- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 209 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OE6t8szpWXQ?si=usKaohDD7IPHEyiW"
Кісі өлтіріп, адам тонағандар мен есірткі сатқандар. Жыл басынан бері 3 айдың ішінде Ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады. Мұндай ауыр қылмыс жасағандарды құрықтау үшін Қазақстан Халықаралық интерпол көмегіне жүгініпті. Қазақстан аумағында қылмыс жасағандар Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерден табылып, елге жеткізілген. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ ҚР ІІС КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 255 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PM3WoNcA1ic?si=ncodZMSjaflg-nh-"
Қызылорда облысы Қазалы қаласында орман тұқымбағының құрылысы қарқынды жүруде. Аймақ басшысы жұмыс барысымен танысып қайтты. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жобаға 518,6 млн.теңге салған.
Қазалыда егілген көшеттерді Аралдың кепкен табанына апарады. Бұл экологияға келер қауіптен қорғайды. Көшеттер арнайы технологиямен суарылады. Жалпы жер көлемі 33 гектар. 1 түп сексеуіл 3 тонна тұзды құм ұшқынын ұстап қалуға қауқарлы дейді мамандар.
БУРАБАЙ ОРАЗАЛИЕВ ҚАЗАЛЫ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІНІҢ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ИНЖЕНЕРІ
Құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы және лауазымды тұлғалар тұқымбақ аумағында сексеуіл көшеттерін отырғызылып, Экология және табиғи ресурстар Бірінші вице-министріне жалақы, қажет құралғылар сынды біраз ұсыныстар айтылды. Жоба 2023 жылы қыркүйекте бастау алған. Мамандардың сөзінше шілде айына дейін толықтай аяқталады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 156 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IqGVUHCRy54?si=b-U_CfuGL-lX3obB"
Роман Скляр СҚО-дағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында бірқатар ауылдағы бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерген. Бірақ жағдай күрделі көрінеді. Сондықтан ол тұрғындарды қауіпсіздік үшін 2 күн аралығында эвакуациялауды тапсырды.
Роман Скляр алдымен Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында болды. Мұнда жалпы ұзындығы 1173 метрді құрайтың бөгет тұрғызылып жатыр. Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту үшін 50-ден астам техника мен 90-ға жуық адам жұмыс істеп, бөгетті 3 метр биіктікке көтерген. Бүгінде Тепличное ауылында 360 үй мен 889 тұрғын бар. Тұрғындар үшін 4 экакуациялық орын дайындалған.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «2 күн уақыт беремін осы ауылдағы тұрғындарды қаласа да қаламаса да қауіпсіз жерге көшіру қажет. Кейін барлығын тексеріп техниканы көбейту керек».
Сапар аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қызылжар ауданындағы Прибрежный ауылына да барды. Ауылда 500-ге жуық үй мен 1800-ге жуық тұрғын бар. Бұл жердеде бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Аз ғана уақыт қалды сондықтьан барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Нысандарда техника аз сондықтан барлығын көбейту керек. Жақын күндері су басу қауіпі ұлғаятын болса арнайы мобильды топ құрып сақтықта боламыз».
Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Ущев көшесінде орналасқан бөгеттің де су тасқынына дайындығын тексерді.
Ал Заречный кентінде 900-ден астам адам тұрады. Мұнда су басу қауіпінің алдын алу мақсатында 10 мыңнан астам топырақ салынған қап дайындалған. Сондай-ақ бөгетті де нығайту жұмыстары жүргізілуде.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Мен біздің жұмыс істеп жатқан адамдарға сенемін. Бірақ маңызды с болғандықтан бақылау болу керек. Сондықтан егерде тағы да көмек керек болатын болса бізге айтсаңыздар барлығын шешеміз. Бұл бөгет жаңа болғандықтан жұмыс дұрыс жасалу керек».
Осылайша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жауапты мамандарға барлық бөгеттерді бекіту жұмысын 3 күн ішінде аяқтауды тапсырды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 196 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1DYC9-kPnYY?si=zdX1aqrPQkvWXmgm"
Су тасқынына қатысты өңірлерде ахуал мәз емес. Атырауда қауіп әлі сейілген жоқ. Үрейлі халық малдары мен үйлеріне алаңдаулы. Жайық өзені маңында төтеншеліктер мен еріктілер тәулік бойы 24/7 тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Индер және Махамбет аудандарында 30 эвакуация пункті дайын тұр. Депутаттар да сол өңірде жүр.
Солтүстікте де жағдай күрделі. Бүгін Қарағандылық құтқарушылар сол өңірге көмекке аттанды. Қаратомар, Амангелді су қоймалары 99 пайызға толған. Қауіп жоғары. Су тасқыны басталғалы бері 80 мыңдай адам құтқарылды. Алайда, эвакуация жұмыстары әлі тоқтаған жоқ. Қауіпті аймақтардан адамдарды құтқару жалғасуда. Төтеншеліктер де, әскерилер де, депутаттар да өңірлерде жүр. Зардап шеккен халыққа 25 мыңнан аса волонтер көмектесіп жатыр.
АЙБЕК ДОСЫМБЕТОВ «ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ» ӨЗ АРА ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Республика бойынша 20 аймақта жедел желі телефондары іске қосылған. Сондай-ақ гуманитарлық көмек орталықтары ашылып, көмек жиналып жатыр. Осылайша гуманитарлық көмек зардап шеккен аймақтарға жіберіліп жатыр. Бүгінге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. 370 тонна көлеміндегі гуманитарлық көмек қажетті елді мекендерге жеткізілді».
ТЖ жарияланған өңірлерге мемлекеттік резервтен 51 арнайы техника жіберілді. Қосымша Павлодар мен Қарағандыдан құтқарушылар солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Қаратомар, Желқуар, Амангелді су қоймалары 99 пайыз суға толып тұр. Қостанай облысы бойынша 6 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Тобыл өзені мен Сергеев су қоймасы бақылауға алынды.
ЕРАСЫЛ САЙПАШ ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Зардап шеккен өңірлерде 126 мың гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 7 млн астам текше метр еріген қар су сорылды. 993 мың қапшық, 982 мың тонна инертті материал төселді. 1739 тұрғын үй мен 1743 аула аумағына су бұрылды. Тәулік бойы авариялық құтқару жұмыстарына 16375 адам, 1681 техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы 15 әуе кемесі жұмылдырылды».
Су тасқыны болған өңірлерде 814 әскери қызметші тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. 44 әскери техника, 3 тікұшақ, 2 көліктік авиация құтқару жұмыстарына жұмылдырылған.
РУСЛАН ЖАНГУЛИН ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қостанай облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 70 әскери әскери қызметшісі Қостанай қаласының Затабольск ауданында 8 мың қап құм дайындап, Тобыл өзенінің жағалауын (800 метр) нығайту жұмыстарын жүргізді. Аумақтық қорғаныс бригадасының іс қимылын үйлестіру үшін Қостанай өңіріне Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов ұшып барды».
Айта кетейік, су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған мұғалімдер биыл аттестатциядан өтпейді. Аттестаттаудан өту келесі жылға қалдырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі фейсбукте жазба жариялады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 216 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iQRmSWUUDPI?si=vLl65fuHRF3d6EDz"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 254 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nxZD76ZvRHg?si=4tPbWIe5oPcHg-4H"
Алматыда «Киберпедагог және оқу процесінің заманауи цифрлық өнімдері» атты қала мектептері бойынша халықаралық семинар-практикумы өтті. Аталмыш шараға өнертапқыш оқушылар, информатика пәні мұғалімдері мен кәсіптік бағдар беру мамандары қатысты. Барлық қатысушылар бір-бірімен байланыс орнатып, педагогикалық үдерістің негізгі элементтерін компьютерлендіру, киберпедагогикадағы сан қырлы әдістер жайлы өзара пікір алмасты.
САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сонымен қатар, семинар-практикум аясында оқушыларға робототехникадан жыл сайын өтетін «Директор кубогы -2024» спартакиадасы өткізілді. Жарыста оқушылар өздері жасаған роботтарды сынап, оза шапқандары жүлдері орындарға ие болды.
АРНАГҮЛ МАЛИКОВА — АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, №174 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 246 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-43LFRU4OZM?si=3Fsx2E1z5Acrim4y"
Елімізде болып жатқан су тасқыны мен қар суының еруіне байланысты болып жатқан төтенше жағдайлардан қараша көмекке зәру. Бұған дейін осы жылы тіршілік нәрінің көлемі азаюы мүмкін деген болжамдар да шыққан болатын. Қазір Қырғыз Республикасындағы «Тоқтоғұл» су қоймасында қысқы мезгілде жауын-шашынның аз түсуінің салдарынан су көлемі азайған. Соның салдарынан «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішіне жиналып жатқан судың көлемі былтырғыдан бірнеше жүз миллион текше метрге аз дейді мамандар. Жауаптылар экологиялық ахуалдың көрсеткішін түсіріп алмас үшін, қажетті деп саналатын көлдер жүйесін тіршілік нәрімен толықтыруда.
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ «ҚЫЗЫЛОРДАСУШАР» ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 245 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Gbxhy6WW5m8?si=KMk_MV8TNynRYI8c"
АУЫЛДАР СУҒА КЕТУДЕ
БҚО Бөрлі ауданы да қызыл судың құрсауында қалды. Сонымен қатар, Ақсай қаласына қарасты Қызылтал және Аралтал ауылдарын да су басты. Тұрғындар қазір қауіпсіз жерде. Еріген қар суы ауыл аймақтарды түгелге жуық басты.
Сондай ақ, апат Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылына да жеткен. Наурыз айының соңында 5000 ға жуық тұрғыны бар ауылдың 28 үйін су алған.
АРСЕН БАЯНДЫҚОВ БҚО АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қажет заты мен маңызды құжатын алып үлгермесе де, жақындарын тастамай, үйден аман шыққандарына қараша шүкір етуде.
ЖАЗИРА КАБЫШЕВА БҚО ҚЫЗЫЛТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Көпбалалы ананың сөзінше билікте отқандар бас көрсетуге жарамаған. Олар тұрмақ, ауыл әкімін де білмейміз біз дейді ашынған ана.
ЖАЗИРА КАБЫШЕВА БҚО ҚЫЗЫЛТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жауаптылар бәрін ретке келтіруге тырысып жатқандарын мәлімдеді.
ҚАДЫРЖАН ЖАХАНОВ ЖАУАПТЫ КОМПАНИЯНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Сонымен қоса, Аралтал ауылының жағдайы да мәз емес. Шыңғырлау өзенде тасыған судың салдарынан 1000 үйі бар ауылдың 32 үйі су астында қалды.
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Жарамсыз болып қалған үйлерге қарап жаның ашиды. Қабырғалар езіліп, едендер шіріп жатыр. Қарашаны шығынның қалай өтелетіндігіне алаңдаулы. Билік өкілдерінің сөзінше, барлығы төленіп, іске аспай қалған дүниелер есепке алынатын болады.
АРСЕН БАЯНДЫҚОВ БҚО АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ақсайда 124 үй су астында қалды. 40 ассенизатор, 35 мотопомпа, 100-дің үстінде арнайы қызмет өкілдері қалтқысыз қызмет етуде. Сақтықта қорлық жоқ деген. Ескеруді ескеріңіз дейді құтқарушылар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 273 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lZstc9PFBEQ?si=cwrHnf-SdfnuUYhl"
Қорғаста 6 ойынхана мен жезөкшелер үйі анықталды. Астыртын казинолар Қытай азаматтары үшін жұмыс істеген. Тергеу жалғасып жатыр деді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.Егер сіз қандай да бір заң бұзушылық пен бюджет қаражатын ұрлау немесе сыбайлас жемқорлық фактісінің куәсі болсаңыз, «АФМ Insider» телеграмм ботына анонимді түрде хат жазуға болады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 178 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/d3sPkHteydo?si=k61wqtioCld4rTYc"
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жүргізілген мониторинг жұмыстарын қорытындылады. Толығырақ тарқатсақ.
Аталмыш департамент мамандары кәсіби спорт саласына мониторинг жүргізген. Сыртқы талдау жұмыстарына «Қызылжар» ФК ілікті. Жұмыс аясында спортшылардың жарыстарға қатысуы үшін жасалатын мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттарында белгілі бір талаптардың болмағаны атап өтілді. Салдарынан мемлекеттік бюджеттен алынған қаражатқа есеп берілмеген.
АЙДОС ЖҮНІСОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «ҚР бюджет кодексінің 32-ші бабына сәйкес заң бұзушылық анықталды. ФК жарыстарға мемлекет қаражатынан бару мүмкіндігіне ие болған. Дегенмен құжаттарды рәсімдеу кезінде қателік кетіп, мемлекеттік бюджеттен алған қаржыға қатысты есеп беру пункті қосылмаған болып шықты. Сол себепті біз техникалық хаттамаға өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жазып, қазір түзетулер енгізілді».
Сонымен қатар мамандар Ғ. Мүсірепов ауданы орман шаруашылығы саласынан жемқорлық фактісін анықтаған. Ақан сері орман шаруашылығынның директоры тұрғындарға ағашты қымбат бағада өз туыстарынан алғызып келген. Тексеріс нәтижесінде, кесілген ағаштың басым бөлігі яғни 77,1 пайызы осы шаруашылық директорының жұбайының үлесіне тиесілі екені белгілі болды.
АЙДОС ЖҮНІСОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Орман шаруашылықтары тұрғындарға ағаштарды кесілген түрде сатып, оны үйіне дейін әкеліп тастауы керек. Алайда, бұл жерде орман кодексінің 36-бабы бұзылған. Яғни шаруашылықтар мұндай қызмет түрін көрсетпегендіктен тұрғындар қымбат бағада жеке кәсіпкерлерден отын алған».
Мұндай факті Мамлют орман шаруашылығында да анықталды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 235 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/R5ky9aDcFfo?si=FMbHKiwqGcn5lqQx"
Теміртауда 27 жастағы ер адамға оқ атқандар ұсталды.Олар 27 мен 31 жас аралығындағы үш азамат. Үшеуі де сол қаланың тұрғындары екені анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған болатын. Осы видеодан кейін полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 258 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uypkC1vROM4?si=Zg6TeqAH6E9ZVK6g"
Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына дерлік мемлекеттен көмек болады. Ешкім де баспанасыз қалмайды. Қарғын су астында қалған үйлердің тіпті құжаты болмаса да қайта қалпына келтіріледі. Жергілікті әкімдік берген тізім бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың несиелерін төлеу 3 айға дейін уақытша тоқтайды. Кешіктірген төлем үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды. Бүгін Ақтөбе облысына барған үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай деді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін».
Айта кетейік, жалпы Ақтөбе облысында қауіп әлі де сейілмеген. Өзендердің көпшілігі арнасынан асып тұр. 5 ауданында Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл және Ақтөбе қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, барлығы 8 978 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Еліміздің өзге өңірлерінде де жағдай мәз емес. Бүгін түнде Астана маңындағы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылына қарғын су келіп, адамдардың мазасы қашты. Алайда, төтеншеліктер дер уақытында жасанды каналдарды нығайтып, топан судан ауылды аман алып қалды. Алда, күн райы күрт жылынады деген болжам бар. Сондықтан, үкімет басшысы барлық жауапты органға жұмысты күшейтуді тапсырды.
Тағы басқа мақалалар...
69 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.