- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 309
https://www.youtube.com/embed/XNmK7R3k-co?si=AniEQbat6j2EV0jW"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 279
https://www.youtube.com/embed/2Dd5-KdC6kE?si=qGoc6MhHSw5dVqsB"
Пиротехникалық бұйымдар Жаңа жыл мерекесінің ажырамас бөлігі. Алматылық құтқарушылар өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде пиротехникалық заттарды қолдану кезінде қауіпсіздікті сақтау және өрт жағдайларын алдын алу бойынша кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, алматылықтарға мерекелік күндер қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану бойынша қауіпсіздік шараларын еске салды.
ДАРЫН БОЛАТХАНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАС МАМАНЫ «Жыл сайын Алматы қаласында жаңа-жылдық мерекелер кезінде орта есеппен 13-тен аса өрт тіркелген. Оның 20 пайыздан астамы пиротехникалық өрттердің себебінен болған. Жүргізілген талдауларға сәйкес соңғы 5 жылда 67 өрт тіркеліп, оның 9-ы пиротехниканың әсерінен болған. Соңғы жылдары пиротехниканың әсерінен болған жағдайлар саны азаюда».
Дәрігерлер пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек туралы айтты.
ОСМАН ҚАДЫРОВ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГЫ «Кез-келген пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу мүмкіндігі бар. Осындай жарақат түріне шалдыққан науқастарға көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтарымызға ескертіп, егер де тері зақымдануы орын алған жағдайда онда асептикалық таңғышты қолдану қажет. Жазатайым оқиға көшеде орын алса, қолда бар материалдарды пайдаланып таңғыш қою керек. Қан кетумен жүретін ашық жаралар болса, таңғыш таңып, жедел жәрдем шақыру керек»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 294
https://www.youtube.com/embed/N7c5PWvtO8w?si=zEI2kU2y39MByPkF"
Оралда жеке тұрғын үйден өрт шығып, 42 жастағы ер адам ажал құшты. Төтеншеліктердің айтуынша, тұрғынның денесі өрт сөндірілгенен кейін табылған. Мамандар жазатайым жағдайға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін екенін айтады.
Шырт ұйқыда жатқан Ирина бөлмені жайлаған түтін иісінен, шатырдағы тарсылдаған дыбыстан оянған. Таңға жақын белгісіз дауыстан секем алған тұрғын лезде далаға беттеген. Аулаға шықса, өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы техниканың күшімен көршісінің үйіндегі қызыл жалынды сөндіріп әлек.
ИРИНА ТУНЕЦ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Біздің баспанамыз зардап шекті. Ас үйдің шатыры мен едені жарамсыз күйде. Көршілеріміз туыстарын паналауда, кейбірі пәтер жалдап кетті. Көршімізден айырылып қалдық. Жазда туысын жерлеген еді. Енді өзі де о дүниелік болды.
Ақтөбе көшесі, 254 үйдің жанып жатқандығы туралы қоңырау 16 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тер шамасында хабарланған. Шақырту орнына жеткен облыстық төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру қызметкерлері төбе жабыны мен үйдің шатырындағы жалынды ауыздықтаған. Кейін пәтерден 42 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Белгілі болғандай, марқұм - №2 пәтердің иесі болып шықты.
АБЫЛАЙ МҰХАМБЕТОВ БҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Пәтер өртінің жалпы ауданы 70 шаршы метрді құраған. Өрттен зардап шеккен тұрғын үйдің иелері демеуші табылса баспанаға жөндеу жасауды жоспарлап отыр. «Өз қаражатымызбен қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Кемінде 400 мың теңге қажет»,- дейді көңілі жарты тұрғын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329
https://www.youtube.com/embed/6JSn1yWu0Rc?si=RG2-VLXi46PuNmpA"
Бұдан былай мерзімі өтіп кеткен несиесін төлемегендер, мүлдем кредит ала алмайды. Енді кредит тек төлем қабілеті бар жауапты қазақстандықтарға ғана беріледі. Айтпақшы, ендігіде коллекторлар, қарыз үшін борышкерлерді жалғыз баспанасынан қуып шыға алмайды. Алайда, бұл норма тек жылыту маусымы кезінде, балалары бар отбасылар үшін ғана күшінде болады. Бүгін мәжіліс несие алушылардың құқығын қорғайтын заң жобасын талқылады.
ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ: «Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салу; 90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу; кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу сынды бірқатар жаңа нормаларды заңға енгізу көзделіп отыр. Бұдан басқа, осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде қаралатын халықтың несиесін төмендету бойынша өткен парламенттік тыңдауларда айтылған тағы да бірқатар маңызды мәселе бар. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын қарауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 318
https://www.youtube.com/embed/UU-KW0r1GSw?si=V0PxOQoxj8r83O5v"
2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшы болуы мүмкін. Егер, қазірден бастап тіршілік нәрін үнемдесек, алдағы он жылда көрші елдерге тәуелді боламыз. Суды ағызып қойып, қашанға дейін қарап отыра береміз? – деген мәжіліс депутаттары бүгін Парламентте осы өзекті мәселені көтеріп, жаңадан құрылған министрлікті сынның астына алды.
БҰҰ даму бағдарламасының мәліметінше, Қазақстанда су ресурстары 2030 жылға қарай жылына 75 мың текше шақырымға азаяды-мыс. Оның үстіне сырттан келетін су көлемі де қысқарып жатыр. Ескірген құбырлар мен арналардан су көп ағуда. Мәселен, 2022 жылы тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы далаға кеткен судың көлемі – 5,2 текше шақырымды құрапты. Бұл проблеманы шешу үшін мәжілісмендер үнем қажет деп отыр, әсіресе, өнеркәсіптер суды өңдеп, қайта пайдаға асыруы тиіс дейді.
ЕРНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Меніңше, өнеркәсіпті суды қайта пайдалануға міндеттеу керек сияқты. Бұл өте маңызды сұрақтардың бірі. Қар, су, ерінді, жауын-шашын суларын пайдалану мәселелерін көтермейтін болсақ, Мемлекет басшысы айтқандай, 2040 жылға қарай елімізде 15 млрд текше метр су жетіспейтін болады. Бұл өте ауыр сан. Расында да Арал теңізіне пара пар цифр. Бұл мәселені қалай пысықтаймыз? Ол бойынша түсінік бар ма? Израиль, Сингапурда да суды қайта пайдаланады. Ал бізде қайта пайдалану мүлдем жоқ. Жалпы далаға ағып жатқан судың есебі жоқ».
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ «Бүгінгі күні Су Кодексіне жаңа норма енгізіліп жатыр. 2030 жылға дейін өнеркәсіп мекемелерін, жеке кәсіпкерлерді техникалық жағдайына қарай суды қайта пайдалану мәселесін шешуді міндеттемекпіз».
Су әсіресе, егін егетін оңтүстік халқын қинап тұр. Биыл шілде мен тамыз айларында Жамбыл облысының алты ауданында ағын су тапшылығы орын алып, 9 мың гектар алқап егіс зардап шеккен еді. Осыны негізге алған мәжіліс депутаты «Жамбыл облысын басқарғанда шаруаларды тарықтырып алдыңыз» деп Нұржан Нұржігітовке қарата қарата сын – ескертпе айтты.
ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Өзіңіз Жамбыл облысын басқарған тұста шаруаларды судан тарықтырып алдыңыз. Су саласының министрі болып жүрген кезде мақташыларға су жеткізе алмадыңыз. Күнгейдегі шаруалардың шырылдап жүргенде күз де өтіп кетті. Біздің елімізде берілетін трансшекаралық өзен суларын арттыру мәселесі қарастырыла ма? Мәселені қандай жолдармен шешпексіздер? Қашанғы кісідегінің кілті аспанда демекші көршілердің көңіліне қараймыз? Кіріптарлықтан құтылатын күн бар ма? Биылғы құрғақшылықтың келешекте қайталанбауына қандай кепілдіктер бар?»
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ «Трансшекаралық өзендер бойынша келісімді қалай жүргіземіз? Қырғызстанмен мысалы 2000 жылы екіжақты трансшекаралық өзендерді пайдалану жағынан келісімдеріміз бар. Сол келісімшартқа байланысты Талас өзені 50 де 50 мөлшерінде, ал Шу өзені 42-де 58 пайыз бөлінген. Сондықтан, әр жылдың өзінің сулылығына байланысты су көлемі бөлінеді. Біздің тараптан оны көтеру мәселесін біз қарастырып жатқан жоқпыз. Себебі нақты пайыздық мөлшері бар».
Депутаттар су мәселесін талқылауға келгенде аса белсенділік танытты. Жаңадан құрылған министрлікке сауалдары көп. Ауыз суды қаладан тасып ішуге мәжбүр Астана маңындағы халықтың мұңын билікке былай жеткізді.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүкіл елді айтпай-ақ, Астана маңындағы ауыл-аймақ тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінен зардап шегіп отыр. Мысалы, Аршалы ауданы Жібек жолы, Целиноград ауданы Қараөткел аудандарының 40 пайызы ғана ауыз сумен қамтылған. Егіндікөл және Талапкер ауылдарында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Себебі сумен жабдықтау желілері 15-тен 40 пайызға дейін тозығы жеткен. Бұл ауылдар ауыз суды Астанадан тасуға мәжбүр. Ауыл тұрғындарының көлігінің арты толған бөшкелер. Осыған орай менде сұрақ - Жібек жолы, Қараөткел, Талапкер ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар атқарылды және ауыз су мәселесі қашан шешіледі?»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 298
https://www.youtube.com/embed/dMqumqDDbZU?si=hToiVfbXxhVe3c2a"
Қытайдың солтүстік-батысындағы таулы ауданда 6,2 магнитудалық жер сілкінісі салдарынан жүзден астам адам қаза тапты. Мұндай мәліметтерді мемлекеттік БАҚ өкілдері таратуда.
Жер асты сілкіністері дүйсенбі күні түн ортасына дейін тіркелді. Эпидошағы Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде, көрші Цинхай провинциясымен шекарадан шамамен бес шақырым жерде орналасқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, Ганьсу провинциясында 100 адам қаза тауып, 90-ға жуық адам зардап шекті, Цинхайда тағы он бір адам қаза тауып, 120-дан астам адам зардап шекті. Бұл ретте құрбандардың нақты саны одан да көп болуы мүмкін. Бұған дейін Қытай билігі зілзалалар мен эпидемия құрбандары туралы мәліметтерді бірнеше рет кемітіп көрсеткенін ескерсек, оны анықтау қиын. АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 5,9 деп бағалады.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, апат су құбыры жүйелері мен электр желілеріне зақым келтірген. Сондай-ақ, көлік және коммуникациялық инфрақұрылым бұзылған. Жер сілкінісі Ганьсу провинциясының астанасы Ланьчжоу қаласында сезілді. Ол Бейжіңнен бір жарым мың шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Өткен жылдың қыркүйегінде Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясын сілкініске ұшыратқан 6,8 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан 70-тен астам адам қаза тапты. 20 миллионнан астам тұрғыны COVID-19 салдарынан карантинде болған провинцияның астанасы Чэнду қаласында жер көшкінін тудырып, ғимараттарды қиратты. Ал Қытайда соңғы уақытта ең қатерлі жер сілкінісі 2008 жылы 7,9 магнитудамен болған. Ол Сычуань провинциясында болды. Сол кезде кем дегенде 90 мың адам қаза тапқан.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 289
https://www.youtube.com/embed/ZwZvCnDO8F0?si=kAPd5fgUvWXgmkeF"
Бұл кеудешені болашақта жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болу қаупі жоғары адамдарды анықтау үшін пайдалана алады. Оны Лондон университеті колледжінің дәрігерлері мен зерттеушілері әзірледі.
Оны кию үшін бірнеше минут керек. Содан кейін құрылғы жүректің электрлік белсенділігіне егжей-тегжейлі диагностика жүргізеді. Оны электрокардиографиялық бейнелеуге арналған кеудеше деп атады және 800-ге жуық пациентте сәтті сынақтан өткізілді. Нәтижелер өте жігерлі.
ГАБИ КАПТУР ЗЕРТТЕУШІ "Біз жүректің үш өлшемді картасын аламыз және оның барлық камераларына электр сигналдарының таралуын бақылай аламыз. Содан кейін пациент МРТ-ға барады, біз бұл мәліметтерді томография нәтижелерімен салыстыра аламыз ".
Жүрек ұстамаларының көпшілігі аритмиядан болады. Көбінесе жүрегі ауырған адамдар. Алайда бұл өздерін дені сау деп санайтындарға да жиі әсер етеді. Бұған дейін жүректің электрлік белсенділігінің егжей-тегжейлі картасын жасау қиын болатын. Бұл катетерді жүрек қуысына енгізуді немесе радиацияны пайдалануды талап етті. Жаңа процедураның құны салыстырмалы түрде арзан болады, себебі кеудешені бірнеше рет пайдалануға болады.
ГАБИ КАПТУР – ЗЕРТТЕУШІ "Бұл технология алғаш рет жүректің электр сигналдары туралы толық ақпарат жинауға және оны қауіпсіз тәсілмен, функциямен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл аз шығынмен мыңдаған адамға қолжетімді болады ".
Ұлыбританияның екі миллионға жуық тұрғыны аритмиядан зардап шегеді. Және ол кенеттен өлімге алып келуі мүмкін. Кеудешені жасаушылар қазір олардың өнертабысын сериялық шығаруды іске қосу мәселесін ойластыруда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 348
https://www.youtube.com/embed/-RiQC7wDO8c?si=HL_cqcR8R3YxZSTD"
Бүгін Алматыда Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Әди Шәріповтің туған күніне орай «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты мерекелік кеш өтті.
Жыл сайын дәстүрге айналған іс-шараға келген қонақтарды мектеп ұжымы мен оқушылары мектептегі Әди Шәріповтың мұражайын аралатып,ұлт үшін атқарған азаматтық істері мен ерен еңбектері туралы таныстырды. Білім ошағының шәкірттері мұражайда орын алған тұлғаға тиесілі әрбір жәдігердің тарихын білетіндері көпшілікті тәнті ентті.
САҒЫНАЙ АҚЖАН ӘДИ ШӘРІПОВ АТЫНДАҒЫ №16 ЖББМ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Іс-шараға қатысуға келген Әди Шәріповтің жары Клара Жағыпарқызы осы мұражайдың ашылуына,білім ошағына тұлғаның есімін беру жолында көп еңбектенген. Жазушының жары шараны жыл сайын дәстүрге айналдырып, мерейлі мерекені жұмыла көтеріп, тұлғасын дәріптеп жатқан мектеп ұжымы мен халқына алғысын жеткізді.
КЛАРА ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ ЖАРЫ
Іс-шараға келген көпшілікке мектеп оқушылары тұлғаның өмірінен көріністер көрсетіп,ән -билерімен мерекенің сәнін келтірді. Мектеп қабырғасынан сонау 60 жылдары түлеп ұшқан түлектері де үрдістерінен жаңылмай білім ошағынан арнайы бөлме жабдықтап сыйға тартты.
ЧЕРНИК ВИОЛЕТТА 1960- ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕК «Біз алғаш он бесінші мектепке қыздар мектебі болғандықтан оқуға қабылдандық.Ал бастауыш мектепті бітіргенімізде бәріміз осы ауданда тұратындықтан осы мектепке ауыстырды, сыныпта 24 адам болдық, 13 ұлт өкілінен тұратын. Ұлтына қарамай бәріміз мектепке қандай тату сынып болдық. Иә,бүгін Шәріповтың мерейтойы.Біздің тарапымыздан қосқан үлесіміз бұл.Ұстаздарымыз патриоттыққа тәрбиеледі және бұл дәстүр жалғасын табады дегім келеді».
Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімін сыйлап,еліне қызмет етер тұлға болып қалыптасуына шараның берері мол.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 349
https://www.youtube.com/embed/bD2m-WjXs_8?si=PJodUq-FTGl78o4t"
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты.
Светлана Жақыпова өз сөзінде Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін арнайы әлеуметтік төлемді енгізу көзделгенін атап өтті. Заңнамаға тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Сенаты мақұлдады. Арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары мынадай: 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
Министр төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленетінін атап өтті. Арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнайы әлеуметтік төлемдер алады. Алдын ала деректер бойынша, 2024 жылы арнайы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жалпы алғанда 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарға байланысты болады. Бұл ретте жыл сайын арнайы әлеуметтік төлем мөлшері ең төмен күнкөріс мөлшерінің ұлғаюына байланысты өседі. Алдын ала есептеулер бойынша 2030 жылы төлемнің орташа мөлшері 339 мың теңгені, ал 2035 жылы – 519 мың теңгені құрайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 287
https://www.youtube.com/embed/99iAnOXVy_w?si=8hX55tmfig1k0C0F"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 307
https://www.youtube.com/embed/Wabg6SYha9U?si=IVViIY-uzvv_3ZOP"
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен трафик және телефондық байланысулардың заңсыз өтуін ұймыдастыру бойынша күдікті Қазақстан азаматы ұсталды.Тергеу болжамы бойынша, онымен шетелдік қаскүнемдерге алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға өздерінің қоңырау шалуларын жасыруға мүмкіндік беретін қызметі көрсетілген.Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра жүзеге асырылған.
Нәтижесінде, күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызмет көрсетуін пайдалана республиканың тұрғындарын алдаған", - делінген хабарламада. Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.
ҰҚК мәліметінше, тек соңғы 3 жылда 43 миллиард теңге сомасы шамасында залал келтірумен 59 мың интернет-алаяқтық фактілері тіркелген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 274
https://www.youtube.com/embed/sDbMIx1EX-4?si=hjqdLYF3skXxzwhP"
22 қаңтарда жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес кезінде «адам өлтірді» деген күдікке ілінген 17 жастағы жігітке қатысты соттың екінші отырысы өтті. Оған «пышақпен қатарласын жазым қылды» деген айып тағылған.
Жан баласы үшін жанын шүбірекке түйіп, жан беріп, арпалысып келе жатқан әке Әнуар Иманбеков ұлының бостандыққа шыққанын, соттың әділдік беруін қалайды. Жасөспірімдердің арасындағы төбелесте ұлы Әрсеннің ешкімге пышақ сұқпаса да күдікті деп танылып, қасындағылардың куәгерлерге айналуын түсінбей дал. Алайда оның қылмыс жасағанын айғақтайтын нақты дәлел жоқ, жазықсыз жаза арқалай ма деп ата-анасы алаңдайды.
АНУАР ИМАНБЕКОВ КҮДІККЕ ІЛІНГЕН ЖАСӨСПІРІМНІҢ ӘКЕСІ «Жала болып жатыр бұл жерде. Таза жала. Маған бұл жерден тек әділдік керек. Ақ қарасы шыққаны. Осы уақытқа дейін бәрі қамалғанда, ендігі ақ қарасы шығатын еді. Кімнің тыққанын, кімнің кінәлі екені анықталар еді. Мен баламды ақ деп тұрған жоқпын. Барғаны рас. Төбелескені үшін алсын жазасын. Менің балам ол жерде пышақ тыққан жоқ».
Аты шулы іске қатысты соттың бүгін екінші отырысы өтті. Оқиға орнында табылған пышақта ешқандай қан ізі анықталмаған. Сондай зерттеу жүргізетін мамандар дәлел ретінде келтірген пышақтың қылмысқа қатысы болмауы да мүмкін деген оймен бөлісті. Сонымен қатар, өткен отырыста кінәлі деп тағылған Арсен емес, басқа жігіт екенін айтқан куәгердің аудиожазбасы табылып, сотқа шақырылған болатын. Бірақ, куәгер сотқа бүгін келмегендіктен, сот 25 желтоқсанға дейін ұзартылды.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ЖАҚЫНЫ «Өкінішке орай, үшінші жақтың адамы сотқа келмегендіктен, бұл іс кейінге шегерілді. Мен Қазақстан соты әділетті деп ойлаймын. Булатов мырза өте сауатты, адал адам. Бейкүнә адамдар кінәлінің өз жазасын алуын қалайды. Сонымен қатар, бірнеше адамның абақтыға жабылуына қарсы. Сол себепті, бұл резонанс тудыратын қылмыс болып тұр. Біз нақты нәтижеге қол жеткізбейінше, жоғары сотқа әлі де шағымданамыз. Кімнің кінәлі екенін сот анықтайды».
Кімнің қара, кімнің ақ екені үшінші отырыста анықталмақ. Екі жақта соттан әділдікті қалайды.
Еще материалы
Страница 125 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.