесюжетте.
Үкімет 2019 жылдан бері жүргізіп келе жатқан тұрғын үй қорын басқару жүйесін реформалауда көздеген мақсатына толық жете алмады. Осылай деген депутат Екатерина Смышляева бүгін әріптестеріне жаңа заңды таныстырды.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Өкінішке қарай, Үкімет 2019 жылдан бері жүргізіп келе жатқан тұрғын үй қорын басқару жүйесін реформалауда көздеген мақсатына толық жете алмады. Мұның объективті және субъективті себептері бар. Мемлекет басшысы 2023 жылғы сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында реформаға шынайы баға беру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, жіберілген қателіктерді ескере отырып, депутаттық корпусқа кондоминиумдарды басқарудың құқықтық негізін қайта қарау тапсырылды, Заң жобасындағы негізгі өзгерістер: Кондоминиумды басқарудың екі түрі енгізіледі: Мүлік иелерінің бірлестігі және тікелей бірлескен басқару. Пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне жаңа талаптар қойылады: Қайта тіркеу, құқық белгілейтін құжаттарды беру тәртібі және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттеледі».
Енді құрылыс салушы бірінші пәтерді сатқаннан кейін кондоминиумды тіркеуге міндеттеледі. Ал, меншік иелері бірлестігі (МИБ) төрағасының өкілеттік мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылады. Хош, заң қабылданса оның жемісін уақыт көрсетер. Бүгін мәжіліс депутаты Нартай Аралбай көктемгі су тасқыны мәселесін көтерді. Депутат жауаптылардан су тасқынының алдын алу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Көктем келді. Қазақстанға көктем келді дегенде су тасқынының қатері қатар келді деуге болады. Былтыр еліміз алапат су тасқынының астында қалып, еліміздің тең жартысы су басты. Еліміздің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Оның салдарын жоямыз деп Үкіметтің резервінен 46,9 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен де есепсіз қаржы кетті. Су тасқынының алдын алу жұмыстары дұрыс жүргізілгенде қаржыны басқа мақсатта, елдің әлеуметтік мәселелерін қолдануға болар еді. Болар іс болды. Осыған қатысты былтыр Мемлекет басшысы Су, Төтенше жағдайлар министрліктері, әкімдіктер бірлесіп жұмыс атқармайтынын, жауапкершілік алудан қашатынын айтып, сынаған болатын. Осы сыннан қорытынды шықты ма, Төтенше жағдайлар министрлігі? "Биыл Қазақстанда бірде-бір елді мекен су астында қалмайды" деп, елге тыныштық сыйлай аламыз ба, жоқ па?»
Депутаттың бұл сауалына төтенше жағдайлар министрлігі біз сақадай сай дайын отырмыз. Үкімет жанынан комиссия құрылып әр өңірде мониторинг жүргізіп жатыр, арнайы қабылданған алгоритм, техника да құтқарушылар да жеткілікті деп сендірді. Ал, отырыс соңында Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов осы кезге дейін депутаттардың бастамасымен біраз мәселе шешілді, алайда әлі де алда атқарылар жұмыс көп, сондықтан іске білек сыбана кірісу керектігін айтты.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жұмыс шаш етектен. Мәселен, моноқалаларды дамыту жайы да назардан қалып қоймауы керек. Жергілікті маңызы бар жолдар, медициналық сақтандыру, жұмыспен қамту, баға өсімі, кибералаяқтық, баспана қолжетімділігі, интернеттің сапасы, тағы да сол сияқты мәселелер бар».
Айтпақшы, медициналық сақтандыру жүйесін қайта реттеуді Президент өзі тапсырған болатын. Енді депутаттар жаңа құжатты қарауы керек. Егер ол мақұлданса, онда жұмыссыз ел азаматтары да МӘМС аясында тегін ем ала алады. Бірақ, оларға жарна жергілікті бюджет есебінен төленбек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 273 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/poCN0emmlSI?si=NEEL6TNZi3QyQZfn"
Бүгін Алматыда Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының 100 жылдығына арналған «Әлем халықтарының мәдени мұрасы: этномузыка, этнофор, этнограф» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті. Жиынға Түркиядан, Әзербайжаннан, Өзбекстаннан, Қырғыстаннан белгілі ғалымдар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
КЕНЖЕХАН МАТЫЖАНОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ «Биылғы жыл біздің қазақ мәдениеті үшін, қазақ музыкасы үшін атаулы жылдардың бірі болып саналады. Өйткені биыл Қазақ халқының 1000 әні деп аталатын атақты жинақтың жарық көргеніне 100 жыл толып отыр.Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын білгілі ғалым, Александр Затаевич өзінің осы жинағын дүниеге алып келді.Бұл жалпы қазақ халқының ән мұрасының жалпы Орта Азия үшін, әлемдік өркениет үшін үлкен ұлы оқиға болғандығын атап өтуіміз керек. Бұл симпозиумның негізгі мақсаты- жалпы осы жинақтың мән-маңызын, халықаралық деңгейде көрсете отырып, соны зерттеуге, оның жаңа қырларын ашуға ғалымдардың назарын аудару болып отыр».
АЙНҰР ҚАСТУҒАНОВА, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ МУЗЫКАТАНУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Жалпы симпозиум аясында көптеген мәселелер қамтылады, оның ішінде Затаевичтің 1000 әніне байланысты шығарған мұраларды талқылау, саралау, насихаттау бойынша сонымен қатар Түркі елдерінің мәдени мұрасына байланысты, олардың зерттелуіне сақталуына үлкен ауқымды тақырыптар қозғалады.»
Затаевичтің еңбегінің маңыздылығы – қазақ музыкасының ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне және оның сақталуына үлкен үлес қосқанында. «Қазақ халқының 1000 әні» бүгінгі күнге дейін де қазақ музыкасын зерттеушілер мен музыка сүйер қауым үшін баға жетпес мұра екені сөзсіз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 288 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nuK6vh519YE?si=u7iVdOhcr6MlmyRS"
Тағы басқа мақалалар...
23 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.