
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 297 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hdWeR8nQrvk?si=XqgiNRogvMcaihUJ"
Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті бес жағдай тіркелді. Жергілікті атқарушы органдар жедел штаб құрып, жағдайды бақылауды және қадағалауды күшейтті. Аудандық полиция бөлімі етті және малды ауданнан тыс жерлерге әкетуге және басқа аудандардан әкелуге шектеу енгізді.
«Ұйғыр ауданында Сібір жарасының зертханалық расталған 5 жағдайы тіркелді.Бүгінгі таңда ауру ошағында қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылуда. Қарым қатынаста болған, атап айтқанда жұқтыру қаупі бар 22 адам анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Қазіргі таңда антибиотика профилактикалық ем алуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 359 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/a4oxY7e_ykI?si=isAl17pa1uy9e8O0"
Арал тағдыры – адам тағдыры. Осылай деген мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов аралдықтардың ертеңіне алаңдаулы. Депутат келтірген дерекке сенсек, Аралға деп бөлінген 1,5 миллион доллар көкке ұшқан. Халықпен санаспай, ақшаны игеріп тастаған. Сонда бұл қаражаттың сұрауы кімнен, осы мекенді мекендеп жатқан тұрғындардың болашағы қалай болады? – деген депутат Үкіметке сауал жолдады.
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Көкарал бөгетінің құрылысында жіберілген қателіктен ұлы теңіз жағына қарай 48 миллиард текше метр шамасында су зая кетті. Мыңдаған тонна балық рәсуа болды. Енді тиімсіз жобаны жүзеге асырып, осылай Аралдың тағы бір қасіретіне өзіміз жол бермекпіз бе? Тиімділігі төмен әрі эксплуатациясы өте қымбат нұсқаның мақұлдануына жергілікті халық алаңдаулы. Халықпен кездесуге барғанда көзім жетті. Айдыны қашқан теңіздегі халық Су ресурстары министрлігі ұсынған екі деңгейлі схемаға түбегейлі қарсы. Қазір жобаны жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банктен 1,5 миллион доллар бөлінген. Бір қызығы, жергілікті халықпен толық келіспей, қоғамдық талқылаудан өткізбей, қаражат игеріліп қойған. Оған мүдделі кім, қаржы мақсатты жұмсалды ма сауалдарды алға тартып, Қамыстыбас көлінің табиғи кешенін бүлдіруге болмайтынын тайға таңба басқандай баяндаған. Халық қырағы».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 374 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zIAAqTNooAA?si=AAf2MUIClZrfxYwm"
Алматы облысы Іле ауданы әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеруді бастады. Соттың санкциясымен әкімімен қатар бірнеше тұлға қамауға алынды. Қадағалау органының мәліметінше, аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылды.
Аталған қылмыстары дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 241 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/q22eltdC6iw?si=ySXdp2gQSlFQ9IU9"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 323 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FNbCHPK5o7I?si=gOa0KEAj6urowvqN"
Алматы қаласы, Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесі табылды.Оқиға болған жерде тергеушілер мен сарапшылар істің мән-жайын анықтаған.Айтулы жағдайға Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді:
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Барлық мән-жайлар анықталуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 240 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/h9qm9AgAMf0?si=okHlpEPghG2ONVrO"
Қарағандыда адам өліміне әкелген жол талғамайтын көліктің жүргізушісі ұсталды. Оның машина жасау саласындағы беделді кәсіпкер «Қазгидромаш», «ҚазПолимер» компаниясының директоры Сергей Камаев екені анықталды. Бүгін бизнесмен қамауға алынды. Айта кетейік, күні кеше Қарағандыда шамамен сағат түскі екілер кезінде екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Қалған үш адам ауруханада. Оның біреуі жүкті келіншек. Қаза тапқан марқұм 1984 жылы туған Ниссан көлігінің жүргізушісі. Айта кетейік, кісі өлімімен аяқталған көліктер қақтығысы жылдамдыққа шектеу қойылған жолда болған.
АЗАМАТ АХМЕТОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «2-ші қыркүйектегі апатқа себепкер болған Lexus автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Сергей Камаев изоляторға қамалды.Тергеу барысында ер адам көліктің дұрыс жұмыс істемегенін алға тартқан. Барлық дәлелдерді тексеру үшін анықтаушы автотехникалық сараптама тағайындады. Аталған іс полиция департаменті басшылығының жеке жіті бақылауында».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 244 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zLcunhbRceg?si=1UZDVLi_YGqTid1B"
Алматы облысының полициясы жаңа туған және кәмелет жасына толмаған балаларды саудаға салмақ болғандардың жолын кесті. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты анықтап, құрықтады.
25 тамыз күні әлеуметтік желілерде "surak.baribar" парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген ақпарат тараған. Полицияға қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат келіп түскен. Қызметкерлер жедел әрекет етіп, балаларды саудалапжатқан сәттің үстінен түскен.
МЕРУЕРТ МОРЯКОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр».
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/08mE3cnQ0uI?si=bInZexdFMHqrdUx9"
Елімізде үшінші рет ұйымдастырылған Қазақстан туралы үздік роман байқауының жеңімпазы өмір бойы ай сайын 500 доллар алып отырады.
Қазақстан туралы үздік роман байқауы биыл үшінші рет өтіп отыр. Аталмыш конкурсқа 40 роман ұсынылған. Оның 17-сі қазақ тілінде, 23-і орыс тілінде, бір туынды алыс шетелден түскен. Авторлардың арасында 10 кәсіби жазушы болды. Mecenat.kz байқауының жеңімпазы – «Өмір бәйтерегі» романын жазған белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан.Туынды конкурста көпшіліктің даусымен үздік деп танылды.
СӘУЛЕ ДОСЖАН ЖАЗУШЫ: «Ерекше әдеби байқауының жеңімпазы атанғаныма қуаныштымын. «Өмір бәйтерегі» романын жеті жыл бойы жаздым. Ұлттық кодымызды, қан тазалығын, әлемде қазақта ғана бар «жеті ата» шежіресінің дала төлқұжаты екенін дәлелдеп, жастарға түсіндіру үшін әр тарауды жеті қайтара оқып шықтым. Айта кетейін, бұл менің жетінші романым».
Әдеби сыйлықтың иегері енді өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады.
ӘЛІШЕР РАХАТ ЖОБА МҮШЕСІ: «Мақсат – жазушыны жарылқау емес. Біріншіден,қазақ қоғамын кітап оқуға ынталандыру. Бұл шығарманың ерекшелігі әділ – қазылар алқасы емес, қарапайым оқырман, қазақ халқы өз таңдауын жасайды.Жеңімпаз өмірбойы ай сайын 500 доллар алып отырады».
Екінші орын алған «Көктегі көлеңке» романының авторы Темірлан Қылышбекке 500 000 теңге бір реттік сыйлық табысталды. Ұйымдастырушылар әдеби сыйлығының 4 маусымын ашық деп жариялап, келесі жылдың 15 наурызына дейін романдардың қолжазбасын қабылдау басталғанын хабарлады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 278 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/a4kWFZ_HWtI?si=UCH-c9AT6tf8BKti"
Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов. Бүгін министрлер кабинеті Президент берген тапсырмаларды орындау үшін алға жоспар құру үшін жиналды. Басты бағыт – халықтың табысын өсіріп, бюджет кірісін арттыру. Есеп жыл соңында сұралатын болады.
Жолдау ол - таяу мерзімге арналған мақсат-міндеттермен қатар нысаналы көрсеткіштер және индикаторлар белгіленген нақты іс-қимыл алгоритмі. Мұндағы әр тапсырма маңызды. Себебі, әр тапсырманың артында үлкен жұмыс, ел мен халықтың тұрмысы мен өмірі тұр. Сондықтан, әрбір тармақтың орындалуы қатаң бақылауда болады деді үкімет басшысы Олжас Бектенов.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мақсатқа экономиканың құрылымын өзгерту арқылы қол жеткізе аламыз. Салалардағы мұндай өзгерістер қазірдің өзінде тау-кен секторының үлесін азайтып, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ біз жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға басымдық беретін боламыз. Бұл саланың әлеуеті үлкен. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер барынша көңіл бөлуі тиіс проблемаларды нақты белгілеп берді. Барлық мемлекеттік органдар Президент айтқан тапсырмаларды жан-жақты пысықтап, қойылған міндеттерді шешудің нақты жолдарын айқындауы қажет».
Басты шарт - әр атқарылған іс халық игілігі үшін жасалуы тиіс. Нәтижесінде, халықтың табысы өсіп, бюджет кірісі артуы керек.
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКНОМИКА МИНИСТРІ: «Бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру, көлеңкелі экономиканы қысқарту, салық базасын ұлғайту және тиімсіз жеңілдіктерді қысқарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ұлттық қордың қаражатын стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалану мақсатында жаңа Бюджет кодексінде нысаналы трансферттерді аса маңызды объектілер мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға ғана пайдалану көзделген. Нарықтық емес жағдайлардағы жобаларға сараптама жүргізу тетігі әзірленгенеді. Ол облигациялық қарыздарға қолданылатын болады».
Жолдаудағы айтылған тапсырмаға сәйкес, келесі жылдың шілдесіне дейін жаңа Салық кодексі қабылданады. Жаңа құжатқа сәйкес, жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталады. Берешек сомасы шамамен 5 млн теңге мөлшерінде болған кезде, кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу механизімін қолдануға болады. Одан бөлек, инвестиция тарту бойынша өңірлерде инвестициялық арнайы штаб құрылады. Энергия объектілерін газға ауыстыру бойынша да жұмыстар енді қарқынды жүреді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Кластерлік жүйені дамытуды ескере отырып, әрбір жобаны іске асырудың нақты жоспарларын жаңартуы керек. Автомобиль өнеркәсібі бойынша Өнеркәсіп министрлігіне өндірістерді локализациялау деңгейін белсенді арттыруды тапсырамын. Елді газдандыру мәселесі бойынша газ ресурстарын ұтымды бөлуге басты назар аудару қажет. Сондықтан талдау жүргізіп, қандай энергия объектілері газға ауысады, соны анықтап алуымыз керек. Жаңа газ өңдеу қуаттарын салу үшін Энергетика министрлігі инвестициялық шешімдер қабылдауды жеделдетсін».
Мемлекет басшысы Жолдауда нақты проблемаларды көрсетіп берді. Енді бұл мәселелердің уақытылы әрі тиімді жүзеге асуы үшін үкімет білек сыбана жұмысқа кірісуі қажет. Мақсат айқын, жоспар анық. Әр министрлік өз саласына қатысты тапсырмаларды бұлжытпай орындауы қажет. Министрлерден бұл жұмыстардың сұрауы жыл соңында болады деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 249 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/89vN0m37u1M?si=uvC67gm1MNJPsyS9"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 289 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dKRRO5quIZ4?si=w8hFe32dyezxLYyi"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iEYveMKn9-8?si=Md8EufnLuPvlif_c"
Күні кеше еліміздегі мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, 352 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Алматы облысына қарасты Нұрсултан Әлімқұлов атындағы мектептің 1 сыныбына 150 оқушы қабылданып, өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өтті. Мектеп табалдырығын 1974 жылы аттаған түлектер бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Аталаған білім ордасында биыл 1200 ден астам оқушы білім алады.
Қоңыраудың сыңғыры 1 қыркүйек күні еліміздегі барлық білім ордаларында естілді. Биыл мекетептерде 3,5 миллионнан астам бала білім алады. Жаңа оқу жылын балақайлар қуанышпен бастаса енді бірі жаздың жайма шуақ күніндеріндегі ойындарын қимайды. Ал ұстаздар оқушыларымен көрісіп, жұмыстарына қарқынды кірісе бастаған.
НҰРГҮЛ ЖҰМАБЕК Н.ӘЛІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Биыл біздің мектебімізге ерекше жыл болды. Себебі мектебіміздің 50 жылдық мерей тойы аталып өтті. 50-ші бүлдіршіндерімізді қабылдап отырмыз. Мектебіміз жайлы тоқталып өтсек. Мектепте 97 мұғалім жұмыс жасайды. 1200 оқушы оқиды. 50 жылдық тарихы бар».
Нұрсултан Әлімқұлов атындағы мектептің түлектері білім ордасын аралап, өткен күндерін еске алды. Ұлт пен ұлысқа бөлінбей бір партада білім алған оқушылар бүгінде ел ағаларына айналған.
ВИКТОР КОРМАЧЕВ ТҮЛЕК: «Біз 1974 жылы мектеп табалдырығын аттаған едік. Міне 50 жылдан астам уақыт өтіп кетіпті. Мектеп жаңарған, өте тамаша деп айтар едім. Мектеп кезіндегі қызықтарды айта берсең көпқой. Қамсыз, уайымсыз кезеңдеріміз еді. Мектепте әр түрлі ұлт өкілері оқыдық. Барлығымыз бір-бірімізге бауырдай араластық. Қазіргі күнге дейін жақын достармыз».
Айта кетейік, қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылмақ.
Тағы басқа мақалалар...
- Тұғырлы елдің болашағы - жастардың патриоттық тәрбиесіне байланысты
- Астананың оң жағалауындағы мешіттердің бірінде пышақ сермеген ер адам ұсталды
- Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керегін айтты
- Шоқан ұлттық мектебі жастарға сапалы білім, саналы тәрбие дәнегін қатар себуде
51 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.