НОВОСТИ

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақстандықтардың қай елдерде жұмыс істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Комитет төрағасы биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам қазақстандықтың шет мемлекеттерде еңбек етуге кеткенін мәлімдеді.
Оның ішінде:
Ресей Федерациясында –162 мың;
Польшада –13 мың адам;
Оңтүстік Кореяда – 6 мың адам;
Ұлыбританияда 5 мың адам жұмыс істеп жүр.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Асқарбек Ертаев Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдермен ондағы ҚР азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдер жасауға бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын да айтып берді.
Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда ел азаматтарын заңды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанды “Еңбекке рұқсат беру жүйесіне” енгізу мәселесі пысықталуда. Осы жүйе арқылы жұмысқа орналастыру migration.enbek.kz порталында тіркелу арқылы жүзеге асырылады.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы
Бұл туралы Ақорда жазды.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады”, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Украинада мемлекеттік мереке 1991 жылы белгіленген.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай ауылдық округіндегі орта мектепте жалғыз ғана оқушы білім алады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, Кенбай ауылындағы бір ғана оқушысы бар мектепте 15 маман жұмыс істейді. Жалғыз бала 3-сыныпта оқиды.
Білім басқармасы мамандарының айтуынша, сол бір бала үшін бүкіл мектепті ұстап тұруға қомақты қаржы кетіп отыр. Әрі тиімсіз екен. Осыған орай бұл мәселені шешу күн тәртібіне қойылған.
Тіпті аталмыш мектепті осыдан 3 жыл бұрын жөндеу үшін 30 миллион теңге жұмсалған.
Мектепті жабу мәселесі де білім басқармасы тарапынан қозғалған. Алайда тұрғындар мектеп жабылса, ауылдағы тіршілік тоқтайды дейді. Ал мектепті алып қалу немесе жабу мәселесі әлі шешілген жоқ.

Президент АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасын қабылдады
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.
“Америка Құрама Штаттары жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қаруды таратпау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және демократиялық құндылықтарды ілгерілету ісінде әрдайым біздің еліміздің стратегиялық серіктесі саналған. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік ойлаймын. Әйтсе де екі елдің мүддесіне сай келетін салалардағы өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін алға қарай жылжуымыз керек”, – деді Президент.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында «С5+1» форматында өтетін АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы саммитіне шақырғаны үшін Президент Джо Байденге ризашылығын білдірді.
Гэри Питерс Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
“Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мемлекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді. Бұл пікірімді Президент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол Сізбен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға оң ықпал етеді деп ойлаймын”, – деді АҚШ сенаторы.
Кездесу барысында сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Медиа-портал дерегіне сүйенсек, 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап “ZEREK-2” кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады. Мұндай шешім жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында іске асырылмақ. Жолдағы камераларды ІІМ Автомобиль жолдары комитеті “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-мен бірлесіп қосып отыр. Осылайша тасжолдарда жылдамдық бақылайтын “ZEREK-2” бағдарламалық-аппараттық кешені орналасады.
“Бүгінгі таңда “ZEREK-2” Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын. Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр”, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Жалпы жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 1200-ден астам адам қаза тауып, 8500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда 730 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шекті.
Еще материалы
Страница 65 из 67
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.