
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 390 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-uuAhwv5IMQ?si=4yHente454j0aaqH"
Маңғыстау облысында шекара тәртібін бұзған ер адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл – жыл басынан бері теңіз шекарашылары анықтаған жетінші дерек. Каспий үстіндегі шегелеп бекітіп берген шекараны қарулы құрылым озық үлгідегі кемелермен жүріп күзетеді. Экипаж тіпті түнгі мезгілде де алыстағыны көре алатын арнайы құрылғымен жабдықталған. Яғни, бейсауат жүрген заңбұзушылар бірден анықталады. Жалпы, Маңғыстаудағы шекарашылар жайында келесі бейнесюжетте.
«Түркістан» - шекара қызметіндегі жаңа кеменің бірі. Жанармай қоры теңізде 7 күн жүзуге жетеді. Жауынгерлік техника сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүреді. Қырағы көзді шекарашылар биыл түнгі уақытта шекара тәртібін бұзған бір адамды және теңіздегі қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін 6 адамды жауапқа тартқан. Сондай-ақ, олар Каспийден ұзындығы 300 шақырымдық балық аулайтын ау-құралды жинап алып, 2 мың келілік бекіре балығын теңізге қайта жіберіпті.
ЕРБОЛСЫН ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ «СЕМСЕР» ШЕКАРА КЕМЕСІНІҢ КОМАНДА СТАРШИНАСЫ: «Біз мемлекеттік шекараны күзетеміз. Шекарамызды бұзбақ болған шетелдік азаматтарды құрықтаймыз. Кейбір кездерде олар қашпақшы болады. Оларды қуып ұстап, тиісті жазасын береміз. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Соны түсініп бар ынтаммен қызмет атқарып жатырмын».
Ал «Семсер» деп аталатын кеме – шекара қызметінің екінші дивизионына тиесілі. Экипаж бұған дейін бірнеше рет контрабанда және браконьерлік деректі анықтаған. Заңбұзушылықтың бірі былтыр тіркелді. Шекарашылар теңіз арқылы Ираннан есірткі тасыған күдіктінің жолын осы кеменің көмегімен кесіпті. Бұдан бөлек, Каспийдің Қазақстан аумағында балық аулаған Әзербайжан азаматтарын да қолға түсірген.
ЖАЛҒАС ЫҚСАТОВ ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ 2-ДИВИЗИОН ШТУРМАНДЫҚ ФЛАГМАН МАМАНЫ: «Шекара қызметі толықтай жаңа құрылғылар мен жаңа жабдықтармен жабдықталды. Бүгінгі күні қазір шекара катерін қабылдау жұмыстары жасалып жатыр. Қазіргі таңда ешқандай ұсталынбаған, я болмаса көрініп, ары қарай жазасыз қалған шекара бұзушылар ондай факті тіркелген жоқ.
Қазір еліміздің теңіз шекара флотында елуден астам әртүрлі мақсаттағы су көлігі бар. Флот құрамы биыл тағы екі кемемен толығады. Ал, ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, заңсыз балық аулауға жергілікті тұрғындар да жиі баратын көрінеді. Жыл басынан бері аталған дерек бойынша үш адамға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 320 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NqZTMyXtPUc?si=5sCsR2i3sxcxy-I-"
Халқы үміт артқан халық қалаулылараның ел аралап,тыныс тіршілігімен танысудағы жұмыстары жалғасын табуда.Сенат пен мәжіліс дептутаттары Алматы облысының орталығында болып, аймаққа қарасты аудандардың бірінде болды.
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту жұмыстарының жәй жапсарымен танысқан депутаттар жұмыс басына барды. Жұмыс барысын көзбен көрген оларға мердігер толықтай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ бүгін жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, Алматы облысының әкімі Марат Елеусізовпен болған кездесуде облыс көлеміндегі атқарылып жатқан,шешімін таппай отырған мәселелер талқыланды.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Болашақ үшін нақты қадам болған басқосуда жайылымдық,шабындық жерлер, облысты газдандыру мәселелері де көтерілді.Жиын барысында халық қалаулыларына Алатау қаласының жобасы таныстырылды.
АРСЕНИЙ ПИРОЖКОВ ТОО «ALMATY REGION MASTER PLAN» ДИРЕКТОРЫ
Алдағы күндері депутаттар Еңбекшіқазақ,Кеген,Райымбек аудандарындағы қордаланған мәселелермен танысуды жоспарларына енгізген. Осының алдында облыстағы су саласындағы мәселелер,гидроқұрылымдардың жағдайымен танысып кеткен халық қалаулыларының жұмыстары жемісін беріп,қаражат бөлініп бүгінгі таңда жұмыстары басталып жатыр. Жамала жамала жауыр болған жол жағдайы да өз нәтижесін береді деген үміттеміз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 320 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/izCdw-XlwNE?si=WvBCtugygLFNeTrB"
Циклон ықпал етіп, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 3 шілдеде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік және солтүстік-батыста тұман түседі.
Алматы облысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болмақ. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 372 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xK_uAZ68kHI?si=lbiMnySXIGM-VK8b"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 371 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MtlyyInzAF8?si=DhWyD3Y1V5mUaCkG"
Ақтауда жантүршігерлік оқиға орын алды. Банктердің бірінде инкассатор қарудан өз-өзіне оқ атып, қайтыс болды. Оқиға жайында ақпарат әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Жазбада оның 10 млн теңге ұрлап, артынша өзіне қол жұмсаған деген хабарлама тарады. Оқиға банктің бас ғимаратының жертөлесінде болған. Полиция бұл ақпаратты растады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
НАЗЫМ ҚАЙЫРХАН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: «Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша, Ақтау қаласы, полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 489 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yBCxIjP-Bg0?si=J01kQSMIHI_8QrLj"
ҚР Энергетика министрлігі бір тонна сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 45 158 теңгені құрағандықтан, шекті бөлшек сауда бағасы өңірге қарай литріне 5-8 теңгеге дейін шамалы өскендігін хабарлады.
Өзімізден өндіріліп жатқан сұйытылған мұнай газ бағасының өсуі кешелі бері көлік жүргізушілерінің арасында қызу тақырыптың бірі болып тұр. Қазір Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында – 76 теңгеден 84 теңгеге, батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкентте – 64 теңгеден 79 теңгеге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңгеден 59 теңгеге көтерілсе, Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында – 81 теңгеден 89 теңгеге қымбаттады. Сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмендеп, ТМД-да тұтыну күрт өсіп, зауыттар өндіріске деген қызығушылығын жоғалтқан. Сондай ақ, Қазақстанда 54-86 теңгеге дейін ТМД-дағы ең төмен бағалардың бірі байқала бастағандықтан осындай шараны қабылдауға бел будық дейді министрлік. Ал, қарапайым халықтың пірі мынандай.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 344 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Lgx4nQLg89Q?si=PolNgyGEtniTK3aZ"
Қызылорда қаласына іргелес жатқан Сабалақ саяжайының тұрғындары көгілдір отынға бірнеше жылдан бері қол жеткізе алмай отыр.Отын жарып, күл шығарудан мезі болған олар биліктегілер берген уәделерін орындасын деп- ашынуда.
Бүгінгі таңда саяжайда 3000 түтін, 6000 мыңнан астам жан бар. Көгілдір отынның игілігін көре алмай отырған осы жандар 2019 жылдан бері биліктегілердің құрғақ уәдесіне тойған. Тұрғындардың айтуынша көгілдір отын мамыр айында кіру керек болған.Сонымен қатар саяжайда су, жарық мәселесіде өзекті болып отыр.
ГҮЛСӘНІМ АУКЕНОВА САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
РАЯ ЕРЖАНОВА САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жол азабын жүрген білер демекші бұл саяжайда жол жағдайы да ең өзекті мәселелердің бірі. Бір көше бойында орналасқан әрбір үйде кемінде 4-5 баладан бар.Мектеп жасындағы балалар жаңбыр жауып, табиғат тосын міңезін көрсетсе үйден кіріп-шығуымыз мұңға айналады дейді,- Қаракөз Көшекова.
ҚАРАКӨЗ КӨШЕКОВА САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Көгілдір отынға байланысты қалалық әкімдіктің сала мамандарының жауабы, биыл «Сабалақ» саяжайын газбен қамту мақсатында 3 жоба-сметалық құжаттамалар қарастырылған. «Сабалақ» саяжайының квартал ішілік газ желілерін тарту жұмыстары бойынша екі жоба әзірленді: «Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және газреттегіш шкафты пункттер құрылысы, 1-ші іске қосу кешені» жобасына сараптаманың оң қорытындысы 2024 жылдың 25 сәуірінде алынды. Қазіргі уақытта бюджеттен қажетті қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Келесі жоба бойынша Құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізуші мердігерді анықтау мақсатында Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып нәтижесі алдағы аптада белгілі болмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TbXQALTe0P8?si=o4JTxmXGbc5luxWL"
Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған Павлодарлық тұрғынды аман алып қалды. Кейіннен ол күйзеліске ұшыраған жүкті келіншек екені анықталды. Әйел өзінің ғана емес, ішіндегі әлі дүниеге келіп үлгермеген шақалағының да өмірін қимақ болыпты. Ертіс жағалауын патрульдеп жүрген полицейлер келіншектің көпірдің үстінде эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрғанын көреді. Содан әйелді алдап, сөзге тартып, райынан қайтармақ болады. Алайда, оған көнбегеннен кейін жедел әрекет етіп, қолынан тартып, көпірден түсіріп алып бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Қазір жүкті келіншектің жағдайы жақсы. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 374 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZdgE0A25hLs?si=DZKRDKkGbE7V1kOi"
Алдағы уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты артады. Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының жұмысы да жанданады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға келген China National Petroleum Corporation Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесуінде айтылды. Кездесу барысында Олжас Бектенов пен Дай Хоулян «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының бірінші желісін салу және іске қосу бойынша табысты жүзеге асырылған бірлескен жобаны мысалға ала отырып, газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективаларына тоқталды.
Үкімет басшысы бірлескен кәсіпорындар табысты әрі экономикалық жағынан тиімді екенін айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр жергілікті тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен өзара тығыз іс-қимыл жасау арқылы жергілікті қамту үлесін кезең-кезеңімен ұлғайтудың маңыздылығын да атап өтті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 331 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z1dBz1jrpxA?si=DYHqBSQ_sD5J2bnZ"
Бүгін Қазақстанның бас қаласы Астанада қарбалас. Есілдің бойында орналасқан Елорда халықаралық дәрежедегі меймандарды қабылдап жатыр. Еліміздің бас қаласына бірқатар елдің басшылары келді. Олар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екі күндік саммитіне қатысады. Келелі кеңеске 16 елдің Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Катар, Бірікке Араб Әмірлігі, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары жиналды. Алдын ала ақпарат бойынша Саммит аясында 20-ға жуық құжатқа қол қойылады деген жоспар бар. Олардың ең маңыздысы - Астана декларациясы болмақ. Себебі, бұл декларация ұйымның болашақта даму стратегиясын, мемлекеттердің бірлескен нәтижеге алып келетін қадамдарын айқындайды. Сондай-ақ саммиттің тағы бір ерекшелігі Қазақстанның бастамасы болатын есірткі айналымына қарсы 2029 жылға дейінгі стратегияға қол қойылады.
Ал, енді бір топ сарапшылар болса ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуі үлкен маңызға ие екенін атап айтып жатыр. Өйткені, осы сапрдан соң, Қазақстан мен Қытай арасында көлік-логистика саласында, Транскаспий дәлізін дамыту бойынша жобалар іске асырылмақ. Қысқасы, Астанадағы саммит Еуразиядағы тұрақтылықты, өзара келісімді, диалогты меңзейтін алаңға айналмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kMGyZSLol2A?si=_lijCOBxps9KLpKp"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 356 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/z8QB1mRDp1o?si=YIy0MzH6Unkcvte5"
Бұдан былай елімізде жаңа сот сараптамасы енгізіледі. Ол сексуалдық cипаттағы қылмысты анықтау және педофильге химиялық кастрация жасау үшін қажет. Оған соңғы кездері жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбеюі себеп болуда. Бұл туралы бүгін Астанада әділет министрлігінде өткен брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли айтты. Айтпақшы, одан бөлек ресми өкіл «Өздерін сот орындаушы, әділет министрлігінің қызметкері» ретінде таныстырып халықты алдап жүрген алаяқтар санының көбейгенін ескертті. Сондықтан, алда-жалда осылай хабарласқан болса, ресми сайтқа кіріп жеке сәйкестендіру кодын жазып, бар ақпаратты тексеруге кеңес береді.
ТАЛҒАТ УӘЛИ ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу жұмысын бастады. Ресми өкіл жаңа сараптама не үшін керек екенін түсіндірді. Сараптама тексерілушінің жыныстық, психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқуы бар немесе жоғы, ауытқулар байқалса, ол нені білдіреді, педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе жоқ па деген сұрақтарға жауап береді. Жобаны іске асыру үшін Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусьте оқудан өтті».
Сондай-ақ брифинг барысында әділет министрлігінің ресми өкілі Талағт Уәли АҚШ сотының Храпуновтар мен Әбіләзовтен қайтарылатын ақша ісіне қатысты үкім шығарғанын айтты.
ТАЛҒАТ УӘЛИ ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «26 маусымда Нью-Йорктің оңтүстік округіндегі аудандық соттың 3 апталық тыңдауынан кейін алқабилер Ілияс пен Виктор Храпуновтарға, сондай-ақ олардың Мұхтар Әбіләзов пен Феликс Сатер сияқты сыбайластарына қарсы әкімдіктен ұрланған ақшаны жылыстату дерегіне қатысты 32 млн АҚШ долларынан астам сома бойынша бірауыздан үкім шығарды. Алайда, бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан түзетілуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, осы азаматтық істі Әділет министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің және “БТА Банктің” мүдделерін қорғау үшін 2019 жылы қозғаған. Оған негіз болған – негізсіз баю, ақшалай қаражатты заңсыз иемдену және қылмыстық шығу тегі бар ақшаны пайдалану фактілері болатын».
Тағы басқа мақалалар...
73 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.