- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 319 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/V3Z9mBnRsmo?si=NwoEErNwLHPdq_hX"
Абай атындағы ҚазҰПУ-да қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған,«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ұлттық құндылығымыз дәріптелген шара жайлы тілшіміз тарқатады.
Мерекелік іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері,құрметті қонақтар, сондай-ақ Абай университетінің ардагер ұстаздары, қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.Думанды жиын барысында 9 киіз үй тігіліп, ұлттық өнерге ерекше көңіл бөлінетін мәдени шаралар ұйымдастырылды. Университет құрамындағы 8 факультет пен 1 институт қазақ халқының көнеден келе жатқан тұрмыс-салты мен дәстүрлерін көрсету бойынша өзара сайысқа түсіп, «Думанды Наурыз», «Берекелі дастарқан», «Көрікті ұлттық киім», «Өнерлі орта», «Дәстүр жаңғыруы», «Креативті Наурыз», «Ұлттық спорт ойыны», «Наурыздың қазақ үйі». сынды номинациялар бойынша бақ сынады.
БОЛАТ ТІЛЕП АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
Сонымен қатар, қонақтарға бауырсақ, қымыз, қазы-қарта ұсынылып, қазақтың асханалық дәстүрдің үздік үлгілері көрсетілді.
ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ
Іс-шара аясында ұлттық өнерге ерекше назар аударылып, қазақ халқының көнеден келе жатқан тұрмыс-салтын паш ететін түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері мен сурешілер зергерлік бұйым жасау, ұлттық нақыштағы көрме сынды дәстүрдің үздік үлгілерін ұсынды. Айтыс ұйымдастырылып, жарапазан айтылды.
Халық әндері шырқалып, қазақ биінің түрлі жанрлары орындалды, күмбірлеген күй шертіліп, төл өнер кеңінен дәріптелді.
БОЛАТ ТІЛЕП АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
Мерекелік жиын – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа ата-баба дәстүрінің маңызын түсіндіруге бағытталған игі қадам. Ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасын дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау – қоғамның рухани кемелденуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 318 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LTCh0ItDZ6U?si=BTMNlHFQ7y75vxSP"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 392 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VQDYPe0B28o?si=Tr66VBud1AbdW5ln"
Бүгін табиғатты қорғасаң,ертең табиғат сені қорғайды. Осыған орай Парктер шеруі-2025 табиғатты қорғау мақсатында өткізілген акция кезекті рет ұйымдастырылды. Толығырақ тарқатсақ.
Парктер шеруі-халықаралық деңгейде жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция.”Табиғатты қорғайық,болашақты ойлайық!”атты ұранмен өткен шара ағымдағы жылы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиалының ұжымы, ұлттық табиғи паркінің орталық кеңсесінің мамандары, Ақсай,Медеу,Турген филиалдары,Талғар ауданы бойынша 8 мектептің ұстаздары мен оқушылары, студенттердің қатысуымен өтті.
ДАСТАН НҰРПЕЙІСОВ ІЛЕ-АЛАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ РММ ТАЛҒАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Тәрбиелік мәні зор табиғат қорғаудағы шара жыл сайын мектеп,колледж көлемінде атап өтіледі.Бұл мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу болып табылады.
ӘЛИЯ ДҮЙСЕНОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,ТАЛҒАР АУДАНЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ № 16 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жас буындар бұл шараға үлкен ат салысуда. Табиғатты аялауда қоршаған ортаға пайда келтіретін қол өнерлерін бүгінгі шара аясында ұйымдастырылған көрмеге ала келген.
ЖАНАРЫС СӘРСЕНБАЙ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,ТАЛҒАР АУДАНЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ № 16 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Шара барысында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып,белсенділік танытқандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 357 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wTzcZmFwGYk?si=MtzdLjPiRI-lwe5B"
Қазіргі таңда түркітану ғылымына қызығушылық артып, жастар арасында бұл салаға бетбұрыс жасағандардың саны көбейіп келеді. Бұған бірнеше фактор ықпал етуде.
Ең алдымен, түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге деген ұмтылыстың артуы, бабалар қалдырған тарихи жәдігерлер мен тілдік байланыстарды, әдеби мұраны зерттеуге мән бергісі келетіндер көп дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Раушангүл Авакова.
РАУШАНГҮЛ АВАКОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ПРОФЕССОР
Бүгінде көптеген жоғары оқу орындарында түркітану бағытындағы жаңа кафедралар мен зерттеу орталықтары ашылуда. Бұл жас ғалымдардың тарихи деректермен жұмыс істеп, ғылыми жаңалықтар ашуына мүмкіндік береді. Түркітану – тек тарих пен тілге қатысты ғылым емес, ол мәдениет, саясат, халықаралық қатынастар секілді көптеген салаларды қамтиды. Сондықтан бұл бағытқа қызығушылықтың артуы – ұлттың тарихи жадының жаңғыруына және болашақта түркі халықтары арасындағы байланыстардың нығаюына үлкен үлес қосары сөзсіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 366 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TBgj-o9OkpY?si=d2z6f4m2ojlctvc2"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 356 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JCfGAqbVgX4?si=iFuC7tEHUADVvFEW"
18 наурыз– елімізде Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып,ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған. Әріптесім дайындаған материалға кезек берсек.
Қазақ халқының ұлттық киімі сан ғасырлар бойы өзіне тән әдемілігімен,жайлылық пен жарасымдылығымен ерекшеленіп келеді. Тарихымызбен бен мәдениетімізді ұштастырып жатқан ұлттық киім ата-бабамыз бен бүгінгі ұрпақты сабақтастырып жатқан әдет-ғұрыппен қатар тәрбиеге де бай. Оны ұлтын сүйіп,дәстүрін дәріптейтін бүгінгі жастарымыздың бойынан аңғаруға болады.
Бүгінгі мереке халқымыздың мұрасының маңыздылығын арттырып,ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге септігі мол. Бұл жолда ақ жаулықты аналарымыз көпке үлгі.
Халқымыздың мәдениеті мен өнерін өркендетуде ұлт болып ұйысып, ұрпақ болып күш салсақ келешегіміз кемел,рухымыз мықты болмақ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 360 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3ZbWsgKZ_YM?si=_7BnINDPepf7WHWV"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының дәстүрлі түрде өткізетін «Үздік лингвист» республикалық байқауын бастамақ. Айтулы шара еліміздің жас ғалымдары мен болашақ тіл мамандары үшін маңызды ғылыми алаң болып табылады. Байқаудың басты мақсаты – магистранттардың лингвистика саласына қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми-зерттеу белсенділігін дамытуға, мемлекеттік тілдің ғылыми кеңістікте кеңінен қолданылуына мүмкіндік бермек.
2009 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан интеллектуалдық сайысқа Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистранттары қатыса алады. Байқау барысында қатысушылар өздерінің теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, тіл білімі саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады,тәжірибие жинайды.
ЖАНАР ИБРАЕВА ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
МӘНШҮК ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
«Үздік лингвист» байқауы – тек білім сайысы ғана емес, жас ғалымдардың ғылыми бағыт-бағдарын айқындайтын, шығармашылық әлеуетін дамытатын маңызды шара. Байқау жеңімпаздары арнайы марапаттарға ие болып,ғылыми жетістіктері жоғары бағаланатын болады.
МӘНШҮК ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
ЖАНАР ИБРАЕВА ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Қазақ тілінің дамуына, оның ғылыми және академиялық кеңістіктегі орнының нығаюына үлес қосқысы келетін жас ғалымдар үшін бұл байқау үлкен мүмкіндік алаңы. Шараны ұйымдастырушылар Лингвистикаға қызығушылығы бар магистранттарды белсенді түрде қатысуға шақырады!
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 315 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XG549sKO990?si=Qgy1QK5XlKAfZdO0"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 359 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HW2QVAGKHCo?si=7vW4wJZ8f_i6tT7S"
Бүгін, 17 наурыз күні "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Биыл 2 мың 440 жұмысшыға 72 млрд теңге көлемінде несие беріледі. Банк өкілдері оған қатысу үшін не істеу керегін айтты. Жұмыс орнынан алынған анықтамамен және жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтамамен аймақтағы кез келген Отбасы банкінің бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін жүгіну қажет, - делінген хабарламада.
Бағдарламаға өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларындағы жұмысшыларды қамтымақ. Әлеуметтік осал адамдар үшін несиелеу мөлшерлемесі 7 пайыз, ал қалған санатқа 9 пайызбен несие беріледі. Таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді алу үшін 10 пайыз алғашқы жарна құю қажет. Ал әрленбеген бастапқы тұрғын үй мен қайталама тұрғын үйді алу үшін 20 пайыз алғашқы жарна болу керек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 383 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0myqzROZnZk?si=cdchUEfjx962rhaa"
Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орай, Алматы қалалық Фтизиопульмонология орталығы мамандары шаһар тұрғындары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды.
ЖАНАР СӘПИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Туберкулез жағынан Алматы қаласында қарасақ , 2024 жылда аурушаңдық көрсеткіш 2,7% ға төмендеді. Соңғы 10 жылда аурушаңдық көрсеткіш 60,7%ға төмендеді. Ал өлім көрсеткіші 82,3% ға төмендеді. Сондықтан әр емхана, әр адам, ең біріншіден өінен бастап туберкулездың симптомдарын білу керек.Осындай ашық күндерде келіп кеңес алу керек деп ойлаймын».
Туберкулез – жаһандық дерт, әлемдік проблема. Атап өтер болсақ, қазіргі кезде Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеген. Бұл дер кезінде жүргізілген тексеру және анықтау нәтижесінде қол жеткізілген көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі ашық есік күнінде 50–ден астам тұрғындар фтизиатрлардың, пульмонолог және терапевт мамандардың тегін тексеруінен өтіп, зертханалық талдаулар алынып, қажетті кеңес алды және денсаулығы жағдайына байланысты арнайы мамандарға жолданды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 417 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kK4bu1aCgD0?si=D8J7mGUqC8kLUSd4"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 436 рет қаралды
Білім – қоғам дамуының негізгі іргетасы. Заман талабына сай білікті маман даярлау, ғылымды дамыту және озық технологияларды меңгерген ұрпақ қалыптастыру – әрбір жоғары оқу орнының басты мақсаты. Осы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Қазақстанның жетекші білім ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп, ауыз толтырып айтуға негіз бар. Ұлттық университет мәртебесіне ие бұл оқу орны жыл сайын мыңдаған студентке сапалы білім беріп, кәсіби мамандар даярлауда. ҚазҰУ – тарихы терең, дәстүрі берік, әрі инновация мен жаңашылдықты үйлестірген білім мен ғылымның орталығы. 90 жылдық тарихы бар ҚазҰУ Қазақстанның білім беру жүйесінде көшбасшы ретінде тек академиялық шеберлікке ғана емес, сондай-ақ жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне де үлкен мән береді. Университеттің басты ұстанымы – әл-Фараби ілімін негізге ала отырып, жастарды жаңа сатыға жетелеу.
“Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек”.-деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде елімізде ғылымның ілгері басуына айрықша мән беруі тегін емес. Өйткені ғылымы дамыған, жастары алғыр мемлекеттердің жұлдызы жанып тұрған заман екенін көзіміз көріп отыр. Осы бағытта Ұлттық университетіміздің ғылым мен инновация жолына қарыштап қадам басуы жоғарыда айтылған бағыттан көшіміздің кері қалмауын көздейді.
Сөзімізге дәлел болсын, Университет базасында Ғылыми-технологиялық парк, стартап-инкубаторлар, зертханалар жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚазҰУ көптеген халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізеді. Киелі шаңырақ студенттерге жайлы әрі заманауи жағдай жасаған үлкен кампусымен де танымал. Әл-Фараби атындағы университет қалашығы – Қазақстандағы ең ірі және заманауи кампустардың бірі. Мұнда кітапханалар, зертханалар, спорт кешендері, мәдени орталықтар, сонымен қатар студенттерге арналған жоғары деңгейдегі жатақханалар орналасқан. Жастардың алаңсыз ілім алуына негізделіп, қалашық ішінде заман талабына сай жаңа жатақханалардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Халықаралық байланыс және болашаққа бағдар. Оқу ордасы әлемнің 500 ден астам университеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелде білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.
Тағы бір астын сызып айта кететін мәселенің бірі, университет ұстаздары студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық тұрғыдан да шыңдалуына үлкен қолдау көрсетуде. Білім ордасының оқытушылары ғылыми жобаларға, стартаптарға, өндірістік тәжірибеге бағыттап, болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. ҚазҰУ-дың көптеген факультеттерінде зертханалар, ғылыми-технологиялық парктер, инновациялық орталықтар жұмыс істейді. Мұнда студенттер ұстаздарының жетекшілігімен өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, заманауи технологияларды меңгереді.
Магистратура, докторантурада оқып жатқан келешек ғалымдардың дамыған елдерге барып, білімін шыңдап келулеріне жағдай жасалған. Бұл әл-Фраби атындағы Ұлттық университеттің мүмкіндіктер алаңына айналғанын аңғартады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Лингвистика мамандығының PhD докторанты Уалиев Олжас
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түркітану және тіл теориясы кафедрасы, филол.ғ.к., доцент Таусоғарова Аяужан Қайратқызы
Тағы басқа мақалалар...
25 ішінен 240 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.