НОВОСТИ

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелгенін айтты. Тіпті жең ұшынан жалғасқан жағдай еліміздің барлық өңірінде орын алып отыр.
Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі.
Анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым.
"Заңсыз сыйақы" өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған.
Агенттік төрағасы атап өткендей, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
https://www.youtube.com/embed/tgaC-08T9rA"
Алматы облысында Атом электр станциясын салу бойынша жария талқылау өтті. Үлкен ауылының тұрғындары станция құрылысына қатысты оз ойларын ортаға салды. Көпшілік талқылауға біздің арнаның түсіру тобы да қатысты.
Тыңдауға жергілкіті халық, БАҚ өкілдері, Алматы облысының қоғамдық кеңесі, ҚР Энергетика министрлігі, Алматы облысының әкімдігі мен салалық сарапшылар қатысты. Айта кетейік, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының аумағы ұсынылған. Мамандардың айтуынша, атом электр станциясы ауылда салынатын болса, бұл стратегиялық нысан тек ауылдың ғана емес, елдің де экономикасына оң әсер етеді.
СИЯБЕКОВ АСЛАН ҚАЭС ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ
«Түркия мемлекетін алып қарайтын болсақ мысалы мың адам бар қалада АЭС салыну барысында соңғы 10 жылда тұрғындардың саны 8-10 мыңға дейін өскен. Яғни оған қарасты әлеуметтік жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарғанын да көруге болады. Өйткені ол жерге жаңа ауруханалар,балаларға мектеп,балабақша сияқты әлеуметтік жобалар іске асырылған болатын. Егерде осы ауданда да салынып жататын болса оң әсерін тигізеді дегенге біздің сеніміміз мол».
Тыңдау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап алып, өз ойларын айтты.
«Біз мұнда қырық жыл тұрып жатырмыз. Біз атом электр станциясының салынуын қолдаймыз. Бізге ол керек. Біздің Үлкенімізге керек, Қазақстанымзға керек».
«Бізге бұл құрылыс ауадай қажет. Бізге жұмыс орны керек. Сондықтан мен атом электр станциясының құрылысына қарсы емеспін. Керісінше өте қуаныштымын».
Жалпы, Үлкен ауылы тұрғындары атом электр станциясының құрылысына қарсы емес, керісінше тезірек жүзеге асып, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарса екен деген пікірде.
БОЛАТҚАЛИ РАХИМОВ ҮЛКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
« Уранды игеру керек, атомды игеру керек, термоядроны игеру керек. Осының бәрін игермесек, біздің болашағымыз не болмақ.
Заң бойынша атом электр станциясы орналасқан жерді үкімет шешімімен бекіту керек. Ондай шешім алдымен жергілікті өкілділік органымен келісіледі.
ТОҚТАРХАН АЛИЕВ ҮЛКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мен өзім энергетикпін. Осы құрылыс болсын деп сол құрылыста маман болсам да,жұмысшы болсам да келіп сол салада жұмыс істеймін деп оқуды бітіріп. Енді өікінішке орай артқа созылып жатыр. 00/55-01/42 Қазір технологияның бәрі өзгерген,бәрі басқаша. Көзіміз ашық көріп отырмыз Түркияда,Америкада да өзенге орнатып жатыр. Бұл жерде аса қауіп жоқ. Энергия ол бізге керек. Халқымыз кәзір көбейіп келе жатыр. Халық көбейгесін заводтар да көбейеді. Тоқты кімнен алады. Біздің өзіміздікі болу керек».
Ауыл тұрғындары келісімін берсе, технологиялық және экологиялық шешімдерді таңдау жұмыстарының келесі кезеңі басталады. Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, қоршаған ортаға тигізетін әсері бағаланады, сондай-ақ барлық мүдделі тараптың пікірлері тыңдалады дейді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов .
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС директоры Тимур Жантикиннің сөзіне қарағанда, биыл үкіметтің АЭС-тың орналасу жеріне қатысты қаулысы шықса, сондай-ақ технологияны жеткізетін компания анықталған жағдайда техникалық-экономикалық негіздеме 2025 жылда дайын болады. Сосын оны мемлекеттік сараптамадан өткізу керек.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сонымен қатар, Вьетнам Премьер-Министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен кездесті.
Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды. Соның бірі Қазақстан азаматтарының Вьетнамға визасыз бара алуы.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Сотта кәсіпкер өз кінәсін мойындайтынын, әрі залалды өтегісі келетінін айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Аппеляциялық алқа Боранбаев пен Нахановқа, сондай-ақ Тайыр Жанұзаққа қатысты істі қайта қарады. Адвокат Данияр Қанафин сотта өтініштің кінәні мойындау және залалды өз еркімен өтеу, тергеу органдарымен ынтымақтастық туралы мәміле жасасудан тұратынын мәлімдеген. Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен 2022 жылдың наурыз айында қамауға алынған еді. Ал сот өткен жылдың желтоқсан айында басталды.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Жетісу облысында қатты жауын - шашын салдарынан Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарында сарапшылардың тексерісінен кейін, зардап шеккен 89 үй анықталды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Алдын ала ақпар бойынша 22 үй апатты деп танылған. Алайда кей тұрғындар комиссияның бұл шешімімен келіспейді.
Ешкіөлмес ауылының тұрғыны Айнаш Князованың үйінің сау тамтығы қалмапты. Ауласында тұрған көліктіде су басып, істен шыққан. Абырой болғанда апат болған күні өздері үйде болмапты. Болған жағдайды көршілерінен естіген. Қазір жолдасы екеуі мектеп жасындағы үш баласымен уақытша мектепті паналап жүр.
Көзіне жас алған әйел қираған қабырғаларды көрсетіп, жөндеуге де жарамайды дейді.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Үлкен ауылы ауданының инфрақұрылымдық артықшылықтары бұған дейін де талай айтылды. Тіпті Атом қуаты Халықаралық агенттігі де өңірдің АЭС құрылысына қолайлы екенін растаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Атом электр станциясының ерекшелігі - 300 мыңнан астам халқы бар ірі қалалардан 25 шақырымға, ал 1 миллионнан астам адам тұратын қалалардан 40 шақырым қашықтықта орналасқан.
Еще материалы
Страница 62 из 63
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.