- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 118
https://www.youtube.com/embed/TbXQALTe0P8?si=o4JTxmXGbc5luxWL"
Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған Павлодарлық тұрғынды аман алып қалды. Кейіннен ол күйзеліске ұшыраған жүкті келіншек екені анықталды. Әйел өзінің ғана емес, ішіндегі әлі дүниеге келіп үлгермеген шақалағының да өмірін қимақ болыпты. Ертіс жағалауын патрульдеп жүрген полицейлер келіншектің көпірдің үстінде эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрғанын көреді. Содан әйелді алдап, сөзге тартып, райынан қайтармақ болады. Алайда, оған көнбегеннен кейін жедел әрекет етіп, қолынан тартып, көпірден түсіріп алып бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Қазір жүкті келіншектің жағдайы жақсы. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 129
https://www.youtube.com/embed/ZdgE0A25hLs?si=DZKRDKkGbE7V1kOi"
Алдағы уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты артады. Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының жұмысы да жанданады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға келген China National Petroleum Corporation Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесуінде айтылды. Кездесу барысында Олжас Бектенов пен Дай Хоулян «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының бірінші желісін салу және іске қосу бойынша табысты жүзеге асырылған бірлескен жобаны мысалға ала отырып, газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективаларына тоқталды.
Үкімет басшысы бірлескен кәсіпорындар табысты әрі экономикалық жағынан тиімді екенін айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр жергілікті тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен өзара тығыз іс-қимыл жасау арқылы жергілікті қамту үлесін кезең-кезеңімен ұлғайтудың маңыздылығын да атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 136
https://www.youtube.com/embed/Z1dBz1jrpxA?si=DYHqBSQ_sD5J2bnZ"
Бүгін Қазақстанның бас қаласы Астанада қарбалас. Есілдің бойында орналасқан Елорда халықаралық дәрежедегі меймандарды қабылдап жатыр. Еліміздің бас қаласына бірқатар елдің басшылары келді. Олар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екі күндік саммитіне қатысады. Келелі кеңеске 16 елдің Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Катар, Бірікке Араб Әмірлігі, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары жиналды. Алдын ала ақпарат бойынша Саммит аясында 20-ға жуық құжатқа қол қойылады деген жоспар бар. Олардың ең маңыздысы - Астана декларациясы болмақ. Себебі, бұл декларация ұйымның болашақта даму стратегиясын, мемлекеттердің бірлескен нәтижеге алып келетін қадамдарын айқындайды. Сондай-ақ саммиттің тағы бір ерекшелігі Қазақстанның бастамасы болатын есірткі айналымына қарсы 2029 жылға дейінгі стратегияға қол қойылады.
Ал, енді бір топ сарапшылар болса ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуі үлкен маңызға ие екенін атап айтып жатыр. Өйткені, осы сапрдан соң, Қазақстан мен Қытай арасында көлік-логистика саласында, Транскаспий дәлізін дамыту бойынша жобалар іске асырылмақ. Қысқасы, Астанадағы саммит Еуразиядағы тұрақтылықты, өзара келісімді, диалогты меңзейтін алаңға айналмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 132
https://www.youtube.com/embed/kMGyZSLol2A?si=_lijCOBxps9KLpKp"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 118
https://www.youtube.com/embed/z8QB1mRDp1o?si=YIy0MzH6Unkcvte5"
Бұдан былай елімізде жаңа сот сараптамасы енгізіледі. Ол сексуалдық cипаттағы қылмысты анықтау және педофильге химиялық кастрация жасау үшін қажет. Оған соңғы кездері жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбеюі себеп болуда. Бұл туралы бүгін Астанада әділет министрлігінде өткен брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли айтты. Айтпақшы, одан бөлек ресми өкіл «Өздерін сот орындаушы, әділет министрлігінің қызметкері» ретінде таныстырып халықты алдап жүрген алаяқтар санының көбейгенін ескертті. Сондықтан, алда-жалда осылай хабарласқан болса, ресми сайтқа кіріп жеке сәйкестендіру кодын жазып, бар ақпаратты тексеруге кеңес береді.
ТАЛҒАТ УӘЛИ ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу жұмысын бастады. Ресми өкіл жаңа сараптама не үшін керек екенін түсіндірді. Сараптама тексерілушінің жыныстық, психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқуы бар немесе жоғы, ауытқулар байқалса, ол нені білдіреді, педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе жоқ па деген сұрақтарға жауап береді. Жобаны іске асыру үшін Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусьте оқудан өтті».
Сондай-ақ брифинг барысында әділет министрлігінің ресми өкілі Талағт Уәли АҚШ сотының Храпуновтар мен Әбіләзовтен қайтарылатын ақша ісіне қатысты үкім шығарғанын айтты.
ТАЛҒАТ УӘЛИ ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «26 маусымда Нью-Йорктің оңтүстік округіндегі аудандық соттың 3 апталық тыңдауынан кейін алқабилер Ілияс пен Виктор Храпуновтарға, сондай-ақ олардың Мұхтар Әбіләзов пен Феликс Сатер сияқты сыбайластарына қарсы әкімдіктен ұрланған ақшаны жылыстату дерегіне қатысты 32 млн АҚШ долларынан астам сома бойынша бірауыздан үкім шығарды. Алайда, бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан түзетілуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, осы азаматтық істі Әділет министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің және “БТА Банктің” мүдделерін қорғау үшін 2019 жылы қозғаған. Оған негіз болған – негізсіз баю, ақшалай қаражатты заңсыз иемдену және қылмыстық шығу тегі бар ақшаны пайдалану фактілері болатын».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 148
https://www.youtube.com/embed/zC6Ex8JdwpM?si=GCn16gsWwdH_CNY0"
Ақтаудағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіндер тамақты таласып жеген. Оған себеп берілетін астың жеткіліксіз болуы.Үлгергені жеп, үлгермегені ас ішкендерге қарап отыруға мәжбүр.
Бұл жағдай шаһардың 9-шы ықшамауданындағы, нөмірі 29-шы балабақшада орын алған. Ата-аналар болған жәйтті бейнебақылау камерасына жазылған таспадан көрген. Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ал білім басқармасының өкілі аталмыш жағдайға қатысты тиісті комиссия құрылғанын мәлім етті. Топтың тәрбиешісінен түсініктеме алынған. Тәрбиеші жағдайды таңғы асты балалар үнемі жемей, тамақ қалып қойғандықтан азғантай салғандығымен түсіндірген. Тәрбиешіге тәртіптік шара қолданылған. Бөбекжай әкімшілігі ата-аналармен кездесіп, кешірім сұрапты.
ГҮЛМИРА МАМАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «29-шы балабақшадағы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Тексеру жұмыстары басталды. Қорытындысы зерделеуден кейін белгілі болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 163
https://www.youtube.com/embed/HxoiYQMdA0U?si=6_4MoGjx_TlGS1oY"
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеріп, қолма-қол жол жүру ақысын алып тастау мүмкіндігі қарастырылуда. Тарифтің көтерілуінің себебі не? Қарашаның қалтасына қаншалықты салмақ,осы мәселелер төңірегінде дайындалған сюжетке кезек берсек.
Алып шаһардағы жыл сайын көтеріліп жатқан жол ақысының себебін тасымалдаушылардың шығындарын жаба алмай жатқандығымен түсіндірді жауаптылар.
АЗАМАТ ЕШАНҚҰЛ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сондай ақ жол жүру ақысын қолма қол төлеммен жүргізу жолаушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Көтерілген тариф бұл мәселені шешуге де септігін тигізбек екен.
АЗАМАТ ЕШАНҚҰЛ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жол ақысының көтерілуі жайлы қоғамдық көлікпен күнделікті өмірі тығыз байланысты адамдардың пікірін білуге тырыстық. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін «Ашық Нормативтік Құқықтық Актілер» сайтында жарияланды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 164
https://www.youtube.com/embed/FF-sy8ZyEFc?si=8ohonWljLwkSFyJb"
Кезекті демалысқа шыққан депуаттар халықтың әлеуметтік жағдайымен қордаланған мәселелерді көзімен көріп,құлағымен естуге кірісіп кетті.Бүгін бір топ халық қалаулылары Алматы облысына қарасты Қарасай ауданына келді.
Халық қалаулыларының өңірлерді аралауды бастап кеткен жұмыстарының мақсаты, өңір тұрғындарының арыз-шағымдарына назар аудару болып табылады.Соның бірі жол сапасы. Айтулы жағдайдың жәй-күйін анықтау үшін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» ат басын бұрды. Сала мамандары атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерін баяндап берді. «Жол азабын жүрген біледі»,бүгінде тұрғындар мен көлік жүргізушілердің көңілдері күпті. Өйткені, Республикалық,облыстық жолдардың уақытына жетпей тоз-тозы шығуда.Бұдан бөлек, көлік қозғалысын реттеу үшін кедергі болып отырған тағы бір маңызды жағдай бар.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Ұлттық сапа орталығының мамандары жол сапасын анықтау мақсатында мынадай жылжымалы зертхана көлігімен тексеріп отырады.
ДАРХАН СИБАТОВ «ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕП ИНЖЕНЕРІ
ОЛЖАС УӘЛИ ЖУРНАЛИСТ
Айтулы мәселені депутаттар да жақсы білетін болып шықты.Себебі аймақ тұрғындарының тарапынан арыз-шағымдар қарша борайды екен. Көлік жүргізушілерін діңкелеткен жағдайды реттеудің амалын қарастыруда.Жергілікті азаматтардың кептелісте сағаттап тұруы, аспалы айналма жолдардың болмауы. Жоба да бар болғанымен,әлі жүзеге аспай отырғаны көпшіліктің наразылығын тудырып отыр.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Осыдан кейін депутаттар Алматы-Астана жолының Шамалған бекетіндегі темір жолын айналу өткелінің құрылыс жұмыстарымен танысты.Тоғыз жолдың торабы болған бұл жерде қауыр тірліктер атқарылып жатыр. Жауапты мамандар белгіленген межеде,кестеге сәйкес құрылыс шараларын аяқтаймыз деп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 109
https://www.youtube.com/embed/p_wlmmeMQJs?si=EH3fgpcA8YxoIf7N"
Қырғызстандағы ауыр жағдайдан қаза тапқан бауырларымыздың денесі ШҚО Өскемен қаласына арнайы бортпен жеткізілді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен қара жамылған үйге жедел штаб құрылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаев марқұмдардың жерлеу рәсімін өткізуді өз қолына алып, бақилық бүлдіршіндердің отбасымен кездесті. Сондай ақ, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары да қаралы үйдің мүшелеріне қайғыра көңіл айтты.
ТОМИРИС ҚАБАЕВА ШҚО ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Екі отбасының 4 баласы бір-бірлеріне туыс болып келеді. Екі баланың анасымен бірге Қырғызстанға қонаққа барған. Қыдыруға шыққан кезде, сел тасқынына түскен».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 136
https://www.youtube.com/embed/Gbf_gb4dI8g?si=X5LiWU_Ye9Tg6sTG"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 127
https://www.youtube.com/embed/sNlhWf5fgNI?si=bosDEKILRdSG7wma"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 441
https://www.youtube.com/embed/uuHuK5GPU70?si=xXjGiz83QhRJUzOw"
Алматы облысы,Шелек ауылында әлем кубогының иегері,Еуропаның екі дүркін чемпионы,Азия чемпионы,әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлының жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнир өтті. Осымен алтыншы мәрте жалауын желбіретіп отырған жарысқа арнамыздың тілшілері де қатысып қайтқан еді.
Еліміздің барлық өңірімен қоса көрші Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен 90 ға жуық спортшылар қатысқан доданың мақсаты тәжірибе алмасу, нағыз мықтыларды анықтап үлкен жарыстарға жол ашу. Жылдан жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан турнирдің жасөспірімдердің шыңдалуына да берері де арта түскен.
МЕДЕТ ӨМІШЕВ ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Әр жеңістің артында телегей теңіз тер,ерен еңбек жатады. Салауатты өмір салтын ұстанып,жүректерінде жалын оты жанған осы ауылдың тума перзенттері еліміздің намысын қорғап Азия чемпионатына жолдама алған. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген Елмұрат Қайыпжанов ағамыздың кеудесін жетістікке жеткен ізбасарлары үшін мақтаныш сезімі кернеді.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ ЕУРОПАНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ,АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Көк байрағымызды көкке көтеріп,еліміздің мерейін әлем алдында асқақтатып тұруына үлес қосатын жастарымыздың көбеюіне бүгінгі шараның берері мол.
Еще материалы
Страница 36 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.