
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 376 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pYA1iP3Z09s?si=1UE7GSLWHeAYqAOr"
Сапасыз жолдың зардабын қарапайым халық көруде. Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылының тұрғындары ауыл арасында қатынайтын тас жолдың қиындығын көріп келе жатқандарына бір жыл уақыт өткен.
Бурабай және Зеренді ауданын жалғап тұрған тас жолдың 6 шақырымының сиқы осындай. Алыстан ағайынымыз келсе, көлігін көрші ауылға қалдырып, өзіміз күтіп алуға мәжбүрміз дейді тұрғындар.
ДӘСКЕН ЕЛЕМЕСОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ИГІЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Шын айтқанда машина да шыдамайды уже. Тарс-тұрс. Қаладан, Астанадан туыстарымыз келсе Кеңесарыға машинасын қояды. Біз келіп күтіп аламыз. Жол нашар болғасын.Жолдың жөнделмегеніне жылда бір қырып өтеді былтыр неткен, 3-4 жыл болды текущий-текущий деп, жартылай ғана істелінеді. Жартылай ғана. Мына жақ вообще істелінбейді. Біздің жақта 2-3 жыл болған шығар істелінбегеніне.Жауынды күні жолдың жағдайы өте нашар. Езіліп кетеді. Полевой жол сияқты. Сазы бетіне шығып, езіліп кетеді. Жүре алмаймыз».
Жоспар бойынша жол жөндеу келесі жылға қарастырылған. Бірақ, халықтың жан айхайын естіген облыс әкімі Марат Ахметжанов жөндеу жұмыстарын биылдан қалдырмауға тапсырма берді.
ЕРХАН ҚАЛЫМОВ БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Ақмола облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Бурабай ауданы автомобиль жолдары бөлімімен сметалық құжат дайындалады. Құжат дайындалғаннан кейін маусым айында конкурс процедуралары жүргізіледі. Содан кейін Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтінім жібереміз. Қаражат бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары басталады. Егер де қаражат бөлінсе, жұмыстарды бастаймыз».
Ай санап күтіп жүрген қараша жол жазда қалыпқа келетінін естіп, көңілдері орнына түсті. Ендігі мәселе жұмыстың сапалы әрі уақытылы бітуінде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2Qy89RHfiNo?si=MbvlXqCBBIqqnr7A"
Өрт – тілсіз жау. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде орналасқан «Нұрназар» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің нысанында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Өрт сөндіру қызметінен 53 маман, 14 техника жұмылдырылды. Шараның мақсаты мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуардағы шартты өрт оқиғасы кезіндегі сала қызметкерлерінің өрт сөндіру жауынгерлік әдістерін жетілдіру. Сонымен қатар нысандағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің іс-қимылдарын және қызмет көрсететін жұмысшылардың өрт оқиғасы орын алған жағдайда өзін-өзі ұстауын жетілдіру.
НҰРЛАН ЖАНӘБІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Қазір өрт татикалық оқу жаттығу ұдайы түрде жүріп жатыр. Белгіленген кестеге сәйкес, бүгін Белкөл кентіндегі «Нұрназар» ЖШС нысанынды өрт-тактикалық жаттығу жүргізілді. Өрт-тактикалық оқу жаттығуға 8 техника 40 қызметкер жұмылдырылды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fmbCdJLgtv4?si=cjm0RpAMPSxb91op"
Маңғыстау облысы, Сайөтес ауылында апатты күйде тұрған екіқабатты 15 үй жөнделіп жатыр. Маңғыстау ауданы әкімдігі жариялаған мемлекеттік сатып алу конкурсын жергілікті құрылыс компаниясы ұтып алған болатын. Жоба құны 180 млн теңгені құрайды. Мердігер ескі үйлердің қасбетін жаз аяқталғанша жаңалауға тиіс.
Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген бұл баспаналардың бірінде Шапай Байболатов отбасымен тұрып жатыр. Жаңбыр жауса болды төбеден сорғалайтын сумен арпалысқаннан да әбден қажыған. Жөндеу жұмыстарының қолға алынғанына тұрғын қуанышты.
ШАПАЙ БАЙБОЛАТОВА ТҰРҒЫН: «Бұл үйде әуелден теміржолдың үйі ұқсаған шифері жоқ болды. Үсті тек битуммен жабылған. Битум ол тозады. Тесігін бітейміз, оның басқа жерінен жарылады. Қыстың аязы мен жаздың ыстығымен. Сонымен сол бітегенімізден пайда болған жоқ».
Бұл үйлердің жертөлесінің де жағдайы мәз емес. Кәріз, жылу және су құбырларына да қаржы салуды талап етеді. Ауыл әкімінің сөзінше, оған бөлек конкурс жарияланады. Бір мәселе бұрын теміржол, мұнай тасымалдау мекемелеріне тиесілі болған баспаналардың құжаты жоқ. Жауапты мамандар мәселе оң шешілетінін айтты.
САЛТАНАТ ДӘЛУОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ САЙӨТЕС АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:«Қалған жағы алдағы уақытта еншісінде деп есептейміз. Өйткені қазір тендер дейміз ғой. Жеңімпаз әзірге осыған келісіп тұр. Қаржының бөлінуіне, өзінің мүмкіндігіне қарай. Қасбеті жөнделгесін сұраныс бойынша подъезді де қосып отырмыз. Соған келісіп, осы 15 үйді жасауға жұмыстанып жатыр».
ЕРШАТ ЭЛЬБРУС МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «18 үйдің 8-ін аяқтадық. Қазіргі таңда 5 үй жасалып жатыр. Қыркүйекке дейін мерзіміміз бар. Мерзімге дейін аяқталатынына кепілдік береміз. Үйдің сырт келбеті, яғни фасады, сосын шатырының ағашы металочерепицаға түгел ауысады».
Дәл осындай жағдайдағы 3 үй биыл сүріледі.Тұрғындарға уақытша панажай табуға кеңес берілген. Жоспар бойынша алдағы уақытта жер телімі бөлініп, жаңа баспаналар салынады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 363 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gs-Qhz6AcDk?si=hZcPIQQddm0-djRN"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 509 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lPrc4zdc_e8?si=59tLuyGqsS65_Kcr"
Алматы облысында қазақ күресінен «Алатау арланы» турнирі өтті. 9 аудан мен Қонаев қаласынан 28 балуан қатысқан аймақтық жарыс, Астана күніне орай елордада өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу кезең болып табылады. Боз кілемде білек сыбасқан палуандар сайысына арнамызда қатысып қайтқан еді.
Жарыста танымал турнирдің облыстық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 28 палуан «Alatau Arlans -2024» алтын белбеуін сарапқа салды. Дәстүр бойынша жарыстың салтанатты түрде шымылдығы түріліп,ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар облыс чемпионатының барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.
ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Әр ауданның бетке ұстар палуандары бүгін жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салады деп ойлаймын», - деді өз сөзінде жарыстың бас төрешісі Қапар Рауанов. Қазақтың ұлттық күресінің дамуына зор үлестерін қосып жатқан ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
ҚАПАР РАУАНОВ БАС ТӨРЕШІ
Облыс біріншілігінің чемпионы Мәди Еділбаев «алтын белбеу» иегері атанып, 5 миллион теңге ақшалай сыйлықпен, күміс жүлдегер Оріс Адибан 1 000 000 теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар екі палуан шілде айында Астанада өтетін финалға жолдама алды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 374 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KGWl94MnTGc?si=J7L3ZPaHq6LyZQtq"
БҚО-да өкінішке орай тағы да ана мен бала өлімі орын алды.Қайғылы оқиға Жаңақала аудандық ауруханасында тіркелген.36 жастағы аудан тұрғынының бұған дейін 3 ұлы болған және оларды өзі босанған.Толғағы қысқан жүкті әйелді облыс орталығына жете алмаған соң аудандық ауруханада босандыру туралы шешім қабылданған.Оған кесір тілігі арқылы ота жасалыпты. Алайда келіншек ота үстелінде оянбай, бақилық болған.Сәбиді де құтқарып қалу мүмкін болмапты. Бүгінде қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Мән-жайдың анық-қанығы тиісті сараптамалардан соң белгілі болмақ.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ БҚО ДП БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 349 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6E5ODnvrPBs?si=QX9ShMBR3bmX1XHS"
Батыс Қазақстан мен Атырау облысына су тасқыны кесірін тигізссе, Маңғыстауда Атамекен ауылындағы мыңнан аса үйді жер асты суы алып жатыр. Кәдімгі жер түбіндегі көзден көтеріліген ылғал үйдің ішіне кіріп, құдық пен сырттағы дәретханаларды толтырып тастаған. Жаңбыр жауған күндері төбеден түскен жауын мен жер астының суы тоғысып, көше мен аула лық толады екен. 2016-шы жылдан бері шешімін таппаған мәселені жергілікті билік білетін көрінеді. Бірақ, нәтижие жоқ.
Бұл Ниязбай Отарбаевтың ауласындағы көрініс. Құдықтың сиқы мынау, лас суға лық толы. Аулаға жиналған жер асты суының деңгейі балтырдан келеді. Зейнеткер қазір баспанасын тастап, қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі ылғал, үйдің ішіне өтіп кеткен. Бірнеше мәрте су сору көлігін шақыртқанымен пайдасы болмаған.
НИЯЗБАЙ ОТАРБАЕВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:
«Ішіне тұру мүмкін емес. Ылғал, сырост, адам ауру табады мынаның ішінен. Қазір полдан су көтеріліп жатыр. Мен кеттім бұл жерден. Не істей аламын? 2008 де осы үйді салдыққо. 5-6 жыл болды кеткеніме. Үйді келіп қарап тұрамын. Хабар алып тұрамын».
Бұл төртінші сәбиін босануға ай күні жетіп отырған Мөлдір Жылданбаеваның баспанасы. Үйдің іші сыз тартып, қабырғалары сөгіліп тұр. Барар жері, басар тауы болмағандықтан осы үйде тұруға мәжбүр. Мөлдір үш баланың анасы. Кішкентайларын аула ішіне ойнауға жібере алмаймын, - дейді ол. Себебі ойын баласы суға құлап кетема деп алаңдап, көзден таса қалдырмай бағып отыр.
МӨЛДІР ЖЫЛДАНБАЕВА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Ай сайын су басады үйді. Анау бөлме толы су. Мына полымыз түсіп жатыр. Ағашты бетіне қойдық. Кателды цементпен бітедік. Суды сатып аламыз. Құдығымыз былғанып кетті. Балдар ойнай алмайды есік алдына»
Ал мынау ауылдағы мектептің маңы. Айналасы батпақ болып кеткен. Қамыс өсіп, шыбын-шіркейлер жиналған. Тұрғындар осы жер асты суы ауладағы құдық пен әжетханаға дейін өтіп кеткенін айтады.
ТАҚТАГҮЛ ӨТЕМҰРАТОВА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Үйде су шығып жатыр, су. Полдың асты су, аула су, туалетке адамдар бара алмайды. Сол үшін біз көмек сұраймыз. Телевидениені шақырып жатырмыз. Біздің жан айқайымызды естісін деген үміттеміз. Бізге көмек керек. Бізге канализация керек. Бізге дренажный система керек».
ЖОЛЖІГІТ ИМАШЕВ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Ішер суды амал жоқ, бізде былай. Мына орталықтан келетін құдық бар, сулар келетін. Ол күніне 2-3 сағат су береді. Біз оны өзіміздің есік алдындағы құдығымызға құйып аламыз. Одан кейін біз пайдаланамыз. Бірақ, біздің құдықтарымыздың ішіне сол жер асты суымен қосылып, туалеттің, септиктің сулары қосылып, бетімен бірдей болып толып тұр. Бұдан өте үлкен аурулар тарайды. Бізле сол суды ішуден басқа амалымыз жоқ. Сондай суды ішуге мәжбүрміз».
Айтулы мәселеге жауапты аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаевпен сұхбаттастық. Айтуынша бұл жағдай күн тәртібінен түспей тұрған басты проблемалардың бірі екен. Кәріз бен су ағар жүйесін салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысын күтіп отырғандарын айтты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 285 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2dYCPt0MTU4?si=1IEHOFRkd0vT6b6t"
Терроризм идеясын насихаттады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Ұстау операциясына арнайы прокуратура органдарының мамандары мен жергілікті полиция өкілдері де қатысты. Күдікті бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған азамат болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу кезінде заттай дәлелдемелер алынды. Егер қылмысы дәлелденсе, жеті жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айырылады деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 303 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1ovL5EB-bOo?si=9JYg1Kc3NidfRLFL"
Қызылорда өңірінде жедел құтқару жасағының кинологиялық есеп топтары арасында 2024 жылғы 22-23 мамыр аралығында сертификациялық сынақ өткізілуде. Сынаққа 3 кинологиялық есеп 4 құтқарушы ит қатыстырылды.
Жеті қазынаның бірі саналатын ит – адамның ақылды досы қызметте – жолдасы. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда он мың есе артық, ал есту қабілеті 10 есе жоғары. Сынақтың алғашқы күні голден редривер тұқымдас «Коди», неміс овчаркасы «Спартак» және бельгиялық овчарка «Яра» және «Рапита» лақап атты қызметтік иттер тіл алу және шапшаңдылығын тексеру кезеңі бойынша сынаққа түсті.Аталған шараға Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі арнайы қатысып, кинологтарға сәттілік тіледі.
НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Екі күнге жалғасатын шарада қызметтік иттер табиғи ортада және техногендік ортада қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділері ортасында іздестіру-құтқару кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Сынақ соңында міндеттерді мінсіз жүзеге асырған кинологиялық есептопқа сертификаттар табысталады. Осылайша құтқарушы иттер төтенше жағдай кезіндегі кез-келген іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, адам өміріне араша түсуге мүмкіндік алады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 400 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/b3sIkmliRLs?si=H5EWFw81YakEqpY9"
Елімізде жұмыссыз жүрген әйелдер көп. Осылай деп дабыл қаққан сенаторлар әйелдерді қолдау орталықтарын шұғыл ашу керек деп санайды. Онда бүгінге қажетті мамандықтар оқытылып, жеке кәсіпке баулу қажет деді.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«90-жылдардың басындағы ауыртпалық аналардың иығына артылды. Алақап арқалап, базарға шықты. Отбасын асыраушы әйелдер көбейді. Статистикалық деректерге сәйкес бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздар саны 452 069 адамды құрайтын болса, олардың 242 173-і әйелдер екен. Яғни жұмыссыздардың тең жартысы әйелдер қауымы. Бұл дерек үкіметті ойландыра ма? Әйгілі Маргерет Течердің істі талқылағыңыз келсе, ер адамға жүзеге асырғыңыз келсе әйел адамға барыңыз деген сөзі бар. Осы сөз қазіргі қазақтыңіскер қыздарына қарата айтылғандай көрінеді маған».
Айтпақшы бүгін Сенат депутаттары Мәжілістен келген кредитке қатысты өзгеріс енген құжатты қарады. Бұл заң бойынша енді жұбайының рұқсаты болмаса, несие берілмейді. Жоғары палата депутаттары бұл норманы мың айлық есептік көрсеткіш деп белгілеп отыр. Ол 3 млн 700 теңге. Осы сомадан артық кредит аламын десеңіз, міндетті түрде енді екінші жартыңыздан рұқсат керек болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 286 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pYAJmMoqqNY?si=ISJTjMlkGrSpIo2K"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасына жұмыс сапарымен барды.Онда Қазақстан Президенті бір қатар кездесулер өткізіп,келіссөздер жүргізді.
Сингапурға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Istаna» сарайында Президент Тарман Шанмугаратнам күтіп алды.Келіссөздердің алдында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Мемлекет басшысы Президент сарайындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев сапары барысында Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы көпжылдық ықпалдастыққа жоғары баға берді. Қазақстан Президенті Сингапурдың өте қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бұл елдің әлемдік экономикада жетекші орын алатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сингапурға алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдіріп, ол үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көпжоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лоуренс Вонгты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды:

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 341 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jyMMi03caK8?si=CPuJtjeKsAsY4IYl"
Тағы басқа мақалалар...
79 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.