"Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді", - дейді компания мамандары.
ЖАҢАЛЫҚТАР
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі цифрлық жүйелер әскери қызметке шақырудың барлық негізгі кезеңдерін жеңілдеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.
Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.
"Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді", — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі.
Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.
Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматылық "Қайрат" футбол клубының Чемпиондар лигасындағы келесі ойындары енді Астанадағы "Астана Арена" стадионында өткізіледі. Әрі билет бағасы да төмен бағада сатылмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қайрат" футбол клубы УЕФА-мен бірлесе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Олимпиакос" (9 желтоқсан), "Брюгге" (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын Астанада өткізетінін хабарлады.
"Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді", - делінген клуб мәлімдемесінде.
Сондай-ақ алматылық клуб билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болатынын мәлімдеді. Билеттер 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.
Айта кетейік, "Қайраттың" өз алаңындағы "Реал Мадрид" және "Пафос" командаларына қарсы ойындарда билет құны 30-250 мың теңге аралығында сатылған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі мобильді интернет жылдамдығы қаншалықты деңгейде? Ал әлем бойынша нешінші орынға кіреміз? Мұндай мәліметті Speedtest Global Index жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында ең жылдам интернеті бар елдердің рейтингісі бойынша Қазақстан 45-орынға жайғасқан.
Бұл өткен рейтингпен салыстырғанда 1 орынға жоғары. Салыстырмалы түрде Қазақстан Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), Жапония (64) сынды дамыған мемлекеттерді артқа тастаған.
Ал қалалар тізімінде Астана мен Алматы қатар тұр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Астана бес позицияға төмендеп, 62-орынға түссе, Алматы екі сатыға шегініп, 63-орынды иеленген. Астанадағы орташа жүктеу жылдамдығы — секундына 132,13 мегабит, ал Алматыда — 130,72 мегабит.
Фиксацияланған кеңжолақты интернет жылдамдығы рейтингінде жағдай нашарлау. Қазақстан әлемдік рейтингте 89-шы орында тұр. Десек те, бұл оған дейінгі нәтижеден 1 сатыға жоғары. Мұнда екінші жарты жылдықтағы орташа жылдамдық 82,47 мегабит/с болған.
Ал мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік мемлекеттер төмендегідей:
1. Біріккен Араб Әмірліктері — 652,87 Мбит/с;
2. Қатар — 515,23 Мбит/с;
3. Кувейт — 384,40 Мбит/с.
4. Бразилия — 251,55 Мбит/с.
5. Болгария — 237,03 Мбит/с.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде енді фонограммамен ән айтқандарға айыппұл салынады. Бұл туралы мәдениет вице-министрі Айбек Сыдықов мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мәжіліс фонограмманы пайдаланғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемін анықтады. Қазіргі заң бойынша концертте фонограмма пайдаланылатыны жайлы көрерменді ескерту керек. Ал жаңа заңға сәйкес, алдағы уақытта 200 адамнан артық жиналған жерде фонограмманы пайдалануға толығымен тыйым салынбақ.
"Қазіргі таңда мәжіліс депутаттары фонограммаға тыйым салу мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа норманы кіргізіп отыр. Онда 1 000 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылда - 3 932 000 теңгеге) дейін айыппұл салу қарастырылған",-дейді Сыдықов.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматының Орталық стадионында 21 қазан сағат 21:45-те алматылық "Қайрат" пен "Пафос" командалары арасында матч өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өтетін ойынға билеттер бір апта бұрын сатылымға шықса да, жартысынан азы сатылған. Билет бағасы 30-250 мың теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
«Реал Мадрид» командасымен ойында билеттердің бағасы 250 мыңнан 30 мыңға дейін болды. «Пафосқа» қарсы матч алдында да билеттер бағасы осы аралықта қалған. Тек 30 мыңдық және 75 мыңдық сектор мен орындар саны көбейген.
Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, ойын күні стадион маңындағы көлік қозғалысы айтарлықтай шектеледі.
Ал матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Одан бөлек жанкүйерлер үшін ойын аяқталғаннан кейін 6 бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды:
— Орталық стадион — «Алматы Арена» (тақтайша A1, жөнелту — Абай даңғылы, батыс бағыт);
— Орталық стадион — Райымбек / Алатау (тақтайша A2, жөнелту — Абай даңғылы, батыс бағыт);
— Орталық стадион — Алматы-1 теміржол вокзалы (тақтайша A3, жөнелту — Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыт);
— Орталық стадион — «Орбита» шағын ауданы (тақтайша A4, жөнелту — Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыт);
— Орталық стадион — «Жұлдыз» шағын ауданы (тақтайша A5, жөнелту — Абай даңғылы, шығыс бағыт);
— Орталық стадион — әуежай (тақтайша A6, жөнелту — Абай даңғылы, шығыс бағыт).
Еще материалы
Страница 11 из 87

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.