
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/K_tBTimSohA?si=YzKfOaIs0D4nMeq9"
Брейкинг - яғни, акробатикалық көше биінен Әмір Зәкіров Будапеште өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша, олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанып, Париж ойындарына жолдама алды. Әмір финалға дейін жеңіске жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңіліс тапты. Осылайша ол екінші орынмен қатар, олимпиадалық квотаны иеленіп отыр. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинаған. Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 236 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dcPY_0BqkJU?si=SRC2nUzmoN3pgshQ"
Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 23 маусым «Қазақстан күні» мерекесі қарсаңында учаскелікполиция инспекторларына отандық су жаңа «Jac JS4» маркалы 18 бірлік қызметтік автокөліктері берілді.
Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы және полиция генерал-майоры Махсудхан Нұғманұлы учаскелік полиция инспекторларына қауіпсіздікті арттыру жайында сенімін білдіріп, жаңа жер талғамайтын автокөліктердің кілтін табыс етті.
МАҚСАТ ХАСЕНОВ ҚПБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Қазір облыста қылмыс деңгейі азайып, криминогендік ахуал тұрақталған. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 262 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 368 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7Ewv7FdZkl4?si=UZJ6qq7C90ALwDf5"
Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама жеңіп алған 28 жастағы құзға өрмелеуден қазақстандық спорт шебері Әмір Маймұратов елге оралды.
Қазақстандық құзға өрмелеушілер командасы Алматыға бүгін таңға жуық келді. Оларды федерация өкілдері, жас спортшылары, дос-жарандары күтіп алды.
Отандасымыз осыдан екі күн бұрын Венгрия астанасында өткен іріктеу сериясының финалында екінші орын иеленді. Оның қарсыластары Индонезия мен Қытайдың мықты спортшылары болды. Олардан басым түскен Әмір тынбай жаттығып, Олимпиададан алтынмен оралуды көздеп отыр.
ӘМІР МАЙМҰРАТОВ СПОРТШЫ: «Қарсыластарым өте мықты болды. Мен бірінші орынға үміттендім, бірақ екінші орын алдым. Өзіме сенімді болсам да, тым асығыстық жасап, күшімді қате есептегендей болдым. Олимпиадада ел үмітін ақтаймын деп сенім білдірем. Енді жаттығуға қайта кірісем. Олимпиада ойындарында Қазақстанның әнұранын орындаймын деп үміттенемін».
Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының вице-президенті атап өткендей, қазір елімізде бұл спорт түрі жақсы дамып келеді.
БАҒЛАН ЖҮНІС АЛЬПИНИЗМ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: «Құзға өрмелеу осыдан бес жыл бұрын олимпиадалық спорт түріне айналды. Біз альпинизм мен құзға өрмелеу мектебіміздің әлемдегі ең мықтылардың бірі екенін дәлелдей алдық. Жартасқа өрмелеу альпинизмнен бөлек спорт түрі ретінде қазір осы формада дамып келеді. Бұл көптеген жастарды тартады. Альпинизм федерациясы әлемдік стандарттарға сай орталықтар құруды көздеп отыр».
Елде құзға өрмелеумен 5 мыңнан астам адам айналысады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 319 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W8kWMf0U6g0?si=KgtvYGPU6OtU66NF"
СҚО полицейлері «Спорт – есірткіге қарсы» атты марафон ұйымдастырды. Жарысқа 500-ден астам қараша қатысты. Іс-шара - халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
Тұрғындарға полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі жайлы мәімдеме жасап, әлемде синтетикадан "антидот" ойлап табылмағанын және таратқандарға 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар екенін ескертті. Арнайы шақыртумен келген жастар ресурстық орталығының өкілдері мен фитнес-жаттықтырушылардың сергіту сәтінен кейін, 2.5 км қашықтықтан тұратын марафон басталды.
АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Барлық іс-шаражасөспірімдер мен жастар арасында СӨС насихаттау мақсатында жүргізіліп жатыр. Бір ай бойы нашақорлықтың алдын алуға белсенді қатысқан және көптеген қызықты жобаларды жүзеге асырған бастамашыл жастарға, еріктілерге алғысым шексіз».
Белсенді болған спортшыларға мақтау қағаз, медальдар мен түрлі сыйлықтар табыс етілді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 336 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/w9Cj1c6gCME?si=NL8b2QK_uP6gpq1r"
Еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектенов ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.Онда мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика, тау-кен секторларындағы жобалардың қазіргі жағдайы қаралды. Стратегиялық маңызы бар бастамалар тізбесіне жиынтық сомасы 26,9 трлн теңге болатын 44 жоба кіреді, олардың 11-і бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанда құрылыс кезеңінде 53 мыңнан астам жұмыс орны және пайдалану кезеңінде шамамен 11 мың жұмыс орны ашылатын болады.Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылды.
Биыл 105,1 млрд теңге объектілерді газдандыруға, 272 млрд теңге жалға берілетін тұрғын үй салуға, 680 млрд теңгеден астам сома инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялауға, «Талдықорған – Үшарал» магистральды газ құбыры мен «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салу үшін қаражат тартуға ниетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 295 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1iCGWsAMO4A?si=Vkl7tySxs-W0EPPj"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 376 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DBRH5PKAxow?si=oEvllIPlU3Bxia2A"
26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтететін спорттық додада ел намысын 78 спортшы 22 спорт түрінен қорғайды. Алайда, алтыннан үмітті ауыр атлетшілер биыл бірде-бір лицензия ала алмаған. Оның себебін, министр ашып айтпады. Соңғы жылдары бұл спорт түрі көп сынға ұшырап, спортшыларымыз допинг дауына ілккен еді. Әлемдік сайыста ел намысын қорғайтындарға сәттілік тіледік.
ЕРМЕК МЫРЖЫҚПАЕВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: "Ең үлкен маңызды дода Парижге жарысқа 205 мемлекет, 10,5 мың спортшы 32 спорт түрінен қатысуда. Бүгінгі таңда бізде 78 лицензия бар. 22 спорт түрінен. Бокс -10 жолдама, дзюдо -8 жолдама, күрес - 7 оның ішінде грек рим -4, еркін күрес -3, 4 каноэ мен байдарка - 6 жолдама және тағы басқа да жолдамалар бар. Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 447 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8_9ZoZZrnIE?si=GfzKcAOFKiP9sQQG"
Дүние жүзі білетін,біліп қана қоймай ерекшелігін мойындаған қазақ ұлтының құндылықтары бүгінгі күні қаншалықты бағаланып жүр? Ұлтымыздың үні,қасиетті қара домбырамыз қаншалықты құрметке ие? Арагідік болса да қоғамдық пікірталас туындатып қалатын төл аспабымыз жайлы дайындалған сюжетке назар аударсақ.
Ұлтымыздың ғасырлар бойғы мұңын да сырын да ұрпақтан ұрпаққа жырлап келе жатқан қасиетті домбырамызға қатысты тағы да дау туындады жақында. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеп,Мәскеу қаласына жеке концерт өткізуге бара жатқан Сәуле Жанпейісова дәл осындай жағдайға тап болған. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен оқиға жайлы әншінің өзінен сұрап білген едік.
СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВА ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ
Домбырамыз тарихымызды үнімен сипаттап келе жатқан аспап. Салт дәстүрімізден айырудың көрінісі іспетті деп бұл жағдайға өз пікірін білдірді Нұрбақыт Бөкебаев ағамыз.
НҰРБАҚЫТ БӨКЕБАЕВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ,МӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Жалпы қазақ халқына тән құндылықтарымыздың қор болып жатқан жағдайы тек бұл ғана емес. Киелі саналатын шаңырақ, баспана саналатын киіз үйімізде жартылай жалаңаш қыздардың да ерсі билері де ұлттық ерекшеліктің құнын білетін азаматтардың наразылығын тудырған еді. Мұндай ерсілікке келгенде солқылдақтық танытып отырмыз деп ойын жеткізді өнер азаматы.
НҰРБАҚЫТ БӨКЕБАЕВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ,МӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 257 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W3HAo3fcRZ8?si=q89fwthQKwfxt1zT"
Отандық футболды дамыту және Қазақстандағы жасөспірімдер спортының халықаралық аренаға шығуы үшін жаңа серпінді жобаларға арналған баспасөз конференциясы өтті.Іс-шарада қазақ футболының құрылымдық проблемалары мен оларды шешуге бағытталған жаңа жобалар, соның ішінде:Еуропалық футбол клубтары негізінде жаттықтырушылар мен спорт менеджерлерін оқытудың стратегиялық жобасы,үздік шетелдік клубтарға қазақстандық перспективті футболшыларды іріктеу жүйесін іске қосу,Қазақстандық жасөспірімдер футбол командалары мен Еуропалық қарсыластар арасында жолдастық матчтарды ұйымдастыру, Қазақстандық спортшыларды ірі халықаралық спорт жобаларына тарту мәселелері талқыланды.
БЕКЕЖАН АРДАҚҰЛЫ FREEDOM QJ LEAGUE ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 300 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/g6xZhJKMe3g?si=QQ67XUU2xTpNVT17"
Желіні тозған тежегіш қалыптардың бейнеролигі біраз шулатқан еді.Жағымсыз пікірлер тудырған бұл мәселеге байланысты метрополитен басшылығы БАҚ өкілдерін шақырып, мәселенің мән жайын түсіндіруге тырысты.
Метрополитен басшылығы былтыр алынған 296 тежегіш қалыптың ұзаққа шыдамағанын алға тартып отыр. Олар кем дегенде жарты жылға дейін қызмет етуі қажет болған. Қазіргі мәселенің басы - олардың ұзақ әрі сапалы қызмет етуінде. Сол себепті, қалыптарды жиі ауыстырып тұру керекті. Ал, қозғалыс қауіпсіздігіне қарашаның еш уайымдамауына болады дейді мамандар.
АЛМАСБЕК ОРЫНБЕКҰЛЫ МЕТРОПОЛИТЕН ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Тежегіш қалыптарын ауыстыру - біздің үнемі жасайтын тұрақты жұмыс. Былтырғы сатып алынған тежегіш қалыптар тез тозды. Олардың мерзімі жарты жылға дейін жету керек болған, бірақ олар ол уақытқа дейін жарамады. Сол себепті дұрыс әрі ұзақ жұмыс істеуі үшін осы жылы 1000 тежегіш қалып сатып алдық. Бір композицияда 36 қалыптан болады».
БЕКАЙДАР ӨМІРТАЙҰЛЫ МЕТРОПОЛИТЕН МАМАНЫ
Тежегіш құралдарының Қытай мемлекетінен сатып алынғаны жайында да ақпараттар тараған болатын. Мамандардың сөзінше олардың бұрын қолданылған қалыптардан айрықша болар айырмашылығы жоқ.
БЕКАЙДАР ӨМІРТАЙҰЛЫ МЕТРОПОЛИТЕН МАМАНЫ: «Алдыңғы келген колодкалардың бәрін алдық, салдық. Олар жүрді. Мен он үш жылдан бері жұмыс істеп келем осында. Ешқашан оларды зертханаға апарған емеспіз. Соңғысын апардық. Олардың хим составтары бірдей. Алып келді, салдық, бәрі істеп жүр. Маусым айы бітіп келе жатыр. Біз әлі бір колодка сынғанын көрген жоқпыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 328 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-36BmITM7Hw?si=fKdt_ibzzKVnyuW0"
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде күйші, Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовтың жеке кешеніндегі экспонаттар негізінде «КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ» көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Тарихымызда артына асыл мұрасын қалдырған кемел күйші-композиторлар, дүлдүл домбырашылар өткені мәлім. Соның бірі,әрі бірегейі Қали Жантілеуов.
РАШИДА ЕРІМҚЫЗЫХАРИПОВА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: "Қали Жантілеуов атамыздың атына ұйымдастырылып отырған көрме мен кездесу кешінің де негізгі алдына қойған мақсаты осы үлттық құндылықтарымызды, соның ішінде күй өнерін насихаттау. Жалпы орталық музейде Қали Жантілеуовтың 30-дан астам жеке тұтынған бұйымдары, фотосуреттері түпнұсқа сақталған".
Қали Жантілеуов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінде еңбек етіп, консерваторияда дәріс берген. Орталық музей директорының айтуынша, көрмеге сол кезеңдерді насихаттайтын негізгі фотоқұжаттар мен сахнада киген киімдері көрермен назарына ұсынып отыр.
МЕДЕТ ҚУАНЫШЕВ ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: "Енді Ахмет Жұбановтың өзі айтады ғой,Қали болмаса, Қалиді Халис деп атаған ғой, Халис болмаса Құрманғазының күйлері осы кезге жетпес еді және де Қали болмаса Құрманғазы қайда, Құрманғазының адайы қайда деген сияқты әңгімелерді осы Ахмет Жұбановтың аузынан естіген адамдар және ол кітаптың бетіне де түскен".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 337 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DPuFBTQpKOM?si=oRb3U7qE2lQd0jrK"
Биыл еліміз бойынша 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бірінші кезекте әкімдікте кезекте тұрғандар баспаналы болады. Жыл соңына дейін 12 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделеді. Осылайша қазақстандықтар жол азабын тартпайтын болады. Сондай-ақ 1800 шақырым газ құбыры тартылады. Нәтижесінде, 67 елді мекен көгілдір отынға қосылады. Республика бойынша 6,5 мың шақырым коммуналдық жүйе жөнделеді. Бұл туралы бүгін Парламенттің бірлескен отырысында үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты.
Қос палатаның бірлескен отырысында бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп тыңдалып, алдағы жоспар бекітілді. Баяндама жасаған Үкімет басшысы Олжас Бектенов биыл қанша шаршы метр тұрғын үй салынып, қанша жол жөнделетінін баяндады. Үй мен жолдан бөлек, республика бойынша барлық аймақта коммуналдық тозығы жеткен желілер жөнделіп, инфрақұрылымды дамытуға баса мән берілетін болады.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
"18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады биыл. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі жеңілдетілген тұрғын-үй ипотекалық бағдарламалары іске қосылды “Отау” және “Наурыз”. Қазіргі таңда жаңа бағдарламалары бойынша 64 мың адамнан өтінімдер қабылдады. “Самұрық-Қазына” арқылы 222 млрд теңге жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бағытталады. Тиісті кесте бекітілді, осы белгіленген кестеге сәйкес тиісті қаражат жергілікті органдарға жіберіліп жатыр".
Айтпақшы, үкімет басшысы күн суытқанға дейін су тасқынында зардап шеккен барлық азаматтар жаңа тұрғын үйге қоныстанады деп уәде берді. Ал, банядама жасаған қаржы және бюджет комитетінің есебіне сенсек, соңғы жылдары үкіметтің қарызы өсіп, 25 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан, енді биыл көлеңкелі экономика бойынша жіті тексеріс, аудит жүргізілмек.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ: "Көлеңкелі экономиканы қысқарту – бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту үшін маңызды фактор. 2022 жылы оның үлесі жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,8%-ға дейін төмендеген. Сонымен бірге салықтарға қатысты жоспардың 1,4 трлн теңгесі орындалмаған. Осы мәселені түсіну үшін біз биыл көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оның қорытындысы туралы алдағы уақытта хабарлайтын боламыз".
Экономиканың ахуалын бейнелейтін көрсеткіштер мүлдем көңіл көншітпейді деп сынады депутаттар. Айтуларынша, бюджеттің 489 млрд теңгесі былтыр тиімсіз жұмсалған. Ал, 70 млрд ақша тіптен иегірлмей қалған. Халықтың күн көріс деңгейі болса күннен- күнге түсіп барады. Оған мына сандар дәлел деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: "Елімізде жұмыс істейтін 10 млн адамның 9 млн.-да несие бар болса, борышкерлер реестрінде, яғни қарызын қайтара алмай жүрген жеке тұлғалардың саны 3,5 млн адам. Оған қоса еліміздегі тұтынушылық несие көлемі 2022 жылы 13,2 трлн теңге болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 трлн теңгені құрап отыр. Бір жылда несие алушылар саны 5 трлн теңгеге өскен. Бұл цифрлар халықтың қарызға өмір сүріп жатқанының айқын көрінісі".
Қос палатының бірлескен отырысынан соң, министрлер тілшілерді қызықтырған сауалдарға жауап берді. Журналистер сағаттың ауысуына қатысты петицияға адамдар қол қойып болды, енді соңғы нәтиже қалай болады деп сұрады. Жауапты министрлік, бүгін арнайы комиссия құрылғанын айтты. Енді сол комиссия дәлелімен жан-жақты зерттеу, талдау жасайтын болады. Ол бір емес бірнеше отырысқа созылады. Кейін 40 күн ішінде олар шешім қабылдап, қортыныды бұқараға жарияланады деді. Ал, Кореяға барып ресми тіркеліп, жұмыс істегісі келген қазақстандықтар әлі де біраз уақыт бойы күтулеріне тура келеді. Өйткені, құжатпен кореялық тарап танысып, қарауда.
Тағы басқа мақалалар...
68 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.