
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 500
https://www.youtube.com/embed/r81BWfJR3Qc?si=i8fQs9PEoxSPV4Qb"
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылы 46 миллиард доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы үндеу жариялады. Ол бүкіл әлемдегі, соның ішінде басып алынған Палестина аумақтары мен Судандағы дағдарыстардан зардап шеккен миллиондаған адамдарға беріледі.
Баспасөз мәслихатында БҰҰ-ның көмек көрсету жөніндегі басшысы Мартин Гриффитс келесі жылы 300 миллионға жуық адам қолдауға мұқтаж болады деді. Бұл қақтығыстар, климаттық төтенше жағдайлар және экономикалық факторлардан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына қатысты. Бұған Шығыс және Оңтүстік Африкадағы 74 миллионнан астам адам кіреді. Соның ішінде дағдарысқа ұшыраған Суданда бар.
МАРТИН ГРИФФИТС БҰҰ ТӨТЕНШЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ: «2024 жылы әлемде мұқтаж 300 миллион адам болады. Біз оларды санадық, тізімдер жасадық, талдадық, кімге не керек екенін қарастырдық. Көмекке мұқтаж 300 миллион адам болады».
Дегенмен, Гриффитс басқа ұйымдар, соның ішінде Қызыл Крест және Ұлттық Қызыл Крест қоғамдарын қаржыландыруға өз өтінімдерін бергенін атап өтті. Сонымен бірге гуманитарлық жүйе күрделі қаржы тапшылығына тап болды. БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі хабарлағандай, көмек көрсету шараларына қажет 57 миллиард доллардың үштен бірінен сәл астамы өткен жылы қаржыландырылды. Гриффитс мұны «жылдардағы ең үлкен қаржыландыру тапшылығы» деп атады. Ол 2024 жылға арналған соманы қысқарту және көмек агенттіктерінің өтінімдерінің шынайы және мақсатты болуын қамтамасыз ету қиын болғанын айтты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 539
https://www.youtube.com/embed/kDFmvTzQW6A?si=6u9COm8dGw1giyLY"
12 мен 16 желтоқсан аралығында өтетін ХІ Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі басталды. Жылдағы дәстүрге сай фестиваль Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Байқау Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында салтанатты түрде режиссер Елдар Қапаровтың Соғыс тұтқыны тарихи драмасының премьерасымен ашылады.Биылғы фестивальге қатысу үшін Испания,Франция,Румыния,Польша,Иордания,Үндістан және басқа елдерден 500 ден астам өтінім келіп түскен.
СЕРГЕЙ АЗИМОВ КИНОРЕЖИССЕР,ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Биылғы жылы Бастау дебюттік толықметражды көркем фильмдерінің халықаралық байқауы ерекше өткелі отыр. Оған бүкіл әлем бойынша А класындағы ірі кинофестивальдерге қатысқан 10 картина кірді. Ал еліміздің атынан Максим Акбаровтың «Степь» және Дәулетжан Махмұттың «Глобус» атты фильмдері сынға түскелі отыр.
БОЛАТ ҚАЛЫМБЕТОВ КИНОРЕЖИССЕР,АКТЕР
Конкурстан тыс бағдарламалар да қызықтарға толы болмақ. Байқау аясында қысқаметражды көркем және деректі фильм жобаларының жеңімпаздарын ақшалай сыйлық күтеді. Барлық көрсетілімдер Арман киноорталығында өтеді. Кіру тегін.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 534
https://www.youtube.com/embed/vL91MX6kuYg?si=50fFfnjTsImXEFkj"
Алматыда қарды тазалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ақ ұлпаны тазарту жұмыстары жүріп жатқанымен,шаһар көшелерінің басым бөлігі қардан көрінер емес. Мамандардың дерегі бойынша таулы жерлерде 13-15 см қар түскен.
Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының бірге еріп жүруімен қарды тырмалау бойынша сыпыру-жинау машиналарының 17 колоннасы ұйымдастырылды. Магистральдық көшелерден 635 м3 қар сыртқа шығарылды. Жалпы қардан тазарту жұмыстарына 50 жедел патрульдік бригада, 325 бірлік арнайы техника, оның ішінде 167 құм таратқыш, 1154 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
ЕРКІН ӨТЕГЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Нақты санға сүйенетін болсақ, 11 желтоқсанда кешкі сағат 8-ден, 12 желтоқсан таңғы 6-ның арасында 33 жол оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 4 жол оқиға адамдар зардап шекті. Қайтыс болғандар мен көз жұмғандар жоқ. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өте төмен».
ҚР заңына сәйкес, барлық жүргізушілер 1 желтоқсаннан бастап жүргізушілер жазғы дөңгелектерін қысқы мерзімді дөңгелектерге ауыстыруы керек. Ауыстырмаған жағдайда, айыппұл салынып, әкімшілік шаралар қолданылуда. Сонымен қатар, Алматы-Ташкент трассының тек бір бөлігі қардан тазартылған. Осыған байланысты, жүргізушілердің пікірлерін біліп қайттық.
ЖҮРГІЗУШІ: «Жолда жүрміз ғой барлығымыз. Жол өте нашар тазаланған. Қанша адам жүріп жатыр. Өте қауіпті жол. Бір ғана полосамен жүріп жатыр. Жанымыздан өтетін машиналар тақалып өтіп жатыр. Үлкен машиналар жүрсе мүлде өте алмаймыз. Жолдың тазалығы нашар».
ЖҮРГІЗУШІ: «Мынандай ауа райында ара-қашықтық деген бар. Ұстауға тырысамыз ғой. Біреуді соғып кетсек, прав болсақ та, біздікі дұрыс болса да шығын шығады да ол қалай болсада».
«Қазгидромет» болжамы бойынша қар 15 сағатқа дейін біртіндеп жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы минус 10 - 12, кешке -16 градусқа дейін төмендейді. Түнде минус 23- 25 градус аяз. 13 желтоқсаннан 14 желтоқсанға қараған түні минус 25- 27 аяз болады деп күтілуде. Сондықтан мамандар, коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында тағы да автокөлік жүргізушілердің жолды қардан тазартуға түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді және жеке автокөлікті жол жиектеріне қоймауды сұрайды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 528
https://www.youtube.com/embed/8wWyUROnLks?si=0RNrUEywfXvvR9GJ"
Ақтауда магистральді құбыр жарылып, салдарынан қаладағы 16 бірдей шағын аудан мен балабақшалар жылусыз, ыстық сусыз қалды. Ескірген желілер жоғары қысымға төтеп бере алар емес - дейді мамандар. Күні кеше жарылған құбыр 40 жылдан бері жөндеу көрмеген екен. Қара суықта бүрсең қаққан ақтаулық тұрғындар шаруаның тездетіп шешілуін талап етіп отыр.
Жылу жүйесін қалыпқа келтіру үшін жедел штаб құрылып, мамандар түн ішінде 9 метрлік құбырды ауыстырған. Қара суықта бүрсең қаққан ақтаулық тұрғындар магистральдық желілердің әбден тозғанын айтып шағымданды.
«Мен төменгі ықшамауданда тұрамын. Ол жерде қазір жылу бар. Ал жоғарғы шағын ауданның көп жерінде жылу жоқ. Мысалы мына жердің дәл осылай қазулы күйде тұрғанына бір ай болады. Ал мына екі араны кеше қазды. Ыстық су жайылып, көлік қозғалысына кедергі келтірді».
Биліктегілердің сөзіне сенсек, апат болған магистральдық желі 40 жылдан бері ауыстырылмаған. Оған қоса, шаһардағы жылу құбырларының 72 пайызы әбден тозған екен. Ал коммуналдық қызмет мамандары ескірген желілер жоғары қысыммен берілетін жылуға шыдамайтынын айтты.
ИСЛЯМ ҮСЕНОВ - «КАСПИЙ ЖЫЛУ, СУ АРНАСЫ» МКК БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл магистральдық құбыр болғандықтан, гидравликалық соққының алдын алу үшін және оның жарылмауы үшін құбырды біртіндеп толтырып жатырмыз. Толық толтырып болған соң, жылу қысымын көтереміз. Содан кейін қызмет көрсетуші компаниялар өз тарапынан жылу түйінін ашып, құбырдағы ауаны қалыпқа келтіруі тиіс. Содан кейін тұрғын үйлер мен нысандарға жылу беріле бастайды».
Апатты жағдайдан кейін балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатқан. Барлық мектептер мен колледждер онлайн оқуға көшті. Ал Маңғыстау облысында ауа райы күрт бұзылды. Көктайғақ, бұрқасын. Қала мен аудандарды байланыстыратын тас жолдар жабылды. Себебі көлік қозғалысы қиындаған. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 561
https://www.youtube.com/embed/grPpm2WEp_U?si=pnTltMH-JIaeC-wc"
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында танымал кино және театр актері, режиссер « Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов алматылық оқушылармен кездесті. Шара барысында ол балалардың сұрағына жауап берді.
Алматыдағы №147 гимназияның оқушылары танымал актермен кездесуге тыңғылықты дайындалыпты. Көрерменнің көзайымына айналған Мұрат Ахмановтың өнердегі жолынан біраз театрландырылған көрініс қойып, Отан, Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі.
Өз кезегінде кино және театр актері оқушыларға ризашылығын білдіріп, Тәуелсіз елдің болашағы жастар екенін тілге тиек етті.
МҰРАТ АХМАНОВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ «Осы тәуелсіздік үшін қаншама қан төгіп, жан бергені туралы анық мағлұматты ала аласыздар. Біздің кезімізде ресейлік империяның ықпалымен солардың тарихын зерттеді. Біздің қазақ тарихы жұқа кітап болды. Ал, қазір қанша тарих ашылып жатыр. Осындай сахананы қойып жатқандарыңызға рахмет. Тәуелсіздік күні құтты болсын».
Кездесу барысында оқушылар шынайы қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, өнер адамынан толық жауаптар ала алды. Қатысушылар бұл іс-шараның маңыздылығына тоқталып, табысты адамдардың тәжірибесі өскелең ұрпақ үшін үлгі екенін жеткізді.
ДИЛЯРА САМАЛЫҚОВА ОҚУШЫ «Біздің мектепке танымал актер келді. Біз ол кісімен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Біз актердің өмір жолын үлгі тұтамыз. Бүгін сондай-ақ өзімізді қызықтырған сұрақтарға жауап алдық».
Мұрат Ахманов еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктеріне тоқтала отырып, Тәуелсіздік күнімен құттықтап, кездесу соңында оқушылармен естелік суретке түсті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 517
https://www.youtube.com/embed/HCrhlcOyeMg?si=PrvtfbdVPIx5CVlu"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 512
https://www.youtube.com/embed/zz0LLqzhz4s?si=uirtzWfcL77obyuS"
БҰҰ Мәдениет агенттігі итальяндық операны орындау тәжірибесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. ЮНЕСКО отырысы Африканың оңтүстігіндегі Ботсванада өтті. Комитеттің мәліметінше, итальяндық опера әні - бұл аудиториялар, амфитеатрлар, ареналар және шіркеулер сияқты акустикалық кеңістіктерде дауыс күшін арттыруды көздейтін ерекше орындау тәсілі.
ЮНЕСКО сонымен қатар итальяндық операның белгілі бір мимикамен және дене қимылдарымен байланысты екенін және музыка, драма мен актерлік шеберлікті біріктіретінін атап өтті. Роберто Аббонданца - итальяндық опера әншісі және Ассолирика опера әртістері қауымдастығының президенті. Ол 2011 жылы басқа әртістер мен бірлестіктермен бірге итальяндық опера әнін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра ретінде тануға өтініш берген. Ол БҰҰ агенттігінің бұл шешімі өнердің осы түрін сақтауға көмектеседі деп ойлайды.
РОБЕРТО АББОНДАНЦА ОПЕРА ӘНШІСІ: «Көптеген ескерткіштер сияқты оның да тозып бара жатқанын көріп отырмыз. Оны қалпына келтіру керек. Дәл осындай принцип операға да қатысты».
Атақты Ла Скала театры ЮНЕСКО шешімін тойлап үлгерді. Мұнда жаңа маусым Вердидің «Дон Карлос» операсының премьерасымен ашылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 564
https://www.youtube.com/embed/kR3-QudPYPc?si=l5OKhPLOEuVNzGz_"
Елімізге танымал академик,физика-математика ғылымдарының докторы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Мұхтарбай Өтелбаевтың 80-жылдық мерей тойына арналған семинар ұйымдастырылды. Шара, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында орын алды. Әлемдік математика ғылымында өзіндік орны бар азаматтың ғылымға сіңірген еңбегі орасан.Осыған орай, академиктің құрметіне байланысты арнайы орталық ашылған болатын.
АЗАТ ЖОЛАНОВА «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Профессор Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық тапсырмалардың бірін шешкен азамат.
Оған дейін осындай жетістікке Пуанкаре гипотезасын дәлелдеген Григорий Перельман ғана қол жеткізген болатын. Бүгінде ғалым,бас қаламыздағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Ғылым академиясында шәкірттер тәрбиелеуде.
МҰХТАРБАЙ ӨТЕЛБАЕВ АКАДЕМИК, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 566
https://www.youtube.com/embed/9s4gZXaWCkk?si=chuVj2s3pFd0TmbZ"
Ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ал, керісінше есірткі таратып жүргендер туралы ақпарат бергені үшін, ол адамға қомақты сыйақы берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты. Бүгін парламент депутаттары қоғам дертіне айналған нашақорлық мәселесін көтерді.
Елімізде есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар санының өсу тенденциясы байқалады. Депутаттар келтірген стастистикаға сүйенсек, 2011 жылы тіркелген қылмыстардың саны 4 360 болса, биылдың 10 айында ол 6 715-ке жеткен. 2011 жылы аталған фактілер бойынша 2 325 адам сотталса, биылдың 10 айында олардың саны 3 193-ке дейін өскен. Оның ішінде есірткі қылмысы үшін ұсталған 11 полицейде бар. Қазір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері наркотик сатуды бизнеске айналдырып жіберді дейді депутаттар.
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Телеграмның адрестері қоғамдық орындарда әлі де жылтырап тұр» дейді. Осыны тоқтатудың жолы бар ма? Өйткені «11 мың теңге төлесең, телеграм каналдағы администраторлар есірткіні үйіңе дейін курьермен әкеліп береді» дейді. Осыны шешудің жолы бар ма? Азаматтардың айтуынша, бір құпиясы – үнемі курьерлер ұсталмайды, есірткі тұтынған азаматтар ғана ұсталады. Осы құпияның шешімін біліп берсеңіз. Биылдың өзінде 11 құқық қорғау қызметкері есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін ұсталды. Депутат ІІМ басшысының мұның себебін сұрады. Құқық қорғау қызметкерлерінің айлығы жетпей жатыр ма? Жоқ әлде өздері нашақор ма деген сауал бар».
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«Полиция қызметкерлерінің жалақысы да барлығы бар, ол тек сатқындық».
Заңды қатаңдату қажет дегенді ішкі істер министрі де қолдайды. Енді ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«Синтетикалық есірткіні» өндірумен байланысты қауіп-қатерді ескере отырып, есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту туралы заңнамаға түзетулер әзірленді. Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар «есірткіні өткізу мақсатында бір топ адаммен және аса ірі көлемде әзірлегені және қайта өңдегені үшін жауапкершілікке тартылады, санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ұсынылатын түзетулерде осы әрекеттер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежеленеді».
Ал, депутат Абзал Құспан мұндай заң бұзушылықты болдырмау үшін, есірткімен күресті ішкі істер министрлігі жанынан емес, бөлек орган ретінде құру керек дейді.
АБЗАЛ ҚҰСПАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Мысалы әлемнің кейбір елдерінде осы есірткі бизнесіне қарсы арнайы органдар жұмыс істейді. Біздегідей, Ішкі істер министрлігі жанынан емес. Есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерінде тұрақты ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау үшін бірыңғай үйлестіруші мемлекеттік орган құру бойынша ұстанымыңыз қандай? Қадағалау органы ретінде қосымша қандай шаралар қолдану қажет деп есептейсіз?»
ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қазіргі министрлік (ІІМ – ред.) департаменттің жұмысын күшейтейін деп жатыр. Департаменттің жұмысын күшейткеннен кейін оның нәтижесін қарап, шешім қабылдауға болады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, күдікті жарнамаларды анықтау алгоритмін әзірлеу керек. Тағы бір ұсыныс, біз жемқорлықпен күрес мақсатында жемқорлық туралы ақпарат берген азаматқа сыйақы береміз. Осындай сыйақыны есірткіні таратып жүрген адам туралы ақпарат берген азаматқа беру туралы сұрақты қарастыруға болады деп ойлаймын».
Нашақорлықтан емдейтін мекемелердің жұмысына депутаттардың еш көңілі толмайды. Айтуларынша, ол жабық медұйымның жұмысын қатаң бақылауға алу керек. Ол жерден адамдар жазылып емес, қайта керісінше нашаға тәуелді болып шығады деген мәжілісмендер тиісті органнан қатаң тексеріс жүргізуін сұрайды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 525
https://www.youtube.com/embed/7SCt3Z2Wj0U?si=AeJ_wll5oIN6kO34"
Қостанайда газ балон жарылып, бір қабатты ғимарат құлады. Үйінді астынан шығарылған 40 жастағы ер адамның жағдайы тым ауыр. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен 7 адамды қалалық ауруханаға, 4 адамды Қостанай облыстық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда қалалық ауруханаға жеткізілген 3 адам орташа дәрежедегі жарақаты бойынша жатқызылды. Зардап шеккендердің, шамамен жасы 40-тағы ер адам ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Қазір барлық ем-шара жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 3 адам амбулаториялық ем алатын болады. Ал облыстық ауруханаға жеткізілген 4 зардап шегушіні ауруханаға жатқызуға негіз жоқ. Дегенмен бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Өкінішке орай, бір адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шегушілер саны 13-ке жетті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 631
https://www.youtube.com/embed/vcFOY2PBtC4?si=Yok-y8vjr5wQyvFh"
Ақмола облысының орталығындағы Сағдиев пен Сабатаев көшесінің бойындағы жылу құбыры жарылып, көпқабатты 15-ке жуық тұрғын үй мен 40-тан астам жекеменшік сектор жылусыз қалды. Апат кеше кешкісін орын алды.
Жексенбінің кеші көкшетаулықтарды әбден әбігерге салды. Ойламаған жерден жылусыз қалған қала тұрғындары күн-түн демей құзырлы органдарға хабарласқан. Әсіресе, қариялар мен балаларға қиын. Қазір шаһарда күн суытып, ауа температурасы 38 градус аязды көрсетіп тұр.
АНАСТАСИЯ ЛЮТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Кеше кешкісін пәтердегі батареялар жылымшы ғана болса, қазір мүлдем сұп-суық. Кешеден бері жылу жоқ, өте суық. Тоңып қалдық».
Зақымданған аумақты қалыпқа келтіруге «Көкшетау жылу» мекмесінің 30-ға жуық жұмысшысы мен 7 техникасы жұмылдырылды.
ЕРЖІГІТ ТҰНҒАТАРОВ «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазіргі таңда жылу құбырының ақауы толық жөнделді. Көпқабатты үйлер толық жылуға қосылды. 42 жекеменшік үй болған, соның 15-не жылу берілді. Қалғандарына қосу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз».
Үйлерге жылу берілді деген аты ғана. Пәтерлер әлі де салқын. Көкшетауда жылу құбырларының 47 проценті тозған. Келер жылы жылу магистральдарын жаңарту жұмыстары қолға алынады деп жоспарланып отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 562
https://www.youtube.com/embed/EVQSizyRqXA?si=xCiABiQZYBVsc9S3"
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестірумен "Қармет" кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 дерекке қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар, қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған. Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынған.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД ӨКІЛІ: "Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді".
Еще материалы
- Рим Бейжіңге «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шығатынын ресми түрде жариялады
- Қыста тауда, су қоймаларында жаяу жүру кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы баспасөз өтті
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында семинар өтті
- "Алатау ақпараты" Эфир 11.12.2023 Толық шығарылым!
Страница 165 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.