
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 308 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mMRt4fjIWw4?si=6-550F-IAZegbjMd"
Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Алматыда бас қосты. Онда Ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады.
Тараптар ұжымдық күштерін бірлесіп даярлау, әскери техникамен жарақтандыру бойынша бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды. Құжаттардың кейбірі бітімгершілік контингенттерін дайындауға қатысты. Сондай-ақ олар тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша да келісімге келді. Маңызды кездесуден кейін ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Алматыдағы 28 Панфиловшылар паркінде екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған батырлар рухына арнап гүл шоқтарын қойды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 385 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TZJpzCXIyag?si=Y7ehyJl-MqEhOISO"
Бағбандардың өсірген өнімі жергілікті жердегі дүкен сөрелерінде сатылу керек. Маңғыстау облысының әкім Нұрдәулет Қилыбай аппараттық жиында жауаптыларға осындай тапсырма берді. Сондай-ақ ауқымды жиында өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мәселелері қаралды. Бұдан бөлек қалалар мен елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру шаралары бойынша жауаптыларға ауқымды жұмыс жасау керектігін айтты.
Маңғыстауда 16 наурыздан бастау алған сенбілікке 26 467 адам қатысып, 286 жүк тиеуші және тасымалдаушы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 556 тонна қалдық жиналды. Сондай-ақ, 110-нан астам мекеме мен студенттер 52-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан аймақтарда абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырыпты. Деседе жасалған жұмыс әлі де шикі. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай бір ғана Ақтаудың айналасында алынбай жатқан қоқыстар бар екенін айтып, жауапты тұлғаларға шегелеп тұрып тапсырмасын берді.
НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Неге осындайда жандарыңыз ашымайды қалаға? Неге сол көліктерді тауып алып, сол құрылыс мекемелеріне айыппұл салмайсыздар»? -Айналысайын. «Айналысайын емес, сіздер айтқаннан кейін айналысасыздар. Барып қараңыздар, анау жерді не болып жатқанын. Мына жерде үй салынды, мына жерде спорт кешені салынды, дальше шықсаң тау болып қоқыс үйіліп жатыр. Әкімшіліктің жұмысшысыз, екіншіден осы жердің тумасысыз, сонда емін еркін қарап өтіп кете бересіз ба? Жандарыңызға батпай ма? Сіздер көргілеріңіз келген нәрсені көресіздер, көргілеріңіз келмеген нәрсені көрмейсіздер. Мына Ақтау рахат болды. Апарып төгіп тастайды. Үш күн уақыт беремін, қандай көлік қоқыс төкті? Маған есеп бересіз»
Сондай-ақ жиын барысында өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Өңір басшысы Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік басқармаларына аудан әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді субсидиялау түрінде қолдау көрсету жолдарын қарастыруды және көмек көрсетуді тапсырды.
НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ « Жақында біздің шаруалардың бау-бақшасындағы алма ағаштары жемісін береді. Бірақ оларды ешкім сатып алмайды. Өйткені бағасы қолжетімсіз. Табиғи түрде өскен, нитраты жоқ алма керексіз болып, жерде шашылып жатады. Сондықтан, кәсіпкерлерге субсидия беріліп, Маңғыстауда өскен алмалар дүкен сөрелерінде тұруы керек. Сондай-ақ оның бағасы нарыққа сырттан келетін жемістердің бағасынан төмен болуы тиіс».
Аппарат кеңесінің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімі жасыл желектер мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 264 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jfSxcYNfqMA?si=Tuhmk9J5BOgkCkUO"
Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойылды. Салтанатты рәсімге Алматы қаласындағы зиялы қауым мен тұрғындар қатысты. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылған жоқ». Екінші дүниежүзілік соғыстың Кеңес одағы үшін аяқталған күнін осындай ұранмен қарсы алатын елдер бар. Бұл ұран біздің қоғамға да сыналап енгенімен, қазір мағынасы мен қолданылатын кезеңі өзгеріске ұшырап отыр. Қазақ қоғамы қазір бұл сөзді 9 мамырдан гөрі 31 мамырда жиі еске алады.
Өйткені, саяси қуғын-сүргіннің ашылмаған ақтаңдақтары әлі жетерлік. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясы 4 жыл бойы (2019-2023) жұмыс істеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 325 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yH7ibzYQjHQ?si=FFK0rqRPOZ36VTcI"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 348 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ltziZ1_RJfo?si=UNqBnwubhITxaNWX"
Үй құрылысына 5-6 жыл болсада не сыйқы жоқ, жүруге асфальты жоқ, коммуналдық мәселесі бастан асады, айналасы толған қоқыс. Осындай мекенде тұрып жатқан Ақтау қаласының 16-шы шағынаудан тұрғындары биліктегілерге шырылдай беріп жағымыз талды дейді.
16-шы шағынаудандағы "Құтты мекен" тұрғын үйі қала орталығында орналасса да, көлік қатынай алатын бір ғана кедір-бұдырлы жалғыз аяқ жол бар. Темірдің аяғы басқанмен, жаны бар жанның аяқ басып жүретін жолының жағдайы көңіл толтырарлықтай емес.
САЙЛАУ ТАХОВ ТҰРҒЫН «Бір барғанымда 2021 жылы болады деді,одан 22-де деді, Енді міне биыл 2024 жыл ғой. 24-тен де дәмете алмай қалып тұрмыз-ау. Мына жаяу жүргінші мен машина жолдың арасындағы мына Изалдың мына қапталын бітеп тастаған. 16-да мектеп жоқ. Ар жағынан баланы әкелеміз. Ана жаяу жүргінші бітеулі.Сосын мына машина жолмен жүреміз. Ал ол мәшіннің жолы ойқы-шойқы».
МЕРУЕРТ ҚАЛМАҒАНБЕТОВА ТҰРҒЫН «Бұл жерге даже бізге такси де келмейді. Мына жолдарыңыз жаман дейді. Алдында бір құм сеуіп кетті бізге, ол жаңбыр жауғанда шайылып тесіліп кетті.Біз жолды сұраған кезде бізге 2025 жылы салып береміз деп уәде берді. Оған да көнеміз, бірақ оған дейін ай сайын мына грейдерді жөндеп беріп тұрса деп сұраймыз. Себебі жаңбыр жауады ауа-райына байланысты жолдардың барлығы талқан болып жатыр».
«Асфальт төселсін» десе бірден орындалатын арман емес екенін жақсы түсінген тұрғындар, тым құрығанда жалғыз аяқ жолымызды ретке келтірсе игі еді дейді. Бұған жауаптылардың берген жауабы мынау болды.
МҰХИТ ЫДЫРЫС АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ «Мекеме мамандары және инженер-геодезистермен бірге жобаны зерделеу барысында жеке тұрғын үй салушы компаниялар өздігінен еш рұқсатсыз жер құжаттарын рәсімдемей тоқ,су, жылу желіллерін өздегіген жүргізгендері анықталды. Қазіргі таңда жоба қайта қаралуда. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары осы жылдың үшінші тоқсанына дейін басталады деп күтілуде».
Қарашаның қарауды талап етіп отырған жұмыстың бірі - 79 бен 93-ші үйдің арасындағы бос жатқан жердегі үлкен жыраның ішін қоқыстан тазарту.
ЖАҢАГҮЛ РЫМҒАЛИЕВА ТҰРҒЫН «Келіп жатқан әкім мырза бізге қолға алып назарына ұстап ең болмаса мына жолды ай сайын күретіп, мердігер болсы, мына салып жатқан застройщик болсын или бір мемлекеттік мекеме болсын бізге көмек беруін сұраймыз. Қарайған халық тұрамыз. Балалырдың денсаулығы, қауіпсіздік. Бұл жерде көп мәселе жатыр. Соны шешіп беруін сұраймыз».
Коммуналдық мәселе депуттардың ауылына дейін жолданған.
КИІКБАЙ ЕШМАНОВ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ «Бүкіл жол мәселесін шешу үшін алдымен әрбір үйге келіп тұрған газы бар, су, тоғы бар соалрдың барлығын ретке келтіріп алу керек. Себебі әркіи ойына келгеніне істеген. Тіпті салған үйн, айналасындағы алаңшаларының құжаттарын әлі күнге дейін реттемеген. Сол себепті жол салуға қиындық туғызып тұр».
Құрылыс компаниялардың қол сілтеуінің кесірінен асфальт төсеу жұмыстары тоқтап тұр. Ал, әкімдіктегілер жол салынғанша грейд төсеуге жағдайласатындарын айтты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 391 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W7MwDeST3cs?si=E9CXI-R_lesKvz5H"
Алматы қаласы Әділет департаменті мамандары «Zielenski & Rozen” компаниясының сенімхат негізіндегі өкілінің арыз шағымы негізінде жыл басынан бері 10 кезектен тыс тексеріс жүргізген. Тексеріс барысында жалпы сомасы 2 910 500 теңгені құрайтын 300 дана контрафактілі өнім тәркіленген. Аталған заттарды рұқсат қағазы бар,экологиялық талапқа сай арнайы мекемеде жою шаралары жүргізілді.
ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан бастап аталмыш департамент мамандары бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша 40 әкімшілік іс қозғаған.
ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 347 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/k3WkoNHkJCo?si=fmm86XrYfeuKu4g5"
БҚО-ның Казталов ауданы Көктерек ауылының әкімдік қызметкерлері 7 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп хабарлайды аудандық прокуратура өкілдері. Жағдайға үңілсек әкімдік есепшісі соңғы 3 жыл бойы өзіне артық сомада жалақы аударып отырған. Қазір арнайы тергеу жұмыстары басталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
ЕРМЕК ДЖАМАЛОВ БҚО КАЗТАЛОВ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 290 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FooVIizGa50?si=5gFMq1B6KIHHU6dr"
Сирек кездесетін ауруға шалдыққан балалар дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін. Себебі, Денсаулық сақтау министрлігі "орфон" деп аталатын дәріні сатып алуды енді өз міндеттерінен алып, қайырымдылық қорларына жүктемекші. Міне содан бірнеше уақыт бойы балалар күнделікті қабылдауы тиіс дәрілерді ала алмай отыр. Әлем бойынша сирек кездесетін кесел түрі көп. 7 мыңнан аса түрі тіркелген. Ал, Қазақстанда 24 мың ем алушы тіркеуде тұр. Оның 13 мыңға жуығы бала. Бүгінде соның тек 389-ы «Қазақстан халқы» қорынан қымбат препаратты алады. Сонда қалған науқастар қайтеді деген қоғамдық ұйым мүшелері дабыл қағып отыр. Олар талап ескерусіз қалса, ата-аналар жиналып көтеріліске шығуға дайын дейді.
САБИЛЯ ШҮГЕЛОВА «ӨМІРГЕ СЕН» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Мемлекет сирек кездесетін аурумен ауыратын науқастардың дәрі-дәрмегіне қаражат бөлмей отыр. «Қазақстан халқына» қорына бұл міндеттемені жүктеген. Ал, ол қордан бар болғаны 389 науқас дәрі ала алады. Ал, қалған 23 мың адам сонда қайтеді? Егер денсаулық сақтау министрлігінің өз бюджеті аздық ететін болса, қаржы министрлігі осы мәселені шешуге бюджет қарастыруы керек. Бүкіл әлемде осындай сирек кездесетін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 5 пайыз бюджеттің ақшасы жұмсалады. Ал, бізде ол бар болғаны 2,8 пайызды құрайды. Ол тым аз. Сондықтан, қаржыландыруды оңатайландыру керек. Егер біздің осы талап орындалмаса, қаншама баланың өмірі қыршыннан қиылғалы тұр. Ол дәрілерді ата-аналар өз ақшасына сатып ала алмайды. Себебі, олар тым қымбат».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 303 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nAalLU84-kw?si=5WmDsJb0e4C_ZLzR"
Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиялық маусым басталғалы бері 250-ге жуық адамды кене шаққан. Оның 70-тен астамы14 жасқа толмаған балалар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға төмен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары кене шағудың салдары қауіпті екенін айтады, өйткені кене вирустық энцефалитін немесе Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтыруы мүмкін.Кенелер ерте көктемнен күздің соңғы айларына дейін белсенді. Әсіресе мамыр, маусым айында олардың саны күрт өседі. Тау, орман, қала маңында, табиғат аясында демаламын деп шешсеңіз жеңі ұзын, денені жауып тұратын ашық түсті киім киген жөн. Паразит жәндік шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек медициналық көмекке жүгіну керек. Себебі оның арты тіпті адам өліміне де әкеліп жатады.
ҒАЛИЯ СЫЗДЫҚОВА СҚО №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІ: «Кене шағып алғанын байқаған жағдайда бірден медициналық мекемеге, травматикалық пункт көмегіне жүгіну керек. Дәрігерлер тиісті көмек беріп, алдағы үш апта бойы бақылауға алады. Ал кененің өзі зертханаға жіберіледі. Негізі паразит жәндіктер шаққан кезде бәрінде бірдей ауру бола бермейді. Себебі кененің бәрі бірдей ауру таратпайды. Бірақ кейде адамның қызуы көтеріліп, денесінде бөртпелер пайда болып жатады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 390 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KI6vDNiTKpE?si=SVoTevicTYrdDdTR"
Маңғыстау және Ұлытау облыстарында электр желілері әбден тозып тұр. Бұл тізімді Алматы облысы да толықытырады. Мұнда тоқ беретін трансформаторлар әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан Қонаев қаласында 5 бірдей қосалқы станция салыну керек. Бұл уақыт күтпейтін мәселе. Әйтпесе, күллі Алматы облысы жарықсыз қалу қаупі бар. Бұл туралы Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев мәлімдеді.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Электр беру желілері тозған және өткізу мүмкіндігі шектеулі. Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша алдағы уақытта трансформациялық қуат пен одан әрі бөлу үшін Қонаев қаласында 5 жаңа қосалқы станция салу жоспарда бар, 2024 жылы 7,5 мыңнан астам жұмыс орынын құру мен 52 жобаны іске асыру көздеген. ҚР энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Самұрық-Энерго, Кегог, ҚазақГазбен бірлесіп жүйелі операцияларға қуатты арттыру мәселелерін шешуді және қосалқы станцияларды салуды өте батыл және шұғыл шаралар қабылдау қажет деп білемін».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 321 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/s0m_QJ9IwXo?si=OcNN838LDjiSbPA6"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6-vg65NFav4?si=0gCFYsG202jJeL_K"
Алматыда «Қазақстан-Бельгия» Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Шараға Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік және жеке шаруашылық субъектілері басшылығының өкілдері мен 20-дан астам бельгиялық компания қатысты. «Бенилюкс» сауда палатасының бас директоры Әнуар Құржықаевтың айтуынша, Бельгия Қазақстан үшін Еуропалық одақтақтың негізгі серіктесі. 2023 жылдың қорытындысы Қазақстан мен Бельгияға арасындағы тауар айналымы 523,7 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Қазақстандық өнімдердің Бельгия нарығына экспорты 220,7 млн доллар, Бельгиядан импорты – 303 млн доллар болды.
ӘНУАР ҚҰРЖЫҚАЕВ«БЕНИЛЮКС» САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
«Былтыр Бельгиядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,006 млрд АҚШ долларын құрады. 2013 және 2023 жылдың бірінші тоқсаны аралығында ТШИ көлемі 10,2 миллиард доллардан асты. Осылайша,Бельгия Қазақстанның экономикасына ірі инвесторлар тізімінде 6-шы орында тұр.Бүгінгі таңда Қазақстанда 70 бельгиялық компания жұмыс істейді».
Тағы басқа мақалалар...
76 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.